2-тақырып. Моңғол кезеңіе дейінгі Орталық Азиядағы түркі ілдес этностардың этномәдени интеграцияы кезеңдері. Сұрақтар



бет32/35
Дата27.02.2023
өлшемі246,35 Kb.
#70359
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Лекция тарих

Қарақытай мемлекеті
Қытай деректері бойынша, қарақытайлар – Орталық Азиядағы Солтүстік Қытай, Маньчжурия мен Уссури өлкесін мекендеген қидан тайпалары. Қидандардың 10 ғасырда Батысқа жылжыған бөлігі мұсылман деректерінде қарақытайлар деп айтылады. 1125 жылы Елюй Даши бастаған 40 мың түтін қидандар Жетісуға келіп қоныстанды. Қарахандықтардың әлсірегенін пайдаланған Елюй Даши 1125 жылы өз әскерін Жетісудың орталық аудандарына қарай кіргізеді. Олар Баласағұнды басып алып, оған жақын жерде өздерінің орталығы – Ғұз ордасын құрды. Қарақытайларда мұрагерліктің өзіндік ерекшелігі болған. Әйелдер де мұрагер бола алған, тек әйел жағының тегі хан тұқымынан болуы міндетті. Алым-салық жүйесі бойынша, әрбір үйден 1 динардан ақша жиналған. Ірі қала әкімі гурханға жыл сайын жер салығын – харадж төлеп отырған. Жетісудың егінші тұрғындары билеушіге өнімнің оннан бір үлесін төлеген. 12 ғасырдың екінші жартысында қарақытайлар бағынышты халықтарға салық салуды күшейткен. Бұған қарсы ел ішінде наразылықтар туа бастаған. 1141 жылы Самарқанға жақын Қатуан даласында болған шайқаста қарақытайлар Бұхараға басып кіреді. Бүкіл Мәуереннахрдың орталық бөлігін басып алады. Қарахандар олардың вассалы болып, салық төлеп отыруға мәжбүр болды. Қарақытайлар Хорезмді жаулап алады. Хорезмшах жылына 3000 алтын динар төлеп тұруға мәжбүр болды. Қарақытайлар шығысында Гансу жеріндегі ұйғырларды өздеріне тәуелді етті. Батысында Әмударияның төменгі ағысын бағындырды. Оңтүстікте Балх пен Хотан жерлері де оларға тәуелді болды. Қарақытайлар Хорезм шахымен келісім жасай отырып, 1198-1204 жылдары Ауғанстан жеріндегі гурид тайпаларымен соғысып, ауыр жеңіліске ұшырайды. Қарақытайлар 1208 жылы шығыста наймандардан жеңіледі. 1210 жылы оларға Хорезм шахы қарсы шығады. Екі жақтан шабуылға ұшыраған Қарақытай мемлекеті 1212 жылы құлайды.Ұйғыр қағанаты құлағаннан кейін Орталық Азияның шығыс бөлігіндегі билікті қидандар басып алды. Олар жайлы жазба деректерде Қытайдан солтүстікке қарай өмір сүрген, моңғолтілдес тайпалар ретінде атап өтіледі.
Қытай тіліңде «қидандар» араб, фарсы тілінде «қарақытайлар» деп аталатын тайпа 927-947-інші жылдары Қытайдың солтүстік жағын бағындырып алып, ю-Чжоу (Бейжің) қаласын өздерінің астанасына айналдырған. Осы кезден бастап Ляо (темір) империясының дәуірі басталады.
1125-інші жылы Қытайдың біріккен күштері мен оның одақтастары Қидан мемлекетін талқандады. Қидандардың бір бөлігі жаулап алушыларға бағынды, ал қалған бөлігі Елюй Дашидың басшылығымен батысқа жылжып, Жетісудың солтүстік-шығысына енді. Осында қидандар жергілікті түркі халқымен араласып, қарақытайлар деген атпен белгілі болды.
Бастапқы кезеңде Жетісуға қоныстанған қидандар жергілікті билеушілерге бағынатындарын білдірді. 1128-інші жылы Баласағұн билеушісі қидандарды бағынбаған тайпаларға қарсы шығуға одақтас ретінде шақырды. Олар одақтас болудың орнына өздері Баласағұн қаласын басып алды. Сол жылы қидандар Жетісуда Қарақытай деген атпен, ордасы Ғұзорда болған мемлекеттің негізін қалады.
Мемлекеттің негізін қалаушы Елюй Даши 1141-інші жылы Самарқанға жақын маңда біріккен салжұқ-қарахан әскерін талқандады. Қарақытайлар Бұхараны және бүкіл орталық Мауренахрды басып алды. Хорезмшахтар мемлекетінің билеушісі жеңіліске ұшырап, қарақытайларға жыл сайын алым-салық төлеуге мәжбүр болды. Жетісу, Мауренахр және Шығыс Түркістан Қарақытай мемлекетінің құрамына енді. Алайда қарақытайлық гурхан қарахандықтар әулетін жойған жоқ. Өзінің вассалдары (бодан) етіп, алым-салық алумен шектелді. Қарақытайлар қарахандықтардың басқару жүйесіне өзгеріс енгізбеді және өлке экономикасына, қоғамдық өмірі мен мәдениетіне ықпал еткен жоқ. Олар:
1. Қарахандықтардың билігін сақтады. 2. Салықтарды жеткізуді жергілікті ақсүйектерге тапсырды 3. Маңайындағыларға жер бөліктерін бермеді. 4. Қатаң салық жүйесін орнатты 5. Гурхан билігін күшейтті. 6. Халықты тонауға тыйым салды.
Қидандар билеушісі гурхан лауазымын иеленді. Бұл «хандардың ханы» мағынасын білдірді. Бас ордасы Баласағұнға жақын жерде, Шу өзенінің бойында орналасты. Гурхан қатаң салық енгізді. Өз маңайындағыларға енші жер бермеді себебі өзара қырқыстан және олардың күшейіп кетуінен қауіптенді.
Қарақытайлар әскерінде тәртіп күшейтілді. Гурханның өкілетті басқарушылары өздерінің бағыныштыларына бақылау жасап қана қоймай, салық жинаумен де айналысты. Ол әр отбасынан бір динардан салық алды.
Мемлекеттің негізін салушы Елюй Даши 1143-інші жылы қайтыс болып, билік оның жесірінің қолына өтті. Қарақытайларда билікке мұрагерлік ету құқығына ерлер ғана емес, билеуші рудың әйелдері де ие болды. Қарақытай тарихында Елюй Дашидің қызы да билікке ие болғаны белгілі.
Он екінші ғасырдың ортасынан бастап қарақытайлар өздерінің салық саясатын өзгертіп, ашық тонауға көшті. Қарақытайлар исламға түсіністікпен қарады, алайда он екінші ғасыр соңында мұсылмандарды қудалау басталды. Жетісуда қарақытайларға қарсы мұсылман қозғалысы күшейе түсті. Бейбіт тұрғындарды тонаушылық, шапқыншылық және мұсылмандарды ығыстыру қарақытайлардың Жетісудағы билігінің одан әрі әлсіреуіне әкелді.
Қарақытайлар Хорезмшахтар мемлекетінің билеушісі Мұхаммедпен соғысты бастап, жеңіліске ұшырады. Самарқан билеушісімен одақтаса отырып, Хорезмшахтар мемлекетінің әскері Таласқа жақын маңда қарақытайлықтарды талқандады.
1208-інші жылы Моңғолиядан Шыңғысхан ығыстырған Күшлік басқарған наймандар Жетісуға келеді. Олардың келуімен Жетісудағы жағдай күрт өзгерді. Қарақытайлар Жетісудағы саяси ықпалынан айырылды. Күшлік хан және оның одақтастары қарақытай билеушісін тұтқындады.
1212-інші жылы Қарақытай мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. Жетісудағы билік найман билеушісі Күшлік ханға өтті. Жетісу жері қырғын соғыстар, бүліктер мен мұсылмандар көтерілістерінің ошағына айналды. Осы жағдай 1218-інші жылға дейін, яғни Шыңғысхан Жетісуға келгенге дейін жалғасты.
Орталық Азиядағы тайпалардың көші-қоны туралы он екінші ғасыр басындағы араб авторы әл-Марвази былай деп жазды: «…Құндар (қидандар) Қытай жерінен келді. Олар несториан христиандары болатын, өздерінің тұрған жерлерінен көшпелілердің қысымымен кетті. Сонда құндар сарылардың (қыпшақтардың бір бөлігі) жеріне жылжыды, ал сарылар түрікмендер жеріне кетті. Түрікмендер ғұздардың (оғыздардың) жеріне ойысты. Ғұздар Армян теңізі (Қаратеңіз) жағалауына жақын бажноктар (печенегтер) жеріне қоныс аударды». Ортағасырлық автордың бұл хабарында «халықтардың қоныс аударуының» бүкіл бір дәуірі, сегіз-он бірінші ғасырларда Еуразияны шарпыған ұлан-ғайыр көші-қон тарихы суреттелген. Бұл көші-қонда қидандар батысқа қарай жылжыды.
Қарақытай мемлекеті қазіргі қазақ халқының ертедегі ру, тайпаларының басын біріктірген орта ғасырлардағы іргелі мемлекет болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет