Қазақстанда кең тараған тасты, қиыршық тасты және құмдауыт шөлде тіршілік етуге бейімделген. Республиканың оңтүстігінде кейбір ауданда жаппай өсіп-өніп, мал жайылымына, әсіресе жусанды жайылымға көп зақым келтіреді. Кей жылдары мәдени өсімдіктер өсірілетін мөлтекке ұшып келіп, жоңышқа, мақта және басқа өсімдіктерді зақымдап көп шығынға ұшыратады.
Басқа шегірткеден айырмашылығы-олардың артқы сандарының ішкі жағында пішіні жұмыртқаға ұқсас ірі дақ болады. Артқы сирақтарының ішкі жағы сары немесе қызғылт-сары. Аналық шегірткенің ұзындығы 24-40,7мм, аталығы 17,8-24,2мм.