Кітап:
Дәріс:
Тарих ғылымының тарихы
ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы ТАРИХИ ОЙ ЖӘНЕ КӘСІБИ
ТАРИХНАМА
6
жергілікті тарихи қоғамдар мен комиссиялар пайда болады. 1886 жылдан бастап Англияда «Ағылшын
тарихи шолуы» («English Historical Rewiew») жарыққа шығады.
Көптеген жеке монографиялар, дереккөз басылымдары (хроника, актілер және басқа да материалдар)
, ғылыми мерзімді басылымдардағы мақалалармен қатар түрлі анықтамалық және көп томдық ұжымдық
еңбектер - әлем тарихы жайлы сериялы басылымдар да шығады. Мысалы,
ЭРНЕСТ ЛАВИСТ (1842-
1922) және АЛЬФРЕД РАМБО (1842-1905) редакциялаған он екі томдық «IV ғасырдан бастап
біздің заманымызға дейінгі дүниежүзі тарихын » (1887-1903) құруға жетпіс француз тарихшысы
қатысқан.
Сорбонна университетінің профессоры, Жоғарғы нормальдік мектептің директоры, академик
Лависс Франциядағы кәсіби және мектептік тарихты дамытуда көрнекті рөл атқарды. Позитивизмнің
негізгі қағидаларын ұстану оның барлық оқулықтарында және жалпылама жұмыстарында, соның ішінде
«Бастауларынан революцияға дейінгі Франция тарихында» (1900-11 жж.) да айқын ұлтшылдық позицияны
ұстануға және барлық жағынан ұлттық тарихи сананы қалыптастыруға атсалысуына кедергі болмады.
Достарыңызбен бөлісу: