Жетіасар Жетіасардағы әрбір қала орнының төңірегінде мыңдаған жерлеу құрылыстары бар қорымдар орналасқан. Олар негізгі екі түрге: оба астына жерге көму және сағаналарға жатады. Олардың көпшілік бөлігі — оба астындағы жерден қазылған шұнқырлар. Обаның айналасында кішкене ор қазылғаны аңғарылады. Қабір шұнқырлары әдетте солтүстіктен оңтүстік бағытына ұзынынан бағдарланған. Өлген адамның мәйіті қамыстан тоқылған төсенішке ұзынынан жатқызылып оралып, шұңқырдың түбіне немесе лақатқа салынған. Қасына 2-3 керамика ыдыс қойылған. Еркектердің қабірінен әдетте пышақтар, семсерлер, сүйектен жасалған бастырмалары бар күрделі садақтар мен жебелер шықты. Әйелдердің қабірлерінде қола айналар, кабыршақтар, сырғалар, моншақтар, білезіктер жиі кездеседі. Жетіасардағы қабірлердің екінші тобы кірпіш сағаналар болып табылады. Жерлеу камерасына көлбеу дәліз-дромос апарады, ол да күмбез тәрізді етіп жабылған. Тікбұрышты камераның (орта есеппен 3,5х2 м) ішінде екі-үш қабырғаны бойлай жататын сәкілер салынған. Өлікті шиге немесе киізге орап, сәкіге қойған. Айналасына оған керекті заттар, тамақ салып, су құйған керамика ыдыс қойылған. Жер бетіндегі сағаналардың түрлері де жер астындағы сияқты, бірақ олар күйдірілген кесектен қаланған аласа цоколь-стилобаттарға тұрғызылып, олар да оба үйіліп жабылса керек. Қабірлерден табылған материалдарға талдау жасау жерден қазылған қабірлер Жетіасар мәдениетінің бүкіл бойында болған, ал сағаналардың пайда болуы неғұрлым соңғы кезеңге — біздің заманымыздағы ЫЫ — ЫВ ғасырларға жатады деген қорытындыға келуге негіз береді.
Бұл орайда жерден қазылған қабірлер мен сағаналарға жерленгендер арасында қандай да болсын этникалық-мәдени, антропологиялық елеулі айырмашылықтар байқалмайды.[1] Бұлардың біріншісі Ташкент аумағында, екіншісі Сырдың орта ағысысы мен ҚаратауданТаласқа дейінгі аралықта. Қауыншы мәдениетіне жататын Ақтөбе мекені көбірек зерттелді. Табылған ескерткіш - сарай крест тәрізді салынған бес үйден, екі дәлізден тұрады.
Отырар-Қаратау мәдениетіне жататын ескерткіш - Отырар өңірі. Қазылған үйлер бір бөлмелі, екінші бөлме қойма болған. Ортада тікбұрышты жер ошақ жасалған.