Ардақ ҚАСЫМХАНОВ,
журналистика және саясаттану
факультетінің 2-курс студенті.
Жуырда «Ұлы Дала ұланымын»
деген тақырыпта журналистика және
саясаттану факультетінің 1-курс
студенті Кенжебек Сержанұлының
авторлық кеші өткізілді. Кешті
жүргізуші алғашқы сөз кезегін
университетіміздің проректоры
Дихан Қамзабекұлына берді. Одан әрі
Өмірзақ Озғанбайұлы, журналистика
және саясаттану факультетінің деканы
Қайрат Өмірбайұлы, осы кештің ұй-
ымдастырушысы «Жастар саясаты
орталығының» жетекшісі Орманша
Заңғар сөз сөйлеп, жас ақынға «жолың
ашық болсын» деп баталарын берді.
Кенжебектің кеші болады дегенді
естіп, арнайы Маңғыстаудан ат
терлетіп келген Маңғыстау облысы
«Ақ жол» ҚДП филиалының төрағасы
Жаңбырбай Матаев өз кезегінде:
– Мен Кенжебекті қаршадайынан
білемін. Ол 11 жасында-ақ бізге келіп,
өзінің ой-пікірлерін білдіріп, қоғам-
дық-саяси өмірге араласып жүрді.
Үнемі қолынан қара портфелі түспейтін.
Ауылда жиналыстар өтіп жатқан кезде
ол ылғи елеусіздеу жерде отырып алып,
өзіне керектісін жазып алатын. Содан
соң бізге келіп, сол тақырыптарды
талқылайтын. Кенжебек бір әулеттің
ғана емес, бүкіл елдің, халықтың баласы
бола білді, – деп тебірене сөйледі.
Журналистика және саясаттану факультетінің қабырғасында
2-курс саясаттанушыларының ұйымдастыруымен Cаясат-
танушылар күніне орай мерекелік кеш өтті.
Саясаттанушылар күнін тойлау саясаттану кафедрасында
қалыптасқан дәстүр. Осы күні 1-курс студенттері саясаттанушылар
қатарына ресми түрде қабылданады. Аталған шара бар мамандықты
игеріп жатқан студенттердің бір-бірімен танысып, кеш барысында
өздерін жаңа қырынан көрсету үшін ұйымдастырылып келеді.
Мерекелік кеш 1 курс студенттерінің өздері жайлы түсірген
бейнебаянымен басталды. 1-курс С-11 және П-12 топтарының
студенттері бірігіп гитарамен ән орындады. 2-курс білімгерлері
«Саясаттанушы деген кім?» атты бейнебаян көрсетіп, саясаттанушы
мамандығының ерекшеліктерімен таныстырды, 3-курстың атынан
С-31 тобының студенті Мәжік Ерлан «Тек қана алға» әнін табыс етті.
Саясаттанушы кафедрасының жоғары курс студенттері соңдарынан
ерген ізбасарларына университет қабырғасында өткізген 4 жыл
жайлы бейнеролик ұсынды.
Салтанатты шараны 2 курстықтар 1-курс студенттерін
марапаттаудан бастады. Журналистика мамандығының білімгері
Асанов Әділет саясаттанушыларға құттықтау ретінде ән шашуын
арнады.
Сөз соңында Қайрат Өмірбайұлы 2-курстың 4-курсқа
дайындаған шағын сыйын өз қолымен тарту етті. Бұл сый жағаға
тағылатын депутаттық тудың шағын үлгісі, қазақтың «жұғысты»
болсын деген ұғымымен табысталды.
Наурызбек ЖҰМАМҰРАТОВ
С-11 тобының студенті
Кеште Кенжебек туралы
бейнесюжет көрсетілді. Бейнесюжет-
тен Маңғыстауда дүниеге келген жас
ақынның отбасында он баланың сүт
кенжесі, анасының алтын құрсақты ана
екендігін, үш кітабы барын, 2011 жыл-
дан бері «Ұлан» газетінің жас тілшісі,
«Қазақстан Журналистер Одағының»
мүшесі екендігінен хабардар болдық.
Шығармашылық кеш одан әрі «Сыр-
сұхбатпен» жалғасты.
Кенжебек отбасы, ата-анасы,
үлгі тұтатын адамы, арманы,
жоспарлары туралы айтып өтті. Жас
ақын өзінің «Түн» деген роман
жазып жатқандығынан көпшілікті
хабардар етті. Кеш барысында
университетіміздің жас әншілері де
«Сүйгенім-ай», «Жаса, Қазағым»
әндерін орындап, көрермендерге
көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Кеш соңында сөз алған жас ақын
келген қонақтарға, ұстаздар қауымына,
болашақ әріптестеріне алғысын
білдіріп, жыр шумақтарымен кешті
қорытындылады.
Әзиза СҮЙІНІШҚАЛИЕВА,
журналистика және саясаттану
факультетінің І курс студенті.
Тағылымы мол шара
Сезінбедік бостандықтың зор ісін,
Түсінбейміз тарихтардың тоғысын.
Боздақтардың біздер үшін соғысын,
Бабалардың тоқтаусыз қан төгісін.
Бірақ халық хақ жолында жара бар,
Мынау күннің ұлылығын саралар.
Талай жанның от жүрегін жаралар,
Ескерткішпен күллі жұртқа таралар.
Сол ескерткіш тәуелсіздік орнаған,
Бар қасірет, бар азаптан қорғаған.
Қазағымды қолғанат боп қолдаған,
Бейбітшілік, бақыт нұрын жолдаған.
Тәуелсіздік – нұр сыйлады жаныма,
Тәуелсіздік – гүл сыйлады бағыма.
Тәуелсіздік – жетеледі барыма,
Тәуелсіздік – арай берді таңыма.
Түсініңдер тәуелсіздік қадірін,
Аманаттың ардақтайық әмірін.
Төл туымыз желбіреген көктегі,
Бұл күндерден айырмасын тәңірім!
Жансая ҚАМБАРОВА,
журналистика және саясаттану
факультетінің 2-курс студенті
ӨМІР ЖАЙЛЫ
Мен өмірді сүйемін жалындаған,
Өз еркіме, ойыма бағынбаған.
Балалық армандардан арылмаған,
Соқпағына жолдардың шалынбаған.
Өмірімді сүйемін әділетсіз,
Ақ пен қара сызықтың бәрі ретсіз.
Болашаққа жеткізер қадамыңды,
Шығатын асқары асау, әрі шексіз.
Сүйемін ғой болсада пара, наша,
Табылар деп дұрыс жол араласа.
Үлгі алайық Абайдай алыптардан,
Үлгі болмас ақынға баламаса.
Көргенде бейбақтарды «аһ»
ұрасың,
Басқалар жамыраса жамырасын.
Жаулаған адамзатты өзімшілдік,
Қасиетіне бәрібір бағынасың.
Өмір деген өткінші жабығулар,
Ұнау үшін биікке жағынулар.
Өмір деген жүректі сыздататын,
Таусылмас сағынулар, сағынулар.
ТҮСІНІҢДЕР
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚАДІРІН!
лемі
туденттер
с
ә
үш күн
10
ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
№ 20-21 (201-202),
қараша, 2015 жыл
Жүзден жүйрік шыққандар
Ұлы тарих
ұраншысы
«Әке – отбасы
қорғаны»
Байқау
Спорт
Жақында Әлеуметтік ғылымдар факультетінің акт
залында, Қазақстан Республикасы Мәдениет және
спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-
саяси жұмыс комитетінің Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырыс шеңберінде өнім беруші «Ғазиза» қорының
ұйымдастыруымен "Әке – отбасы қорғаны" атты
байқау болып өтті.
Ғарифолла Есім, Раушан Иманжүсіп, Тышқан Кеңшілік,
Омар Жүніс төрелік еткен бұл сайысқа он үйдің отағасы
қатысты. Қатысушылардың ең үлкені 1940 жылғы
зейнеттегі мұғалім, 8 балалы, 25 немерелі, 4 шөберелі Да-
кей Қабдрашұлы болса, ең жасы 1988 жылғы, 3 баланың
әкесі Хамзин Думан болды.
Дүбірлі додаға университетіміздің ұлағатты
ұстаздары Ізбайыров Асылбек Кәрімұлы, Қабул Оралбай
Құрманбайұлы, Ерманов Асқар Жұманазарұлы қатысып,
үлгілі әке екенін көрсетті. Үш бөлімнен тұратын байқау
«Әкеден – ақыл, анадан – пейіл» атты баяндамалармен
бастау алды. Тақырып әр әкенің отағасы ретінде өзінің
ұстанымдары немесе отбасын бір күрделі жағдайдан қалай
алып шыққаны мәселесімен байланысты болды.
Айта кететін жайт – бұл баяндамалар қараша айының
соңында жарық көретін «Үлгілі әке» жинағына енетін
болады. Ал бала тәрбиесі, отбасылық құндылықтарға
байланысты қиын да қызықты сұрақтар байқаудың
екінші «Ұяда не көрсең – ұшқанда соны ілерсің» атты
кезеңінде өз жауабын тапты. Сайыскерлер келесі бөлімге
дайындалғанша 30-мектеп гимназиясының 11-сынып
оқушысы Қараман Ернат домбырасын күмбірлетіп,
«Көңіл толқынын» шертті. Сайысты ең қызық, ең шешуші
«Жігітке жеті өнер де аз» кезеңі қорытындылады
Байқаудың қорытындысы бойынша 3-орынды
Ізбайыров Асылбек, Қабдраш Дәкей, Бейсенбаев
Ержан иемденсе, 2-орынды Мәзімов Амангелді мен
Қабул Оралбай мырза қоржынына салды. Ал байқаудың
жеңімпазы Можаев Оразбай Жетістікұлы «Үлгілі әке»
кубогын иемденді. Дәл осы орайда айта кететін нәрсе,
Елордалық мектеп оқушылары арасында 13-қазан отбасы
күніне орай «Мен әке болсам», «Бақытты отбасы қандай
болу керек?» атты тақырыпта эсселер байқауы өткен
болатын. Бұл байқаудың жеңімпаздары да марапатталды.
Байқаудың барлық жеңімпаздарына ақшалай сыйлық
табыс етілді. Сөз соңында бас ұйымдастырушы, «Ғазиза»
қорының төрағасы Ғарифолла Есім мырза алғысын айтып,
жастарға үлгілі әке болудың маңызын түсіндіріп, «Балалы
болу – бақыт емес, немерелі болу – бақыт» деген жүректе
қалар әдемі сөзімен байқаудың шымылдығын жапты.
Аяжан ЖҰБАНЫШЕВА,
журналистика және саясаттану
факультетінің 1-курс студенті
Тарихтың тағылымды тарауларын,
өмірдің шынайы сюжеттерін, болашаққа
деген үміт-арманның үзілмес жолдарын
өз шығармаларына арқау етер, ішкі
дүниедегі тебіренісі мен жан толғанысын
ұштастырып әкеліп, қаламымен көркем
ойдың кө-
ріністерін кес-
телеп бе рерін
жазушы қа-
уымының әрбір
ту ын дысы ке -
ле шек
ұрпақ
үшін асыл мұра,
баға жетпес
бойтұмар іс-
петті.
Осындай із
гі қауымның ішіндегі
ең көп романдардың авторы,
көшпенділердің жүріп өткен даңғыл
жолын, сол халықтың азаттық үшін
күресіндегі алмас қылыштай айбатын,
қазақ хандары Керей мен Жәнібектің
айбыны мен хан Кененің қайратын қалам
құдіретіне сыйдыра отырып, тамыры
терең тарихымызды таразылап берген
көркем әдебиетіміздегі шоқтығы биік
жазушы Ілияс Есенберлиннің де биыл жүз
жылдық мерейтойын тойлау құрметіне
қазақ жұрты ие болып отыр.
Мерейтойы Қазақ хандығының 550
жылдығымен қатар келіп жатқан ұлы
жазушыны ұлықтау мақсатында қараша
айының 12-жұлдызында ҚР мәдениет
және спорт министрлігінің қолдауымен
ҚР Ұлттық Музейінде жазушының жүз
жылдығына арналған салтанатты іс-шара
болып өтті.
Шара барысында өткізілген
ғылыми-тәжірибелік конференцияда
Мемлекет тарихы институтының
директоры, профессор Б.Аяған;
“Отырар кітапханасы” ғылыми-зерттеу
орталығының директоры, филология
ғылымдарының докторы Т.Жұртбай;
филология ғылымдарының докторы,
профессор С.Негимов, жазушының
ұлы, техника ғылымдарының кандидаты
Қ.Есенберлин және де т.б. құрметті
азаматтар жазушының шығармашылық
жолы мен өнегелі өмірі жайында
баяндама жасап, есте қалар естеліктермен
бөлісті.
Мәдени шараға барған қонақтарға
музей ішінде көрсетілген экскурсиядан
кейін жалғасын тапқан салтанатты
концертте әсем ән, бұралған бимен қатар
жазушының шығармаларынан алынған
қойылымдар көрермен қауымды ерекше
әсерге бөледі.
Әсіресе, керемет кештің куәсі
болған жастар, яғни студенттер жазушы
жайындағы жан тебірентер жағымды
естеліктерді тыңдап жанға рухани азық
алып қайтты. Тарихымызды трилогиясы
арқылы қайта жаңғыртып, өскелең
ұрпаққа өшпестей мұра қалдырған Ілияс
Есенберлиннің есімі шығармашылығын
дәріптейтін халқы барда мәңгі жасай
берері анық.
Әсем ҚҰЛМАНОВА,
журналистика және саясаттану
факультетінің 1-курс студенті
«Жетім көрсең жебей жүр»
дейді дана қазақ. Осы ұғымды
ұстанған Еуразия ұлттық
университеті жанынан құрылған
«Қолғанат» қайырымдылық
ұйымы Еуразия спорт кешенінде
«SOS балалар үйі» тәрбиеле-
нушілері мен университетіміздің
студенттері арасында «Жүзден
жүйрік, мыңнан тұлпар» атты
эстафеталық ойын өткізді.
Сайыс басталмас бұр
ын
жүргізушілеріміз
эстафета лық
ойынға қатысушы сайыс
керлерді
таныстырып, ортаға шақырды.
«Тұлпар», «Сұңқар», «Ба-
р
ыс» деп аталатын үш топ
командалары алдымен өз-өздерін
таныстырып, топтың ұранын
айтып өтті. Сайыстың алғашқы
бөлімі «Командалық жүгіру» деп
аталды. Бұл бөлімде сайыскерлер
мәре сызығына дейін жүгіріп
өтіп, кері айналып отыруы қажет
болатын. Алғашқы кезеңде-ақ
«Сұңқар» тобының мысы басым
түсіп, мәре сызығын бірінші болып
кесіп өтті. Ал екінші айналым
«Қаппен жүгіруде» «Тұлпар»
тобы елден оза шауып, белсенділік
танытты. «Екі аяқ арасына доп
қойып жүгіру» кезеңінде «Барыс»
тобы өз-өздерін қолға алып, бірінші
болып келді. Келесі айналым «Допты
кедергілер арасынан алып өту» деп
аталатын кезеңде сайысқа қатысушы
барлық командалар өздерінің
осал еместіктерін анық байқатты.
«Секіргішпен секіру» кезеңінде
сайыскерлер мәре сызығын айналып
өтті. Тағы бір кезең «Гусиный шаг»
деп аталды. Бұл кезеңде де «Барыс»
тобы басым түсіп, алғашқылардың
қатарынан көрінді. Ал соңғы бөлім
«Арқан тартыста» үш команда да бар
күш-жігерлерін салып бақты. Алайда
«Тұлпар» командасының күші екі
командадан да басым түсіп, осы
кезеңнің жеңімпазы атанды.
Альберт Мүбәракұлы, Бекен
Қайратұлы, Ұларбек Нұрғалымұлы,
Жамбыл Амангелдіұлы сынды
спорт саңлақтары мен мықты
журналистер төрелік еткен бұл
сайыстың қорытындысы бойынша,
командалық есепте «Сұңқар»
тобы ІІІ орынды, «Барыс» тобы
ІІ орынды, «Жүзден жүйрік,
мыңнан тұлпар болып оза шапқан»
«Тұлпар» тобы І орынды
қанжығасына байлады.
Кеш соңында сөз алған namys.
kz сайтының бас редакторы Бекен
Қайратұлы сайысқа қатысушы
командаларды жеңісімен
құттықтады.
Әзиза СҮЙІНІШҚАЛИЕВА,
журналистика және саясаттану
факультетінің І курс студенті.
лемі
туденттер
с
ә
11
ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
№ 20-21 (201-202),
қараша, 2015 жыл
Ақпараттық технологиялар факультетінде
Международной молодежный форум
Шетел студенттеріне
дәріс оқып қайтты
Бәрекелді!
Ақпараттық технологиялар
факультеті, информатика кафе
драсы заман талабына сай бі
лім беру жолында алыс және
жа
қын шетел мемлекеттерімен
«Академиялық ұтқырлық»
аясын да
халықаралық
қатынастарды жү зеге асыруды
жандандыра тү
суде. Оның
нақты дәлелінің бірі ка
федра
меңгерушісі Айтуған Қа
й
ыржанұлы мен кафедра доце н ті
Дәметкен Сағидуллақызының
ша қы руымен Праганың Жа ра
ты лы стану ғылымдары бағы
тын
дағы Чех университетінің
Ph.D., профессоры Milos Ul
man мырзаның информатика ка
федрасына келуі.
Профессор Milos Ulman
ең алдымен ақпараттық
технологиялар факультетінің
деканы Ж.К. Нұрбековамен
кездесті. Он да факультет деканы
екі ел университеттерінің
арасындағы халықаралық
ынтымақтастық негі зінде: ғылыми
қызметкерлер мен ғалымдардың
бірігіп ғылыми тұрғыда зерттеулер
жүргізу, білім берушілер мен білім
алушылар арасында тәжірибе
алмасу, академиялық ұтқырлық,
бірлесіп ғылыми семинарлар мен
конференциялар ұйымдастыру
және құнды ақпараттар алмасу
мақсатында «Меморандум»
Байланыс нығая түсуде
жасалғандығын тілге тиек етті.
Сонымен қатар, ақадемиялық
ұтқырлық шеңберінде гранттар
ұсыну мүмкіндіктері туралы
мәселелерді назардан тыс
қалдырмады.
Milos Ulman «SMART
PUBLIC ADMINISTRATION
AND
E-GOV ER NMENT»
тақырыбында ғылыми-семинар
өткізді. Ол алғашқы сөзін Чехия
мемлекетінің халқы мен мәдениетін
суреттеуден бастады, содан соң
аталған мемлекеттің аса беделді
университеттерінің бірі Прагадағы
жаратылыстану ғылымдары
бағытындағы Чех университетінің
өмірі мен бүгінгі күнгі тіршілігі
жайында әңгімеледі.
Аталмыш шара аясында,
халық
аралық деңгейдегі жоғары
рейтингті «Thomson Reuters»
және «Scopus» журналдарына
екі жақты ғалымдар авторлық
бірлестікте мақала жариялауға
ұсыныстар жасалды.
Семинар барысында, Milos
Ulman жетекшілігінде презентация
түрінде ұсынылған тақырып
ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан
талқыланды. Семинарға қатысқан
кафедраның профессорлық
-оқытушылар құрамы,
докторанттар мен магистранттар
көкейде жүрген сұрақтарын қойып,
өз ойларымен бөлісті.
Семинарға қатысушыларға
ғылы ми
біліктіліктерін
арттырғандығы жөнінде
сертификаттар табысталды.
Семинардан кейін Milos
Ulman мырзаны универси-
теттің тарихымен таныс
тырып,
университет аумағындағы музейді
аралатып шықты. Оны Шығыс
Түркі қағанаты әскерінің бас
қолбасшысы, «Көк түріктің көк
семсері» атанған атақты батыры
Күлтегін бабамыздың тарихы
қатты қызықтырды.
Келешекте біздің кафедра
ұжымы Праганың Жаратылыстану
ғылымдары бағытындағы Чех
университетінің информатика
кафедрасымен бірлесіп жұмыс
жасауды жоспарға енгізу жөнінде
шешім қабылдады.
Кафедра ұжымы аталған іс-
шара ны ұйымдастырушылар А.Қ.
Әлжанов, Д.Сағидуллақызы, Т.
Толғанбайұлы, З. Ал ма бекқызы, А.
Амирина және ау дар машы 4-курс
білімгері
Шунаева
Әй герімге
алғысын білдіреді.
Д.С. БАЙҒОЖАНОВА,
доцент,
З.А. ҚҰТПАНОВА,
ж.ғ.м., оқытушы
Түркітану және Алтайтану
ғылымизерттеу Орталығының
директоры, фило
логия ғылым
дарының докторы, профес
сор, түркітанушы
Қаржаубай
Сартқожаұлы ҚХРның Ішкі Моң
ғол Университетінің шақыруымен
барып, 20 күн 40 сағат дәріс оқып
қайтты.
Ішкі Моңғол Университетінің
брендісі – Моңғолтану және
биотехнология саласы. Университетте
40 000 студент білім алады. Осы
университет кейінгі жылдары түркітану
ғылымын дамытуға атсалыса бастаған.
Сол мақсатын орындау үшін әлемнің
жетекші ғалымдарын шақыртып дәріс
өткізу жұмысын бастаған. Алғашқы
таңдау түрколог ғалым ретінде әлемге
танымал біздің Қ.Сартқожаұлына
түскен.
Қ.Сартқожаұлы байырғы түрік
жазуы әліпбиінің шығу тегі, жазба
ескерткіштері, тарихи-мәдени
мұралары және Ұлы Түрік қағанатының
тарихы сияқты тақырыптарда дәріс
оқыды.
Ішкі Моңғолдың астанасы Көкхотта
болған кезінде тарихи мұралары мен
халықтың этникалық тарихына көп
көңіл бөліп, ежелгі Сюнну (Хунну),
Байырғы Көк Түрік қағанаттарының
тарихи орындарында болып, тарихи
мұралармен қоржынын байытып қайт-
ты. Онымен қатар халықтың қалың
ортасында болып, көне атаумен атала-
тын Үйсін, Қаңлы, Найман, Қоңырат,
Меркіт, Жалайыр, Керей ішіндегі Абақ
Керей, Уақ (оңғыт) тайпаларының
қарияларымен кездесіп, ғылыми
деректерін жинай келді. «Отырған
орныңнан бір уыс топырақ уыстап
тұр» деген нақыл тек қана осындай
ғалымдарға қарата айтылса керек-ті.
Университетіміздің беделін
көтеріп, халықаралық аренада оқу
ордасының атын әйгілеп жүретін
ғалымдарымыздың ортасы молая
берсін. Қ.Сартқожаұлына «ғылым
жолында еңбегіңіз жана берсін!» деген
тілек айтамыз.
Н.ШАЙМҰРАТ, түрколог
Впервые на одной площадке со-
брались молодые предприниматели
и ученые из стран БРИКС и ЕАЭС.
В форуме приняли участие ученые
и предприниматели в возрасте от 25 до
35 лет из России, Казахстана, Кыргыз-
стана, Армении, Беларуси, Индии, Ки-
тая, Бразилии и ЮАР. Организаторами
мероприятия выступили Россотруд-
ничество, Российский союз молодежи
«Евразийцы» стали лучшими
В Международном молодежном форуме науки и инноваций стран БРИКС
и ЕАЭС, проходившем в Москве, приняла участие PhD, старший препода-
ватель кафедры вычислительной техники факультета информационных
технологий ЕНУ Жулдыз Ташенова, где заняла III место в номинации «Луч-
шая инновационная идея».
и Общественная палата Российской
Федерации. Главная задача форума -
объединить усилия государственных
структур, бизнес-сообществ, а также
научного мира с целью активизации
вовлечения молодежи в научно-инно-
вационную деятельность, координации
совместных проектов. Форум показал,
что у всех стран-участниц этих объеди-
нений есть огромный потенциал, а так-
же серьезные амбиции в этой области.
Основными темами мероприятия
стали инновационные технологии в об-
ласти медицины, сельского хозяйства,
энергетики и IT-отрасли.
Казахстанскую делегацию, возглав-
ляемую председателем Астанинско-
го городского филиала молодежного
крыла «Жас Отан» при партии «Нур
Отан» Салтанат Али, в секции «Ин-
формационные технологии» предста-
вила PhD Жулдыз Ташенова.
Жулдыз выступила с презентацией
научного проекта на тему «Разработка
программного обеспечения исследо-
вания термомеханического состояния
несущих элементов нефтенагреватель-
ных установок». По итогам защиты
научных и инновационных проектов и
заседания комиссии экспертов проект
Жулдыз Ташеновой признан лучшей
разработкой в номинации «Лучшая
инновационная идея» и удостоен ди-
плома ІІІ степени Международного
молодежного форума стран БРИКС и
ЕАЭС.
Признание научных проектов моло-
дых ученых, достойно представивших
нашу страну и университет, говорит
о высоком уровне организации науч-
но-исследовательской работы в нашем
вузе, что неоднократно признавалось
на высоких международных трибунах.
|