ЭмильДюркгейм ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың алдында басындағы ірі өкілдердің бірі француз ғалымы Эмиль Дюркгейм болды. Э. Дюркгеймнің еңбектерінде (“О разделении общественного труда”, “Правила социологического метода”, “Самоубийство”, т.б.) жаңа әлеуметтанулық қатынастар берілген. Оның маңызы - әлеуметтік факторлардың жиынтығынан тұратын қоғамды әлеуметтік шындық деп түсіну. Оларды зерттеу Әлеуметтанудың пәнін құрайды.
Э.Дюркгеймның “Социологизмі” оның теориясының негізі, ол әлеуметтік шындықтың ерекшелігін, біріншілігін, дербестігін мойындауға, ал жеке адамның оған бағыныштылығын, екіншілігін мойындауға негізделген. Э. Дюркгейм қоғамдық өмірде болатын құбылыстарды индивидуалдық және психологиялық тұрғыдан түсіндіруге қарсы шықты.
Ол өзінің, әлеуметтік реализм теориясында қоғамдық құбылыстардың табиғатын әлеуметтік факторлармен түсіндіру керек деп пайымдап, индивидтердін, әлеуметтік топтардың және әлеуметтік институттардың өзара әрекет ету жүйесі ретінде қоғам адамдардың мінез-құлқына, олардың сан салалы қызметіне талдау жасаудың түп-төркіні, бастауы болады деп санады. Мұнда әлеуметтік орта үлкен рөл аткарады. Дюркгеймнің әлеуметтік реализм көзқарасының негізгі ережелері осылар.
Дюркгеймнің басты ойларының бірі - «әлеуметтік тұрақтылық - әлеуметтік тәртіп пен еркіндіктің арасында лайықты теңгерім болуын қажет етеді» деді. «Суицид» деп аталатын зерттеуінде Дюркгейм қатаң тәртіп пен шексіз еркіндік адамдардың өзін-өзі өлгіруіне себепкер болатынын айтады. Жазмыштық (фаталдық) суицид қоғамда еркіндік аз және тәртіп қатал болған жағдайда орын алады: әлеуметтік институттар мінез-құлыққа шектеу қойған кезде адам өзін торга түскендей сезінеді. Ал аномиялық суицид еркіндік тым көп, тәртіп тым аз болғанда өршіп кетеді: қоғамның ықпалы жеке адамның ынталылығын ескермейді. Мысалы, қазіргі уақытта ата-анасынан, діннен, мектеп пен сыныптастарынан аулақтау жүретін жас америкалықтар арасында өз-өзіне қол жүмсау көрсеткіші жоғары, себебі олар аталмыш тараптардан қандай да бір бақылауды сезінбейді (Maimon & Kuhl, 2008).
Макс Вебер Неміс экономисі, тарихшысы жэне философы Макс Вебер(1864-1920) әлеуметтік зерттеулердің, оның ішінде дін, бюрократия және саясат сияқты үғымдардың теориялық негізін қалыпгастырды.