2. Танымдық белсенділікті қалыптастырудың құрамы мен оның мазмұнын


Танымдық белсенділікті қалыптастырудың құрамы мен оның мазмұнын



бет2/3
Дата18.04.2023
өлшемі39,76 Kb.
#83737
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
лекция 11

2. Танымдық белсенділікті қалыптастырудың құрамы мен оның мазмұнын
Оқушылардың мектеп қабырғасынан алған тәлім-тәрбиесін жетілдірудің қайнар көзі-оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін жетілдіру. Бұл мәселенің шешілуі оқушылар бақылампаздығының, алғырлығының, ойлау қабілетінің дамып жетілуіне байланысты. Бұл үрдістегі өзекті мәселе олардың ғылыми негізін игеріп, құштарлығы мен ықылас-ынтасын дамытып отыруы. Оқушыларға көңілінен шығатындай, әсерлі сезіммен орындай алатындай тапсырма беру әдіс-тәсілдерін қолданған тиімді деп санаймын. Оқу үрдісінде шәкірттердің ғылым негіздерін тиянақты меңгеріп, білімін дамытуы-ұстаздың әдістемелік шеберлігі мен білім даярлығына байланысты.
Оқушыларды біліммен ғана қаруландырып қоймай, олардың назарын, білгендерін жадында сақтай білу қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, білім негізін біліп алуға құштарлығын, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын және т.б. танымдық қызметтерін жетілдіру-оқу-тәрбиелік және ұстаздың негізгі мақсат [8.85 б.].
Ғылыми әдебиеттердің мәліметтеріне және өзіміздің тәжірибелерімізге сүйенсек, оқушы өзінің жеке басының дамуына белсенді болуы үшін оның қажеттілігін сезінуі және оның мазмұны туралы білуі әрі зерттеу тәжірибесі қажет. Бұл қасиеттердің ерекшелігін білуде психологиялық-педагогикалық пәндердің ерекше рөлі зор. Ол барлық оқу-танымдық үрдісте жүзеге асуы қажет. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл күнделікті оқу үрдісінде жүзеге асырылмайды. Себебі, оқытушы өз пәнінің жетік маман болғанымен, психологиялық-педагогикалық жағына көп мән бермейді. Мұндай жағдайда оқу және ғылыми таным үрдісі туралы психологиялық, жалпы дидактикалық білім негізгі үрдістен бөлініп қалады. Кейбір талантты оқытушылардың қабілеті мен біліктілігі арқасында өз пәнін оқытуда оқушылардың танымдық ізденімпаздығын дамытуда ілгерілеушілік байқауға болады, бірақ бұл жалпы қалыптасқан жағдайды өзгерте алмайды [15.69 б.].
Ең тиімді тәсіл-жаттығуларды қорытындылау, сондай-ақ бір немесе басқа да қағидалар мен заңдылықты нақтылау мақсатында өткізу. Оқушы өз бетімен немесе мұғалім басшылығымен сол немесе басқа материалдарын қорытындылау кезінде-ақ дағдыланады, әрі оны нақтылау жеңілірек болады. Мұндай жаттығулар оқушылардың оларды орындағанда үнемі салыстырып, қарсыласып және түйіндеуіне бағытталған.
Орындау барысында салыстырып, қарама-қарсы қойып және тұжырымдауға бағытталған жаттығулар мұғалімнің түсіндіргеніне қарағанда дербес жүйелік, ішкі жүйелік және аралық жүйелік байланыстар жүзеге асып, оқушылардың іс-әрекеті тиімді болады. Яғни жаңа материалдармен таныстырғанда, оларға ойлануға, ізденуге тура келеді. Алайда, жаңа материалды түсіндіргенде, кейде оны бекіткенде әр кез жоғарыда айтылған әдіс қолданыла бермейді.
Жаттығулар және әңгімелесу элементтері бар жаттығулар әдістері дұрыс ұйымдастырылса, түсіндіру әдісіне қарағанда, білім, білік, дағдыны қалыптастыруда тиімді, бірақ бұл әдістерді қолдану оқу материалының мазмұнындық ерекшелігіне байланысты болады.
Әр түрлі дәрежедегі байланысты ұтымды жүзеге асыру, біздің ойымызша, оқушылардың ақыл-ой іс-әрекетінің деңгейіне байланысты.
Қандай да бір материалды түсіндіру мен бекітуде, олар жақсы түсінген білімдер қолданылып отырса, онда жаттығулар әдісін пайдаланған дұрыс. Ал оқушылар қиналып, өз бетінше орындай алмаса, онда әңгімелесу элементтері бар жаттығулар әдісін қолданған пайдалы. Ал материал ұғынуға күрделі болса, онда түсіндіру әдісін жаттығулар әдісімен байланыстыра қолдану керек.
Ең бастысы, кез-келген әдіс-тәсілді таңдағанда оқушыларға қаншалықты қажеттілігін ескерген жөн. Бірақ, түсінікті меңгертуде, білімді ортақтастыруда оқушылардың белсенділігіне пара-пар ойлау операциясын қалыптастыруды ешқашан ұмытпау керек. Сондай-ақ, бұл тапсырмалар алдымен мұғалім қалыптастыратын сыртқы әрекеттерінен туындайтынын, сосын олар ішкі интеллектуалды операцияны қайтадан құратынын әр кез естен шығармаған абзал.
Оқу – мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық дамуы – мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Баланың ойлау қабілеті оқу процесінде ерекше дамиды. Білім мен ойлау арасында тығыз байланысы бар. Оқушының ақыл-ой қабілетін қалыптастыру үшін білім мен ойлаудың өзара әсері мен өзара байланыс ерекшеліктерін білген жөн. Білім мен ойлау ақыл-ой тәрбиесінің негізгі шарты мен құралдары деуге болады.
Балалардың ойлау қабілеті олардың оқу әрекеті және мектептегі ғылыми білім беру процесінде қалыптасады. Тәрбиешілер мен ата-аналар балалардың оқуына дұрыс басшылық ету үшін, оқу әрекетінің ерекшеліктерін білуі оның ойыннан, еңбек әрекетінен айырмашылығы бар екенін есте сақтауы керек.
Әрбір оқушыға педагогикалық тұрғыдан қарап, сабақта олармен жұмысты саралап жүргізудің маңызы ерекше. Мұғалім тек артта қалған оқушыларды ғана емес, жақсы, орташа оқитын оқушыларды да көзден таса қалдырмауға тиіс. Мектеп пен ата-аналар баланың алғашында қарапайым, содан кейін едәуір күрделі мәселелер жөнінде пайымдауларынгың қалыптасуына қол жеткізу үшін тырысулары керек. Әрине, түсінбеген жағдайларда дұрыс пікір айтып, оны қабыл алуға баланы мәжбүр ету оңай. Ал оқулықты тағы бір оқып шығуға, қосымша әдебиет ұсынып, қатенің себебін өздігінен анықтау, дұрыс қорытындыға келу анағұрлым қиын, бірақ беретін нәтиже айтарлықтай [16,22 б.].
Балалардың ақыл-ой тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру үшін, ең алдымен оларға оқып білім алудың тиімді амал-тәсілдерін үйрету қажет. Олардың өздігінен оқуына басшылық етудің маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет