2015 жылғы мамырда Министрлер конференциясында мақұлданған


 Сыртқы бағалау жүргізетін сарапшылар



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата24.03.2017
өлшемі0,82 Mb.
#10368
1   2   3

2.4 Сыртқы бағалау жүргізетін сарапшылар 

 

Стандарт: 



Сапаны  сыртқы  қамтамасыз  ету  рәсімі  құрамында  студентті  (-терді) 

топ мүшесі ретінде қамтитын сыртқы сарапшылар тобымен жүргізілуі 

керек. 

 

Нұсқаулық: 

Сапаны сыртқы қамтамасыз етудің өзегінде кең шоғырлы білім мен оқу 

орындарының, 

профессор-оқытушылар 

құрамының 

(академиктердің), 

студенттер мен жұмыс берушілердің/кәсіби-тәжірибешілердің ұсынған түрлі 



20 

 

көзқарастары арқылы агенттік жұмысына үлес қосатын сарапшылар тобының 



тәжірибесі жатыр. 

 

Сарапшылар жұмысының сапасы мен біркелкілігін қамтамасыз ету үшін 



сарапшылар іріктеу мен оқыту процестерінен келесідей түрде өтеді: 

 



сарапшыларға мұқият іріктеу жүргізіледі; 

 



тиісті  дағдылары  және  өз  міндеттерін  орындауға  құзыреттілігі  бар 

сарапшылар таңдалады; 

 

сарапшыларға тиісті оқыту және/немесе брифинг өткізіледі. 



 

Агенттік  мүдделер  жанжалы  болмау  тетігін  жүзеге  асыра  отырып, 

сарапшылардың тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.

  

 



Сапаны сыртқы қамтамасыз етуде сыртқы сарапшылар тобының мүшесі 

ретінде  шетелдік  сарапшыларды  тарту  абзал,  өйткені  бұл  бағалау 

процестерінің дамуы мен жүзеге асырылуына тың серпіліс береді. 

 

2.5 Шешімдерді қабылдау критерийлері 



 

Стандарт: 

Сапаны  сыртқы  бағалау  нәтижесінде  қабылданған  барлық  шешімдер 

мен қорытындылар ресми шешім қабылдауға алып келеді ме, жоқ па 

соған қарамастан, тиісті түрде қолданылатын анық және жарияланған 

критерийлерге негізделуі керек. 

 

 

Нұсқаулық: 

Сапаны  сыртқы  қамтамасыз  ету  рәсімі,  әсіресе  ресми  шешімдерді 

қабылдауға қатысты бағалау объектілері болып табылатын, оқу орны қызметі 

мен бағдарламаларды жүзеге асыруға елеулі ықпал етеді.  

 

Әділдік пен сенімділік тұрғысынан сапаны сыртқы қамтамасыз етудің 



нәтижелері  біркелкі  түсіндірілетін  және  нақты  фактілерге,  алдын-ала 

белгіленген  және  жарияланған  критерийлерге  негізделуі  керек.  Сапаны 

сыртқы  қамтамасыз  ету  рәсімдеріне  байланысты  бағалау  нәтижелері  түрлі 

формаларда, мысалы ұсынымдар, ұсыныстар немесе ресми шешімдер түрінде 

қабылдануы  мүмкін. 

 

2.6 Есеп 

 

Стандарт: 

Сарапшылардың  есептері толық көлемде жарияланған, академиялық 

қауымдастыққа,  сыртқы  серіктестер  мен  басқа  мүдделі  тұлғаларға 

түсінікті және қолжетімді болуы керек. Егер агенттік есептер негізінде 

ресми шешім шығаратын болса, онда шешім есеппен бірге жариялануы 

керек.

 


21 

 

Нұсқаулық: 

Сарапшылардың есебі оқу орнының сыртқы бағалаудан кейінгі жүзеге 

асыратын  шараларына  негіз  болады,  сонымен  қатар  оқу  орнының  қызметі 

туралы  қоғамға  ақпарат  береді.  Есеп  жүзеге  асырылатын  әрекеттерге  негіз 

болуы үшін, ол  құрылымы мен тілі жағынан түсінікті әрі нақты болуы және 

төмендегілерді қамтуы керек: 

 



 

жағдайдың  сипаттамасы  (жоғары  оқу  орнына  арнайы  контексте  өз 

орнын анықтауға көмектесу үшін); 

 



жекелеген  рәсімдердің,  оның  ішінде  сарапшылардың  қатысуымен 

сипаттамасы; 

 

дәлелдер, талдау және анықталған нәтижелер; 



 

қорытындылар; 



 

оқу орны қолданатын оң тәжірибесінің мысалдары; 



 

кейінгі қызмет әрекеттеріне қатысты ұсынымдар. 



 

Сонымен  қатар,  ықшамдалған  есепті  дайындаудың  пайдасы  болуы 

мүмкін.  Оқу  орнына  есепті  дайындау  аяқталғанға  дейін  сыртқы  бағалаудың 

осы есебіне өзгерістер енгізу мүмкіндігі беріледі.  

 

2.7 Шағымдар мен апелляциялар 

 

Стандарт: 

Шағымдар  мен  апелляцияларға  беру  рәсімдері  сапаны  сыртқы 

қамтамасыз  ету  процестерінің  регламенті  ретінде  анықталып,  оқу 

орындарының назарына жеткізілуі тиіс. 

 

 

Нұсқаулық: 

Оқу орындары құқықтарын қорғау және әділ шешім шығару процестерін 

қамтамасыз ету мақсатында сапаны сыртқы қамтамасыз ету ашық және есеп 

берушілік түрінде жүргізіледі. Дегенмен, түсінбестік немесе процеске немесе 

ресми нәтижелерге қанағаттанбау жағдайлары орын алуы мүмкін.   

 

 

Оқу  орындары  алаңдаушылық  тудыратын  мәселелерді  агенттікте 



көтеруге мүмкіндік беретін процестер қолжетімді болуы керек; агенттіктер өз 

кезегінде  мұндай  мәселелерді  нақты  анықталған,  дәйекті  қолданылатын 

процестің көмегі арқылы кәсіби жолмен қарастыруы керек.

 

 



 

Шағымдарды  қарастыру  рәсімі  оқу  орнына  процесті  жүзеге  асырған 

тұлғалардың  бағалауына  немесе  әрекеттеріне  өздерінің  келіспеушілігін 

білдіруге мүмкіндік береді.  

 

 

Апелляция  рәсімінде  жоғары  оқу  орны  процестің  ресми  нәтижелерінің 



нақты  дәлелдерге  негізделмегені,  сонымен  қатар,  критерийлердің  дұрыс 

қолданылмағаны  немесе  процесс  тиісінше  жүргізілмегені  туралы  мәселені 

көтереді. 


22 

 

3-бөлім:  Сапаны  қамтамасыз  етудің  агенттіктерге  арналған 



стандарттары мен нұсқаулығы 

 

3.1 Сапаны қамтамасыз етудің қызметтері, саясаты және рәсімдері 

 

Стандарт: 

Агенттіктер  ESG-дің  2-бөлімінде  көрсетілгендей  сапаны  сыртқы 

қамтамасыз  ету  қызметін  тұрақты  жүргізуі  керек.  Олар  жалпыға 

қолжетімді миссиясының бөлігі болып табылатын нақты және айқын 

мақсаттары мен міндеттері болуы керек. Бұл мақсаттар мен міндеттер 

агенттіктің  күнделікті  қызметін  көрсетуі  тиіс.  Агенттіктер  өздерінің 

басқаруы мен жұмысына мүдделі тараптардың қатысуын қамтамасыз 

етуі керек. 

 

 

Нұсқаулық:  

Сапаны сыртқы қамтамасыз ету маңызды болу үшін оқу орындары мен 

қауымдастық тарапынан агенттікке сенім болуы керек. 

 

Сондықтан  агенттіктер  сапаны  қамтамасыз  етудегі  өз  қызметтерінің 



мақсаттары  мен  міндеттерін,  агенттіктер  мен  мүдделі  тараптар,  әсіресе, 

жоғары  оқу  орындары  арасындағы  өзара  әрекеттесуді,  сонымен  қатар, 

агенттіктің  жұмыс  көлемін  қоса    сипаттауы  және  жариялауы  тиіс. 

Агенттіктердің сарапшылар әлеуеті сарапшылар тобына шетелдік мүшелердің 

енгізілуі арқылы жақсаруы мүмкін. 

 

Сапаны  сыртқы  қамтамасыз  етудің  түрлі  шаралары  мақсаттарға  қол 



жеткізу  үшін  агенттіктермен  жүзеге  асырылады.  Олардың  арасында    - 

бағдарламалық  және  институционалдық  деңгейдегі  түрлі  жолдармен  жүзеге 

асырылуы  мүмкін  бағалау,  шолу,  аудит,  аккредиттеу  немесе  басқа  ұқсас 

рәсімдері.  Агенттіктермен  басқа  қызмет  түрлерін  жүзеге  асыруда  сапаны 

сыртқы  қамтамасыз  ету  мен  басқа  сала  қызметінің  арасындағы 

айырмашылықты нақтылау талап етіледі.  

 

3.2 Ресми мәртебе 

 

Стандарт: 



Агенттіктер  өз  қызметін  жүзеге  асыруы  үшін  белгіленген  заңдық 

тіркеуі  болуы  және  сапаны  қамтамасыз  ету  агенттігі  ретінде  ресми 

танылуы керек. 

 

   



Нұсқаулық:  

Жекелей алғанда, сапаны сыртқы қамтамасыз ету рәсімдері нормативті-

құқықтық  базаға  сәйкестігін  анықтау  мақсатында  орындалса,  оқу  орындары 

мұндай  процестің  нәтижелері  жоғары  білім  жүйесінде,  мемлекетте,  мүдделі 

тараптар мен қауымдастықта қабылданатынына сенімді болуы керек. 


23 

 

3.3. Тәуелсіздік 



 

Стандарт: 

Агенттіктер тәуелсіз және автономды қызмет етуі керек. Олар өздерінің 

іс-әрекеттеріне  және осы рәсімдердің нәтижелеріне толық жауап беруі 

тиіс, ресми шешім үшінші тараптың ықпалынсыз болуы керек.

 

 

Нұсқаулық: 

Автономды  оқу  орындарына  серіктес  ретінде  тәуелсіз  агенттіктері 

қажет. 


Агенттіктің  тәуелсіздік  фактісін  анықтау  үшін  келесі  аспектілер 

ескерілуі керек: 

 

агенттік  жұмысының  жоғары  оқу  орындары,  үкімет  және  басқа  да 



мүдделі  ұйымдар  сияқты  үшінші  тараптардан  тәуелсіздігіне  кепіл 

болатын, ресми  құжаттамада айқындалған (мысалы, үкіметтік құжаттар, 

заңнамалық  актілер  немесе  ұйымның  жарғысы)  ұйымдастырушылық 

тәуелсіздік; 

 

қызметтік тәуелсіздік: агенттік рәсімдері мен әдістерінің белгіленуі мен 



қызмет  етуі,  сыртқы  сарапшылардың  кандидатураларын  ұсыну  және 

тағайындау  әдістері  оқу  орындары,  үкіметтік  және  басқа  мүдделі 

ұйымдар  сияқты  үшінші  тұлғалардан  (жоғары  оқу  орындарынан, 

үкіметтен және басқа да мүдделі ұйымдардан) тәуелсіз жүргізілуі; 

 

ресми  нәтижелердің  тәуелсіздігі:  сапаны  қамтамасыз  ету  рәсімдеріне 



сарапшылар  ретінде  түрлі  мүдделі  тараптардың,  жекелей  алғанда 

студенттердің 

қатысатындығына 

қарамастан, 

агенттіктер 

осы 


рәсімдердің қорытынды нәтижелеріне жауапты болады.  

 

Агенттіктер  сапаны  сыртқы  қамтамасыз  ету  процестеріне  қатысқан 



барлық  субъектілер  (мысалы,  сарапшы  ретінде)  агенттікке  жұмыс  істеу 

барысында 

өз 

аттарынан 



жұмыс 

жүргізетіндігі, 

тіпті, 

олардың 


кандидатуралары  үшінші  тараптармен  ұсынылған  болса  да,  өздерінің 

ұйымдарынан  өкілдік  етпейтіндігі    туралы  ақпараттандырылуы  тиіс. 

Тәуелсіздік  кез-келген  рәсімдерді  жүзеге  асыруы  мен  тек  сарапшылық 

бағалаудың негізінде шешім қабылдауды қамтамасыз етуі маңызды.  



 

3.4 Тақырыптық талдау 

 

Стандарт:  



Агенттіктер  өздерінің  сапаны  сыртқы  қамтамасыз  ету  қызметтерінің 

жалпы  нәтижелерін  сипаттайтын  және  талдайтын  есептерін  тұрақты 

жариялауы тиіс. 

 

 

Нұсқаулық: 

 

Жұмыс  барысында  агенттіктер  білім  бағдарламалары  мен  оқу 



орындарына қатысты тұтас жоғары білім жүйесіне құрылымдық талдау жасау 

24 

 

үшін  материалдар  ұсына  отырып,  бір  процестен  тыс  қолданылуы  мүмкін 



ақпарат  алады.  Бұл  материалдар  институционалдық,  ұлттық  және 

халықаралық контекстерде сапаны қамтамасыз ету саясаты мен процестерін 

қайта қарау мен жетілдіруге үлес қоса алады. 

 

 



Бұл ақпаратты мұқият және жете талдау оңды тәжірибенің дамуын, трендтерін 

және салаларын көрсетіп, тұрақты мәселелерді анықтайды.  

 

 

3.5 Ресурстар  

 

Стандарт:  

Агенттіктердің  өз  қызметін  жүзеге  асыруы  үшін  қажетті  және 

жеткілікті адами және қаржылық ресурстары  болуы керек. 

 

 

Нұсқаулық: 

 

Жоғары  білімнің  тұтас  қоғамның  және  жекелеген  тұлғалардың 



дамуындағы маңыздылығын назарға ала отырып, жекелей алғанда, агенттіктің 

жеткілікті 

және 

тиісті 


деңгейде 

қаржыландырылуына 

қоғамның 

қызығушылығы  бар.  Агенттіктердің  ресурстары  оларға  тиімді  және  үнемді 

тәсілмен  сапаны  сыртқы  қамтамасыз  етуді  ұйымдастыруға  және  жүргізуге 

мүмкіндік  береді.  Сондай-ақ,  ресурстар  агенттіктерге  өздерінің  тәжірибесін 

жақсартуға, талдауға және қызметі туралы жұртшылықты ақпараттандыруға 

мүмкіндік береді. 

 

3.6 Сапаны ішкі қамтамасыз ету және кәсіби мінез-құлық 

 

Стандарт:  



Агенттіктердің  өз  қызметтерінің  сапасы  мен  адалдығын  анықтауға, 

қамтамасыз  етуге  және  арттыруға  қатысты  сапаны  ішкі  қамтамасыз 

ету рәсімдері болуы керек. 

 

 

 

Нұсқаулық: 

 

Агенттіктер  мүдделі  тұлғаларының  алдында есеп беруі қажет. Осыған 



байланысты  жоғары  деңгейлі  кәсіби  стандарттар  мен  агенттік  жұмысында 

адалдықты  сақтауын  қамтамасыз  етуі  қажет.  Агенттік  оқу  орындары  мен 

жұртшылыққа ұсынатын қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз етуі үшін өз 

қызметінің талдауы мен жетілдірілуін тұрақты негізде жүзеге асыруы қажет.  

 

Агенттіктердің вебсайттарында қолжетімді сапаны ішкі қамтамасыз ету 



саласындағы саясаты болуы керек. Бұл саясат: 

 



агенттік қызметіне қатысатын барлық тұлғалардың құзыретті болуына 

және  олардың  кәсіби  және  этикалық  тұрғыдан  әрекет  етуіне  кепіл 

болады; 


25 

 



 

агенттік  қызметін  тұрақты  жетілдіруге  жетелейтін  кері  байланыстың 

сыртқы және ішкі тетіктерін қамтиды; 

 



төзбеушілік пен кемсітушіліктің кез-келген түрінен қорғайды; 

 



олар  өздерінің  қызметін  белгілі  бір  ұйымның  құзырында  жүзеге 

асыратын тиісті органдармен  қарым-қатынасты айқындайды

 

егер  сапаны  қамтамасыз  етудің  кейбір  немесе  барлық  элементтері 



қосалқы 

мердігерлерге 

сеніп 

тапсырылған 



болса, 

қосалқы 


мердігерлермен ұсынылған кез-келген қызмет пен материалдар ESG-ге 

сәйкес келетініне кепілдік береді; 

 

агенттікке өздері сапаның сыртқы қамтамасыз ету рәсімдерін жүргізген 



оқу орындарына мәртебе беруге және тануға мүмкіндік береді. 

 

 



3.7 Агенттіктерді циклдік сыртқы бағалау 

 

Стандарт: 

Агенттіктер өз қызметтерінің ESG-мен сәйкестігін растау үшін әрбір бес 

жылда кемінде бір рет мерзімдік сыртқы бағалаудан өтуі тиіс. 

 

 

Нұсқаулық: 

Мерзімдік  сыртқы  бағалау  агенттікке  өзінің  саясаты  мен  қызметін 

талдауға  көмектесетін  болады.  Ол  агенттік  пен  оның  мүдделі  тараптарына 

ESG-де белгіленген принциптерді ұстануын жалғастырып отырғандығына көз 

жеткізуге мүмкіндік береді. 

 

 

 



 

 

 



26 

 

ІІІ Қосымша: Стандарттардың қысқаша тізбесі 



 

1-бөлім:  Сапаны  ішкі  қамтамасыз  етудің  стандарттары  мен 

нұсқаулығы 

 

1.1 Сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясат 

Білім  беру  ұйымдарының  сапаны  қамтамасыз  ету  үшін  жұртшылыққа 

қолжетімді және олардың стратегиялық менеджмент бөлігін құрайтын саясаты 

болуы керек. Ішкі мүдделі тараптар бұл саясатты сыртқы мүдделі тараптардың 

қатысуымен  тиісті  құрылымдар  мен  процестердің  көмегімен  әзірлеуі  және 

жүзеге асыруы тиіс

7

.

 



 

1.2 Білім беру бағдарламаларының әзірленуі мен бекітілуі

8

 

Оқу  орындарының  өз  бағдарламаларын  әзірлеуі  мен  бекітуі  үшін 

процестері  болуы  керек.  Бағдарламалар  қойылған  мақсаттарға,  сондай-ақ, 

күтілетін оқыту нәтижелеріне сәйкес болатындай әзірленуі тиіс. Бағдарламаны 

меңгеру  нәтижесінде  тағайындалатын  біліктілік  нақты  анықталуы  және 

түсіндірілуі  қажет,  әрі  жоғары  білімнің  ұлттық  біліктілік  шеңберлерінің 

белгіленген  деңгейіне  және  тиісінше  Жоғары  білімнің  еуропалық  кеңістігі 

Біліктілік шеңберлеріне қатысты болуы тиіс. 

 

1.3



 

Студентке  орталықтандырылған  оқыту,  білім  беру  және 

бағалау 

Оқу  орындары  мұндай  білім  беру  бағдарламаларын  жүзеге  асыру 

барысында  оқу  процесін  ұйымдастыруға  белсенді  қатысқан  студенттерді 

ынталандырып,  ал  студенттердің  үлгерім  бағасы  осы  көзқарасты  көрсетуін 

қамтамасыз етуі тиіс. 

 

1.4



 

Студенттерді  қабылдау,  үлгерім,  біліктіліктерді  тану  және 

сертификаттау 

Оқу  орындары  студенттік  «өмір  циклдерінің»  барлық  кезеңдерін 

қамтитын,  алдын-ала  белгіленген  және  жарияланған  ережелерді  бірдей 

қолдануы тиіс, яғни студенттерді қабылдау, үлгерім, біліктіліктерді тану және 

сертификаттау. 

 

1.5



 

Оқытушылық құрам 

Оқу  орындары  өздерінің  оқытушылық  құрамының  құзыреттілігіне 

сенімді болуы тиіс.  Олар өз қызметкерлерін жұмысқа қабылдау мен дамытуда 

әділ және ашық процестерді қолдануы қажет. 

 

                                                           



7

  

Егер  басқасы  көрсетілмеген  жағдайда,  құжаттағы  мүдделі  тараптар  терминімен  оқу  орнындағы 



барлық  мүдделі  субъектілер,  оның  ішінде  студенттер  мен  қызметкерлер,  сондай-ақ  оқу  орнының  жұмыс 

берушілері мен сыртқы серіктестері  сияқты сыртқы мүдделі тараптар ұғынылады 

8

  

Бұл құжатта «бағдарлама» термині жоғары білімге қатысты кең мағынасында, яғни ресми дәрежеге 



апаратын бағдарламаның бөлігі болып табылмайтыны есепке ала отырып берілген 

27 

 

1.6



 

Білім беру ресурстары және студенттерді қолдау жүйесі  

Оқу  орындары  оқыту  мен  оқытушылық  қызмет  үшін  жеткілікті 

қаржыландырудың  болуын,  білім  беру  ресурстары  мен  студенттерді  қолдау 

тәсілдері адекватты және жеңіл қолжетімді болуын қамтамасыз етуі тиіс.

 

 

1.7



 

Ақпараттарды басқару  

Оқу  орындары    өз  бағдарламалары  мен  басқа  да  қызмет  бағыттарын 

тиімді  басқару  үшін  тиісті  ақпарат  жинақтауға,  талдауға  және  оны 

пайдалануға кепіл болуы керек. 

 

1.8

 

Жұртшылықты ақпараттандыру 

Оқу  орындары  өздерінің  қызметтері  (соның  ішінде 

білім 

бағдарламалары) туралы анық, нақты, шынайы, өзекті және жеңіл қолжетімді 



болатын ақпаратты жариялауы керек.

 

 



1.9

 

Білім  беру  бағдарламаларын  тұрақты  мониторингтеу  және 

мерзімді бағалау 

Оқу  орындары  өздерінің  алдына  қойған  мақсаттарына  қол  жеткізуді 

қамтамасыз  ететін  және  студенттер  мен  қоғамның  сұраныстарына  жауап 

беретін білім бағдарламаларына мониторинг жүргізуі, мерзімді бағалауы және 

қайта қарауы қажет. Бұл шолулардың нәтижелері бағдарламаларды тұрақты 

жетілдіруге алып келуі тиіс. Кез-келген жоспарланған қызмет немесе алынған 

нәтижелер барлық мүдделі тараптардың назарына жеткізілуі тиіс.  

 

1.10 Сапаны циклдік сыртқы қамтамасыз ету 

Оқу  орындары  циклдік  негізде  ESG-ге  сәйкес  сапаны  сыртқы 

қамтамасыз ету рәсімдерінен өтуі керек.

 

 

2-бөлім:  Сапаны  сыртқы  қамтамасыз  етудің  стандарттары  мен 



нұсқаулығы 

 

2.1 Сапаны ішкі қамтамасыз ету рәсімдерін есепке алу 

Сапаны  сыртқы  қамтамасыз  ету  рәсімдері  ESG-дің  1-бөлімінде 

сипатталған сапаны ішкі қамтамасыз ету рәсімдерінің тиімділігін назарға алуы 

керек.  


 

 

2.2  Сапаны  сыртқы  қамтамасыз  ету  рәсіміне  сәйкес  келетін 



әдіснаманы әзірлеу 

Сапаны сыртқы қамтамасыз етудің барлық рәсімдері тиісті ережелерді 

назарға  ала  отырып,  арнайы  белгіленген  мақсаттар  мен  міндеттерге  сәйкес 

белгіленуі  және  әзірленуі  тиіс.  Мүдделі  тараптар  әзірлеу  мен  тұрақты 

жетілдіру процестеріне тартылуы тиіс. 

 

 


28 

 

2.3 Процестерді жүзеге асыру 

Сапаны  сыртқы  қамтамасыз  ету  процестері  барлығы  үшін  сенімді, 

пайдалы,  алдын-ала  анықталған,  біртұтас  (бірдей)  және  жарияланған  болуы 

керек. Мұндай рәсімдер: 

 



өзін-өзі бағалау есебін немесе оның эквивалентін; 

 



әдетте жоғары оқу орнына сарапшылар тобының келуін қамтитын  

      сыртқы бағалауды; 

 

сыртқы бағалау нәтижелері бойынша дайындалған есепті



 

сапаны қамтамасыз етудің біртектес келесі рәсімдерін қамтиды. 



 

2.4 Сыртқы бағалау жүргізетін сарапшылар 

Сапаны сыртқы қамтамасыз ету рәсімі құрамында студентті (-терді) топ 

мүшесі ретінде қамтитын сыртқы сарапшылар тобымен жүргізілуі керек.

 

 



2.5 Шешімдерді қабылдау критерийлері 

Сапаны  сыртқы  бағалау  нәтижесінде  қабылданған  барлық  шешімдер 

мен  қорытындылар  ресми  шешім  қабылдауға  алып  келеді  ме,  жоқ  па  соған 

қарамастан,  тиісті  түрде  қолданылатын  анық  және  жарияланған 

критерийлерге негізделуі керек. 

 

2.6 Есеп 

Сарапшылардың  есептері  толық  көлемде  жарияланған,  академиялық 

қауымдастыққа,  сыртқы  серіктестер  мен  басқа  мүдделі  тұлғаларға  түсінікті 

және  қолжетімді болуы  керек.  Егер  агенттік  есептер негізінде  ресми  шешім 

шығаратын болса, онда шешім есеппен бірге жариялануы керек.

 

 

2.7 Шағымдар мен апелляциялар 



Шағымдар  мен  апелляцияларға  беру  рәсімдері  сапаны  сыртқы 

қамтамасыз  ету  процестерінің  регламенті  ретінде  анықталып,  оқу 

орындарының назарына жеткізілуі тиіс. 

 

3-бөлім:  Сапаны  қамтамасыз  етудің  агенттіктерге  арналған 

стандарттары мен нұсқаулығы 

 

3.1 Сапаны қамтамасыз етудің қызметтері, саясаты және рәсімдері 

Агенттіктер  ESG-дің  2-бөлімінде  көрсетілгендей  сапаны  сыртқы 

қамтамасыз ету қызметін тұрақты жүргізуі керек. Олар жалпыға қолжетімді 

миссиясының  бөлігі  болып  табылатын  нақты  және  айқын  мақсаттары  мен 

міндеттері болуы керек. Бұл мақсаттар мен міндеттер агенттіктің күнделікті 

қызметін  көрсетуі  тиіс.  Агенттіктер  өздерінің  басқаруы  мен  жұмысына 

мүдделі тараптардың қатысуын қамтамасыз етуі керек.

 

 

 



 

29 

 

3.2 Ресми мәртебе 

Агенттіктер өз қызметін жүзеге асыруы үшін белгіленген заңдық тіркеуі 

болуы және сапаны қамтамасыз ету агенттігі ретінде ресми танылуы керек. 

 

3.3. Тәуелсіздік 

Агенттіктер тәуелсіз және автономды қызмет етуі керек. Олар өздерінің 

іс-әрекеттеріне  және  осы  рәсімдердің  нәтижелеріне  толық  жауап  беруі  тиіс, 

ресми шешім үшінші тараптың ықпалынсыз болуы керек.

 

 

3.4 Тақырыптық талдау 



Агенттіктер  өздерінің  сапаны  сыртқы  қамтамасыз  ету  қызметтерінің 

жалпы  нәтижелерін  сипаттайтын  және  талдайтын  есептерін  тұрақты 

жариялауы тиіс.

 

 



3.5 Ресурстар  

Агенттіктердің өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті және жеткілікті 

адами және қаржылық ресурстары  болуы керек.

 

 



3.6 Сапаны ішкі қамтамасыз ету және кәсіби мінез-құлық 

Агенттіктердің  өз  қызметтерінің  сапасы  мен  адалдығын  анықтауға, 

қамтамасыз  етуге  және  арттыруға  қатысты  сапаны  ішкі  қамтамасыз  ету 

рәсімдері болуы керек.

 

 

3.7 Агенттіктерді циклдік сыртқы бағалау 

Агенттіктер өз қызметтерінің ESG-мен сәйкестігін растау үшін әрбір бес 

жылда кемінде бір рет мерзімдік сыртқы бағалаудан өтуі тиіс.

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет