Жаңа оқу материалын түсіндіру – жаңа түсініктер, деректер, құбылыстар жөнінде олардың мағынасын, негізгі құрамдарын, белгілерін, байланыстарын, заңдылықтарын тәжірибеде қолданбалы жақтарын ашу мақсатында оқушыларға хабарлама беру.
Жаңа материалдарды баяндау– оқыту барысының құрамды бөлігі. Жаңа материалды баяндауға қойылатын талаптар: жоғары теориялық деңгей, ғылыми тұрғыдан қарағанда сапалы, мұқият тексерілген материалды пайдалану, қол жетерлігі, баяндаудың жүйелілігі, бірізділігі болуы.
Оқу – білім беру мен тәрбиелеу мақсаттарына бағытталған мұғалім ұйымдастыратын оқушылар іс-әрекетінің түрі.
Оқыту әдістері – оқу-тәрбие мақсаттарына жетуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара байланысты іс-әрекеттерінің тәсілдері. Оқыту әдістерінің 3 тобы бар:
1. Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері.
2. Оқу-танымдық іс-әрекетті туғызу әдістері.
3. Оқу-танымдық іс-әрекетті тиімділігін бақылау әдістері.
Оқыту – бұл оқушы мен ұстаздың мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі.
Оқу бағдарламасы – оқу пәні бойынша оқытудың мазмұнын, оқушыларға берілген білім көлемін айқындайтын құжат. Оқу бағдарламасында пәнді оқыту мақсаттары мен міндеттері, оқытуды ұйымдастырудың түрлерінің ерекшеліктері мен әдістемесі құрылады.
Оқытудың бірізділігі – жаңа оқу материалын оқыту бұрынғы оқытумен қамтамасыз етілетінін көрсететін білім беру мен оқытудың талабы.
Оқытудың ғылымилығы – педагогика ғылымының білім беру және оқыту теориясындағы оқытуға қойылатын талаптардың бірі. Оқытудың ғылыми оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу құралдарын жасауда жүзеге асырылады.
Оқытудың қол жетерлігі –оқыту міндеттері, мазмұны, әдістері мен ұйымдастыру түрлерінің оқушылар мүмкіндігіне сәйкес келуін қажет ететін, білім алу дәрежесін, оқу-танымдық іс-әрекет дағдыларының дамуын, жұмыс қабілетінің деңгейін есепке алатын оқыту мен білік беруге қойылатын талап.
Оқытудың көрнекіліктігі –оқушылардың қабылдауын әлем объектілері мен барыстарын немесе олардың кескіндері негізінде жүзеге асырылады деп түсіндіретін білім беру мен оқыту теориясындағы, оқытуда қойылатын талаптардың бірі.