2007  ббк 74. 00 Б 12 Пiкiр жазғандар



Pdf көрінісі
бет13/33
Дата06.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#7706
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33

Мазмұн элементтерi

Бастауыш  бiлiм  мазмұны  бөлектенген  элементтерден 

құралады. Ең маңызды элемент – бiлiм (знание). Бiлiм – бұл 

оқушы  санасында  қалыптасқан  ұғымдар,  деректер,  пiкiрлер, 

түсiнiктер.  Бiлiмдер  қарапайым-тұрмыстық  және  ғылыми-

теориялық  сипатымен  бөлiнедi.  Тұрмыстық  бiлiмдердi  бала 

өмiр  барысында,  жеке  бақылаулары  мен  ой  толғаныстары 

нәтижесiнде  жинақтайды.  Ал  теориялық  бiлiмдер  мақсат-

бағдарлы оқу және өзiндiк iзденiс негiзiнде қалыптасады. Бала 

бiлiмi  оның  тiлiмен  байланысты.  Ол  сөзбен  өрнектейтiн,  өз 

сөзімен түсiндiрiп бере алатындарын ғана бiледi. 

Бiлiммен бiрге жүретін құбылыс ептiлiктер. Ептiлiк – бұл 

әрекеттегi бiлiм. Ол белгiлi амалдардың, iс-әрекеттердi орын-

дау тәсiлдерiнің игерiлуiнен пайда болады. Ептiлiктер саналық 

және  тәжірибелік  болып  бөлiнедi.  Оқу  үдерiсiнде  оқушы  көп 

санды ептiлiктерге – жалпы оқулық, арнайы (есептеу, сөйлеу), 

ойын,  еңбек,  спорттық,  эстетикалық,  моральдық  және  т.б.  - 

үйренедi.  Жалпы  ептiлiктер  нақты  ептiлiктерден  құралады. 

Жалпы оқу ептiлiктерi қатарына, мысалы, оқу әрекеттерiн жос-

парлау, кiтаппен жұмыс iстеу, басты деректердi ажырату, тал-

дау, салыстыру, өтiлгендi есте қалдыру, өзiндiк бақылау алып 

бару және т.б. кiредi. 

Көп қайталаулардың нәтижесiнде ептiлiк дағдыға айнала-

ды. Дағды – бұл автоматтық деңгейге жеткiзiлген ептiлiк. Кейбiр 

ептiлiктер тұрақты дағдыға айналады: мысалы, бiрiншi сынып-

та дұрыс әрi жүгіріп оқу дағдысы қалыптасуы керек, ал кейбiр 

ептiлiктер ешқашанда дағдылыққа өтпейдi (мысалы, қалыптан 

тыс  мәселелердi  шешу).  Дағды  қалыптасу  үшiн  әрекеттер 

қайталануы жылдам әрi дәл болуы керек. Оқушы әрекеттердi 

көп санды қайталап, өз күшiн босқа сарп етпеуi үшiн, мұғалiм 

дағды қалыптастыруға ынталы болады. Мысалы, мәнерлi оқуға 

аса күш салудың тiптi қажетi жоқ, егер ол оқушының болашақ 

өмiр  жоспарларымен  байланысты  болмаса.  Әр  ұстаздың  ар-


142

маны – балаларды әдемi жазуға үйрету, бiрақ мұндай дағдыны 

қалыптастыру  өте  көп  уақытты  және  шыдамдылықты  керек 

етедi.  Егер  бала  оқығанын  жақсы  түсiне  алса,  мәнерлеп  оқу 

дағдысы  қажеттiк  туындаған  шақта  оңай  қалыптасады.  Бiрақ 

бұл дағды, осы сияқты әдемi жазу дағдысы да көп адамдарға 

өмiр барысында қажетi де болмай қалады. 

Оқу  мазмұнының  келесi  бiр  маңызды  бiрлiктер  тобы  – 



шығармашылық  iс-әрекет  тәжiрибесi.  Бұл  –  ойлаудың 

және  оқу  iс-әрекеттерiнің  жалпы  тәсiлдер  жүйесi,  қоршаған 

болмысқа  бағытталған  эмоционалдық,  ерiктiк,  адамгершiлiк, 

эстетикалық  қатынастар  тәжiрибесi.  Осыларды  игере  оты-

рып,  оқушы  –  1)  өткенде  игерiлген  бiлiмдер  мен  ептiлiктердi 

жаңа салаларға, жаңа жағдайларға тасымалдайды, ауыстыра 

қолданады; 2) бұрын белгiлi тәсiлдердi бiр қорытындыға кел-

тiредi; 3) проблемді тапсырмаларды түсiнумен олардың шешi-

лу жолдарын табуға үйренедi. 

Ескеретiн жәйт, мазмұнның бұл шығармашылықпен байла-

нысты элементi бастауыш мектепте толық қолданыла бермей-

дi. Бұл сынды оқу мәселелерi оқудың үшiншi-төртiншi жылдары 

енуi мүмкін, ал игерiлген бiлiмдердi жаңа жағдайларда қолдана 

бiлуге  балаларды  оқудағы  алғашқы  қадамнан  үйрете  бастау 

керек. Толық көлемде iске асуы қиын және бiр элемент – бұл 

баланың дүниеге, iс-әрекетке, ғылыми бiлiмдерге, моральдық 

талаптар  мен  мұраттарға  болған  көңіл-күй  (эмоционалды)  - 

құндылықты  қатынасы.  Мұғалiмдердің  сабақ  уақытында 

балалардың үйренiп, игерген материалдарын талқылап, оларға 

болған  көзқарастарын  сұрастыруға  ешбiр  уақыты  қалмайды. 

Дегенмен, бұл маңызды iстi қалай да уақытын тауып, орындап 

барған пайдалы.

Педагогтар бұл күндерi оқу мазмұны мен мектеп пәндерiнің 

мақсатты бағдарланған тәрбиелiк ықпалын көп әңгіме ету-

де.  Мектеп  сабақтарының  бәрiнің  де  салауатты  өмiр  салтын, 

мiнез-құлық  мәдениетiн,  тұлғаның  азаматтық  және  басқа  да 

сапаларын тәрбиелеуде маңызы өте үлкен.

Сонымен,  бастауыш  бiлiм  мазмұны  көп  элементтi.  Ол 

жеке  пәндер  бойынша  бiлiм,  ептiлiк,  дағдылар  жүйесiн,  сон-

дай-ақ  пәнаралық  оқу  дағдыларын,  әрекет-қылық  тәсiлдерi 

мен  оқылатын  пәндерге,  адамдарға,  табиғатқа,  әлемге  деген 



143

қатынастарын  қамтиды.  Бiлiм,  ептiлiк  дағдылар  ажыралмас 

бiрлiкте қалыптасады. Егер олар қажеттi деңгейде қаланбаған 

болса, баланың оқуды әрi қарай жалғастыруында кедергi мен 

қиыншылықтар  көп  болады.  Сондықтан  да  бастауыш  мек-

теп  педагогы  балаларға  алға  қойылған  мақсаттарды  толық 

көлемде iске асырудың жолдарын үйретуге күш-қуатын барын-

ша қосады. 



Оқу жоспарлары мен бағдарламалары

Оқу үдерiсiнің мазмұны әр пәнге орай бекiтiлген оқу жоспар-

лары, оқу бағдарламалары бойынша анықталады, ол мазмұн 

оқулық  кiтаптарда,  электронды  ақпараттық  қорларда  (бейне 

дискiлерде, бейне таспаларда, компьютерлiк бағдарламаларда) 

берiледi. 



Оқу  жоспары  –  бұл  құжат  арқылы  оқу  үдерiсiнің  сипатта-

ры  айқындалады:  1)  оқу  жылының  толық  мерзiмi,  тоқсандар 

мен  демалыс  күндерiнің  ұзақтығы;  2)  бастауыш  мектепте 

оқылатын  пәндердің  толық  тiзiмi;  3)  пәндердің  оқу  жылда-

рына  орай  бөлiнуi;  4)  бүкiл  оқу  барысында  әр  пән  бойын-

ша  және  әр  сыныптағы  пәндерге  бөлiнген  сағаттар  саны;  5) 

әр  пәнге  бөлiнген  апталық  сағаттар  саны.  Оқу  жоспарында 

қоғам тарапынан қабылданған тәрбиелiк мұраттар, көзделген 

мақсаттар,  мазмұн  қалыптастыру    пiкiр  сайыстарында  жеңiп 

шыққан  тұжырымдамалар  өз  өрнегiн  табады.  Бұлардың  бәрi 

мемлекеттiк  стандарт  талаптары  негiзiнде  түзiледi.  Жоспар 

мен  бағдарламалар  түзу  бүкiл  әлемде  –  таласты  мәселе. 

Сондықтан  оқу  жоспарлары  мен  бағдарламалары  өзiнің  көп 

түрлілiгiмен ерекшеленедi. Қазіргі кезеңдегi оқу жоспарларында 

екi бiрлiктер тобы байқалады – мемлекеттiк және ұлттық 

-  аймақтық  (мектептiк).  Алғашқы  құжат  әрбiр  оқушыға 

әлеуметтiк қажеттi әрi  мiндеттi болған бiлiм, ептiлiк, дағдылар 

ауқымы  мен  деңгейiн,  iс-әрекет  тәсiлдерiн  қамтиды.  Мұнда 

тiл  және  әдебиет,  информатика  негiздерiмен  бiрге  математи-

ка,  қоғамдық,  жаратылыстану,  эстетикалық  және  салауаттық 

сақтау  мен  еңбек  пәндерi  берiледi.  Мектептiк  бiлiмденудің 

мемлекеттiк  мiндеттi  пәндерi  барлық  оқу  орындары  типтерi 

және  барша  оқушылар  тарапынан  игерiлуi  және    олардың 



144

көлемi  жалпы  бiлiм  ауқымының  40%  тең  болуы  қажеттi.  Осы 

жоспарға  орай  мектепте  мемлекеттiк  тiл,  математика,  ән-күй 

және  көркем  сурет  өнерi,  денешынықтыру,  табиғаттану,  сон-

дай-ақ  еңбектiк  оқу  енгiзiлген.  Пәндер  арасындағы  көлем 

және  сандық  қатынас  елдердің  көбiнде  келесiдей:  гуманитар 

пәндердің  тобы  –  40-46%,  жаратылыстану-математика  –  30-

35%,  жаратылыстану  –  7-11%,  салауаттық  сақтау  –  еңбектiк 

– 16-20%. Ұлттық мектептердің жоспары ана тiлi мен әдебиетi, 

бабалар  тарихы  және  басқа  да  нақты  халық  ерекшелiктерiне 

арналған пәндермен толыға түседi. 

Ал  мектептiк  бiрлiкке  кiретiн  бiлiмдер  тобы  оқушылар, 

олардың ата-аналары, аймақтық (жергiлiктi) оқу департамент-

терi тарапынан анықталады. Оның мақсаты – нақты аймақтың 

қажеттерiн  қамтамасыз  ету,  оқушылар  қызығулары  мен  тап-

сырыстарын орындау,  қажет  болған жағдайда  оқуды  жікте-

мелеуде  көмек  беру.  Мектеп  тарапынан  енгiзiлген  пәндерге 

жалпы уақыт қорының 20-дан 60% дейiн бөлiнедi. Бұл пәндер 

бiрлiгi  нақты  аймақтағы  балалардың  дамуы  үшiн  маңызды 

және қажеттi болған пәндердi: ұлттық тiл, тарих, аймақ геогра-

фиясы, шет тiлдер, этика, валеология, салауаттық сақтау және 

с.с. қамтиды. Мектеп қабылдаған пәндердің оқылуы жергiлiктi 

мүмкіндiктерге байланысты жүргізіледi. 

Оқу  жоспарының  бiрнеше  баламасы  (варианты)  болуы 

мүмкін. Олар мектеп типi, балалардың жас мүмкіндiктерi, оқу 

уақытының  көлемi,  бiрiздiлiк  және  түсiнiктiлiк  принциптерiн 

сақтауға  орай  түзiлген  тұғырла  жоспар  негiзiнде  жасалады. 

Мектептердің өздерiне қолайлы оқу жоспарларын таңдап алуы 

– демократия мен гуманизация бағытындағы iзгiлiктi қадамдар. 

Бұл  құжатты  мектеп  өзiнің  педагогикалық  және  ата-аналар 

кеңестерiнің бiрлiктi отырыстарында бекiтедi. 

Оқушылардың  жеке-дара  оқуы  өз  алдына  бөлек  түзiлген 

оқу  жоспарларымен  ұйымдастырылады.  Кейбiр  мектептер, 

өкiнiшке  орай,  күндiзгi  және  апталық  жүктемелердi  ұлғайтуға 

ынталы. Олардың көздеген қосымша оқу қызметтерi, мысалы, 

шет тiлдерiн үйрену – балалардың денсаулығына үлкен зиян 

тигiзуде. Бұған жол беруге болмайды. 

Оқу  жоспарлары  негiзiнде  пән  оқу  бағдарламалары 

түзiледi. Оқу бағдарламасының мазмұндық құрамы келесiдей: 


145

1)  белгiлi  пәндi  оқытудың  мақсаттары,  оқушылар  бiлiмi  мен 

ептiлiктер  деңгейiне    қойылатын  негiзгi  талаптар,  оқу  фор-

малары  мен  әдістерi  жөнiндегi  түсiнiктеме  хат;  2)  оқылатын 

материалдың  тақырыптық  мазмұны;  3)  кейбiр  тақырыптарды 

игеруге  жұмсалатын  оқу  уақытының  салыстырмалы  көлемi; 

4)  мазмұнның  негiзгi  элементтер  тiзiмi;  5)  пәнаралық  байла-

ныстарды iске асыру бойынша көрсетпелер; 6) оқу жабдықтары 

мен көрнекi құралдар тiзiмi; 7) қосымша оқуға қажет әдебиеттер 

тiзiмi. Оқу, бiлiмдену жүйесiнің бұдан былайғы жiктелуiн (диф-

ференциациясын) тереңдету мақсатында оқу жоспарларының 

көптеген  баламалары  ұсынылуда.  Оқу  орындарының  қай-

қайсысында да бұл күнде тек бiр пәннің өзi бiр уақытта бiрнеше 

бағдарламалар  бойынша  оқылуы  мүмкін.  Бұл  оқушылардың 

қызығулары  мен  мүмкіндiктерiне  байланысты.  Жiктел-

ген  бағдарламалар  және  тереңдетiле  немесе  жеңiлдетiле 

оқылатын пәндердің енгiзiлуi жөнiнде мектеп кеңестерi шешiм 

қабылдайды әрi бекiтедi. 



Оқулықтар мен оқу құралдары

Оқу  мазмұны  толығымен  оқу  әдебиеттерiнде  берiледi. 

Бұлар:  мектеп  оқулықтары,  оқу  құралдары,  анықтамалар, 

қосымша оқу кiтаптары, карталар, жаттығулар жинақтары, бас-

па негiзде жасалған дәптерлер және т.б. Оқудың нәтижелiлiгi 

– оқу әдебиеттерiнің сапасына байланысты. 



Оқулық  –  пән  бойынша  бiлiмдердің  негiзгi  көзi.  Бұл  күнгi 

оқулықтарға өте үлкен талаптар қойылуда. Олар оқушылардың 

оқу  үдерісiне  саналы  және  белсендi  қатынасын  қамтамасыз 

етiп,  оқу  материалының  толық  игерiлуiне  ықпал  етуi  қажет. 

Осы  қызметтердi  орындауға  байланысты  оқулық  келесi 

дидактикалық мiндеттердің шешiмiмен айналысады: 

–  ұсынылған  пәндi  игеруге  ынталандыру,  оқу  жұмысына 

қызығу және ұнамды қатынас сеп-түрткілерін ояту;  

–  оқушылардың  бiлiмiн  мүмкін  болған  ақпараттық 

тәсiлдермен байыту және жетiлдiру;

– оқу барысы және оның нәтижесiн тексеру, өзiндiк бағалау 

және реттеу жұмыстарын ұйымдастыру, қажеттi ептiлiктер мен 



146

дағдыларды қалыптастыру үшiн берiлген жаттығуларды орын-

дау;

Iзгiлiктi (гуманистiк) тұлға қалыптастыруға бағытталған оқу 



жобасының негiзгi принциптерi төмендегiдей:

–  бiрлiктi  қызмет  ұйымдастырудың  формасы  –  диалог. 

Оқулық осыдан мұғалiм мен оқушы арасындағы сұхбат-әңгіменi 

жүргізу  үшiн  керектi  тапсырмалар,  жұптасып,  топтасып,  бүкiл 

сынып болып (фронталь) және жеке-дара тапсырыстар орын-

дайтын жұмыстарды қамтиды. 

–  тапсырыстар  таңдау  еркiндiгi.  Осыдан  еркiн  таңдастыру, 

мiндеттi  және  қосымша  материалдар  болу  жағдайларын 

қарастыру шарт.

– оқушылардың мүмкіндiктерi мен дайындық деңгейiне сай 

келуi;

– мүмкін болғанша ұтымды (оптималь) көлем;



– құрылым анықтығы, түр-түс және шрифттiк ажыралулар, 

сондай-ақ сапалы полиграфия;

– жiктеулi оқу мүмкіндiктерi;

ұнамды шарттар көздерi;

– қабылданған тұжырымдамаларға сәйкестiк;

–  оқу  әрекетiн  ұйымдастыру  үлгiсiн  беру  мақсатында 

мұғалiмге  нақты  педагогикалық  технологияға  сай  түзiлiм 

ұсыну.


Сонымен  бiрге,  жақсы  оқулық  оқу  мазмұнына  қойылатын 

барша  талаптарға  сай,  оқушылар  үшiн  қызықты,  қысқа  да 

нұсқа,  түсiнiктi,  әдемi  өрнектелген,  эстетикалық  тартымды 

болуы керек. Ол сондай-ақ тұрақты әрi қолданымда қолайлы 

болғаны  жөн.  Тұрақтылық  талабына  орай  оқулық  мызғымас 

негiзде құрастырылуы қажет. Ал қолданымдағы қолайлылығы 

(мобильность) – қажет болған уақытта оған негiзгi құрылымды 

бұзбастан  жаңа  бiлiмдердi  енгiзу  мүмкіндiгiнің  болуы.  Осыны 

көздей отырып, оқулықты топтық (блоктық) құрылым жүйесiнде 

жасаған жөн, себебi қажет кезде қосымша ендiруге, керек болса 

– кеңейтуге болады. Оқу кiтаптарына қойылатын талаптар көп 

қырлы әрi қайшылықты, осыдан бүкiл дүниеде өркениет өрiсiмен 

бiрге  жүрердей  жақсы  оқулықтар  кемде-кем.  Экономикалық 

дамудағы  елдерде  баламалы  (параллель)  оқулықтар  көптеп 



147

жарық  көруде,  осының  арқасында  мұғалiмдер  мен  оқушылар 

оларды таңдау мүмкіндiгiне ие. 

Оқулық  оқу  құралынан    бағдарламаға  толық  сәйкес 

мазмұнды қамтуымен ажыралады, ал оқу құралы бағдарламадан 

бiршама ауытқуы да мүмкін. Оқу құралдарына қойылатын та-

лаптар оқулықтарға белгiленген талаптармен бiрдей. Қай оқу 

кiтабын  негiзге  алу  –  мұғалiмнің  қалауы,  шешiмi.  Дәстүрлi 

оқу  материалдарымен  қатар  қағазсыз  оқу  ақпараттары  жиi 

қолданымға түсуде, бұлар – бейне дискiлер, бейне таспалары 

және т.б. Бұл соны да тосын оқу құралдарының дидактикалық 

бағамы қазiрше қарама-қарсылықты – бiр жағынан, бiлiмдену 

жолындағы  революцияны  дәрiптеген  ұрандар  болса,  екiншi 

жағында – өте төмен нәтиже мен пайдасыздығын дәлелдеушi 

түңілiс ақпараттары. Әлбетте, бейнелi, эмоционалды матери-

алдарды  жеткiзуде  бейнелi  оқулықтардың  пайдасы  орасан, 

бiрақ  олар  жәрдемiмен  өнiмдi  ойлау  дамуын,  ептiлiктер  мен 

дағдыларға  жаттықтыру,  басқа  да  зерделік  мәселелердi  ше-

шудi  қамтамасыз  ету  өте  қиын.  Сондықтан  оларды  дәстүрлi 

оқу  материалдары  және  жабдықтарымен  бiрге  пайдаланған 

орынды. 

Дерексiзденген 

ой, 

логиканы 



компьютерлi 

оқу 


бағдарламаларымен  жақсы  дамытуға  болады.  Компьютер 

арқылы  қабылданған  бiлiм  әрдайым  толық  болмай,  қысқа 

әрi  формальдасқан  күйде  жинақталады.  Сондықтан  ком-

пьютерлi  оқу  құралдары  қисынды  ой,  ес  құрылымды  бiлiм-

дердi игеруде өте пайдалы. Электронды машиналар үйретпе 

жаттығуларды  орындауда,  бiлiмдердi  бақылау  және  реттеуде 

үлкен мүмкіндiктер бередi.

Сонымен,  жақсы  оқулық  -  нәтижелi  бiлiм,  ептiлiк  және 

дағдылар кепiлi. Мұғалiм оларды таңдауда мемлекеттiк стан-

дартты, аймақтық талаптарды және оқушылар мүмкіндiктерiн 

ескередi. 


148

Өзіңiздi тексеріңiз

1.  Оқу үдерiсiнің мән-мазмұны неден құралады?

2.  Дидактика деген не?

3.  Дидактиканың негiзгi категорияларын атап, оларға сипат-

тама беріңiз.

4.  Дидактикалық жүйе деген не?

5.  Дәстүрлi И.Гербарт дидактикасының мәнi қандай?

6.  Дж.Дьюи дидактикасының ерекшелiгi неде?

7.  Қазіргі заман дидактика жүйесiнің негiзгi белгiлерi 

қандай?


8.  Оқу үдерісi қандай кезеңдерден тұрады?

9.  Әр кезеңдегi мұғалiм және оқушы қызметтерiнің мазмұны 

қандай?

10.  Оқу үдерiсiнің мазмұны деген не?



11.  Оқу мазмұнының қандай элементтерiн бiлесiз?

12.  Оқу мазмұны қалай қалыптастырылады?

13.  Мемлекеттiк стандарт деген не?

14.  Оқу мазмұнына қойылатын талаптар қандай?

15.  Оқу мазмұнын түзудің қандай сұлбасын бiлесiз?

16.  Оқу жоспары деген не?

17.  Оқу жоспарларына қойылатын талаптар қандай?

18.  Оқу жоспарының қай бөлiгiне өзгерiстер енгiзуге болады?

19.  Оқу бағдарламасы деген не?

20.  Оқулықтарға қандай талаптар қойылады?

     


149

6-ТАРАУ

                               

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ СЕП-ТҮРТКIЛЕРI

Жоспар:

          

Оқу әрекеттерiн қозғаушы күштер

Кiшi жастағы оқушылардың мүдделерi

Сеп-түрткілер қалыптасуы

Оқуға ынталандыру

Ынталандыру ережелерi

Тiрек конспект-сөздік

Сеп-түрткі (мотив) – оқушыны қандай да қалыпқа, әрекетке, 

оқып-үйренуге елiктiрушi күш, ықпал.



Елiктiрушi  сеп-түрткілерi  (мотивация)  –  оқушының  бел-

сендi  танымдық  iс-әрекетке  араласуына  ықпал  жасаушы 

үдерiстер, әдістер, шаралардың жалпы атамасы.

Сеп-түрткілер тобы (группы мотивов):

–  кең  әлеуметтiк  сеп-түрткілер  –  борыш,  жауапкерлiк, 

оқудың  әлеуметтiк  маңызын  түсiну,  тұлғаның  оқып-үйрену 

арқылы қоғамда өз орнын иелеп, бекуi, өз әлеуметтiк беделiн 

көтеруi.

–  Тар әлеуметтiк (бiр бағытты) сеп-түрткілер болашақта 

лауазымға жету, төңіректегiлердің көзіне түсу, еңбек табысына 

қол жеткiзу, мадаққа ұмтылу.

–  Әлеуметтiк  қатынас,  қызметтестiкке  (сотрудничес-

тво)  араласу  (арақатынастар  түзуге  ұмтылыс,  сыныптағы  өз 

рөлi мен бағыт-беделiн бекiту мен көтерудi нысандау).

–  Кең  танымдық  сеп-түрткілер,  яғни  оқып-үйрену 

үдерiсiнiң өзi мен оның нәтижесiнен қанағат, ләззат алу.

–  Оқу-танымдық  сеп-түрткілер  (бiлiм  iздеу,  жинақтау 

жолдарын үйренуге ұмтылу, нақты пәндi бiлiп алуға ниет қою.


150

–  өзiндiк бiлiм көтеру, сауат ашу (самообразование) сеп-



түрткілерi (қосымша бiлiмдердi игеруге бағыт қою). 

Сыртқы  сеп-түрткілер  –  педагогтар,  ата-аналар,  сынып, 

тұтастай қоғам ықпалдары, олар келесi формаларда әрекетке 

келуi мүмкін: сыбыр, ым, талап, нұсқау, қамшылау, зорлау.

Iшкi  сеп-түрткілерi  –  оқушыны  өзiнің  iштей  оқуға  болған 

ынта-ықыласын оятып, өзiндiк әрекетке елiктiрушi күштер (бо-

рыш сезiмi, мұғалiм мадағын күту, жазадан қорқу, үлкендер та-

лабына қарсы тұрмау әдетi, қызығу, өзiмшiлдiк, бедел тұрақтату, 

ата-анасын қуанту, “5” алу ниетi, мақтау, мадаққа iлiгу).

Белсендiлiк  (активность)  –  оқушының  оқып-үйренуге 

болған қатынасы, оның құрылымдық элементтерi: 1) оқу тап-

сырмаларын  орындауға  әрдайым  дайын  болу;  2)  дербес  iс-

әрекетке құлшыныс; 3) тапсырма орындауға саналылық; 4) оқу 

жүйелiлiгi; 5) бiлiм деңгейiн көтеруге қызығу.

Ынталандыру (стимулирование) – оқушыны қандай да iс-

әрекетке  итермелеу,  оны  орындауға  ықпал  жасау  (подталки-

вать, побуждать).

Оқып-үйренуге  ынталандыру  жолдары:  бала  тiлегi, 

жетiстiктердi  салыстыру,  оқушы  түсiнiмi,  мәселемен  қызығу, 

баланың  ұнамды-қызықты  қасиеттерiн  тани  бiлу,  табыстарын 

қолдау, тапсырма жұмыстардың қызықты болуы, талап әдiлдiгi, 

мұғалiм мақтауы, қолдау-қуаттау сыны, абырой-атақ (хорошая 

репутация), балалық намыс.



Қызығу  (интерес)  –  танымдық  қажеттiлiктен  туындаған 

құштарлық көрiнiсi. Қызығу негiзi: 1) игерiлген бiлiм, ептiлiктердің 

ойлау тәсiлдерiнің қалыптасу деңгейi мен сапасы; 2) оқушының 

мұғалiмге қатынасы.



Ынталы  болу  шарттары:  1)  мазмұнның  нақты  адамды 

қызықтыратын  материалмен  молдығы;  2)  барша  оқушыларға 

деген  адамгершiлiктi  қатынас;  3)  танымдық  талаптардың 

қанағаттандырылуы; 4) қызықты әңгіме, сұхбат; 5) ойдың сезiм-

мен молайуы; 6) әуесқойлықты дамыту; 7) өзiндiк бағаға дайын 

тұру; 8) өз бетiнше дамуды алғышарт деп түсiну; 9) бала ынта-

сына қолдау беру; 10) оқу еңбегiне жауапкерлiк. 


151

“...Әуелі  біз  елді  түзетуді  бала 

оқыту  ісін  түзетуден  бастауымыз 

керек. Неге десек болыстық та, билік-

те,  халықтық  та  оқумен  түзеледі. 

Қазақ ішіндегі неше түрлі кемшіліктің 

көбі  түзелгенде, оқумен түзеледі”.

    Ахмет Байтұрсынұлы



Оқу әрекеттерiн қозғаушы күштер

Сеп-түрткiлер  (мотивация,  мотив  -  қозғау)  –  оқушыны 

белсендi  танымдық  iс-әрекетке  ниеттеушi  үдерiстер,  әдістер, 

шаралардың  жалпы  атауы.  Сеп-түрткілер  мұғалiм  мен 

оқушының  бiрлескен  қызметтерiнің  арқасында  басқарылады. 

Мұғалiм  тұрғысынан  сеп-түрткі  оқытудың  қозғаушы  күші  си-

патында,  ал  оқушы  тұрғысынан  ол  оқып-үйренуге  ынталан-

дырушы  жағдаяттарды  аңдатады.  Сеп-түрткілер  үдеріс  си-

патында  тұлға  қалпы  мен  қатынастарына  өзгерiс  ендiретiн 

нақты  ниеттер,  себептер  түрінде  iске  асып,  оқушыны  оқуға, 

әрекетке  келуге,  қандай  да  қылықтарды  жасауға  ойыстыра-

ды.  Сеп-түрткілер  рөлiнде  өзара  байланысты  қажеттер  мен 

мүдделер,  ұмтылыстар  мен  эмоциялар,  жан  қалау  талапта-

ры  мен  мұраттар  (идеалы)  қабылданған.  Сондықтан  да  бұл 

құбылыс  -  өте  күрделi  құрама.  Сеп-түрткілер  түрі  өте  көп, 

олар бiр-бiрiмен байланысты. Педагогикалық үдерiсте көрiнiс 

беретiн сеп-түрткілердің саналуандығы да осы үдерiстің жан-

жақты да көп мәндi болуынан. Оқу жүйесiнде әрекетке келетiн 

сеп-түрткілердi  әрқилы  сипаттарымен  топтастыруға  болады. 

Түрлері  бойынша  әлеуметтiк  және  танымдық  сеп-түрткілер 

ажыралады.  Деңгейлiк  қырынан  бұл  сеп-түрткілер  келесiдей 

жiктеледi: 

–  ауқымды,  кең  әлеуметтiк  сеп-түрткілер  (борыш,  жауап-

керлiк,  оқудың  әлеуметтiк  мағынасын  түсiну).  Бұл  ең  алды-

мен  тұлғаның  қоғамдағы  өз  абыройын,  әлеуметтiк  беделін 

нығайтуға деген ұмтылысы;

–  тар  әлеуметтiк  сеп-түрткілер  (болашақта  нақты  лауазым 

иелеуге  ұмтылыс,  төңірегiндегi  адамдарға  беделiн  таныту, 

еңбегiне сай мадақ алу);



152

–  ауқымды  танымдық  сеп-түрткілер  (оқу  үдерiсiнің    өзінен 

және оның нәтижесiнен қанағат табу);

–  оқу-танымдық  сеп-түрткілер  (бiлiм  iзденiсiне  бағытталу, 

нақты оқу пәндерiн игеру);

–  өзiндiк бiлiм иелеу сеп-түрткілерi (қосымша бiлiмдер иге-

руге бағытталу).

Оқу  сеп-түрткілерi  сыртқы  және  iшкi  болып  бөлiнедi. 

Алғашқы  түрі  педагогтардан,  ата-аналардан,  сыныптан,  жал-

пы  қоғамнан  бастау  алып,  сыбыр  сөз,  ым-ишара,  талаптар, 

нұсқаулар,  айдау  не  зорлау  күйiнде  көрiнедi.  Олар,  әдетте, 

адамға  әсер  етедi,  бiрақ  олардың  әсерi  көбiне  тұлғаның  iшкi 

қарсылықтарына тап болады. Сондықтан олар еш уақытта iз-

гiлiк сипатымен көрiнбейдi. Қажеттiсi – оқушының өз қалауымен 

iске  араласуы  және  нәтижеге  ұмтылуы.  Сеп-түрткілердің 

ақиқат көзi – адамның өзiнде. Осыдан  сыртқы зорлау кейпiн-

дегi  оқу  сеп-түрткілерiне  аса  мән  арта    бермей,  тұлғаның  өз 

жан қалауынан болған оқу себептерiн арқау еткен жөн. Кiшi оқу 

жасындағы балаларды оқыту жағдайларға байланысты әрқилы 

сеп-түрткілердi айқындап және бағдарлап барады. Бұлар: 

– борыш сезiмi;

– мұғалiм мақтауына сай болу ниетi;

– жазадан қорқу;

– ересектер талабын орындау әдетi;

– танымдық қызығу;

– атақ құмарлық;

– сыныптастардың арасында беделге жету;

– ата-аналарын қуанту ниетi;

– “бес” алу мақсаты;

– марапат, мадаққа ұмтылу.

Аталған сеп-түрткілердің бәрi бiрлесе әрекетке келедi. Бiрақ 

олардың  арасында  бiреуi  жетекшi,  ал  қалғандары  -  қосалқы 

қызмет  атқарады.  Мұғалiм  осы  жетекшi  сеп-түрткінi  ажырату-

мен, оны тiрек құрал ретiнде пайдаланады. 

Оқу  үдерiсiнде  басым  келген  қандай  да  сеп-түрткінi  айы-

ру  үшiн  оқушылардың  оқуға  деген  қатынасын  бақылауға 

алу  қажет.  Жүргізілген  зерттеулер  нәтижесi  балалардың  оқу 

үдерісiне  араласуындағы  бiрнеше  сатыларды  ажыратуға 

мүмкіндiк  бердi,  олар  –  болымсыз,  бейтарап  және  ұнамды 


153

қатынастар. Оқушылардың оқуға болған болымсыз қатынасы 

мына  сипаттарға  ие:  себептер  жадаулығы  мен  өрiссiздiгi,  оқу 

нәтижесiне  мүдделi  болмау,  тек  баға  үшiн  оқу,  мақсат  қоя 

бiлмеу,  қиыншылықтардан  тартыну,  оқуға  құлықсыздық,  мек-

теп,  мұғалiмдерге  деген  жек  көрушiлiк.  Бейтарап  қатынас 

та  жоғарыда  аталған  сипаттағы  сеп-түрткілерге  жақын,  бiрақ 

оқушылардың  қабiлеттерi  мен  мүмкіндiктерi  оқудың  ұнамды 

жағдайларымен ұштасса, жақсы нәтижелерге жеткiзедi. Мұндай 

оқушылар  типiн  қабiлеттi,  бiрақ  ерiншек  деп  атауға  болады. 

Оқушылардың  оқуға  бағытталған  ұнамды  қатынастарының 

әрқилы деңгейлерiнде сеп-түрткілердің тұрақсыздық қалпынан 

жоғары саналылық деңгей дәрежесiне көтерiлуiн байқауға бо-

лады. Сеп-түрткілердің ең жоғары деңгейi өз тұрақтылығымен, 

болашақ  мақсаттарды  белгiлей  алуымен,  өз  оқу  әрекеттерi 

мен  мiнез-құлқының  салдарын  күнi  iлгерi  көре  бiлу,  мақсатқа 

жету  жолындағы  кедергiлердi  жеңе  алу  сипаттарымен  ерек-

шеленедi. Жоғары деңгейлi сеп-түрткілердi қару еткен оқушы 

мәселелердi  шешудің  дәстүрлi  емес  жолдарын  iздестiру-

ге  шебер  келедi,  ол  құбылмалы,  икемдi  ой  толғастыруға, 

шығармашылық iстi атқаруға қабiлеттi, бiлiмiн арттыру жолын-

да өз iзденiстерiн көбiрек пайдаланады. 

Әр  сыныпта  бiрте-бiрте  балалардың  оқуға  болған 

қатынастарының нақты типтерi ажырала бастайды. Мұғалiм 

өз жұмысын осы типтерге сәйкес ұйымдастыруы тиiс. Әсiресе 

кең  белгiлi  болған  алғашқы  тип  –  жақсы  орындаушылар. 

Олар оқуға өте ұқыпты, бiрақ өзiндiк белсендiлiгi кем. Мұндай 

оқушылардың  iс-әрекетiндегi  жетекшi  сеп-түрткі  –  ата-ананы 

қуанту, сыныпта бедел арттыру, мұғалiм мадағына жету. Екiншi 

тип – ақыл-есті белсендi тип: өз пiкiрiне ие, сыбыр сөзден 

қашады, өз бетiнше iс қылуды ұнатады, күрделi тапсырмаларға 

құштар. Үшiншi тип - қарқынды оқу жұмысына құмар бала-

лар. Бұлар өте белсендi, тез түсiнiмдi, ал ой толғауы байсалды, 

сондықтан өздерiн бiрдейiне iс қалпында сақтауға тырысады. 

Мұғалiмнің жеке-дара қатынасын ұнатады. Төртiншi тип – ақыл-

ес қабiлеттерi кемшiн балалар. Бұл балалар өз бетiнше оқу 

тапсырмаларын орындауға қиналады, көңіл-күйi ұдайы қандай 

да  күйзелiсте  немесе,  керiсiнше,  орынсыз  сотқарлығымен 

көрiнiп  қалады.  Олар  үшiн  басты  нәрсе  –  бiлмейтiнiн  немесе 



154

келеңсiз әрекеттерiн мұғалiмнің сезбегенi. Бұл жағдаяттардың 

себептерi  әрқилы:  баланың  дамуындағы  кемшiлiктер,  мектеп 

алды дайындықтың төмен дәрежеде болуы. Ескеретiн жәйт, әр 

сыныпта сабаққа болымсыз қатынастарының арқасында өзара 

бiрiккен балалар тобы болады. Мұндай балалар өздерiнің ақыл-

есi кемдiгiнен немесе тәрбие аясында тiптi болмағандығынан 

оқу бағдарламасын игере алмайды. 

Бұдан шығаратын қорытынды: әртүрлі топтағы балалармен 

жұмыс iстей отырып, әрқилы мақсаттар қойып бару қажет. Тиiмдi 

оқу iс-әрекеттерiне аса мәндi келетiн сеп-түрткілер балалардың 

ақыл-ес белсендiлiгiне және танымдық қызығуларына негiзде-

луi тиiс. 

Балалардың  оқуға  деген  қатынастарын  мұғалiмдер 

әдетте  олардың  белсендiлiгi  мен  сипаттайды.  Белсендiлiк 

оқушылардың iс-әрекет аясына ену дәрежесiмен (қарқындылық, 

берiктiк) анықталады. 

Белсендiлiк құрылымы келесi бiрлiктерден тұрады: 

– оқу тапсырмаларын орындауға әр уақыт дайын болу;

– дербес iс-әрекетке ұмтылу;

тапсырмаларды саналы орындау;

– оқудың жүйелi болуы;

– тұлғалық деңгейiн көтеруге құштарлық және т.б.

Белсендiлiкпен ұштасқан оқушы сеп-түрткілерiнің және бiр 

маңызды тарапы – дербестiк. Осы сапаның болуынан оқушы 

жұмыс  нысанын  таңдауда,  iс-әрекет  құралдарын  iздестiруде 

және  оларды  iске  асыруда  үлкендер  жәрдемiн  аса  қажет 

етпейдi.  Оқушылардың  танымдық  белсендiлiгi  мен  дербестiгi 

өзара  байланысты:    белсендiлiгi  күштi  оқушылар,  әдетте, 

дербес  жұмыс  iстеуге  қабiлеттi.  Оқушылар  белсендiлiгiн 

басқару  дәстүрлi    белсендiлiк  арттыру    (активизация) 

атамасын алған. Бұл құбылысты үздiксiз жүріп жататын оқып-

үйренуге мүдделi, енжар және еліктегіш iс-әрекеттердi, ақыл-

ес жұмыстарындағы тоқырауды жеңуге бағдарланған пәрмендi 

үдеріс  ретiнде  бағалауға  болады.  Белсендiлiк  арттырудағы 

басты мақсат – оқушылардың оқуға деген құштарлығына нәр 

берiп,  оқу-тәрбие  үдерісінің  сапасын  көтеру.  Педагогикалық 

тәжiрибе 

белсендiлiк 

арттырудың 

әртүрлі 

жолдарын 

пайдалануда. Олардың iшiнде – оқытудың әрқилы формалары, 


155

әдістерi,  құрал-жабдықтары,  оларды  әрқилы  жағдайлардың 

туындауына  сәйкес  бiр-бiрiмен  ұштастырып,  оқушылардың 

белсендiлiгi мен дербестiгiне дем беру. Сабақ жағдайларында 

оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға келесi әрекеттер тиiмдi: 

–  өз пiкiрiн қорғап қалу;

– талқылаулар мен пiкiр сайыстарына қатысу;

– жолдастары мен мұғалiмдерге сұрақ қойып бару;

– жолдастарының жауаптарына пiкiр бiлдiру;

–  сыныптастарының  жауаптары  мен  жазба  жұмыстарын 

тексеру және бағалау;

– үлгерiмi төмен жолдастарына көмектесу;

– оқуы төмен оқушыларға түсiнiк көмегiн беру;

– өз әлi жететiн тапсырмаларды таңдастыра бiлу;

– қойылған мәселелердi шешудің әрқилы жолдарын iздестi-

ре бiлу;


– өз бiлiмдерi мен тәжірибелік әрекеттерiне өзiндiк талдау 

және тексерiс ұйымдастыра бiлу;

–  өзіне белгiлi тәсiлдердi бiрлiктi қолдану жолымен танымдық 

мәселелердi шеше бiлу.

Сонымен, сеп-түрткілер – бұл оқушыны оқуға, әрекет етуге, 

қандай да қылықтарды жасауға ықпал етушi ниеттер, себептер. 

Оқу барысында көптеген сеп-түрткілер бiрдей тең араласады. 

Қандай  да  сеп-түрткілердің  оқу  барысында  басымдылығын 

мұғалiм  оқушылардың  оқуға  болған  қатынасынан  байқайды. 

Сеп-түрткілер  заңдылықтарын  бiлу  –  көптеген  мектептiк 

мәселелерді шешудің көзi. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет