1-жаттығу. «Зағип және бағыттаушы» Бұл классикалық ойынды барлық жастағы топтармен өткізуге болады. Бұл жаттығу топ мүшелерінің бір-біріне деген сенімдерінің деңгейін анықтауға көмектеседі. Топ мүшелері екі - екіден жұптарға бөлінеді. Біреуінің көзі байланады, екіншісі соны бағыттаушы рөлін атқарады. Сөйлеуге болмайды. Жаттығуды орындап болған соң, қатысушылар рөлдерімен алмасады. Ойын аяқталған соң рефлексиялық жұмыстар жүргізіледі: «Зағиптың» рөлінде болғанда өзіңді қалай сезіндің?
Бағыттаушы сізді қалай алып жүрді?
Бағыттаушының рөлі ұнады ма?
Жұптауыңыздың сеніміне кіру үшін қандай әрекет жасадың?
Сізді алып жүрген ұнады ма жоқ, әлде сіздің басқаны алып жүргеніңіз ұнады ма?
2-жаттығу. «Сенбеу - сену» мүсінін жасау Топ мүшелерінің арасынан бір қатысушы таңдап алынады. Екінші бір қатысушы скульптордың рөлін атқарады да, «сенбеу» мүсінін жасайды. Бұл мүсіннің қандай сапаларына қарап отырып, оның сенімсіздікке жасалғандығын анықтауға болатыны талқыланады. «Сену» мүсініне қалай айналдыруға болады? деген сияқты сұрақтар қоя отырып, мүсінді ауыстыруға болады. 3-жаттығу. «Сенім өлшемі» Қатысушылар ойдан жасалған «сенімсіздік пен сенімділік» аталатын координата түзуінің бойынан, өз қалаған жерлерінен орын тауып тұрулары тапсырылады. Координата түзуінің шеткі нүктелерінде тұрған қатысушылар өз әсерлерін ортаға салулары тиіс. Қалған қатысушылар оларға көмек ретінде өз ойларын ортаға салғаны жөн. Қорытындылау мақсатында мақал-мәтелдер, ертегілерді пайдалануға болады. 4-жаттығу. «Қол алысу» «Қазір біз бөлме ішінде ары-бері жүреміз. Мақсатымыз қатысушылардың қолын көбірек қысып үлгеруіміз қажет. Әрбір қатысушы осы уақыт ішінде қанша адамның қолын қысып үлгергенімізді санаймыз». Жаттығуға 2-5 минут уақытқа жүргізіледі. Тренер кімнің өзі барып қол алғанын, ал кім біреудің қол күтіп тұра бергені секілді сәттерде бақылап үлгеруі қажет.