5. «Суретті бастап, қасыңдағыға бер».жаттығуы. Нұсқау: Әр қатысушыға бір ақ қағаздан беріледі. Әр қатысушы өздеріне ұнаған қарындаштың (қалам) түсін алады. «Шапалақ ұрғанымда өздерің қалаған суреттеріңді сала бастайсыңдар. Шапалақ ұрғанда алдыңдағы қағазыңды және қарындашыңды оң жаңындағы көршіңе бер, сол суретіңді аяқтайды. Тағы шапалақ ұрғанда сурет салынған парақ пен қарындаш келесі қатысушыға беріледі, сурет пен қарындаш бірінші егесіне келмейінше топты жағалайды».
Талқылау:
Салынған сурет өздеріңе ұнады ма?
Қандай көңіл-күйдесіңдер?
6. «Қош бол менің жағымсыз сезімдерім!»жаттығуы Нұсқау: Қазір біз бір-бірімізбен жарысамыз. Газет парағын аламыз, барлық жағымсыз эмоцияларымызды умаждау арқылы сол параққа саламыз. Сосын «Қош бол менің жағымсыз сезімдерім!»(немесе өздеріне ыңғайлы сөздерді айту, немесе сезімдерінің атын атау арқылы, т.с.с.) деп алысқа лақтырамыз.
Талқылау:
Өздеріңді қалай сезініп тұрсыңдар?
Жағымсыз сезімдеріңнен арылдыңдар ма?
7. Рефлексия. Қатысушылар сабақтан алған әсерлері туралы ой бөліседі.