Қабыршақ қанаттылар немесе көбелектер тобы - Lepidoptera. Кеміргіш қоңыр көбелектер: Қан көбелектер тұқымдасы - Pyralidae Күздік көбелек - Agrotis segetum Schiff
1 –ересегі; 2 - жұлдызқұрты;
Күздік көбелек- Scotia seqetum Schiff. Күздік көбелек еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында кең тараған. Көбелек түн көбелегі тұқымдасының жерасты кеміргіш көбелектер тобына жатады. Жұлдызқұрттар күздік және жаздық астық дақылы өскінін, жүгері, қант қызылшасы, мақта, темекі, көкөніс, бақша және басқа дақылдарды зақымдайды.
Көбелек қанатының мөлшері 34-45 мм. Үстіңгі қанаты ақшыл-сұр немесе бірыңғай қара қоңыр, үзік-үзік көлденең сызығы және үш бұршақбас тәрізді дағы бар; Артқы қанаты ақшылдау. Жұмыртқасы жарты шар тәріздес, түсі ақ, 0,5 мм. Бірінші жастағы дернәсілінің түсі ашық, басы қара. Ересегі сұр, ұзындығы 50 мм. Соңғы жастағы дернәсілі топырақтың 15-25 см тереңдігінде қыстайды.