Орманды-дала және далалық аймақта тараған. Сарғылт-қоңыр немесе сарғылт түсті. Үстіңгі қанатының алдыңғы бөлімінде сұрғылт дағымен сарғылт жолағы бар. Артқы сандарының ішкі жағы қызғылт, артқы сирақтары ашық қызыл түсті. Аналықтарының ұзындығы 16-25мм, аталықтарынікі 12-18мм.
Олардың дамуы 30-35 күнге созылып, 4 рет түлеп, яғни 5 дернәсілдік жасты өтеді. Шегіртке күбіршесін тығыз топырақты тың жерге, кейде жол жағалауына салады. Күбіршесі түзу немесе аздап иілген, ұзындығы 10-12мм. Бір күбіршедегі жұмыртқа саны 5-17 дейін жетеді. Дәндідақылдар егісіне, жайылым мен пішендікке зиян келтіреді.