Байланысты: 2. Та ырып Педагогика ылымында т тас педагогикалы деріс теор
3. Біртұтас педагогикалық процесс белгілері, сапалары және өзіндік сипаттары. Тұлғаны қалыптастыру ұзақ процесс, ол қарама-қайшылықтарды шешумен бұл іс-әрекеттегі ересектердің мәдениеттердің заттық өзгерілген формасын субъектінің әрекеттік қабілеттеріне өзгерту (распредмечивание) мен көзқарас формасындағы адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуының (опредмечивание) бірлігі (Ж.М.Абдильдин). Дамак, егер педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, онда педагогикалық процестің элементар бірлігі, оның «кереге көзі» бастапқы абстракция болып «қалыптасудың қас қағым сәті» (педагогикалық ситуация) болуы керек. Нақтылы шындықтан тыс алынған педагогикалық ситуация тұлға қалыптасуының қас қағым сәті ретіндегі педагогикалық ситуация бастапқы абстракцияның көрсеткен талабына қатынасушылар, негізгі қарама-қайшылықтардың ерекшеліктеріне толық сәйкес келеді.
Бұл процестің ең кіші бірлігі, одан әрі оны тану сапалық қасиеттерін жоғалтпай мүмкін болмайды.
Педагогикалық ситуация педагогикалық шындыққа тән көп жақты болады, нақтылықтан көңіл бөлу (орны, уақыт, себеп-салдар және пайда болуы, жағдайы, қатысушылардың жас ерекшеліктері, әлеуметтік жағдайы, психофизиологиялық ерекшеліктері, іс-әрекеттің мазмұны, мәні, тәсілі) барлық жағдайда айқын бола түседі, «қалыптасуды» қас қағым сәті арқылы педагогикалық процесс ішіндегі тұлға қозғалісімен дамуын көруге мүмкіндік туады.
Тұлғаның қалыптасуы даму барысында негізгі қайшылықтарды жеңуде жүзеге асады. Бірақ бұл үшін, бөліну болған жөн-ересектер (ұстаздар, ата-аналар) распредмечиванияның қызметін алады, яғни, әлеуметтік тәжірибеде алынған (опредмеченных) іс-әрекет тәсілдерін айқындаушы. Сонымен бірге қозғалыс формаларындағы адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуы (опредмечивание) жүзеге асады. Тұлғаның іс-әрекет субъектісіне алмасуы, оқушының даму процесінде қалай болатындығы көрінеді.
Белгілі бір уақытқа дейін оқушы өз бетімен әлеуметтік тәжірибені іс-әрекетке ауыстыра (распредмечивание) алмайды, яғни мазмұннан іс-әрекет тәсілдерін ала алмайды («бұны қалай істеуге болады»). Сондықтан ол басқа «ұстаз-оқушы» жүйесінің бөлігі болады. Оқушы өз бетімен өзін-өзі бағалауды қалыптастыра алмайды. Өзін бағалау барысында оның әрекет нәтижесін басқалардың бағалауы керек. Сондықтан, оған басқа адамдармен қарым-қатынаста болу қажет. Осыдан барып басқа «оқушы-оқушылар» жүйесі пайда болады. Ол бұл ұжым сатысы, онда оқушы білімдерді және жаңа әлеуметтік ролдерді меңгеріп дайындалады, бұл алға қойған өміріне белсене қатысуын қамтамасыз етеді. (И.Кон).
Барлық мәдени байлықтарды және іс-әрекеттер түрлерін меңгеру пәндік оқыту арқылы жүргізген тиімді. Бұнымен тағы бір жүйенің пайда болуы байланысты, оған мұғалім «сынып ұстаздары» элементі ретінде кіреді. Сынып ұстаздарының балалардың бастапқы ұжымы мен өзара әрекеттері барысында жоғары деңгейдегі жүйе «сынып ұстаздары», «сынып оқушылары» пайда болады.
Қоғамдық өмірге оқушылардың қатысу тәжірибесін қалыптастыру, педагогикалық процестің оқудан тыс кеңістігінде көптеген іс-әрекеттер түрлерін меңгеру барлық оқушылардың өзара әрекеттерін және ұстаздар тарапынан басшылық болуын қажет етеді. Сондықтан да мектеп үшін макро жүйе «мектеп ұстаздары-мектеп оқушылар ұжымы» қалыптасады. Қоғам бұл жүйеге қатысты жүйе ретінде болады, сонымен, «мектеп-оқушылар» жүйесінің өмір сүру қызметі (жағдайының өзгеруі) мектептің педагогикалық процесі болады.
Педагогикалық процесті қысқаша абстрактылықтан («қалыптастыру қас қағым сәті») бірінші деңгейдегі жүйеге «адам» көтерілуі арқылы сипаттау және одан әрі одан да жоғары деңгейдегі жүйелерге көтерілу жалпы білім беретін мектептің олардың типтерінен тәуелсіз педагогикалық процестің жүйе ретіндегі бірқатар белгілерін көрсетеді:
-бұл әлеуметтік жүйе адамдардың өзара әрекеттері есебінен өмір сүреді;
-мектеп педагогикалық процесті көп деңгейлі және поли құрылымдық құбылыс, себебі ол өзінен кейінгі деңгейдегі жүйелерді жинайды;
-жүйе тек іс-әрекетпен алмасуда ғана өмір сүреді: егер ұстаздар әртүрлі іс-әрекеттер, тәсілдеріне (адам тегі күшін) оқытса, онда оқушылар, оларды меңгере отырып педагогикалық процестің белсенді қатысушылары болады, тек қана репродуктивке ғана емес, қайта құру шығармашылыққа белсенділікке дайын болады;
-педагогикалық процесте мұғалімнің басқару объектісі оқушылардың іс-әрекеті болады;
-іс-әрекеттің барлық элементтері «мақсат, міндеттер мазмұны және т.б.) жүйелі компоненттері бөліктері сыңары болады, себебі іс-әрекеттің элементтерін, бөліктерін баланың меңгеруі үшін әрине, үлкендердің, ата-аналардың, ұстаздардың іс-әрекеті осыған бағытталуы керек;
-педагогикалық процестегі мұғалімнің басқару заты іс-әрекет субъектілері арасындағы қатынастар болады, олар арқылы субъектілердің өзара әрекеті мен дамуына тиімді жағдайлары қамтамасыз етіледі. (біртұтас педагогикалық процестің графикалық моделін қарасаңыз).
Көрсетілген белгілер негізінде анықтама жасауға болады: педагогикалық процесс оқушылардың бірлескен ұстаздардың қатысуымен және басшылығымен жүзеге асатын іс-әрекеті, ол әлеуметтік тәжірибені меңгеруге және әрбір оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталған, дамуға және өзіне еңбекте және қоғамдық өмірде жүзеге асуға дайын. Бұл анықтамадан педагогикалық процесс оқу және оқудан тыс аймақтарының бірліктігінің қажеттігі туады, ал ол оқушылар үшін тұлға қалыптасуының басты жағдайы болады және сол процестің өзінің біртұтастығын көрсетеді.
Сонымен бірге ұсынылып отырған анықтаманың мазмұнын біртұтас педагогикалық процестің бірқатар қасиеттерінде көрсетеді:
-педагогикалық процесс әлеуметті оның өмір сүруі, қызмет істеуі оған қатысуышлардың арасындағы іс-әрекеттерімен алмасуымен анықталады;
-ынтымақтастық оқушы (тек қана ұстаздармен ғана емес, мұғалімдермен, бір-бірімен де) үшін әртүрлі іс-әрекеттердің тәсілдерін тезірек меңгерудің, яғни педагогикалық процестегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуының жағдайы болады;
-«ұстаздар-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы педагогикалық процесс ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттері барысындағы мақсат пен нәтижелердің бірлігімен анықталады;
-педагогикалық процестің негізгі интегратвтік қасиетін әртүрлі тектегілердің бірлігі деп есептеу керек, ондағы үздіксіз өзара қиылыстағы жүйелердің оқушылар тұлғасының қалыптасуына әсері іс-әрекет субъектілерінің (ұстаздар мен оқушылардың) қайта құру белсенділігімен анықталады.
«Педагогикалық процесс» объектісінің сапасы оның қасиеті ретінде көрінеді, оларсыз педагогикалық процесс өзіндік ерекшеліктерінен айырылады:
белсенділік пен қатынастың бірлігі, процеске қатысушылардың барлық субъектілерінің ұйымдастырылған бірлескен дербес іс-әрекеттер;
субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі қарым-қатынастарының жиынтығы.
Педагогикалық процестің сапалары мен қасиеттерін қызмет ету жағдайларын объективті талап етеді. Сонымен педагогикалық процесс, өзін біртұтастық ретінде субъектілердің өзара әрекеттегі арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттерін бөле көрсете алады. Егер әрбір субъектінің жетістіктері болса, онда «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің тұрақтылығымен өзін-өзі дамыту мәселесі шешіледі.