Оқулары байқауын ӛткізу тәртібін айқындайды. Мәшһүр-Жүсіп оқуларының мақсаттары



Pdf көрінісі
Дата04.04.2023
өлшемі434,28 Kb.
#79196


 
 
Республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауын өткізу 
ЕРЕЖЕСІ 
 
1. Осы Ереже жалпы білім беру ұйымдары оқушыларының арасында 
республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауын ӛткізу тәртібін айқындайды. 
2. Мәшһүр-Жүсіп оқуларының мақсаттары – философ-ақынның рухани 
мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, 
белсенді азаматтық ұстанымды ӛскелең ұрпақта тәрбиелеу; тұлғаның зияткерлік 
және шығармашылық әлеуетін дамыту.  
Міндеттері:  
- Мәшһүр-Жүсіп Кӛпейұлының туындыларындағы ел мен жерді құрметтеу, аялау, 
қадіріне жету идеяларын жас ұрпақ бойында сіңіру; 
- оқу-білім, ӛнер үйрену, адамгершілік тақырыптарын негіз еткен туындылары 
арқылы отансүйер, білімді, рухы берік азаматтарын тәрбиелеу; 
- әдебиетті, тіл мен ӛнерді құрмет тұтатын оқушылардың шығармашылық 
қабілеттерін ұштау; 
- ғұлама еңбектерінің ел егемендігінің бастауы болғандығын кӛрсету; 
- ақынның әдеби-тарихи деректерге толы шығармалары мен фольклорлық 
жазбаларындағы ұлттың ұлы тұлғаларымен таныстыру;
- ұлы тұлғалардың істерін келешек ұрпаққа үлгі тұту, ел тарихымен сабақтастыра 
кейіпкердің ерекшеліктеріне бүгінгі күн талаптарына сай сараптама жасай білу.  
3. Байқауға оқу тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес 
жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. 
4. Байқау 4 бағыт бойынша ӛткізіледі.
I бағыт – «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым 
мен де білген». Қатысушы ұсынылған тақырыптың (Мәшһүр-Жүсіптің 
шығармашылығынан) біріне өз шығармасын арнайды. Ӛз ӛрнегі мен ойын ақын 
ойларына кӛркем сабақтастыра алуы, ӛлеңдерін мәнерлеп, кӛркем оқи білуі шарт. 
Бағалауда ӛлеңнің идеясы, ақын тақырыбымен үндестігі, ӛз ӛрнегі мен кӛркемдік 
сипаттары негізге алынады 
II бағыт – «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы». Мәшһүр-Жүсіп 
Кӛпейұлының шығармаларындағы кӛркем ой, талғам мен түсінік, ұлттық 
танымның ерекшеліктерін, адамзат, ұлт руханиятындағы мәнімен сабақтастыра 
отырып, ғылыми зерттеу жобасын қорғау.
Жоба шарттары: кӛлемі 20-25 бет болуы; тақырыптың нақтылығы, 
ӛзектілігінің белгіленуі, мақсат-міндеттердің дұрыс қойылуы; қажетті ғылыми
кӛркем әдебиеттің, т.б. дерек кӛздерінің жеткілікті болуы және зердеден ӛткізілуі; 
тұжырымдардың ғылыми талдануы, әдіс-тәсілдерінің нақтылығы; бӛлімдер мен 
тарауларға дұрыс бӛлініп, әр бӛлім, тарау бойынша қорытынды жасалуы; 


қорытындысының дұрыс жасалуы; ғылыми жұмысты қорғауға 5-7 минут уақыт 
беріледі.
ІІІ бағыт – «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның 
айнасымен». Ұлы баба шығармаларындағы ойларды кеңейтіп, ұлт тарихымен, 
ұлттық әдебиет мазмұнымен байланыстырып, эссе жазу. Эссе шарттары: 
құрылымының нақтылығы; кіріспе мен негізгі бӛлімнің ара-жігін дұрыс бӛліп, ой 
желісін тарату мен жүйелі баяндауда құрылымдық белгіні сақтай алуы; кіріспеде 
шығарма тақырыбы туралы әдебиеттегі ойлар мен пікірлер, қоғам үшін 
қажеттілігі, ӛмірді, ортаны түсінудегі мәні қамтылуы тиіс; негізгі бӛлімде 
кӛтерілген мәселелер, тақырыпты ашуға қажет деректер мен дәлелдердің, жүйелі 
ойлардың болуы; қорытындыда негізгі бӛлімдегі алынған нәтижелер мен 
ойлардың түйіні, тақырыптың маңызы айтылу қажет. Эссе құрылымының 
шарттары жалпы үлгі ретінде ұсынылады.
IV бағыт – «Мәшһүр-Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы 
есімдері». Ғұламаның фольклорлық жазбаларындағы ұлттың ұлы тұлғаларын 
сипаттау. «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар», «Әнші-ақындар», «Бақсы 
және тылсым күш иелері» жіктеулерінің бірін қорғау. Тұлға туралы қандай 
деректер келтіреді, қандай оқиға арқылы кейіпкерді ашады, оның қандай немесе 
неше нұсқасы бар т.б. мәліметтерді жинақтап талдауы шарт. Кейіпкерлер 
галереясын талдай білумен бірге топтау, ерекшеліктерін тану талап етіледі. 
Қатысушы ӛзі таңдап алған кейіпкерлер туралы толық мәліметтерді жеткізе білуі 
қажет. Қорғау кезінде шығармашылық қабілет және талдау мен деректерді 
жүйелеу, тарихи-әдеби, рухани мәнін аша білуі шарт. Қандай жанр және тәсіл 
арқылы қорғау қатысушылардың ӛз еркінде.  
5. Байқау 3 кезеңге бөлінеді: 1 – аудандық; 2 – облыстық (қалалық); 3 – 
республикалық. 
6. Республикалық байқауға облыстық кезеңдегі әр бағыт бойынша Бас 
жүлде иегерлері қатысады.  
7. Байқаудың әр бағытында бір «Бас жүлде» және 6 жүлделі орын 
белгіленеді: 1 - бірінші, 2 - екінші, 3 - үшінші. 
8. Мәшһүр-Жүсіп оқуларын ұйымдастыру және ӛткізу жұмыстарын 
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» ӛңірлік қосымша 
білім беру оқу-әдістемелік орталығы жүзеге асырады.
 
9. Қазылар алқасының құрамын республикалық Ұйымдастыру комитеті 
бекітеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет