Тәжiрибе нәтижелерiн өңдеу және есеп беру. Тәжiрибе нәтижесi негiзiнде:
1. Әрбiр өлшемдегi тұну жылдамдығын есептейдi.
2. Әрбiр тәжiрибе үшiн критерийлер Re, Ar және Ly-ың мәндерiн анықтайды.
3. Тәжiрибелiк тәуелдiлiктер Re=c· Arn-тi есептейдi де, коэффициенттер с мен n-ды табады.
4. Тәжiрибелiк нәтижелерден Ly= (Ar) тәуелдiлiгiн тұрғызады.
5. Ly=(Ar) тәуелдiлiгi бойынша және белгiлi тұну жылдамдығы арқылы домалақ емес бөлшектер үшiн, пiшiн факторы -ны табады да, оны жоғарыда келтiрiлген анықтамалармен салыстырады.
Бақылау сұрақтары 1. Тұнатын бөлшектерге қандай күштер әсер етедi?
2. Рейнольдс критерийi теңдеуiне, тұнатын бөлшекке қатысты қандай шамалар кiредi?
3. Тұнудың қандай кезеңдерi белгiлi?
4. Домалақ емес бөлшектердiң тұну жылдамдығын қалай анықтайды?
5. Егер тұну жылдамдығы белгiлi болса, бөлшек диаметрiн қалай анықтайды?
6. Ly=(Ar) байланысына тұндырылатын бөлшектердiң домалақ еместiгi қалай әсер етедi?
7. Қандай график арқылы кез келген кезеңге сәйкес, Wт мен dк-ың жуықталған шамаларын қалай есептейдi?
8. Wт-ны есептегенде, бөлшектердiң қысылған қозғалыстарын қалай есептейдi?