Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және қалыптасу шарттары Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны
Кәсіпкерліктің функциялары
Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мен объектілері
Кәсіпкерлікті ұйымдастыру қағидалары
Кәсіпкерліктің қалыптасу және даму шарттары
1.1. Кәсіпкерліктің мәні және мазмұны Кәсіпкерлік ұғымының тарихи орта ғасырдан басталады. Тіпті сол кезеңдерде саудагерлер, қолөнершілер, үгіттеушілер бастаушы кәсіпкерлер ретінде болған. Орта ғасырларда «кәсіпкер» деген термин одан да бұрынғы «антрепренер», яғни француз сөзі «делдалдық» екі мағынада қолданылды: 1) түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы; 2) өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы. Ал «кәсіпкерлік» ұғымын ең алғаш ХVIII ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Контильон (1680-1734жж) енгізген. Ол «кәсіпкер» деп нарық жағдайында әрекет жасайтын адамды айтқан.
Егер "кәсіпкерлік" терминінің эволюциясының қалай қалыптасқанын қарастыратын болсақ:
1723ж : Парижде басылып шыққан «коммерцияның жалпылай сөздігінде» ең алғаш "кәсіпкер" ұғымы, яғни "обьектіні өндіру немесе құруда өзіне міндеттеме алатын адам" пайда болған;
1725ж.: Р. Контильон : кәсіпкер – ол нарық жағдайында тәуекел етуімен байланысты іс-әрекеттер жиынтығын жүзеге асыратын адам;
1776ж.: Адам Смит, кәсіпкерлік – кәсіпорынның меншік иесі;
1797ж : К. Бодо, кәсіпкер – ол белгілі бір жүзеге асырылатын іске жауапкершілігі бар адам;
1803ж : Ж.Б.Сей, кәсіпкерлік – екі өндіріс факторлары еңбек пен капиталдың тәуекел жағдайындағы шығармашылық үйлесуі;
1876ж : Ф. Уокер, кәсіпкер - ол өзін ұйымдастырушылық қабілеттілігі мен пайда табатын адам;
1934ж : И. Шумпетер, кәсіпкер – ол инновациялардың көзі және дамудың қозғаушы күші, новаторлар;
1964ж : П. Друкер, кәсіпкер - белгілі бір мүмкіндіктерден мейлінше көп пайда түсіретін адам;
1975ж : А. Шапиро, кәсіпкер – ол әлеуметтік экономикалық механизмдерді ұйымдастырушы.
Қазіргі кездегі кәсіпкер деп – пайда табуға бағытталған және тауарларға ( қызмет, өнім) сұранысты қанағаттандыру арқылы өз атынан жүзеге асыратын жауапкершілікті, инициативті қызметті атқарушы азаматтар.
Бұл тұрасында ҚР-дың Азаматтық Кодексінің 10-ші бабында: «меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға ( жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттындыру арқылы пайда табуға бағытталған ынталы қызмет» және ол кәсіпкердің өз атынан, оның тәуекелдері мен мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады делінген.
Кәсіпкерліктің бірнешінеше анықтамаларын қарастыру негізінде бұл ұғымның негізгі құрамдас бөліктерін атауға болады:
жауапкершілік, тәуекел, инициатива;
жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау;
құралдарды іске асыру еркіндігі;
жаңа шешімдерді,идеалдарды іздеу.
Жоғарыдағы кәсіпкерліктің құрамдас бөліктері менеджмент фукнкцияларымен байланыстыеркіндігін көтеруге болады. Сонымен, кәсіпкерлік дегеніміз – ол жеке бизнесті ұйымдастыра білу және осы жеке бизнесті жүзеге асырумен байланысты функцияларды табысты, тиімді түрде іске асыру болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметті әр түрлі міндеттемелері мен белгілері бойынша сыныптауға болады, бірақ теория мен практикада келесі белгілері бойынша классификациясы қалыптасқан: меншік формасы бойынша, заңдылығы, аймақ көлемі, түрлі аймақтарға таралуы, құрушылар қүрамы, айналым көлемі, персонал саны, табыстылық деңгейі мен осу қарқыны, жаңалықтарды пайдалану деңгейі және т.б.
Меншік формасына келетін болсақ нарықтық экономикада кәсіпкерлік негізінен 2 формада:
-мемлекеттік;
-жеке меншік формаларында дамып келеді. Жеке меншік:
-индивидуалды;
-коллективті формаларда көрініс табады.
Заңдылық белгілері бойынша кәсіпкерлік:
-заңды;
-заңсыз;
-алдамшы кәсіпкерлік болып бөлінеді.
Алғашқы түрлері бойынша біздің түсінігіміз бар, ал алдамшы кәсіпкерлікке анықтама беріп кетейік. Бүл кәсіпкерлік түрі азаматтарға, үйымдарға, мемлекетке залалын тигізетін, кәсіпкерлік және банктік қызметпен айналысу мақсаты жоқ, мақсаты: несие алу, салықтан босатылу, басқа да мүліктік пайда алуды және заңсыз қызмет түрін жасыру үшін қүрылған коммерциялық үйым.
Қызметінің түрлі аймақтарға таралуы бойынша:
-жергілікті;
-үлттық;
-халықаралық;
-әлемдік;
-аймақтық болып бөлінеді.
Қүрылтайшылар қүрамы бойынша:
-әйелдер;
-жасөспірімдер кәсіпкерлігі болып бөлінеді.
Көптеген елдерде әйелдер және жасөспірімдер кәсіпкерлігінің дамуына қолдау көрсетумен айналысатын ассоциациялар қызмет етуде. Мысалы, Ресейде Ресей кәсіпкер әйелдер ассоциациясы құрылған.
Даму қарқыны мен табыстылық деңгейі және түсімділігі бойынша кәсіпкерлік ұйымдарды:
-қарқынды өспелі;
-даму қарқыны бәсең;
-жоғары табысты;
-рентабелділігі төмен үйьшдар деп жіктейміз.