Наталья УСТЕЛИМОВА,
филология факультетінің доценті,
Гүлмира АРЫСТАНҚҰЛОВА,
филология факультетінің
аға оқытушысы
Оқу
орнымыздың
әлеу меттік-мәдени
даму
мә селелері
жөніндегі
про ректоры
Д.Қам за-
бек
ұлы Оман Сұлтан-
дығының Қазақстан Рес-
публикасындағы Елшісі
Саид бин Мухаммед Аль-
Барамиді қабылдады.
Кездесуде ЕҰУ мен Сұлтан
Қабус университетінің арасында
ынтымақтастық туралы келісім
жасау туралы әңгіме болды.
Халықаралық қатынастар факуль
тетінде Елші АльБарамимен
профессорлар, оқытушылар және
студенттер кездесті. Кездесу
аясында белгілі шығыстанушы,
«Дипломат Нәзір Төреқұлов»
қорының төрағасы, профессор
Сайлау Батыршаұлы мен
дипломат Сәулегул Сайлау
қызының бірлесіп жазған «Оман
Сұлтандығы» атты кітабының
тұсаукесері болды.
Елші АльБарами мырза
Оман Сұлтанатының сыртқы
саяси ерекшеліктері мен елдің
халықаралық қатынастарындағы
«позитивті бейтараптығы»
жайлы, сондайақ, халықаралық
шиеленістерді реттеудегі елдің
дәнекері ретінде болу рөлі
туралы кеңінен әңгімеледі.
Ол Қазақстан мен Оманның
бейбітсүйгіш саясатын сөз ете
келе, екі мемлекеттің өзара ұқсас
саяси қағидаттарын алға тартты.
Оман Таяу Шығыстағы кіші
мемлекет болғанына қарамастан,
аталмыш өңірдегі жағдайдың
тұрақтануына айтарлықтай
ықпал ете алатын саяси және
экономикалық әлеуетке ие
мемлекет.
Кездесуге келген факуль
теттің профессороқытушылары
мен студенттері Елші мырзадан
Оман мен Йемен қатынастары
жайлы, Сириядағы азаматтық
соғыстың жағдайын, миграция
мәселелері (нақтырақ айтқанда,
қуғындарға Оманның қаржылай
көмегі мен босқындарды
қабылдауы), сонымен қатар
Оманда қазақ ізденушілері
үшін магистратурада оқу
мүмкіндіктері туралы сұрақтар
қойды.
Кездесудің соңында факуль
тет деканының орынбасары
М.Әбішева Елші АльБарамиге
қызықты дәрісі үшін алғысын
білдіріп, университет Елшілікпен
тұрақты байланыс жасауға даяр
екенін білдірді.
Айта кету керек, Оман
туралы кітап жазуға бастама
көтерген Оман Елшілігі болды.
«Оман Сұлтандығы» кітабының
авторы Сайлау Батыршаұлы өз
еңбегін жазу барысында өткен
жылы Оманға барып, көптеген
материал жинап қайтты. Сол
себептен де, кітапта Оман елі
жайлы барынша нақты ақпарат
берілген. Мемлекеттік тілде
жарық көрген аталмыш кітап
арқылы автор оқу үдерісінің
қазақ тіліндегі әдебиеттермен
қамтамасыз етілуіне өз үлесін
қосты. Халықаралық қатынастар
мен шығыстану салаларында
мемлекеттік тілдегі келелі
еңбектер тапшы екендігі ешкімге
жасырын емес.
Кітапта Оман Сұлтандығы
ның тарихи қалыптасуы мен
дамуы, Сұлтан Кабустың
өмірбаяны, мемлекеттік
құры лы мы
жайлы
толық
мәліметтер мен сараптама
(жүргізілген жемісті саяси,
экономикалық реформалар,
Парламенттің негізгі қызметтері,
жергілікті басқару органдары),
экономикасы (өнеркәсіп сек
торы, мұнайгаз секторы, ауыл
және балық шаруашылығы, көлік
қатынастар, қаржы және сауда
жүйесі), білім беру, мәдениет
пен ақпарат, сыртқы саясаты
жайлы баяндалған. Оман елінің
Қазақстан Республикасымен
ынтымақтастығына жеке бір
бөлім арналған.
Қазақстан тәуелсіздігін
араб елдерінің ішінде Оман
Сұлтандығы да мойындап,
біздің елмен дипломатиялық
және экономикалық байланыс
орнатты. Сый ретінде Астана
қаласында «Салтанат сарайын»
салып берді. ҚР президенті
Н.Ә. Назарбаев Сұлтанаттың
астанасы Масқат қаласына 1997
және 2008 жылдары мемлекеттік
ресми сапармен барып қайтты.
Қазақстан ғылымы үшін Таяу
Шығыс аз зерттелген сала екенін
ескерсек, аталмыш зерттеу
жұмысының маңыздылығы
ерекше. Шынтуайтына келгенде,
қазіргі таңда Таяу Шығыс
аймағында орын алып жатқан
үдерістер әлемдік жүйенің
өзгеруіне ықпал етіп отырғаны
анық.
Профессор Батыршаұлы
дипломатиялық қызметпен
қоса ғылымипедагогикалық
жұмысын табысты атқарып
келеді. Ол Қазақстан тарихында
тұңғыш рет «Дипломатиялық
қызмет және халықаралық
қатынастар» (Дип ломатическая
служба и международные
отно
шения) атты оқулығын
қазақ тілінде жазып шықты.
Бұл оқулықты еліміздің
жоғарғы оқу орындарында
кеңінен пайдаланып жүр. Биыл
дипломаттың Қазақ ССР сыртқы
істер министрлігіне келгеніне 50
жыл толып отыр. Алдағы уақытта
Сәкеңе ғылыми, шығармашылық
табыстар тілей отырып, Оман
жайлы кітабы араб елдері туралы
жазылатын еңбектердің бастауы
болсын дейміз.
Д. АХМЕДЬЯНОВА
халықаралық
қатынастар кафедрасының
меңгерушісі, доцент
5
ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
№ 20-21 (201-202),
қараша, 2015 жыл
АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН
Тұлғатану
Қазақ – батыр халық. Ал
кешегі қанды соғыс кезінде
де, бүгінгі бейбіт заманда
да елдің атын шығарған
батырларымыз аз емес.
Солардың бірі – Халық
Қаһарманы, Кеңес Одағының
батыры, ұлтымыздан шыққан
тұңғыш ғарышкер – Тоқтар
Әубәкіров. Ол бүгінгі таңда
«Қазақстан Темір жолы»
Ұлттық компаниясы АҚ
президентінің кеңесшісі
болып қызмет атқарады.
Жуырда университетімізде
«Тұлғатану» жобасы аясында
осы аты аңызға айналған
тұлға – Тоқтар Әубәкіровпен
кездесу ұйымдастырылып,
студенттер оның балалық
шағы, бүгінгі өмірге
көзқарасы, ерлік істері мен
алдағы жоспарлары туралы
сұрап, білген еді.
Оқу ордамызға арнайы
қонақ болып алғаш аяқ басып
тұрған ғарышкер ең алдымен
оқу ғимаратын, мұражайларды
аралап көрді. Одан кейін
студенттер Тұңғыш Президент
аудиториясында батырды зор
қошеметпен қарсы алды. Аты
аңызға айналған тұлғаны асыға
күткен олар 500 адамдық залды
лық толтырды. Сыймағаны
түрегеп тұрып тамашалады.
Қалыптасқан дәстүр
бойын ша
университеттің
Әлеуметтік-мәдени даму жө-
нін
дегі проректоры Дихан
Қамзабекұлы кездесудің шы-
мыл
дығын ашып, Тоқтар
Әубәкіровтың кеудесіне
«Күлтегін» медалін тақты.
Белгілі күйші Айбек Бекбосын
батырға арнап күй орындап
берді.
Қысқаша оның өмір
жолына тоқтала кетсек, Тоқтар
Оңғарбайұлы Әубәкіров
Аспан жаққа намыс боп
алмасты арман,
Бір қазақ бар жол ашқан
алғаш оған.
Сырласқан аймен бірге,
Жұлдызбен жолдас болған.
Бір қазақ бар ұқсайтын ірі нарға.
Байланған тұғырларға,
Ойланған ғарыш болып,
Айналған зымыранға.
Сәлем жолдар еліне,
отты аймаққа.
Ұлылық – қарапайымдылықта
Ғарышкер көкейдегі сан сауалдың жауабын беріп: “Әр батырдың
осал тұсы болатыны секілді, менікі де жоқ емес. Алайда “қоянды қамыс,
жігітті намыс өлтіреді”, сондықтан “НАМЫС” қашанда биік тұруы тиіс",
– деп, студенттерді намысты болуға шақырды.
Кездесуден ұққанымыз: Әубәкі
ров
– ұлы тұлға. “Ұлылық – қарапайым-
дылықта”. Ананың сүтімен, әкенің
қанымен дарыған қарапайым нар
мінез ғарышкердің бар болмыс-бітімін
даралайды.
Сырлы да тартымды сұхбаттан
ерекше серпін алып, шабыттанған
студенттер сүйікті елінің батырына ақ
тілектерін қардай жаудырды. Солардың
бірін жас ақын Әлімжан Әлішер мына
өлең шумақтарымен жеткізді:
Бір қазақ бар серт берген
текті аймаққа.
Намысы жанарында,
Жанары көк байрақта.
Бұлтты, күнді шақырған
дос болмаққа.
Айналып баспалдаққа.
Бір қазақ бар жүретін
Жерді айналып,
Экранда, газетте, аспан жақта, –
деп өзінің жыр шумақтарымен шашу
шашты.
Руслан ЖҰБАНЫШ,
журналистика және
саясаттану факультетінің
1-курс студенті
Ұлы Отан соғысынан кейін
Қарағанды облысы, Қарқаралы
ауданы, Бірінші Май ауылында
дүниеге келген. Ата-анасынан
ерте айырылған ол апасы
Бикен мен жездесі Нығметтің
тәрбиесінде болады. Содан
есейе келе Теміртау құйма
механикалық зауытында то-
карь болып істейді. Ресей
Федерациясындағы Армавир
жоғары әскери ұшқыштар
училищесін бітіргеннен кейін
Қиыр шығыс әскери округінде
ұшқыш, звено командирі,
эскадрилия командирінің орын-
Ал Тоқтар Оңғарбайұлы
өзінің туған жері, оның атақты
адамдары мен өзінің анасы
туралы ерекше бір тебіреніспен
әңгімелеп берді.
1990 жылы Тоқтар
ғарышкерлер құрамына
алынады. 1991 жылы 2-сәуірде
Кеңес Одағының ғарышкерлер
дайындау орталығында ға-
рыш
қа ұшу дайындығына
кірісіп, сол жылы 2 қазанда
Байқоңырдан «Союз ТМ-
13» кемесімен ғарышқа ұшты.
Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі
«Мир» орбиталық кешені-
ба қы лау
жұмыстарын
да
ойдағыдай өткізді. 1991
жылдың 10 қазанында жерге
оралғаннан кейін Т.Әубәкіров
Қазақстандағы ғарыштық
зерттеулердің негізін қалауға,
отандық Қарулы Күштердің
әскери даярлығын жетілдіруге,
әскери-патриоттық тәрбие
жұмыстарын жолға қоюға
белсене араласып келеді.
Жүргізушілер Абай Сей-
фулла ұлы мен Ұлан Айхожаев
кеш қонағын ортаға алып сұхбат
жасады. Ғарышкердің күрделі
кезеңдерге толы балалық шағы,
сол кездегі армандары туралы
сұрап білді. Жетпіс жасқа таяп
қалса да әлі күнге ғарышқа қайта
ұша алатындай тың қалпында
жүруінің сырын білді.
«Бүгінгі қазақ жастары
туралы не ойлайсыз?» деген
сұраққа ол «Қазіргі жастар
бұзылып барады дегенге
келіспеймін. Әр заманның
жастары өз заманына
лайықталып туылады. Есте
сақтайтын бір нәрсе: қазір
қара күштің емес, ақылдың,
білімнің заманы» деп
жауап қатты. Батырдың
«Мен өмірімде екі нәрсені
өзгерткен емеспін: әйелімді
және телефон нөмірімді»
деген әзіл-шыны аралас
сөзіне байланысты тасталған
сауалды арқау ете отырып
жиналған жұртшылыққа бәз-
баяғы қарапайымдылығымен
өз телефон нөмірін тағы бір
рет айтып берді. «Халық
көмек керек болғанда бізге
хабарласпағанда кімге хабарла-
сады? Мен қазағыма әрқашан
көмектесуге дайынмын», – деді.
Спортпен әлі күнге
шұғылданып, жиі аңға
шығатындығы туралы да
кеңінен әңгімеледі. Ең қызығы,
ұйымдастырушылардың Тоқтар
Оңғарбайұлы мен жақында
ғана ғарышкер атанған Айдын
Айымбетов арасындағы ұқсас-
тықтарды тауып, айтып бергені
еді. Өйткені, екі батыр бір
күнде, шілденің 27 жұлдызында
туған. Екеуі де Армавир жоғары
әскери ұшқыштар училищесін
бітірген. Тоқтар Әубәкіров
оқуды 1969 жылы, Айдын
Айымбетов 1993 жылы бітірген.
Арасы – 24 жыл. Бірі ғарышқа
1991 жылы, екіншісі 2015
жылы ұшты. Арасы - 24 жыл.
Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа
ұшқан кездегі командирі -
Александр Волков. Ал Айдын
Айымбетовтың командирі
А.Волковтың ұлы Сергей
Волков. Мұны естіп таңданған
кеш қонағы «Айдын менің
ұлым» деп әзілдеп, ол туралы
оң-пікірін білдірді.
Көрермендер тарапынан да
тоқтаусыз сауалдар қойылды.
Оның көбі кейіпкердің ғарышқа
ұшқандағы бастан кешкендері
мен қазақ авиация ісінің, ғарыш
саласының дамуына қатысты
болды. Бұларға байланысты
терең ойлы тұлға "Ғарыштан
жерге келіп, айналамызды
ластап, жер қадірін білмейтін
адамдарды көргенде, біз әлі
бала екенбіз деп ойлаймын.
Жерден тек алуды білеміз.
Жерді "еміп" жатырмыз.
Өйткені, Жер – біздің анамыз.
Ғарышта жүргенде жерді
анаңды сағынғандай сағынасың,
аңсайсың. Ғарыштан Жерді
суретке түсірдік. Бірақ оның
керемет сұлулығын ешбір
фотосурет толыққанды бере
алмайды екен. Ондай ғажайып
көріністі өз көзіңмен көргенге
ештеңе де жетпейді. Ал ол
бақытқа әзірге әлемнің тек 560
адамы ғана ие болды», – деп
мәнді де мағыналы жауап қатты.
Кездесу соңында журналис-
тика және саясаттану
факультетінің 4-курс сту-
денті, әсем дауысты әнші
Орынгүл Махмұдова Тоқтар
Оңғарбайұлының ең сүйікті
әні «Гауһартасты» әуелете
шырқап берді. Жас ақын
Әлімжан Әлішер арнау өлең
оқыды.
Кешке студенттермен қатар
Сейіт Қасқабасов, Тұрсын
Жұртбай, Мұхтарбай Өтелбаев,
Жандарбек Мәлібеков және
басқа да зиялы қауым өкілдері
мен профессор-оқытушылар,
қызметкерлер, БАҚ өкілдері
қатысты.
Қорытып айтқанда, оқу
ордамызда «Тұлғатану» жоба-
сы ның аясында аңыз адаммен
өткен кездесу осылайша
тағылымы мол іс-шара ретінде
есте қалды.
Абай ТІЛЕНШИЕВ,
Мақсұтбек ОТАШЕВ
басары болып абыройлы қызмет
атқарды. Ұшқыш-сынақшы.
Т.Әубәкіров 1988 жылы Кеңес
Одағында тұңғыш рет әуеде
қонбай ұшаққа 2 рет жанармай
құйдыру арқылы Солтүстік
полюске ұшу сапарын ерлікпен
орындады. Содан бір жылдан
кейін 1-ші болып авиатасушы
крейсердің алаңқайшасына
«МиГ-29к» реактивті ұша-
ғын үлкен шеберлікпен дәл
қондырды. Сондай-ақ, ол
реактивті ұшақтың 50-ден аса
жаңа түрін сынақтан өткізген.
мен түйісті. Онда ол өзге
ғарышкерлермен бірге био-
тех нология,
металлургия,
ме ди цина
салалары
және
Арал теңізі аймағы бойынша
ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізді. Зерттеу нәтижесінде
Арал үстіндегі тұзды
шаң борамасының пайда
болу процесі, сол зиянды
аэрозольдардың Қазақстан мен
Ресей аймақтарына таралуының
ғарыштық суреттері алынды.
Сондай-ақ Қазақстан аумағын-
дағы атмосфераны және жер
бетін зерттеу, жұлдызды
аспанды астрофизикалық
6
ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
№ 20-21 (201-202),
қараша, 2015 жыл
Оқу ордамызда университет
ректоры, академик Сыдықов Ерлан
Бәтташұлының «Отан тарихы:
мәселелер мен инновациялық
ізденістер» тақырыбында ғылыми
семинар болып өтті. Аталған
шараға белгілі тарихшы ғалымдар,
мектеп мұғалімдері, студенттер,
магистранттар және докторанттар
қатысты.
Семинардың барысында универ
ситет ректоры Ерлан Сыдықов
тарихшы ғалымдардың алдында
тұрған негізгі мәселелерді атап
көрсетіп, бүгінгі таңдағы Отан
тарихының келелі мәселелеріне жан
жақты тоқталды. Сонымен қатар
Ш. Уәлиханов атындағы тарих және
этнология институтының директоры,
Ғылыми семинар
Туған тіл -
тұғырың
«ОТАН ТАРИХЫ:
т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов өз
баяндамасында тарих ғылымының
дамуына ықпал ететін сыртқы және
ішкі факторлар әсерін талдап, қазіргі
таңда ұлттық тарихқа мемлекет
және қоғамдық пікір тарапынан аса
қызығушылық танытылып отырғанын
жеткізді.
Ғылыми семинарды тарих
факультетінің деканы, т.ғ.д.,
профессор Тілеген Садықов жүргізіп
отырды.
Сондайақ, ғылыми семинарда ҚР
ҰҒА академигі, профессор Көмеков
Болат Ешмұхамбетұлы «Түркі–
қыпшақ тарихимәдени кешені
және Қазақ хандығы»; ҚР ҰҒА
академигі, философия кафедрасының
меңгерушісі Есім Ғарифолла
«Отан тарихының методологиялық
тұжырымдамалары»; т.ғ.д., профес
сор, Еуразия гуманитарлық
институтының оқуісі жөніндегі
проректоры Ахметов Қадыр
Әбіл
жанұлы «Отан тарихы
зерттеулеріндегі тұлғатану
мәсе ле сі»;
т.ғ.к.,
профессор,
ҚРБжҒМ Мемлекет тарихы
институты директорының орын
басары Қашқынбаев Амангелді
Нүркейұлы «Тәуелсіз Қазақстан
тарихын оқытудың жаңашылдық
бағыттары»; т.ғ.д., профессор,
Түркітану және Алтайтану ғылыми
зерттеу институтының директоры
Сартқожаұлы Қаржаубай «Ішкі
Монғолиядағы ежелгі хұнну
байырғы түркілердің тарихи мәдени
мұралары»; т.ғ.д., профессор,
«Этносаралық және Қазақстан
Халқы Ассамблеясы толеранттығы»
орталығының директоры Сыздықов
Сатай Мақсұтұлы «Мәңгілік Ел»
идеясы: көне дәуірден қазіргі
заманға дейінгі сабақтастық»;
т.ғ.д., Археология және этнология
кафедрасының профессоры
Артықбаев Жамбыл Омарұлы
«Қазақ халқының ауызша дәстүрі:
интерпретация және ғылыми
айналымға қосу ұстанымдары»
тақырыбында баяндама жасады.
Баспасөз қызметі
мәселелер мен
инновациялық ізденістер»
Филология факультеті прак
тикалық қазақ тілі кафедрасының
ұйымдастыруымен Қазақстан
хал
қы Ассамблеясы жылына,
Еуразия ұлттық университетінің
20 жылдығына және Қазақстан
Республикасында тілдерді дамыту
мен қолданудың 20112020
Тілге құрмет – халыққа құрмет
жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасын жүзеге асыру
аясында Gglobal алаңында
«Қазақстандағы мемлекеттік және
этнос тілдері: қазіргі жағдайы мен
болашақтағы даму бағдары» атты
республикалық дөңгелек үстел
өткізді.
Ұйымдастырылып отырған дөңгелек
үстелдің мақсаты Қазақстан қоғамының
әлеуметтік-экономикалық, рухани
қалыптасуының жаңа міндеттерін іс жүзінде
асыруға дайын жас ұрпақты тәрбиелеудің
негізгі факторларының бірі – мемлекеттік
тілдің қолданысын сапалық деңгейге көтеру,
көптілді білім беруді жолға қою, этникалық
тілдерді оқытуды жетілдіру болды.
Республикалық дөңгелек үстел
жұмысына Татарстан (Қазан), Астана,
Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жам-
был облысы, Алматы қаласынан
баяндамашылар, тіл оқыту мәселелерімен
айналысатын ғалымдар мен ұстаздар,
бірнеше этномәдени орталықтардың
қызметкерлері, магистранттар қатысты.
Жалпы алғанда, қатысуға 48 өтінім түскен.
Іс-шара: «Мемлекеттік және этнос тілдері
мәселелері», «Көптілді білім беру»,
«Тілдерді оқыту тәжірибелері» және «Тіл
қолданысындағы кейбір ерекшеліктер»
атты төрт тематикалық блокта өткізілді.
Филология факультеті практикалық
қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к.,
асс. профессор Қ.Құлманов бүгінгі іс-
шараның еліміздегі мемлекеттік және этнос
тілдерін дамытудағы жасалып отырған
игі қадамдардың бірі екендігіне және
бұл дөңгелек үстелдің G-global алаңында
бірінші рет өтіп отырғанына тоқталды.
Факультет деканы ф.ғ.д., профессор Ш.
Жарқынбекова тілді қорғау, тілдің қолдану
аясын кеңейту, мемлекеттік тіл мен этнос
тілдерінің мәртебесі мен маңызын кеңінен
насихаттау мәселелері жайлы ой өрбітті.
Бүгінгі күні тілдің өміршеңдігінің түрлі
коммуникативтік салада - бұқаралық ақпарат
құралдары мен Интернетте қолданылуы
мен қолдау табуына да байланысты
екендігіне тоқтала келіп, «Интернетте
қарым-қатынастың жаңа формалары
өмірге келді, басқаша айтқанда, интернет
тұлғаның лингвистикалық бейнесінің
көп қырлы көрінісін айқындайтын
керемет орта болып отыр», – деді ғалым.
Бұдан кейін сөз алып сөйлеген армян
жексенбілік мектебінің директоры
А.Ф.Мнеян, өзбек этномәдени орталығы
төрағасының орынбасары И.Б.
Ходжаева тіл оқыту орталықтарында
ана тілдерімен қатар мемлекеттік тілдің
де оқытылуы қарастырылатынын, оның
бүгінгі жайы мен болашағы жөніндегі
ойларын ортаға салды. «Ұлағат»
мәдениет және даму қорының «Әлеумет
тынысы» ақпараттық-сараптамалық
журналының бас редакторы Қ.Ғ.
Жұмақасова ұлттық болмысымыз бен
ұлттық сана-сезім туралы, мәдениет,
әдебиет, руханият мәселелері жайында
айта келіп, журналдың қазақ тілінің
мәртебесі мен Қазақстанда тұратын өзге
ұлттардың тілдерін дамытуды насихаттау
тәжірибесіне тоқталды. М.В.Ломоносов
атындағы ММУ Қазақстан филиалының
профессоры, п.ғ.д. Н.Ж.Құрман қазақша
сөйлеушіге коммуникативтік база
даярлауға мүмкіндік туғызатын түпнұсқа
мәтіндерді қолданудың тіл үйренушіге
қазақша сөйлеу этикетін танытудағы және
коммуникативтік үдерістегі таза қазақы
ұлттық өрнекті ұғындырудағы рөліне
тоқталды. «Түпнұсқа мәтіндерде берілетін
қазақша ауызекі сөйлеудің табиғи үлгілері,
табиғи эмоциялар мен үздіксіз сөйлеу
барысындағы табиғи паузалар – барлығы
табиғи еркін ортадағы қазақ тілінің көрінісі
болып табылады», – деді ғалым.
G-global алаңында онлайн түрінде «Тіл
дарын» тілдерді оқытудың инновациялық
технологиясы әдістемелік орталығының
директоры, Қазақстан халықтары
Ассамблеясының (Астана) жанындағы
ғылыми-эксперттік кеңестің мүшесі
М.К. Жапарова этникалық топтарды
көптілді оқыту саласындағы халықаралық
тәжірибелер мен осы мәселе бойынша өзі
басқарып отырған орталықтың атқарып
отырған жұмыстарын айтып өтті. Дәл
осылай G-global алаңында онлайн түрінде
Қарағанды қаласынан Б.Ш. Әлиева және
«Қазақстан халқы Ассамблеясы» Қоғамдық
қорының тәуелсіз сарапшысы, «Неміс
жексенбілік мектебінің» өкілі Күләш
Жарасбекқызы сөз алып, мемлекеттік тілдің
мәртебесін арттыру мен еліміздегі өзге
ұлттар тілі мен мәдениетінің ұмытылмай,
керісінше өркен жаюы жайында өз ойларын
ортаға салды.
«НЗМ» «Білім беру бағдарламалары
орталығының» лингвистикалық бағыттағы
пәндер Филиалы бөлімінің бастығы
Ж.С. Әбуов заман талабына сай үш тілді
білім беру бағытында жүргізіліп отырған
жұмыстар мен ондағы қиындықтарға
тоқталды. Болашақта жоспарланып
отырғандай, барлық мектептерде
гуманитарлық пәндердің мемлекеттік тілде
оқытылуы жағдайында қазақ тілінің таным
құралына айналуының қажеттігі, яғни пәнді
тіл арқылы оқыту мәселесінің маңызды
болып отырғанының ақиқат екендігі, бұл
мәселені шешу қиын да болса, уақыт өте
келе жүзеге асу керектігі жайында кеңінен
тоқталды. Жалпы тіл білімі және аударма
теориясы кафедрасының профессоры,
ф.ғ.д. Г.Ә. Мұратова еліміздің халықаралық
аренадағы беделінің артуы мемлекеттік
тілмен қатар, көп тілді меңгеруді міндеттеп
отырғанына баса назар аударды. «Біздің
елімізде 130-дан аса ұлт өкілдері бір мақсат,
бір мүддемен, рухани келісіммен өмір сүріп
жатыр. Мемлекет тұрақтылығының кепілі,
қоғамды біріктіруші ұлы күш – қазақ тілі,
алдымен, қазақ халқының тілі. Олай болса,
жауапкершіліктің салмағы да арта түседі.
«Ұлт дамуының болашағы қай заманда да
ұрпақ тәрбиесіне байланысты» десек, ол да
әркез есте болуы хақ», – деді ғалым.
Жиынға қатысушылар мемлекеттік
тілдің – елдіктің белгісі, қоғамдағы
қарым-қатынасты жүзеге асырушы, көп
этносты Қазақстанды біріктіретін, оның
тұтастығын қамтамасыз ететін ерекше
құрал екендігін айта келіп, мемлекеттік тіл
мен этнос тілдерінің мәртебесін арттыруға
байланысты өз ой-пікірлерін білдірді,
ұсыныс-тілектерін жеткізді. Сонымен
қатар, жаңа ақпараттық технологияның
интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік
және азаматтық жағынан адами тұлға
келбетін қалыптастыруға ықпал жасайтын
тетік ретіндегі қолданысын арттыру
мәселесі де кеңінен талқыланды.
Дөңгелек үстел жұмысының
қорытындысында қатысушылар қарарлар
қабылдады.
Достарыңызбен бөлісу: |