Қарақытай мемлекетінің құлауы XII ғасырдың ортасынан бастап қарақытайлар өздерінің салық саясатын өзгертіп, ашық тонауға көшті. Қарақытайлар исламға түсіністікпен қарады, алайда XII ғасыр соңында мұсылмандарды қудалау басталды. Жетісуда қарақытайларға қарсы мұсылман қозғалысы күшейе түсті.
Бейбіт тұрғындарды тонаушылық, шапқыншылық және мұсылмандарды ығыстыру қарақытайлардың Жетісудағы билігінің одан әрі әлсіреуіне әкелді. Қарақытайлар Хорезмшахтар мемлекетінің билеушісі Мұхаммедпен соғысты бастап, жеңіліске ұшырады. Самарқан билеушісімен одақтаса отырып, Хорезмшахтар мемлекетінің әскері Таласқа жақын маңда қарақытайлықтарды талқандады.
1208 жылы Монғолиядан Шыңғысхан ығыстырған Күшлік басқарған наймандар Жетісуға келеді. Олардың келуімен Жетісудағы жағдай күрт өзгерді. Қарақытайлар Жетісудағы саяси ықпалынан айырылды. Күшлік хан және оның одақтастары қарақытай билеушісін тұтқындады. 1212 жылы Қарақытай мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. Жетісудағы билік найман билеушісі Күшлік ханға өтті. Жетісу жері қырғын соғыстар, бүліктер мен мұсылмандар көтерілістерінің ошағына айналды. Осы жағдай 1218 жылға дейін, яғни Шыңғысхан Жетісуға келгенге дейін жалғасты.
Оқиға куәгерлері мен тарихшылардың деректері
Орталық Азиядағы тайпалардың көші-қоны туралы XII ғасыр басындағы араб авторы әл-Марвази былай деп жазды: «…Құндар (қидандар) Қытай жерінен келді. Олар несториан христиандары болатын, өздерінің тұрған жерінен көшпелілердің қысымымен кетті. Сонда құндар сарылардың (қыпшақтардың бір бөлігі) жеріне жылжыды, ал сарылар түрікмендер жеріне кетті. Түрікмендер ғұздардың (оғыздардың) жеріне ойысты. Ғұздар Армян теңізі (Қара теңіз) жағалауына жақын бажноктар (печенегтер) жеріне қоныс аударды». Ортағасырлық автордың бұл хабарында «халықтардың қоныс аударуының» бүкіл бір дәуірі, VІІІ-ХІ ғасырларда Еуразияны шарпыған ұлан-ғайыр көші-қон тарихы орын алған. Бұл көшіқонда қидандар батысқа қарай жылжыды.
Қарақытай — Қаракерей Орта ғасырлардағы Солтүстік-Шығыс Қытайдағы түрік халықтарының ең ірі мемлекеттік бірлестігі — 916 жылы 50 үй абақтар құрған карақытайлықтар мемлекеті. «Основанное киданами феодальное государство, располагавшие сильной и войнственной армией, вело многочисленные завоевательные войны. Когда государство Коре завершало объединение корейского полуострова, государство киданой уже завоевало большую часть территории Северного Китая, от владения царства Хоуцзинь на севере до района нынешнего Пекина на юге. В 946 году кидани переименовали свое государство в Империю Ляо».
Осының барлығы қазақ халқының ата-бабалары ешқашанда көрші мемлекеттердің тәуелдісі, соның ішінде ежелден келе жатқан Қытай мемлекетінің тәуелдісі болып көрген жоқ, оның байтақ даласы, әсіресе Жиделі — Байсындай алтын бесігі ешқашанда сырт мемлекеттердің жаулап алуында болған жоқ. Бұл ұлан ғайыр өлкеде не істелсе де, қандай мемлекеттік бірлестіктер құрылып, қандайы ыдырап жатсада — соның бәрі сырт мемлекеттің қолымен жасалған емес, қазіргі қазақ халқының бұрынғы ата-бабаларының өз арасында болған ішкі өзгерістер және заманына қарай туған занды өзгерістер туындысы деген қорытынды шығады.
Алайда қарақытай мемлекетінің қазіргі қазақ халқының ертедегі ру, тайпаларының басын біріктірген орта ғасырлардағы іргелі мемлекеті болғанын аңғармаған, тіпті біле тұрса да ол мемлекеттің атын Қазақстан жерінің ежелгі тұрғыңдарына жат етіп көрсетуге тырысқан тарихшылар да жоқ емес тіпті, «Қазақ ССР-нің тарихы» да мұндай кемшіліктерден таза емес. Оған бірнеше мысалдар келтірейік.
Қытай тіліңде «кидандар» араб, фарсы тілінде «карақытайлар» деп аталатын тайпа 927-947 жылдары Қытайдың Солтүстік жағын бағындырып алып, ю-Чжоу (Пекин) қаласын өздерінің астанасына айналдырған. Бұл кезден бастап Ляо (темір) империясының дәуірі басталады…
Қарақытайлардың этникалық тегі анықталған жоқ. Ғалымдардың көпшілі бұлтунгіс-монгол нәсілдес халық деп шамалайды. Екінші біреулер «қарақытайлардың құрамына әртүрлі монгол, тунгус, тангут және басқа тайпалар кірген деп есептейді.» (Қазақ ССР тарихы, 81-бет). «Өздерінің тілі, мәдениеті, діні және салт-санасы жағынан қарақытайлар түрік тілдес жергілікті халыққа жат болады. Баласағұн қаласының орнын казғанда табылған нәрселер қарақытайлықтардың феодал шонжарлары Қытай мәдениетінің көптеген ғибадатханасы, қытай үлгісімен салынған үйлер болғандығы анықталды, қолөнері өндірі сінің бұйымдарында да, әсіресе ыдыс жағында, қытай ықпалы білінді. Мұның бір себебі: қарақытайлар Жетісуға өздерімен бірге қытай қолөнершілерін әкелген… Қарақытайлар түтін басы салығын енгізеді. Үй басы сайын бір динардан жиналатын болды. Сонымен қарақытайлықтар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда Қытайда баяғы заманнан қалыгттасқан түтін салығы тәртібін ала келеді». (Қазақ ССР тарихы, 82-бет). Сөйтіп, монголдар жаулап алуының апдындағана Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда мемлекет құрып тұрған қарақытайлықтарды қайсы бір ғалымдар «түрік халқына жат» халық еді, оның себебі олардың мәдениетінде қьггай элементтері бар екен» дейді.