Тәрбие сағаты
|
«Денсауылқ зор байлық»
|
Күні
|
|
Класс жетекші:
|
|
Класс:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтыңтақырыбы: Эпиграфтар (тақырыпмазмұнынашатын)
|
Дені сау ұрпақ болашағымыз
|
Сабақтың мақсаты:
|
Жас ұрпаққа адам денсаулығының басты байлық екендігін түсіндіру. Денсаулық негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада дұрыс жүру екенін ұғындыру.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.
|
Ресімдеу
|
Слайд,презентация
|
Музыкалық және бейне көркемдеу
|
интерактивті тақта, слайд
|
Үлестірмелі материалдар
|
мақал – мәтелдер жазылған плакаттар
|
Тақырыптықкөрмелерменақпараттықстендтер
|
Презентация
|
Дайындыққа арналған әдебиет
|
Интернет материалдары
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
|
«Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әлқуаты» тармағында азаматтарымыздың өмірі соңына дейін сау болуы ж/е жас ұрпақ дұрыс жетіліп, өсуі үшін денсаулығын күтуі керек. Бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтаға арналады.
Әдісі : ойын түрінде
Топтарды таныстыру:
1 - топ – «Шымыр» тобы
2 - топ – «Сымбат» тобы
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
|
Компьютер
|
Сабақ басы (13 мин)
|
Мәңгі бақи есте қалар, қызықты бір ойын болсын,
Білімдірек шәкірт озар, сұрақтары қиын болсын.
1. Бәйге сайысы.
1. Пайдалы тағамдар /айран, балық, ет, өсімдік майы, сәбіз, пияз/.
2. Пайдасыз тағамдар /фанта, бәліш, чипсы, шоколад, кока – кола/.
3. Зиянды әдеттерді атаңдар?/темекі шегу, қолды аузына салу/.
4. Лондонда өткен олимпиадалық ойындарда біздің құрама неше алтын, неше күміс, неше қола жеңіп алды? /7 + 1 +5/
5. Қазақстанның әуесқой боксшысы, Лондон Олимпиядасының чемпионы, алтын жүлдегер кім?/Серік Сапиев/
6. Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада жеңімпазы атанған бірінші қазақстандық кім?
7. Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата? /көкпар, қыз – қуу, асық ату, аударыспақ/.
8. Қазақтың ұлттық тағамы (бесбармақ)
|
Оқушылар топпен жауап береді
|
слайд
|
Ортасы (20 мин)
|
, «Кім жылдам» ойыны. / қарындашпен астын сызу/
«Шымыр» тобы Денсаулыққа пайдалы факторлар.
«Сымбат» тобы – Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар.
Еңбек, еріншек, күн, жалқаулық, су, ауа, арақ, жеміс – жидек, насыбай, дұрыс дем алу, үйірмелерге қатысу, спортпен айналыспау, көп ұйықтау, ластық, дұрыс тамақтану, тамақты асығып жеу, қолды сабындап жу, дастарқан басында қисаймай түзу отыр, тамақтанып отырғанда сөйлеу, қасықты оң қолыңмен ұстау, күн тәртібін сақтамау, тамақтанып отырып сөйлемеу, ащы мен тұщы тағамдарды көп жеу. нан екі қолмен үзіп жеу, тамақтан соң аузыңды шәю, жеміс – жидектерді жумау, асқа бата беру.
|
Жарнама. «Денсаулық – зор байлық».
«Шымыр» тобы: Мынау айран. Бұл сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор. Спрайт ішкенше, осы айранды сатып алып ішкен тиімді. Әрі арзан, әрі дәмді.
«Сымбат» тобы: Мынау сиырдың сүтінен жасалған құрт, оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады. Орбит алғанша, осы құртты сатып алған тиімді.
«Шымыр» тобы: Мынау алма, кәмпит басқа да тәттілерді жегенше жеміс – жидектерді же.
«Сымбат» тобы: бұл сабын. Бұл сабынның пайдасы денедегі микробтарды жояды. Бетті, қолды күнде жуып отыру керек.
«Шымыр» тобы - Денсаулықтың тағы бір дауасы – таза ауа. Табиғат ананың адам ағзасының жетілуіне тартар сыйы көп. Ауасыз өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан ауаның ластанбауына өз үлесімізді қосайық.
«Сымбат» тобы -
Денсаулық мықты болуы үшін ми демалысы – ұйқының орны ерекше. Адамға су, ауа, ас қалай қажет болса, ұйқы да сондай қажет. Дені сау бала тәулігіне10 сағат ұйықтауы керек. Бала күн сайын белгілі бір мезгілде ұйықтап, бір, бір мезгілде тұруы керек.
|
слайд
|
Соңы
|
Тақырыпты қорғау.
І топ «Шымыр тобы. Ағзаға пайдалы тағамдар
ІІ топ «Сымбат» тобы Ағзаға зиянды тағамдар
|
Оқушылар өздеріне берілген тақырыпты қорғайды
|
слайд
|
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Достарыңызбен бөлісу: |