2015 жыл, сәрсенбі



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата01.01.2017
өлшемі6,71 Mb.
#952
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Рабиға аШиРОва,                                      

Мемлекеттік тілді оқыту                 

орталығының оқытушысы

«Нұрлы  Жол  -  болашаққа  бастар  жол» 

деп  аталатын  бұл  Жолдауда  дағдарыс 

жағдайында халықтың әлеуметтік ахуалын 

түзеп, ел экономикасын әлсіретпеу көзделген. 

Жолдауда халықты қуантқан жағдай баспа-

на  мәселесі.  Пайыздық  несиелері  төмен, 

бастапқы  жарналары  төленбейтін  жаңа 

бағдарлама іске қосылатын болды. Бұрынғы 

бағдарламаларға қарағанда, бұл бағдарлама 

қол жетімді және тиімді. Елбасы елдің ішкі, 

сыртқы  мәселелерін  жетік  білгендіктен 

жыл  сайын  қазақстандықтардың  тұрмыс 

жағдайын  жақсартуға  көп  көңіл  бөлуде. 

Біздегі халықтардың  ұлтаралық, дінаралық  

достастығы  өзге  елге  қарағанда  жоғары. 

Келер жылы «қазақстан халқы Ассамблеясы 

жылы»  деп  аталды.  Бұл  бірнеше  жылдар 

бойы  бауырмалдық  пен  достық  сезімге 

тәрбиеленген  қазақстандықтар  үшін  өз 

жемісін беруде. Еліміздің басты құндылығы 

елдегі бейбітшілік пен бірлік, экономикалық 

тұрақтылық,  этносаралық  татулық, 

адамдардың  қауіпсіздігі  және  олардың 

еңбекпен қамтамасыз етілуі, барлығы  елдегі 

тыныштыққа тәуелді екенін ұмытпауымыз 

керек.  Сонымен  қатар,  қазақ  халқы 

Ассамблеясының 20 жылдығы  мен қазақстан 

мемлекетінің түпқазығы қазақ хандығының 

550  жылдығы  мерекелерін  қазақстандық 

патриотизмді  қалыптастыру  бағытында 

ұйымдастыру туралы ойлары  да өте жақсы.  

Сондай-ақ,  Жолдауда әр жыл сайын Ұлттық 

қордан 3,5 млрд. доллар бөлініп, экономи-

каны дамытуға жұмсалатынын айтты.  Осы  

қаржыны ел игілігіне  тиімді пайдаланып, 

дағдарыстан  қиындықтарға  ұрындырмай 

алып шығудың жолдарын айқындап, басым 

бағыттарын белгілеп берді. Орта және шағын 

бизнеске  қарастырылатын  жеңілдетілген 

несиелер, 2014-2015 жылдарға негізделген 

жұмыспен қамту бағдарламалары, тұрғын 

үй-коммуналдық  саласын  жетілдіру,                                                             

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі үшін са-

лынатын жаңа кешендер сияқты ел экономи-

касы мен саяси тұрақтылығы үшін маңызды 

тапсырмалар қарастырылды. Ұлттық қордан 

алынған  әрбір тиын есептеліп, өз орны-

мен    жұмсалған  жағдайда  ғана  Елбасы 

ұсынып отырған «Нұрлы жолдың» үдесінен 

шығамыз. Бүгінгі еліміз бағыт ұстап отырған 

«мәңгілік ел» болудың жолында еңбек ету 

жастардың қолында, аға ұрпақтың қолымен 

жасалған  құндылықтарды  сақтай  білуге 

әрбір қазақстандық азамат ретінде атсалы-

суымыз қажет деп ойлаймын.



Хан – шаңыраҚ,

ХалыҚ – уыҚ

g

 Қазақ хандығын қай хан қанша уақыт басқарды? Ел 



билігіне кімнен кейін кім келді? Оқырман көкейіндегі 

осындай сұрақтарға жауап беру мақсатында қазақтың 

өткен тарихына ат басын бұрып, сырғыған сын сағатта 

қалың бұқараға елтұтқа бола білген тұлғаларымызға 

жеке-жеке тоқталуды жөн көрдік. Тарихи деректер 

бойынша сонау қазақ империясының эволюциясында 

отыз екі хан билік құрса, осы атаулы тізімнің басын-

да сегіз жыл (1465-1473 жылдары) қазақ хандығын 

басқарған Керей хан тұр. Ал, алғашқы қазақ ханынан 

кейін билік құрған тұлғаларымыз жайлы деректерді 

газетіміздің келесі сандарынан оқи аласыздар.

зерде


4

//    «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №1 (1236), 7  ҚАңТАр  2015 Жыл   //

Керей хан Кирай, Гирей (туған, өлген жылы 

белгісіз  –  15  ғасырдың  70-жылдарының 

бас  кезі)  –  қазақ  хандығының  негізін 

қалаушы  ұлы  екі  тарихи  тұлғаның  бірі, 

алғашқы қазақ ханы. Ақ Орда ханы Орыс 

хан, Орыстың (Өріс) ұрпағы. Орыс хан-

нан Тоқтақия, одан Болат, одан Керей хан 

тараған. “Тауарих-и гузида-йи нусратнаме” 

дерегі  бойынша  Керей  хан  –  Болаттың 

жалғыз  баласы.  15  ғасырдың  ортасына 

дейінгі тарихи оқиғаларда Керей хан ту-

ралы мәліметтер кездеспейді. мұхаммед 

Хайдар  Дулатидың  “Тарих-и  рашиди” 

атты еңбегінде Керей хан туысы Жәнібек 

ханмен бірге 15 ғасырдың 50-жылдарының 

аяғында  қазақ  хандығының  құрылуына 

қатысты  оқиғаларда  алғаш  рет  атала 

бастайды. Онда Керей хан мен Жәнібек 

ханның Әбілхайыр хандығынан бөлініп, 

моғолстанның  батысындағы  Шу  бойы 

мен  қозыбасы  өңірі  аралығына  келіп 

қоныстанғаны  туралы  баяндалады.  Бұл 

аймақ  –  сол  жылдардағы  моғолстан 

билеушісі Есенбұға хан мен оның туған 

ағасы Жүніс хан иеліктерінің арасы болды. 

мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и раши-

ди» атты еңбегінде былай дейді: Ол кезде 

Дешті қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. 

Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға 

күн  көрсетпеді.  Нәтижесінде  Жәнібек 

хан мен Керей моғолстанға көшіп барды. 

Есенбұға  хан  оларды  құшақ  жая  қарсы 

алып, моғолстанның батыс шетіндегі Шу 

мен қозыбас аймақтарын берді. Олар ба-

рып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние 

салды  да,  өзбек  ұлысының  шаңырағы 

шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. 

Оның  үлкен  бөлігі  Керей  хан,  Жәнібек 

ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына 

жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. 

қазақ  сұлтандары  870  жылдары  (1465-

1466) билей бастады…



Билік жылдары

Соңғы  жылдары  ғылыми  айналымға 

енгізілген  аңыз  мәліметтері  бойынша                

Керей хан мен Жәнібек хан қол астындағы 

ру-тайпалармен 1457 жылдың күзінде Шу 

өңіріне  көшіп  келген.  Ал  1458  жылдың 

көктемінде  Керейді  хан  етіп  көтерді.                      

Керей хан мен Жәнібек ханның бөлінуімен 

Көшпелі  өзбектер  мемлекетінде  ыдырау 

процесі басталады. Әбілхайыр ханға нара-

зы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары 

Керей хан мен Жәнібекке келіп қосылады. 

Аз  уақыт  ішінде  қазақ  хандығындағы 

халықтың саны 200 мыңнан асып кетеді. 

Керей хан мен Жәнібек ханның арқасында 

Есенбұға хан ағасы Жүніске қарсы күресте 

сенімді, әрі мықты одақтас табады. Жүніс 

1461-62 жылы Есенбұға хан қайтыс болғанға 

дейін, моғолстан тағына қарсы ешқандай 

әрекет жасай алмайды. 1461/62–1469 жыл-

дары  моғолстан  ханы  Досмұхаммедтің 

мәнсіз, мағынасыз жүргізген саясаты сал-

дарынан Керей хан Жүніске қолдау көрсете 

бастайды. Ақыры, 1469 жылы Досмұхаммед 

хан қайтыс болғаннан кейін, моғолстандағы 

билік басына еш қиындықсыз Жүніс хан 

келеді. Керей хан тұсында негізі қаланған 

қазақ-моғолстан қатынасы 16 ғасырдың 

30-жылдарына  дейін  достық,  бейбіт  си-

патта болады. Әбілхайыр хан Керей хан 

мен  Жәнібек  хан  ықпалының  күшейе 

бастағанынан қауіптеніп, оларды дер кезінде 

талқандау мақсатымен 1468/69 жылы жорық 

ұйымдастырады. Жорық кезінде Әбілхайыр 

хан ауырып, қайтыс болады да, әскері кейін 

оралады.  Көп  ұзамай  Көшпелі  өзбектер 

мемлекетінде билік үшін талас-тартыс ба-

сталып кетеді. Кешегі Әбілхайыр ханның 

қарсыластары – Ахмет пен махмұт хандар, 

ноғай  мырзалары  мұса  мен  Жаңбырлы, 

Сібір  ханы  Ибақ,  шайбанилық  Берке 

сұлтан  және  қазақ  хандары  Әбілхайыр 

ханның мұрагері Шайх Хайдар ханға қарсы 

шығады. “Тауарих-и гузида-йи нусратнаме” 

дерегінде  қазақ  хандары  ретінде  Керей 

хан мен Жәнібектің есімдері аталса, “Фат-

хнама”, “Шайбанинаме” деректерінде тек 

қана Жәнібек ханның есімі кездеседі. Де-

генмен, Керей хан есімі тарихи деректерде 

соңғы рет 1472 – 73 жылдары, Жүніс хан 

ордасына Бұрыш оғлан деген сұлтанның 

шабуыл  жасауына  байланысты  аталады. 

Соған қарағанда, Керей хан 1470 жылдың 

бас кезінде қайтыс болған. Аңыз бойынша                                                                                         

Керей хан қазақ хандығын 10 жылдай биле-

ген және Хан тауы етегінде жерленген. Керей 

ханның қандай жағдайда, қай жылы қайтыс 

болғандығы жөнінде нақты мәліметтер жоқ. 

Керей  ханның  үш  баласы  болды.  Олар: 

Бұрындық  хан,  қожа-мұхаммед  және 

Сұлтан Әлі. Олардың ішінде 30 жылдан 

астам қазақ хандығын билеген Бұрындық 

ханнан  соң  тақ  билігі  түпкілікті  түрде 

Жәнібек  ханның  ұрпақтарының  қолына 

өтеді. Керей ханның қалған екі ұлы жөнінде 

деректер  кездеспейді.  Керей  хан  есімі 

тарихи  деректерде  соңғы  рет  1472—73                                                                               

Сырдария  жағасындағы  қалалар  үшін 

моғолстан ханы Жүністің ордасына Бұрыш 

сұлтанның  шабуыл  жасаған  кездерінде 

айтылады.  Тарихи  материалдарда  Керей 

ханның хандық билікті ұлы Бұрындыққа 

бергені  туралы,  Керей  ханның  Өзбек 

ұлысын басқарған кезеңі, оның тағдыры қай 

уақытта, қандай жағдайларда қаза болғаны 

туралы нақты мәліметтер көрсетілмеген. 

Керей хан 1472—73 жылдары оқиғалардан 

кейін  қайтыс  болған  деп  есептеледі. 

Әбілхайыр хан өлгеннен кейін, хан тағы 

үшін  болған  өзара  қырқысулар  Дешті-

қыпшақта өрши түсті, оған туған жерге 

оралуды  көздеп  жүрген  Жәнібек  хан 

мен  Керей  хан  да  араласып  кетті.  Олар 

Әбілхайыр мұрагері Шейх-Хайдар ханмен 

кескілескен шайқасқа түсті. Өз әміршілері 

тарапынан  ешқандай  көмек  ала  алмаған 

Шейх-Хайдар билік үшін күресте жеңіліске 

ұшырады. Бұдан кейін Дешті-қыпшақтағы 

билік Орыс ханның тұқымдары — Жәнібек 

хан мен Керей ханның қолдарына өтті, олар 

тағы да отыз жыл бойы шайбанилықтармен 

табан тіресе шайқасты. Биліктің Орыс хан 

тұқымдарының қолына өтуі де «Көшпелі 

өзбектер мемлекетіндегі» саяси жағдайды 

өзгерткен  жоқ.  Дегенмен,  бұл  оқиға 

«Көшпелі  өзбектер  мемлекеті»  атының 

Дешті-қыпшақ болып өзгеруіне ықпал етті. 

Бір кездері моғолстанға қоныс аударған 

адамдар Өзбек ұлысында «қазақтар» деп 

атала бастады және бұл атау бүкіл хандыққа 

тарай бастады. 

дайындаған                                          

Нұржан СЕРіКХаНұлы


маҚсат – айҚын, 

міндет – зор

g

 Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен 2013 жылғы 18 қазанда өткен 



«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV съезінде «Нұр Отан» партиясының 

басты құжаты, жаңа саяси Доктринасы қабылданып, алдағы онжылдықтағы 

міндеттері нақтыланды.«Күнімізді шуақты ете түсу үшін елімізді қуатты 

ету - барлығымыздың ортақ парызымыз. Елімізді әлемнің ең қуатты 30 

елінің қатарына қосу – алдымыздағы үлкен, ұлы мақсат» деп,  құжаттың 

негізгі маңызын партия Көшбасшысы өз сөзінде атап көрсетті. Ал, өткен 

жылы Қазақстан халқына арнаған кезекті «Нұрлы Жол – болашаққа бастар 

жол» атты жаңа Жолдау Доктринада көрсетілген Қазақстан дамуының жаңа 

экономикалық стратегиясы. 

Нұржан КалЕНдЕРОв,                                          

Тараз қаласының әкімі

Өйткені,  онда  барлық  даму  бағыттарына 

назар  аударылып,  аса  маңызды  тапсырмалар 

берілді.  Жолдау  партияның  Тараз  қалалық 

филиалының ХІІІ есеп беру-сайлау конферен-

циясында және 62 бастауыш партия ұйымында 

талқыланып, «дөңгелек үстел» отырыстары мен 

кездесулер ұйымдастырылды.  қала бойынша 

5 ақпараттық топ 20 ірі мекемелерде 2500-нан 

аса адамды қамтыған түсіндіру жұмыстарын 

жүргізді. Бұқаралық ақпарат құралдарында 31 

материал жарияланып, теледидардан 27 сюжет  

көрсетілді.  Облыс  орталығында  26  баннер, 

4  шағын  архитектуралық  форма  орнатылды. 

Елбасы  көліктік  инфрақұрылыммен  қатар, 

әлеуметтік маңызы зор, бүкіл экономикамыздың 

күретамыры болатын энергетикалық, кіші және 

орта кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй, әлеуметтік, 

тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық 

инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойын-

ша нақты бағдарламалар ұсынды.  Жолдауда 

көрсетілген жеті  бағдарламадан  туындайтын 

міндеттерді  жүзеге  асыру  бойынша  нақты 

тоқталып өткім келіп отыр. «Нұр Отан» партиясы 

құрылған алғашқы күндерден-ақ тың бастамалар 

көтеріп, ел тағдыры үшін жауапты шешімдердің 

қабылдануына  тікелей  ұйытқы  болуда.  «Нұр 

Отанның» сөзі ісі мен сәйкес келіп, бірқатар 

міндеттерді орындадық.

1.Индустриялық инфрақұрылымдарды да-

мыту бойынша: 

Үдемелі индустриялық - инновациялық даму 

бағдарламасы  аясында Тараз қаласында Инду-

стрияландыру картасына жалпы құны 41 млрд. 

309 млн. теңгені құрайтын 14 инвестициялық 

жоба еніп, қосымша 2 мың жаңа жұмыс орын-

дары ашылды. Бағдарлама қабылданғалы бері 

(төрт жыл аралығында) Тараз қаласында 11 жоба 

пайдалануға берілді. («құрылыс-Полимер», «Та-

раз құбыр зауыты» және «қазфосфат» ЖШС-рі 

және т.б). Олардың жалпы сомасы 35,5 млрд. 

теңгені  құрап,  1861  жаңа  жұмыс  орындары 

ашылды. 2014 жылы  «Арайстроймаркет-2003» 

ЖШС-і жалпы сомасы 120 млн. теңгені құрайтын 

қуаттылығы жылына 300 мың дана алюминиден 

жасалған радиаторлар шығаратын шағын зауыт 

құрылысында 20 жаңа жұмыс орны ашылып, 

іске қосылды. 

2 0 1 5   ж ы л ы   т а ғ ы   3   жо б а н ы   і с ке 

қ о с у   ж о с п а р л а н ы п   о т ы р .   ( О л а р :                                                                                                                   

1 .   « Ж а м б ы л г и п с »   а к ц и о н е р л і к 

қ о ғ а м ы ,     2 .   « A L I N A - H O L D I N G »                                                                                                  

ЖШС-і, 3. «Полиэтилен-Агро» ЖШС-і). Өткен 

жылы Тараз қаласының әлеуметтік-өнеркәсіп 

өнім  өндірісінің  көлемі  160  млрд.  737  млн. 

теңгені, негізгі капиталға тартылған инвестиция 

көлемі 43 млрд. 164 млн. теңгені, орташа айлық 

көлемі 86 мың 540 теңгені құрады.



2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, 

су және жылумен қамтамасыз ету желілері 

инфрақұрылымдарын жаңғырту бойынша: 

қала бойынша 1084 көпқабатты тұрғын үй бар, 

оның ішінде 650 үйге күрделі және ағымдағы 

жөндеу  жұмыстарын  жүргізуді  қажет  етеді. 

«Тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылығын 

жаңғырту» бағдарламасы нәтижесінде 100-ден 

аса (нақты 106 үй) көпқабатты үй жөндеуден 

өтті.  Алдағы  2015  жылға  1  млрд.  600  млн. 

теңгеге жөндеуді қажет ететін 87 үйдің  жобалық-

сметалық құжаттары дайындалды. Ағымдағы  

жылы    Тараз  қаласының  жолдарын  жөндеу 

жұмыстарына 1 млрд. 800 млн. теңге қаржы 

қарастырылған. Оның ішінде 733,1 млн. теңгеге 

күрделі  жөндеу  жұмыстары  және  1066,9 

млн.  теңгеге  орташа  және  ағымдағы  жөндеу 

жұмыстары жүргізілді. 

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде 

инженерлік  инфрақұрылымын  дамыту  

бағдарламасы арқылы «Арай» тұрғын алқабын 

газбен қамтамасыз етуге 760 млн. 632 мың теңге, 

«қайнар» тұрғын алқабын электр энегриясымен 

және газбен қамтамасыз етуге 175 млн. 423 мың, 

«Ақжол» тұрғын алқабын электр энегриясымен 

және  газбен  қамтамасыз  етуге  104  млн.  272 

мың,  «мичуринец»  тұрғын  алқабын  электр 

энегриясымен және газбен қамтамасыз етуге 

78  млн.281 мың  теңге, облыстық бюджеттен 

қосымша қаржыландыруға 239 млн. 843 мың 

теңге жоспарланды.

И н ж е н е р л і к - к о м м у н и к а ц и я л ы қ 

инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы бой-

ынша «Арай» тұрғын алқабындағы 14 га тұрғын 

үй кешеніне насос станциясының құрылысын 

салуға  162  млн.  446  мың  теңге  және  осы 

алқабтың магистральді электрмен қамтамасыз 

ету желілерінің құрылысын салуға 102 млн. 65 

мың теңге қаралады.

Сумен  жабдықтау  жүйе сін  дамыту 

бағдарламасы аясында «Арай» тұрғын алқабында 

су құбыры желісінің құрылысын салуды аяқтауға 

1 млрд. 19 млн. 450 мың теңге ескерілді.

Коммуналдық  шаруашылықты  дамыту 

бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен 

«Төрткүл» алқабын электрмен қамтамасыз етуді 

қайта жаңғырту нысанын аяқтауға 68 млн. 249 

мың теңге қаралды.



3. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту 

бағыты бойынша: 

«қолжетімді тұрғын үй - 2020» мемлекеттік 

бағдарламасын іске асыру мақсатында, Тараз 

қаласы бойынша 2014 жылға республикалық бюд-

жеттен жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 

1160,0 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 163,827 

млн.теңге қаражат бөлінді.

«Бәйтерек» мөлтек ауданынан кезекте тұрған 

жанұяларға 75 пәтерлі 2 тұрғын  үй пайдалануға 

берілді. Сонымен қатар, аталған мөлтек ауданда 

3 тұрғын үй нысанының құрылыс жұмыстары 

жүргізілуде.  Несиеге  берілетін  тұрғын  үй 

құрылысына «Тұрғын Үй құрылыс Жинақ Банк» 

құрылымы арқылы республикалық бюджеттен  

мәңгілік ел

5

//    «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №1 (1236), 7 ҚАңТАр 2015 Жыл   //



573,5  млн.  теңге  қаражат  бөлінді.  «Бәйтерек» 

мөлтек  ауданындағы  65  пәтерлі  тұрғын  үйдің 

құрылысын аяқтауға қосымша 105,4 млн.теңге 

қаржы бөлініп, ағымдағы жылдың маусым айында 

пайдалануға берілді. Аталған мөлтек ауданында 

тағы да бір 65 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы 

жүргізілуде.  «Арай»  тұрғын  алқабынан  не-

сиеге берілетін екі 65 пәтерлі тұрғын үйлердің 

құрылысына 303,9 млн. теңге бөлінді. Нысандар 

2015 жылы пайдалануға беріледі. мемлекеттік 

коммуналдық  тұрғын  үй  қорының  тұрғын 

үйлерін салуға 861 млн. 870 мың теңге: оның 

ішінде жергілікті атқарушы органдарда кезекте 

тұрғандарға «Арай» тұрғын алқабының 14 га жер 

теліміндегі тұрғын жай кешенінде 75 пәтерлі 2 

тұрғын үй құрылысын салуға 452 млн.теңге, жас 

отбасылар үшін «Бәйтерек» мөлтек ауданында 75 

пәтерлі үш  түрғын-үй салуға 409 млн. 870 мың 

теңге бөлінді. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі 

арқылы тұрғын үйді жобалауға, салуға және (не-

месе) сатып алуға – 1 млрд. 445 млн.701 мың теңге 

қарастырылды. 



4.Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту 

бағыты бойынша: 

2014 жылы білім бөліміне барлығы 14 млрд. 

теңге  қаражат  қарастырылды.  2014  жылы 

облыстық  және  жергілікті  бюджет  есебінен  5 

мектепке (№25, 26, 35, 40, 45)  күрделі жөндеу 

жұмыстарына 387,2 млн. теңге бөлініп, жұмыстар 

толық  аяқталды.  Сондай-ақ,  ағымдағы  жылы 

бюджеттен бөлінген 227,5 млн. теңгеге 30 мектеп, 

17 балабақшаның ағымдағы жөндеу жұмыстары 

жүргізілді. «құмшағал» алқабындағы №19 мек-

теп  бүгінгі  күнге  үш  ауысымда  білім  беруде. 

Бұл мәселені шешу үшін сол алқаптан жаңадан 

бой көтеретін мектептің жер телімі анықталып, 

жобалау  сметалық  құжаттары  дайындалып, 

келесі  жылы  бюджеттен  қаржы  бөлінгеннен 

кейін құрылысы басталатын болады. «Жұмыспен 

қамту - 2020» жол картасы бойынша №10 және                                                                                                                

м а л о г в а р д е й с к а я   м е ке н   ж а й ы н д а ғ ы 

балабақшалардың күрделі жөндеу жұмыстарына 

415,7  млн.  теңге  қаражат  бөлініп,  малогвар-

дейская  мекен  жайындағы  балабақша  қазан 

айында пайдалануға берілсе, № 10 балабақша  

Тұңғыш Президент мерекесі қарсаңында бала-

лар  үшін  есігін  қайта    ашты.  Сонымен  қатар, 

№42 орта мектептің күрделі жөндеу жұмысына 

облыстық,  республикалық  бюджеттен  87,7 

млн.  теңге  қаражат  қарастырылып,  жөндеу 

жұмыстары жүргізілді. қала бойынша 3-6 жас 

аралығындағы  мектепке  дейінгі  тәрбие  және 

оқумен қамтылған балалардың саны 14245 болып,  

қамтылу көрсеткіші 77,6 % құрады. Осы мәселені 

шешуге мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы 

аясында 2014 жылы 1500 орын ашу жоспарланса, 

есепті кезеңде 1513 орын ашылды. 2015 жылы 2 

мемлекеттік және 3 жеке кәсіпкерлермен бірлесе 

отырып,  серіктестік  негізінде  1  балабақша 

(барлығы 1070 орын) ашу жоспарланып отыр. 

қазіргі  таңда  «Бәйтерек»,  мөлтек  ауданынан 

және «Арай» тұрғын алқабында 280 орындық 

балабақша құрылыстары жүргізілуде.



5.  Шағын  және  орта  бизнес  пен  іскерлік 

белсенділікті қолдау: 

Тараз  қаласында  кәсіпкерлікті  дамытуда  

бірталай  жетістіктерге  қол  жетті.  мәселен, 

2014  жылдың  1  желтоқсанына  статистика 

басқармасының есебі бойынша Тараз қаласында  

4592  кәсіпорын  тіркелген,  оның  ішінде  4517 

бірлік шағын, 75 бірлік орта кәсіпорын.  Жұмыс 

жасайтындары барлығы 2419, оның ішінде 2344 

шағын,  75  орта  кәсіпорын.  1282  кәсіпкерлік 

тұлғалары белсенді жұмыс істейді, оның ішінде 

шағын  1209  бірлік,  орта  73  бірлікті  құрайды. 

Жеке  кәсіпкерлік  қызметін  кеңейтуге,  өз  ісін 

ашуға ниет білдіруші азаматтарға шағын несие 

берумен    «KazMicroFinance»  микрокредиттік 

Ұйым» ЖШС-і  қорының Тараз филиалы  айна-

лысады. Олар 2014 жыл басынан қараша  айын  

қосқанда   1млрд. 224 млн. 395 мың  теңгеге  4352  

несие берді. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 

ғимарат,  құрылым,  өндірістік  жай,  пәтерді 

өндірістік қызметтерге, жертөлелерді қайта жо-

балау жөніндегі жеңілдіктер жалғасуда, 2014 жыл 

басынан қараша айын қосқанда 924,63 шаршы 

метр алаңда  16 пәтерді  нотариалдық  кеңсе, 

шаштараз,  тіс  емдеу  кабинеті,    кеңсе  ретінде 

қайта жобалауға рұқсат берілді. Шағын бизнес 

объектілері және дүкендер, кафе құрылысы мен  

кәсіпкерлік қызметімен айналысу үшін   жеке 

және  заңды  тұлғаларға  уақытша  өтеулі  жер 

пайдалану  құқығы  (жалға)  және  жеке  меншік 

құқығына кәсіпкерлік үшін жер учаскесін беру 

туралы 2014 жыл басынан желтоқсан айына дейін 

65 қаулысы қабылданып, ұзартылған   1088  жер 

телімі берілді, көлемі  722,6134 га. «Бизнестің 

жол  картасы  -  2020»  бағдарламасы  бойынша                                                                                 

Тараз қаласында 2010 жылы (алғашқы жыл) 76,8 

млн.теңгеге 1 жоба қаржыландырылған болса, 

2014 жыл барысында - 68 жоба  4910,7 млн.теңгеге  

қаржыландырылды.

қазақстан  республикасының  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа ба-

стар жол» Жолдауынан туындайтын міндеттерді 

қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүйелі 

түрде жүргізілуде. Біз көздеген мақсат – айқын, 

міндет  -  зор.  Ендеше,  оны  жүзеге  асыру  - 

әрбіріміздің азаматық парызымыз. Бұл бағыттағы 

жұмыстар ағымдағы жылы да өз жалғасын таба-

тын болады.


тұғыр

6

//    «ЖАМБыл - ТАрАз»  //  №1 (1236), 7 ҚАңТАр 2015 Жыл   //




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет