2015 жыл, сәрсенбі



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата01.01.2017
өлшемі6,71 Mb.
#952
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚазаҚтың 

маңдайына 

біткен тұлға

g

 Еңселі елге тұтқа болған ардақты ерлер Алашта 



аз болмаған. Солардың бірі де бірегейі Дінмұхамед 

Ахметұлы Қонаев десек, бұл пікірмен келіспес жан 

болмас.

12 қаңтар – Дінмұхамед Қонаевтың туған күні.



Наурыз СаРШа

Димаш  аға  билік  басында  болған  уақыт 

қаншалықты  күрделі,  қарама-қайшылықты 

болғанымен,  елдің  экономикасын,  әлеуметтік 

саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту 

ісіне айтулы еңбек сіңірді. Тағылымы терең, ой-

өрісі кең білімдар ол небәрі 30 жасында  Халық 

Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары 

қызметіне тағайындалды. Димекең КСрО-да ең 

биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ. 

Сондай-ақ,  КСрО-ның ішкі және сыртқы саяса-

тын басқаратын 15 мүшелік политбюро мүшесі 

болған. Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын 

алып, сегіз рет ленин орденінің және басқа да 

еліміз  бен  шет  мемлекеттердің  ордендері  мен  

медальдарының иегері болды. Ол еліміздің партия 

және шаруашылық жұмыстарымен өзінің ғылыми 

еңбектерін ұштастыра білді, 100-ден аса ғылыми 

еңбектері жарық көрген. 

Ел еңсесін тіктеген

Дінмұхамед  Ахметұлы  республика  партия 

ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт 

ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді 

ізеттілігімен  танылып,  халық  дәстүрін  жақсы 

білетін,  тағылымы  терең,  ой-өресі  биік  жан 

екенін  көрсетті.  Түрлі  деңгейдегі  партия  және 

кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем 

саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, 

болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. 

Кеңес үкіметінің тегеурінді ықпалына қарамас¬тан, 

партия  күшінің  көмегін  пайдалана  отырып,  өз 

атамекені үшін көп¬теген игілікті және ізгілікті 

шараларды жүзеге асырады.1960 жылдар басында 

Н.С.Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға беріліп 

кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайта қайтарып 

алуы соның айқын бір дәлелі еді. Ол қызмет еткен 

жылдардың ішінде республикамыздың өндіргіш 

күші 700 пайыздан астам өсті. Басқаша айтсақ, 

жаңадан жеті қазақстан орнапты. Өнеркәсіп 9 есе, 

ауыл шаруашылығы 6 есе, күрделі құрылыс 8 есе 

өсті. қонаев ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ 

жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда 

болды. Ауылшаруашылығы қарқынды дамып, тың 

және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен 

ұжымшарлар салынды. мал саны көбейіп, ауыл 

шаруашылығының  өнімдері  жыл  сайын  артып 

отырды.


қонаев металл өңдеу және көлік жасау сала-

ларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, 

Орал, қарағанды, Петропавл, Шымкент, Алматы 

қалаларында  көлік  жасау  зауыттары  құрылды. 

Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім 

әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. қазақ 

жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары 

ашылып, қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің 

ірі орталығына айналды.  Жамбыл мен Шымкент 

қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор 

өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды.

Қарапайымдылықтан алдына 

жан салмаған

Дінмұхамед қонаев кішіпейіл басшы есебінде 

танылды. Ол ертеменен Коммунистік даңғыл мен 

Киров  көшесінің  (бүгінгі  Абылайхан  даңғылы 

мен Бөгенбай батыр көшесінің) қиылысындағы 

үш қабатты үйден шығып, ылдидағы Үкімет үйіне 

қарай жайбарақат жұмысқа бара жататын. расында, 

күзет қызметінің саны көбейтіліп, кім көрінген жа-

нына күзет қаптатып жатқан уақытта мемлекеттің 

бірінші адамы жұмысқа жаяу және күзетсіз барады 

дегенге сену өте қиын. қонаев сол үйде көп жылдар 

бойы тұрды, тіпті, қазақстан КП ОК-нің бірінші 

хатшысы болған кезінде де, қаланың орталығында 

үш бөлмелі пәтері бола тұра әлгі үйде тұрды. Ал 

басқа үйге көшкенде қонаев пәтерін өзінің кадрлық 

саясатын қатты сынап жүрген жазушы Әлжаппар 

Әбішевке сыйға тартып кетті. Шағын пәтерінде 

(қазір мұражай) 24 жыл өмір сүрген, пәтер ауданы 

200 кв.м ғана болатын.  Сол бір үйге КСрО басшысы 

леонид Брежнев Алматыға бірінші рет келгенде, 

қонаевтың  қонағы болып кіреді.  Пәтерін ары-бері 

аралап: «Бар дүниең осы ма?»- деп таңданысын 

жасыра алмаған екен.

министрлер  кеңесінің  төрағасы  болғанда 

қонаев академик атағы үшін өзіне төленетін 340 

сом шамасындағы ақыдан бас тартқанын білеміз. 

Бұл  ақшаны  ол  балалар  мен  жас  ғалымдарға 

көмектесу мақсатында жұмсауға бұйырды. Осындай 

кішіпейілділік оның туа бітті қасиеті екені көзге 

көрініп тұрды және жұрттың оған деген сенімін 

күшейтті. Оның жеке басының байлық-дәулетке 

қызығушылығы байқалмады.



Қазақ өнерін қызғыштай қорыған.

қазақ  өнерін  жоғары  бағалаған  Дінмұхамед 

Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты 

қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. 

Бірде қазақстан компартиясының Орталық комитеті 

қонаевқа мұхтар Әуезовті «идеологиялық себептер» 

бойынша академиктер қатарынан шығарып тастауды 

ұсынды. Әрқашан партияның бұйрығын екі етпейтін 

қонаев осы жолы әлемді жұмса жұдырығында алып 

кететін адуынды Орталық Комитетке бағынудан 

бас  тартады.  Ол  осы  мәселе  бойынша  арнайы 

мәскеуге барып, КОКП Орталық Комитетінің ғылым 

бөліміндегілерге жолығып, Әуезов жөніндегі өз 

пікірін қорғап қайтады.

Брежнев тұсында Кеңес елінің идеологиясын «сұр 

кардинал» Суслов басқарды. 1975 жылы Олжастың 

даңқты  кітабы  жарық  көрді.  Ақынның  өмір¬ге 

деген жеке көзқарасы болғандықтан, оның кітабы 

партиялық тұжырымдар талабынан шықпайтын, 

социалистік реализмнің шеңберіне сәйкес келмейтін. 

Сондықтан да, жазушыны қуғындау шаралары баста-

лып кетті. Бұл шараларды «сұр кардинал» басқарып, 

осы кітапты шығаруға қатысқандардың барлығының 

жазалауға ұшырауын қатаң талап етті.

Ал қонаев Сусловқа өзінің көңілінен шыққан 

еңбек туралы ойын ашық жайып салды. Бірақ ашуға 

булыққан Сусловтың ақылға келуге шамасы жетпеді. 

Сол кезде қонаев дос ретінде Брежневке кіріп, оған 

Олжастың кітабын оқып шығуды ұсынды.  Брежнев 

оған бұл мәселені жергілікті деңгейде қарастыруға 

рұқсат  етті.  Сондықтан  да  іс  тежеліп  қалған-

дықтан, Олжастан диссидент жасау ісі жүзеге аспай 

қалды. Осылайша Димекең  кеңестік-коммунистік 

саясаттың,  Суслов  сияқты  «сұр  кардиналдың» 

сұсынан ықпай, Олжастай ақынын қорғау арқылы 

түркі  тілдес  халықтардың,  оның  ішінде  қазақ 

халқының да ар-намысын сақтап қалды. 

Т і л ш і   т ү й і н і :   1 9 8 6   ж ы л ы   С О К П 

Орталық  Комитетінің  Бас  Хатшысы  бо-

лып  М.С.Горбачевтің  келуіне  байланысты 

Дінмұхамед  Қонаев  Қазақстан  Компартиясы 

Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан 

босатылды.  18  минут  өткізілген  пленумда 

орнына  Ульяновск  облысынан  Г.В.  Колбин 

отырғызылды. Орталықтың жүргізіп отырған 

әділетсіз саясатына қарсы республика жастары 

өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл 

әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты. Осы бір ұлы 

дүбірдің өзі Димекеңнің дақпыртын аспандатып 

тұрғаны анық.

Дінмұхамед  Қонаев  өз  заманының  ұлы 

саясаткері бола білді. Халықтың алдыңғы шебінде 

жүріп, өзімен бірге қалың бұқараны алға қарай 

бастау үшін жаралған, жүрегі «елім» деп соққан, 

қазақтың маңдайына біткен бірегей тұлға болып 

табылды. Абзал да аяулы азамат өз пешенесіне 

жазылған міндетін абыроймен атқара білді. Ол 

1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82 жасқа қараған 

шағында өмірден өтті.

Қазаққа Қадыр келген күн

g

 Қақаған қаңтардың 5-ші жұлдызында қазақ поэзиясының 



қадірін арттырып, абыройын аспандатар Қадыр ақын дүние 

есігін ашқан еді…



асылзат ЖұМаБай

«мен ақынмын,

Әулие емен,

Бақсы емен.

Әрине ғой, күндерім бар көксеген.

Соның бірі -

Ел есінен шықпайтын

Жазып кету ғажайып бір жақсы өлең», – деп жы-

рында тізбектегендей қазақтың маңдайына біткен 

қадыр ақын, расында, ел есінен шықпайтын, жұрт 

жүрегіне мөрленген жырлар қалдырып, 76 жасында 

бұл өмірді талақ етіп кете барды.   

Ия, тірілердің қатарынан болғанда атына заты 

сай жаралған қазақтың қадыры бүгінгі күні сек-

сенге келер еді. қазақтың әдебиетіне ғана емес, ұлт 

тарихына да әлі де қызмет етер еді. Ғұмырының 

ішінде қадыр мырза Әлі қазақтың талай баласына 

азық болар шығармашылығын, шығармашылығына 

нәр етіп құйып тәлімін тастап кетті. 

«Сөз болып қол созыңдар,

Сөз-бәйгеде озыңдар! 

Сөзім жоқта –жоқпын мен,

Сөзім бар да өзім бар»,-  деп артына жырдың 

биігін  қалдырған    ақын  қадыр    үлкен  мектеп 

қалыптастырды.  Ұрпақ  тәрбиесіне  деген  мол 

мұрасы ұзақ ғұмыр жасайтыны да мәлім.   

Ақын  өзінің  бір  сұхбатында:  «Поэзия  мені 

асырады, ал мен оған не бердім, оны оқырман, 

келер дәуір айтар. Осындай тағдыр берген Аллаға 

алғыстан басқа айтарым жоқ. Көп көрдім, көп 

жүрдім, көп адамдармен істес болдым, көп түйдім, 

көп еңбектендім. Бірде-бір күнім қаламсыз өткен 

жоқ. Достарым көп, дұшпаным аз болды...» -деген. 

Иә,  қалам-қағазсыз бір күнін босқа өткізген ақын 

– ақын ба?! Өмірін өлеңге арнаған ардақты ақын, 

қара өлеңнің жүгін қара нардай көтере білді. 

қадыр  шығармашылығы  қазақ  поэзиясында 

ерекшеленіп, ғасырдан ғасырға тарих көшімен 

бірге ілесіп, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, мәңгі 

жасай бермек.

Күләш Ахметова ақын туралы: «қадыр мырза 

Әлі - ұлт ақыны. қазақ деген тегі мықты, тари-

хы  бай,  тағдыры  күрделі,  түйсігі  мың  қатпар, 

қалтарысты, астарлы, тысты, алапат тілді, қабілетті 

қаһарман, қайсар халықтың тұңғиығына бойлап, 

кеңдігіне  кепіл  боп,  бітімімен  біте  қайнасып, 

ұлылығын,  рухын,  ар-ұятын,  үмітін  барынша 

әспеттей отырып, кемшінің мінін, қайғысын, со-

рын азаматтық тұрғыда қазып айта алған, сыншыл 

да ойшыл ақын. Ұлы ақын», - деген еді.

Ол тек қазақ әдебиетінің шеңберінде емес, өзге 

елдердің, әлемдік ғұламалардың еңбектерін де 

туған тілге аударумен айналысқан. Және біршама 

топтамалары мен таңдаулы өлеңдері өзге тілдерге 

аударылған.

қазақтың даласындай кең ауқымды қадыр әлемі 

өмірге биігінен қарай отырып, қазақ поэзиясына 

да сондай биіктікті сыйлай алды. Тамырын нық 

орната алған, тереңге үңіле білген. Ақын тек өзінің 

өнердегі жолы үшін ғана емес, қазақ әдебиетінің, 

оның  ішінде  поэзияның  көркемдік  деңгейін 

асыруға, мазмұнын сапаландыруға қызмет еткен 

тұлға. мұндай халық қамы үшін жасалған ұлы 

еңбекті бағалайтын қазақтың күні барда қадыр 

секілді адал ұлдар мәңгі жасай берері тағы хақ.


әлеумет

7

//    «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №1 (1236), 7  ҚАңТАр 2015 Жыл   //



Жылдың басты 

ЖаңалыҚтары

g

 Жыл басында бұған дейін көпшіліктің талқысында болған 



бірқатар қолданыстағы заңдарға толықтырулар мен өзгерістер еніп 

отыр. Тіпті, кейбір заңнамаларға ұзақ талқылауларға қарамастан

Парламенттің бір қарауында-ақ өзгерістер енгізілді. Қарапайым 

тілмен айтқанда, жыл басынан бірқатар өзгерістер өз күшіне енді.



Қайыр сұрағандар айыппұл төлейді

Енді полицейлер қайыршы, балгер мен жезөкшелерге қарсы 

күресті күшейтті. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне 

енгізілген өзгертулерге сәйкес көшеде алақан жайған, тәнін сатқан 

және құмалақ тартқан адамдарға 10 мың теңге көлемінде айыппұл 

салынады. Бұған дейін қоғамның осы бір тобына тек ауызша 

ескерту жасап келген тәртіп сақшылары енді осындай құзырға 

ие болды. Бұл бүгінгі таңда белең алған құқық бұзушылыққа 

тосқауыл болып, полицейлердің жұмысын жандандыра түспек. 

Атап айтқанда, бұл құқық бұзушылық бойынша 5 айлық есептік 

көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған. Екінші рет ұсталса, 

айыппұлдан бөлек, 5 тәулікке дейін абақтыға қамалады. Ал 

келімсектер ел аумағынан шығарылады.

Қарттарды құттықтаңыздар!

«2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2015 жылдың 1 қаңтарына 

дейін белгіленген уәкілетті ұйымның зейнетақы төлемдерін 

арттыру, барлық зейнетақы алушыларға, соның ішінде әскери 

қызметте  қызмет  атқарғандарға,  арнайы  мемлекеттік  және 

құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, арнаулы атақтар 

мен сыныптық шендер берілген, біліктілік сыныбы бекітілген 

мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, сондай-ақ 

сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 

2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға алатын 

зейнетақы төлемінің 9 пайызы көлемінде жүргізілсін» және «2015 

жылғы 1 қаңтардан бастап ең аз зейнетақы мөлшері  - 23 692 теңге 

болып белгіленсін», - делінген «2015-2017 жылдарға арналған 

республикалық бюджет туралы» қр заңында. 2014 жылы ең аз 

зейнетақы мөлшері 20 782 теңгені құрады.мемлекеттік базалық 

зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 

11 182 теңгеге дейін ұлғайды. 2014 жылы мемлекеттік базалық 

зейнетақылық төлем мөлшері 9 983 теңгені құраған болатын.



Көлік доңғалағын ауыстырдыңыз ба?

2015  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  қазақстандық    жол-

патрульдік  қызметінің  мамандары  көліктің  доңғалағына 

«шүйлігетін»  болды.  Өйткені  Кедендік  одаққа  мүше  елдер 

қабылдаған жаңа техникалық құжатқа (регламент) сәйкес жаңа 

жылдың қаңтарынан үш ел – қазақстан, ресей және Беларусь 

елдерінде тұратын көлік иелері көліктерінің доңғалағын жылдың 

маусымына (қыс, жаз) байланысты дер кезінде ауыстырып тұруға 

міндетті болды. Жол-көлік патрульдік қызметі мамандарының 

пікірінше,  Кедендік  одақтың  жаңа  техникалық  регла¬менті 

бойынша қыс айларында – жазғы доңғалақтарды, керісінше, 

жаздыгүні «шегесі» бар қысқы доңғалақтарды жаз айларында 

пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынып, заң бұзғандар қатаң 

түрде жазаланатын болды. Сондай-ақ, доңғалақтың бұдырының 

(про¬текторы) қаншалықты қалғандығына байланысты шектеу 

қойылмақ. мысалы, жазғы доңғалақтың бұдырының тереңдігі 

кем дегенде – 1,6, ал қысқы доңғалақтың бұдыры 4 миллиметр бо-

луы тиіс. Доңғалақ бұдырының талапқа сай келетін-келмейтінін 

мАИ қызметкері бастапқыда көзбен қарап, анықтайды. Егер 

көлік жүргізушісі жол-патрульдік қызметі маманының пікірімен 

келіспеген жағдайда, доңғалақ бұдырының тереңдігін қарапайым 

тәсіл – кәдуілгі сызғышпен өлшеп, дәлелдеуге болады. Жалпы 

алғанда, көлік доңғалағының маусымға сәйкес келмеуі - көліктің 

техникалық талапқа сай келмейтіндігін көрсетеді.        

– қазақстан бұл ұсынысты толығымен құптады. мысалы, 

осы техникалық регламенттің 5,5 тармағына сәйкес, жаз айла-

рында көлікке «шегесі» бар доңғалақтарды пайдалануға қатаң 

түрде тыйым салынады. Ал бұл ережені мойындамаған көлік 

жүргізушілеріне  осы ереженің 461-бабының 4-бөлімі бойынша 

бес айлық есептік көрсеткіш (мрП-АЕК) көлемінде айыппұл 

салу көзделген, – дейді қр ІІм Әкімшілік полиция комитеті Жол 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласын үйлестіру басқармасының 

бастығы қанат Сәдуақасов. Егер бір АЕК – 1852 теңгеге тең 

екенін ескерсек, онда қысқы доңғалақты жазда пайдаланған  

көлік жүргізушісінің 9260 теңге айыппұл төлеуіне тура келеді. 

Тіпті, мұндай жағдайда көлік жүргізушісі айыппұл төлеп ғана 

қоймай, орын алған кемшіліктерді жүзеге асырғанша мемлекеттік 

нөмірінен айырылуы да әбден мүмкін. Бұл құжат заңды күшіне 

қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді. Десек те, заңгерлер 

жаңадан қабылданған осы техникалық құжаттан қолданылып 

жүрген заңға «томпақ» келетін біраз кемшіліктерді тауып отыр. 

заңгер Жангелді Сүлейменовтiң пікірінше, аталмыш техникалық 

рег-ламенттің жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелеріне ешқандай 

да қатысы жоқ. 

-    мысалы,  Жол  ережесінде    жазғы  доңғалақты  қыста 

пайдалануға  ешқандай  да  тыйым  салынбаған.  Демек,  жол-

көлік  полицейлері  мұндай  заңбұзушылық  әрекеттері  үшін 

көлік жүргізушілерді жазалау арқылы өз міндеттерін асыра  

пайдаланбақ. Себебі көліктердің техникалық сарабымен басқа 

органдар айналысады емес пе? Әсілінде, техникалық регла-

мент көлікті техникалық жағынан тексерудің бір бөлігі болып 

табылады. Сондықтан көліктің доңғалағы туралы ережені Жол 

қозғалысы туралы ережеге енгізген жөн. Тіпті, дәл осы ере-

жеде «Ақаулар тізімі» деген бөлім бар, – деп заңгер Жангелді 

Сүлейменов өз ойын білдірді. Көпшілік автожүргізушілерді 

алаңдатып отырған бір нәрсе – қысы-жазы қолдануға болатын 

маусымдық  доңғалақ  мәселесі.  Әзірге  көлік  доңғалағының 

осы түрі туралы техникалық құжатта еш нәрсе айтылмаған. 

Керісінше, төрт доңғалаққа да «шегесі» бар қысқы доңғалақтарды 

қолдану және мұндай доңғалақтың бір текше метр бұдырында 

ең көп дегенде 60 тал «шеге» болуы қажеттігі ескерілген. қалай 

десек те, мАИ қызмет-керлерінің жер-жерде, әрбір аймақта «Жол 

үстіндегі қабылдау» іс-шарасын арнайы ұйымдастырып, көлік 

жүргізушілерін доңғалаққа байланысты мәселені жан-жақты 

түсін-діргендері артық болмас еді.  

Мас күйде көлік жүргізсең,..

 «

Жол жүрісі туралы» заң¬ның жаңа талаптарымен өзара 



байланысты үш жаңа бап қолда-нысқа енгізілді. Олар – «Жол 

жүрісі туралы» заңдағы оқу ұйымдарында көлік құралдарын 

жүргізушілерді даярлаудағы талаптардың күшейтілуі. Осы заң 

арқылы Кодекске көлік құ-ралдары жүргізушілерін даярлау 

қағидаларын бұзғаны үшін оқу ұйымдарының жауапкершілігін 

көздейтін  жаңа  464-2,  464-3-баптары  енгізілді.  Сондай-ақ, 

құқық бұзушылықтардың 8 түрі бойынша салынатын айыппұл 

көлемі көбейтілді: 461-1 бап – көлік құралын жүргізу кезінде 

жүргізушінің телефонды не радиостансаны пайдалануы, 462 бап 

– көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыс кезінде белгiленген 

жылдамдықты арттыру, 463-1 бап – жол қиылыстарынан өту 

ережелерін бұзу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту, 463-2 

бап – маневр жасау ережелерін бұзу, 463-3 бап – көлік құралын 

жолдың  жүру  бөлігінде  орналастыру,  қарама-қарсы  жолға 

шығу немесе басып озу ережелерін бұзу, 463-4 бап – көлік 

құралдарын тоқтату немесе оларды қою ережелерін бұзу. Тағы 

бір күшейтілген шара ретінде автокөлікті мас күйде жүргізгені 

үшін көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімдерін 

айтуға болады. мысалы, бірінші рет – 3 жылға (бұған дейін – 2 

жыл), екінші рет – 6 жылға және әкімшілік қамау 15 тәулікке 

ұзартылды  (бұған  дейін  –  5  жыл  және  әкімшілік  қамау  10 

тәулік болатын), үшінші рет – 10 жылға және әкімшілік қамау 

30  тәулікке  ұзартылды.  Ереже  бұзудың  екі  түрі  бойынша: 

жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына 

шыққаны үшін (463-3-бап 3-бөлігі) және ішкі істер ор¬гандары 

қызметкерiнiң көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын 

орындамағаны үшін (471-бап 1-бөлігі) санкциялар «айыппұлдан» 

«көлік құралын басқару құқығынан айыруға» өзгертілді.



Балаңыздың қауіпсіздігі үшін

Енді 1 қаңтардан елімізде жаңа «Жол жүру ережесі» туралы 

заң жобасы күшіне енеді. қоғамда үлкен дау тудырған бұл құжат 

бойынша  бұдан  былай  12  жасқа  дейінгі  балаларды  арнайы 

орындықсыз көлік ішінде алып жүруге тыйым салынған. Яғни, 

жаңа заң бойынша, енді көлік салонында қанша бала отырса, сон-

ша автоорындық болуы шарт. Сәбиден бастап он екі жасқа дейінгі 

жеткіншек  көліктің  артқы  орындығына  жайғасса  да,  арнайы 

креслода, белбеу тағып отыруға міндетті. Өйтпеген жағдайда 10 

мың теңге айыппұл салынады. Полицейлердің сөзінше, балаларды 

ұстап тұратын орындықтарды пайдалану жолаушы-балалардың 

арасында жазатайым жағдайларды төмендетеді екен. Өйткені, 

өткен жылы елімізде мыңдаған бала жол апатының құрбаны 

болған.


- Балаларды ұстап отыратын орындық көлік ішінде міндетті 

түрде болуы керек. Бұл қауіпсіздік үшін. Егер баланың салмағы 

36 келіден асып, бойы 1метр 35 см-ді құраса, онда ол балаларды 

арнайы орындыққа отырғызудың қажеті жоқ. Осындай талапқа 

сай келетін бала қауіпсіздік белдемшесін тақса да болады, - дейді 

қр ІІм Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы қанат 

Сәдуақасов.

Өсек айтсаң, құрыдың

2015  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  жаңа  қылмыстық, 

қылмыстық  іс  жүргізу,  қылмыстық  атқару  және  Әкімшілік 

құқықбұзушылық туралы кодекстер заңды күшіне енді. Жаңа 

қылмыстық кодекске сәйкес қауесет таратқан адамдар қылмыстық 

жауапкершілікке тартылатын болады. қылмыстық кодекстегі 

«Жалған  мәлімет  тарату»  деп  аталатын  бапта  ең  ауыр  жаза 

ретінде 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Нақтылап айтсақ, БАқ-тар немесе әлеуметтік желілер арқылы 

өсек таратқан адамға 5 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 

айыппұл  салу,  тура  осындай  көлемде  түзету  жұмыстарына 

жіберілу, бас бостандығынан 2 жылдан 5 жылға дейін шектелуі 

немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар, 

жаңа технологияны пайдалана отырып, лаңкестік және экстремизм 

көрінісін, радикал идеологияны таратуға жауапкершілік қатаңдай 

түсті. Ендігіде шетелдердегі қарулы қақтығыстарға қатысқан адам 

қылмыстық жазаға тартылады, бұл туралы бапта 3 жылдан 7 жылға 

дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.



дайындаған Ерман ӘБдиЕв

құрақ көрпе

8

//    «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №1 (1236), 7 ҚАңТАр 2015 Жыл   //



   

 

 

 бе

та

ш

ар

ғ

а

 

ұл

а

с

Қ

ан 

Жа

ңа

 

Жыл

Желідегі Жазбалар

Сезімге арбалған Аяз ата

Жалпы, жаңа жыл десе жанып түсем. Жаңа жыл менің 

жарым секілді. Аяз ата - ақкөңіл атам, ал ақшақар - мәңгілік 

махаббатым. Қазіргі қазақтар қиқулап жүргендей, олардың 

ұлтында, дінінде, түрінде менің шаруам жоқ! Жаңа жыл - 

жақсылықтың жаршысы. Жаңа жыл біздің балаң ойымызда 

осылай қалған. Жаңа жыл - ностальгия!

Сегізінші сыныпта жүргенде Аяз ата болдым. Ақшақар - 

бізден екі сынып төмен оқитын Торғын деген қыз. Ой, өзі де Торғын 

десе, Торғын еді-ау! Оның ойында ештеңе жоқ, келіп қолтығымнан 

ұстағанда, дәп бір ток ұрғандай денем дір ете қалды. Жігіттік 

желікті қойсаңшы бұл. Аяз ата екенім естен шығып, «свиданияда» 

жүргендей тақала түсемін. Сыртынан көзім түсіп жүруші еді, 

құдай қосты деген осы! Торғынға бірдеңе айтқым келеді, бірақ 

тілді құдай байлап тұр. Аяз ата болмасам, сөйлемек тұрмақ, 

Торғынға жақындау қайда-а-а?!! Жаңа жыл қалды жайына. Бар 

ойым - Торғынның төңірегінде тентіреп жүр...

- Аяз ата! Аяз ата! – деген дауыстан әрең дегенде, селт 

етіп есімді жидым. Сөйтсем, Торғынның жанында емес, 

вальс билегендей алдына тұрып алып, көз алмай келе жатыр 

екенмін ғой. Оқушы балақандар мені ду қол шапалақпен бір елдің 

пірезиденті келгендей қарсы алып тұр. Өзім де ханнан кем емеспін 

ғой. Көңіл жайлауда, көз байлауда! Өміріме дән ризамын. Неткен 

бақытты шақ! Тақылдап тақпақ айтып, өкіртіп өлең айтып 

балапандар да мәз! Айтқанына айтқандай сый үлестіріп, өзімше 

мен де мырзамын! Бір кезде біреу шапанымнан жай ғана тартады. 

Қарасам, бірінші сыныпта оқитын өзімнің туған інім! Мені танып 

қойыпты.

- Маған «пәдәркі» бермейсің бе? - дейді.

- Қазір, - деп дорбамды ақтарсам, түк қалмапты. Торғынның 

тылсымына арбалып жүріп, сыйлықтың бәрін тауысып 

тастаппын ғой. Ай, сондағы ұялғаным-ай... 

 Жаңа жылды ойласам Торғын есіме түседі де, қазірге шейін 

бетімнің оты шығады. Ал Торғынды ойласам, Жаңа жыл есіме 

түседі... Сол қызды ұмыту мүмкін емес обшым. Ол қызды ұмыту 

үшін, жаңа жылды тойламау керек қой! Ал Торғын көз алдымда 

мөлдіреп тұрады да қояды...



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет