Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығысында таралған (Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары). Жұмыртқасын топырақтың тығыз жерлеріне салады.
Шегірткелер дәнді, техникалық және көкөніс дақылды қатты зақымдайды. Ересек шегіртке сарғылт – сұр немесе сұр түсті. Денесінің алдыңғы, артқы бөлігінде ақшыл айқыш тәрізді сурет болады. Дернәсілі 25–35 күннен кейін ересек шегірткелерге айналады.
Олар көп кешікпей, 5–10 күн өткен соң, жұмырт-қалайды. Әрбір аналық шегіртке 2–3 күбіршектен салады. Күбіршек ұзындығы 16–32 мм, қалыңдығы 4–5 мм. Әр күбіршектің ішіндегі жұмыртқалардың саны 18–40 болады.