2016 жыл, сәрсенбі



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата06.02.2017
өлшемі7,93 Mb.
#3543
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Ерман ӘБдИЕв, 

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ.

Индира БАЙқоНЫС,               

құралай СЕЙСЕНБЕКқЫзЫ, 

Арайлым БАқЫтжАНқЫзЫ.           

 Қала Өркендеп, даМып    келеді

дата

6

 

„

тарихы тым тереңде жатқан тараздың 2000 

жылдық торқалы тойына дайындық енді-енді 

басталған тұс-тын. сол жылдары бір беті ғана 

мемлекеттік тілде, ал қалғаны түгелдей орысша 

шығып жатқан қалалық газетке бас редактор 

болып тағайындалған көкен оршабеков шаһар 

газетінің дербес қазақша нұсқасын басуды мықтап 

қолға алғаны бар.

сол кездегі шаһарбасы болат сауранбаев осы жолдардың авторына бағалы сыйлық тапсыру үстінде. 

  

Сурет Ж.Шоқыбастың архивінен алынған.



 

«z-taraz.kz»

 

арқылы таразымның тіршілігіне қанықпын

 

„

биыл 20 жыл толып отырған «жамбыл-



тараз» газетімен таныстығым оның алғаш 

негізі қаланып, қанатқақты сандары шыға 

бастағанында-ақ басталған еді. 

Ол кезде Тараз қаласындағы Б.Момышұлы атындағы мектеп-

гимназияда оқимыз. Сол кезден-ақ газетті үйімізге тұрақты жазды-

рып алғанымыз өз алдына, жиі мақала  жазып, әріптестік байланыс 

орнатқанбыз.  Журналистикадағы  алғашқы  тырнақалды  «шимай-

ларымыз»  да  осы  газетте  жарияланған.  Мектептен  түлеп  ұшқан 

жылдан бері Алматыда, Астанада жүрміз. Қазір жырақта жүрсек те, 

Таразымнан шыққан жылт еткен жаңалық болса, елең ете қаламыз, 

құлақ түреміз. Осындайда газетімізді қолға ұстап оқи алмасақ та, 

ақпараттық  сайтын  ашып,  көз  жүгірткіміз  келетін.  «z-taraz.kz» 

сайты ашылғанда қатты қуанғаным да сондықтан. Өйткені, Тараз 

топырағында туған азаматтар бұл сайтқа еркін кіріп, елдің жаңалығын 

біліп отырады. Өз басым туған қаламнан 17 жасымда кетсем де, 

елімнің, жерімнің әрбір жетістігіне қуанып, кемшілігіне мұңайып, 

іштей  тілекші  болып  отырамын.  Қаламыздағы  соңғы  жылдары 

болып жатқан оңды өзгерістер көңіл қуантады. Ол туралы газеттің 

сайттағы тұрақты  «Қала-қарбалас», «Абаттандыру», «Көкейкесті», 

«Білім»  сияқты  айдарларынан  біліп  отырамын.  Түйіндеп  айтар 

болсам, сыртта жүрген тараздықтар үшін бұл сайт сүйікті қаламыз 

жайындағы бірден-бір ақпарат көзі десе де болғандай. Осылайша 

«Тараз – тынысым, Астана – кең өрісім» деп жүріп жатқан жайымыз бар.   

Әуесбайдың қанаты, 

журналист, филология ғылымдарының кандидаты, 

Л.Гумилев ат. Еуразия Ұлттық университетінің доценті

«Болашақ» Президент 

стипендиаты, «Серпер» жастар одағы 

сыйлығының лауреаты.    

әркез МаҚтаныш

тұтаМын

шаһар шежіресі

тарихи қала тұрғындарының ой-танымын 

тереңдетуде  ғасырлардың  қойнауынан  сыр 

шерткен,  ықылым  замандардың  құпиясын 

жайып салған очерктер мен публицистикалық 

шығармалар оқырманға жол тартты. Былтырғы 

жылдың өзінде Қазақ хандығының 550 жылдық 

мерейтойы қарсаңында Керей мен Жәнібектен 

кейін Ұлы далада билік еткен 32 ханның еңбегі 

мен ерлігі, тарихта қалдырған ізі баян етілді. 

Қазақ хандары туралы мұндай көлемдегі толық 

мәліметті қалың оқырман қуана қабыл алды, 

іздеп оқыды, тіпті, қиып сақтап қойғандары бар.



жасампаз қала жұртшылығының жаңа 

бастамаларының жаршысы болған «Жамбыл-

Тараз»  Елбасымыздың  сындарлы  саясатын 

жүзеге асырған Үкімет бағдарламаларының  

орындалуын  да  егжей-тегжейлі  жеткізіп 

келеді.Облыс орталығы әлеуметінің әлеуетін 

арттырып,  игілігін  еселеген  экономикалық 

серпілістер:  кәсіпкерліктің  дамуы,  жұмыс 

орындарының ашылуы,  тұрғын үй құрылысы, 

инфрақұрылымдардың нығаюы, отандық өнім 

өндірісі тақырыптары ұдайы газет беттерінде.

қарбалас қаланың «тіршілігін түзетсек, 

тынысын  кеңейтсек»  деген  «жамбыл-

тараздықтардың» ақжарма тілегі көкейкесті 

мәселелерді, өзекжарды проблемаларды са-

раптап таразыға салғызды. Халыққа қызметті 

бас пайдасымен шатастырған шенеуніктер, 

қарапайым қала тұрғынының уәжін құлаққа 

ілмеген  бюрократтар,  құрылыс  басындағы 

олқылық, жол жөндеудегі салғырттық, тағысын 

тағылар біздің тілшілердің қаламының ұшында 

сын найзасына түйрелді.

таза қаланың жасыл-желегін жайқалтуға 

атсалысқан  кім  болса  да,  қаланың,  облыс 

орталығының бас газетінде ойып тұрып орын 

берілді.  Оңтүстік  аймақтағы  оазис  –  мәңгі 

жасыл  қаланың  әрбір  дарағы  біз  үшін  аса 

қымбат.  Сондықтан  да  жарғақ  құлағымыз 

жастыққа тимей 20 жылдан бері әрбір сенбілік, 

әрбір тазалық ақциясын, әрбір отырғызылған 

ағашты жарыса жаздық. Қурап, қисайып, құруға 

айналғанын қалай құтқарамыз деп жол іздедік, 

жауаптыларды таптық, олар баспасөз бетінде 

оқырмандарымызға жауап берді.



Рухани  қала  тұрғындары  сонау  орта 

ғасырларда-ақ әлемді мойындатқан. Ұлы Жібек 

жолының бойындағы тұмар  Тараз қолөнерші, 

саудагерлерімен ғана емес, ақын, ғалымдарымен 

де төрткүл дүниеге танымал болды. Сол тұста 

Тараздан  шыққан  46  ғалымның  рухы  бұл 

күнде өшкен жоқ. Шаһар шайырларының легі 

толастаған жоқ. Тәуба! Қазақ поэзиясының 

аспанында  жұлдыздай  жарқыраған  жас 

ақындарымыздың шығармашылығының тұсауы 

«Жамбыл-Таразда» кесілді. Біздің газетіміздің 

бетінен өнер өлкесіне қанат қақты.



туған  қала  тұғырын  биіктетіп, 

тұрғындарының  жағдайын  туған  бауырдай 

ойлау, жақсысын асырып, жаманын жайына 

қалдырмау, ұлы сөздің қадірін жоғалтпай, жөн 

сөзді иесіне жеткізу - «жамбыл-тараздықтардың» 

жиырма жылдан бергі  негізгі ұстанымы. Жүз 

жылда да осымыздан таймаймыз, Сіз үшін, 

қадірлі оқырман! 



құрметпен, бас редактор 

Эльмира Мырза-Ғали

 

„

1996 жылы ақпанның 



16-сында жарық көрген 

«жамбыл-тараз» газеті- 

20 жылдан бері сүйікті 

қаламыздың тарихын 

тамырынан басып, тыныс-

тіршілігін бір тынбай 

хатқа түсіріп келе жатқан 

шаһар шежіресі. осы уақыт 

белесінде өрлеп-өркендеп, 

тебіреніп-тереңдеп, 

жайнап-жаңғырған 

«жамбыл-тараз» мәртебелі 

оқырманның мүддесін бір 

сәт те ұмыт қалдырған емес.

Осы мақсатта ол мені және марқұм Еділ 

Әлиевті  шақыртқан-ды.  Сөйтіп,  екеуміз 

бізге дейін қазақша бетке басшылық жасап 

келген Әбутәліп Көшбаевтің орнын басқан 

Сапарғали Әлібаевтің қатарына қосылдық 

та, «Жамбыл-Тараз» газетінің қазақшаланған 

алғашқы  санын  шығаруға  қызу  кірісіп 

кеттік. Қашанда тыңнан жол тартып, түрен 

салу оңай емес. Әйтсе де аталған үшеуміз 

бұрындары  аудандық  және  облыстық 

баспасөздерде  жинақталған  журналистік 

тәжірибемізге сүйеніп бақтық. Басты мақсат 

ана  тіліміздегі  газеттің  нұсқасын  дайын-

дап,  қалың  оқырмандар  жүрегіне  жылы 

ұялап,  көңілдерінен  шығу  болғандықтан, 

аянып қалған жоқпыз. Таңертеңгі құлқын 

сәріден  редакция  табалдырығын  аттап, 

түн  қараңғысында  үйді-үйімізге  қайтып 

жүргеніміз әлі есімде. Шаһар үнпарағының 

алғашқы қазақша санын оқырмандар жылы 

қабылдап,  шығармашылық  шабытымыз 

шарықтай түсті. Газетке атсалысатын автор-

лар тобы қалыптасып, жұмысымыз жүріп 

берді дерсің!...

Сонымен,  қалалық  мерзімді  басылым 

бір  жүйеге  түскеннен  соң,  оның  штаттық 

кестесін  кеңейту  жағы  да  ойластырыла 

бастаған.  Бұл  тұрғыда  мәселе  көтеріле 

бастағанда,  ұзақ  жылдар  Мойынқұм 

аудандық газетінде тер төккен марқұм Ра-

хан  Мумеевтің  кандидатурасын  ұсынған 

мен  едім.  Бас  редактордың  келісімін  ала 

салысымен, алып-ұшып Рахаңды Тараздағы 

қызының үйінен тапқаным бар. Көне кентке 

алыстағы ауданнан қоныс аударып, қызметсіз 

жүрген Р.Мумеев те газет жұмысына қызу 

кірісіп, өзіндік қолтаңбасын қалдырды да. 

Біраз жылдар өткен соң жасы келген Рахан 

Мумеев  зейнетке  шықты,  ал  Сапарғали 

Әлібаев облыстық телерадио компаниясына 

ауысса, өз басым республикалық «Құқықтық 

Қазақстан» газетінің Жамбыл облысы бой-

ынша меншікті тілшісі  қызметіне кірістім. 

Ал Еділ Әлиев болса, ауру меңзеп, ақтық 

демі  біткенше,  сүйікті  газетімізден  қол 

үзбеді. 

Әрине,  өткеннің  бәрі  ендігі  жерде 

тарихтың үлесінде. Бір ғана анығы – жылдан-

жылға  тотыдай  түрленіп,  тыныс-тіршілігі 

күннен-күнге кеңейе түскен Тараз қалалық 

газетіне өзіндік үлес қостық деп есептеймін 

әрі мұны әркез мақтаныш тұтамын.

жамбылбек ШоқЫБАС, 

ардагер журналист.

Сіздермен бірге    

20

 жыл


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №6 (1294), 10 ақпан 2016 Жыл  //

7

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №6 (1294), 10 ақпан 2016 Жыл  //

дата

Қала айнасының құрдасы

 

„

соңғы 20 жылдың ішінде тараз қаласында 



шаһардың айнасына айналған «жамбыл-тараз» 

газетімен түйдей құрдас жалынды жастар өсіп келеді. 

солардың бірі - айгерім сіргебаева. айгерімнің туған 

күні – 16 ақпан. дәл осы күні осыдан 20 жыл бұрын 

қалалық басылымның алғашқы саны жарық көрген 

болатын.

Арайлым БАқЫтжАНқЫзЫ

О с ы д а н   о н   ж ы л   б ұ р ы н 

газетіміздің 10 жылдық мерейтойлы 

санында Айгерім жайлы жазған едік. 

Араға он жыл салып сол газетіміздің 

құрдасы  Айгерім  қызбен  қайта 

кездесіп, қауыштық. Соңғы он жыл 

ішінде оқырмандарымыздың саны 

артып, газетіміз өңір жұртшылығына 

кеңінен таныла да алды. Көтерген 

тақырыптарының  ауқымдылығы 

да жыл санап күрделеніп  келеді. 

Газетіміздің  құрдасы  Айгерім 

де  қазір  ақ  бантик  байлаған  мек-

теп  оқушысы  емес,  М.Х.Дулати 

атындағы ТарМУ-дың «радиоэлек-

троника және телекоммуникация» 

мамандығының  2-курс  студенті. 

Апта  сайын  газетіміздің  кезекті 

санын күтіп, жазылған әр мақаланы 

оқып отыратын көрінеді. 

–   А р а ғ а   о н   ж ы л   с а л ы п 

сіздердің ұжымдарыңызбен қайта 

қауышқаныма  қуаныштымын. 

Газеттің  әрбір  санын  тұрақты 

оқып,  көтеріліп  жататын  түрлі 

тақырыптарын  өз  арамызда 

талқылап та аламыз. «Жамбыл–Та-

раз» газеті менің өмірімде ерекше 

басылым болып саналады. Газеттің 

әр жеткен жетістігі менің де өміріме 

оң өзгерістер алып келді. Мен де 

өз  құрдасым  секілді  оқуда  жаңа 

белестерді  бағындыруға  тырыса-

мын, – дейді Айгерім Нұржанқызы.  

Бала  күнінен  сурет  салуды, 

сұлулықты, көркемсөз оқуды жақсы 

көрген    Айгерім  отбасындағы 

үлкен  перзент  болғандықтан, 

бойында  тұңғыштарға  лайық 

жауапкершілік  бар.  Бүгінде  оқу 

озаты,  университеттің  қоғамдық 

өміріне белсене атсалысатын бой-

жеткен,  болашақ  білікті  маман, 

өз  саласының  үздігі  атану  үшін 

шыңдалу  жолында.  Сұхбат  бары-

сында газетіміздің құрдасының бой-

ынан еңбекке деген мол құлшыныс 

байқадық.  Біздің  «Жамбыл–Та-

раз» газеті қандай ұшқыр, қаламы 

қарымды,  ойы  орамды  болса, 

құрдасы  Айгерім  де  дәл осындай 

қазақтың қайсар қызы екен. 

құралай СЕЙСЕНБЕКқЫзЫ

Міне сол сәтте, осыдан жиырма жыл бұрын 

Қалбибі Мақажанова ұсынған «Жамбыл-Тараз» 

атауы  бірауыздан  қолдау  тауып,  тамырында 

тарихымыздың өзегі  бар қала басылымы «Жам-

был-Тараз» атауына ие болды. Газеттің алғашқы 

редакторы  болып  белгілі  журналист  Дархан                   

Байтуов тағайындалады. Ол жанына кәнігі қазақ 

және орыс тілді журналистерді жинай білді. 

Ал,  газеттің  атауын  берген  Қалбибі 

Мақажанқызы әңгімені әріден бастады. Әкесі 

майданға алғашқылардың бірі болып аттаныпты. 

Қанаты қатая қоймаған төрт бала - Шайзада, 

Раушан, Қалжан, Қалбибі аналары Ақайшаның 

бауырында қалады. Отты жылдары от кешіп 

кеткен әке еліне қайта оралған жоқ. Қамқор әке 

соғысқа  аттанғанда, дүние есігін ашқанына үш 

ай ғана болған кенжесі  Қалбибі оның жүзін 

есіне сақтай алмады. Тек ел алдында сыйлы 

азамат болғанын естіп, тұла бойын әкеге, жақсы 

адамға деген сағыныш кернеп өсті. Анасының 

таң құланиектенгеннен қас  қарайғанша егіс 

алқабында мақта теріп, балалары үшін білек 

сыбанып, бел жазбай еңбек еткенін үлгі тұтты. 

Соғыстан  қайтпай  қалған  ерінің  аманатын 

арқалап қалған ана бүлдіршіндерін қатарынан 

қалдырған жоқ. Бәріне жоғары білім алып берді. 

Саусағынан бал тамған өнерлі жан  өмірдің мәні 

еңбек пен білімде екенін жақсы білетін. 

Қалбибі  бала  кезінен  жан-жақты  болып 

өсті. Көркемөнерпаздар үйірмесінен қалмайтын. 

Оқуда  озат,  еңбекте  алда.  Мақта  теретін 

оқушылар бригадасында жетекшілік етіп, аян-

бай теккен төрінің арқасында 9-шы сыныпты 

бітірген жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық Халық 

Шаруашылығы  Жетістіктері Көрмесіне барып 

қайтты.

Мектеп  бітіргенде  маңдайы  жарқырап, 



кеудесіне  алтын  медаль  таққан  күн  әлі  көз 

алдында. Мейірімі күндей тасыған анасы да 

баласының  жетістігіне  жан-тәнімен  қуанды. 

Тек  жоғары оқу жайы туралы бұл үйде әңгіме 

өрбімеді.  Оның  себебі  де  жоқ  емес.  Анасы 

мақта тергені үшін алатын азын-аулақ қаражат 

жетпейтін. Оның үстіне дәл осы тұста үлкен 

бауыры Раушан Қызылордадағы педагогикалық 

институтта оқып жүрді. Бала күнінен бәрін тара-

зылап, ақылмен шешіп үйренген қыз бұл сынаққа 

іштей көндікті. Бірақ күндердің күнінде жолы 

болатынына сенетін. 

Қалбибінің  дарынды  бала  екеніне,  оның 

жоқшылықтың  зардабынан  отбасы,  ошақ 

қасында қалып қойғанына қынжылған мектеп 

директоры Бабаш Оспанов зерек қызға пионер 

лагерінде жетекші болуға ұсыныс жасайды. Екі 

ай еткен еңбегіне төленген 400 сомды қолына 

алған қыз сол сәтте-ақ, Шымкент қазақ химия-

технология институтына құжат тапсырып, оқуға 

түседі. Өткір қылыштың қын түбінде жатпайты-

ны секілді мұнда да Қалбибі жарқырап көрініп, 

комсомол ұйымын басқарады. 

  Анасы  Ақайшаның  алғысын  алып, 

үмітін  ақтап  жетілген  жеткіншек  қыз  ди-

плом  алдындағы    тәжірибесін    Мәскеудегі 

«Шыны агрегат зауыты», Ленинградтың «Хру-

сталь ыдыс зауыты», Киевтің «Көркемсуретті 

шыны  зауыты»,  Ашхабадтың  «Шыны  ыды-

сы  зауыты»,  Челябинскінің  «Отқа  төзімді 

бұйым зауыты»  кәсіпорындарында өткізеді. 

Дипломдық жұмысына институт ректоры Сұлтан 

Сүлейменов жетекшілік етеді. Жоғары білім 

ордасын да үздік бітірген Қалбибі Жамбылдағы 

резина зауытына жолдама алады.  Ол кезде шыны 

шығаратын цех резина зауытының бір бөлімі 

ғана болатын. Кейін кәсіпорын бөлініп шығады 

да, Қалбибі осы зауыттың өсіп-өркендеуіне өз 

үлесін қосады. Еңбек жолын бақылау шебері 

болып бастап, ауысым бастығы, бас технолог, 

бас  инженер  қызметіне  қарай  адымдайды. 

Сол  уақытта  техникалық  жоғары  оқу  орнын 

тәмамдаған 50 студенттің төртеуі қазақ қызы 

екен. Бірақ ер-азаматтардың қатарында аянбай 

тер төгіп жүрген нәзік жанды әйел Қалбибі ғана 

еді. Облыс басшысы Х.Бектұрғанов Қалбибіні 

көргеннен алғырлығына тәнті болып,  Жамбыл 

қалалық партия комитетіне қызметке шақырады. 

Мұнда ұйымдастыру бөліміне нұсқаушы болып 

орналасқан ол, арада уақыт өте келе Орталық 

аудандық атқару комитеті төрағасының орын-

басары, әкім аппараты ішкі саясат бөлімінің  

меңгерушісі қызметін атқарады.

Бірнеше рет аудандық және қалалық әйелдер 

кеңестерінің  төрағасы,  аудандық  кеңеске 

бірнеше  мәрте  депутат  болып  сайланыпты.  

1993 жылы Ұлттық валютаны енгізу процесінде 

комиссия  төрағасы  болды.  «Сараптау  және 

сертификаттау  ұлттық  орталығы»  АҚ  Жам-

был  филиалынан  зейнетке  шықты.  Қалбибі 

Елбасы  Назарбаевпен,  бұрынғы  Қырғыз 

Республикасының  президенті  А.  Ақаевпен, 

Өзбекстан Республикасының президенті И. Ка-

римовпен кездескен сәттерді тебіреніспен еске 

алады. Қалбибі апайға ерен еңбекті отбасындағы 

тәрбиеге ұластыра жүріп, жауапкершілігі мол 

істе еңбегі еленіп, 75 жасқа толар шағында да 

күш-қуаты таймауының сырын сұрағанымызда:

-   Жа қ с ы   к і с і л е р м е н   ке з д е с т і м .                                                          

Лидия  Ахметова,  Константин  Добрыйдень, 

Тілеуқабыл Төребеков, Алдияр Түсіпов, Болат 

Жылқышиев,  Амангелді  Момышев,  Күләш                    

Назарбекова,  Уалиға  Кайманова  сынды  ізгі 

адамдармен  жүздескеніме  разымын.    Көп 

нәрсені жастардан үйренемін. Жастардың ойын 

қашанда тыңдаймын. Біріншіден, отбасымнан, 

жолдасымнан  күш-қуат  алсам,  жұмыстағы 

әріптестерімнің  жақсылығын  да  көрдім. 

Мақтауда  болдым.    Еңбек  кітапшасындағы 

алғыстар, мақтау-мадақтаулардан кенде бол-

мадым. Ол да еңсемді тік көтеріп, тер төгуіме, 

қадір- қасиетті бойыма сіңіруіме көп әсер етті.  

Тек  зейнетке  шыққан  соң  жақсы  сөзге  зәру 

болады екенсің. Әлдекім елеп-ескерсе, көңілің 

марқайып-ақ  қалады.  «Жақсы  сөз  -  жарым 

ырыс». Енді елімнің ертеңін, тек жастардың 

болашағын көп ойлаймын. Әрі келер күннің 

келісті  болатынына  сенемін.  Отаным  алға 

бастайды.  Әрбір  отбасындағы  кішкентай  

мемлекет жақсы болса, Отан міндетті түрде 

гүлденеді! «Жамбыл-Тараз» газетінің ұжымы 

мені ұмытпай, пікір алғанына, елеп-ескергеніне 

ризамын,- дейді Қалбибі Мақажанқызы.

 

„

1995 жылы қалаға жаңа келген әкім әбжапарұлы 



болат жылқышиев ә дегеннен жұмыстағы белсенді 

жетекшілерді жинайды. олардың арасында қала әкімінің 

орынбасары нұрғали әбілдаев және ол кезде ішкі саясат 

бөлімінің басшысы қызметінде жүрген Қалбибі Мақажанова 

да бар еді. шаһар басшысы қалаға өз газеті керек екенін 

түсіндіреді. ол уақытта қала әкімшілігі қала администрациясы 

деген атауға ие болатын. 1993 жылы дағдарыс басталып,                       

1 сом 500 рубльге теңеліп, қаржы тапшылығына орай  «жамбыл 

таңы», сондай-ақ, «тараз» аҚ-ның басылымдары жабылып қалған 

болатын. бірақ болат әбжапарұлы жаңа газет шығаруды қолға 

алып, орыс және қазақ тілдерінде тәржімасыз еркін айтылатын атау 

ойлап табуды жүктейді. біршама уақыттан соң қызметкерлерін қайта 

шақырып, газет атауы туралы ойларын ортаға салуды сұрайды. 

жұМысы жеМісті – ӨМірі келісті

Сіздермен бірге    

20

 жыл


жолдау

8

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №6 (1294), 10 ақпан   2016 Жыл  //



тілім менің – 

тірегім

 

„

тіл – баға жетпес 



байлық, ұлттың жаны 

мен ары, қатынас құралы. 

ата-бабаларымыз ел  

тәуелсіздігін аңсап, өз ана 

тілімізде, қазақ  тілінде 

сөйлеуді арман етті.  

«Тіл  –  халық  жанының  кілті»  демекші, 

найзаның ұшымен, білектің күшімен келген 

тәуелсіздігіміздің арқасында өз ана тілімізде 

сөйлеп, қазақ тілін мемлекеттік тіл мәртебесі 

етіп  көтеруімізге  мүмкіндік  алдық.  Қазақ 

елін  өркениетке  бастап  бара  жатқан  бүкіл 

әлемдік  деңгейдегі  ірі  саяси  тұлға,  Ұлт 

көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  

«Қазақстанның  болашағы  –  қазақ  тілінде» 

деген  тұжырымдаманы  үнемі  айтып  келеді. 

Бүгінгі  біздің  басты  мақсатымыз  –  қазақ 

тілін  мемлекеттік  деңгейге  көтеріп,  ұлттық 

рухты  көтеру,  тіліміздің  қолданылу  аясын 

кеңейту, ана тілімізде  сөйлеуге жағдай жасау. 

Ал  жоспарлаған    мақсатымызды  орындап, 

армандарымызға  қол  жеткізу  -  өскелең  жас 

ұрпақтың қолында. 

Ұлттық құндылық үшеу болса, соның бірі – 

тіл. «Тілі бірдің – тілегі бір», «Тіл тағдыры – ел 

тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, 

ел бірлігінің негізі тіл бірлігіне қол жеткізу жо-

лында қызмет ету - парыз. Ендеше жас ұрпақтың 

қазақ  тіліне  деген  сүйіспеншілігін  арттыру 

арқылы олардың Отанға деген махаббатын оя-

тып, өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке 

байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына 

қол жеткізу, анамыздың ақ сүтімен бойымызға  

дарыған  тілімізді  құрметтеу  -  біздің  басты 

міндетіміз. Әрдайым тіліміз тұғырлы, мәртебесі 

биік болғай!

динара тоҒАЙБЕКовА,

№1 гимназияның қазақ тілі мен 

әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Мемлекеттік тіл - 

ұлт мәртебесі

 

„

Мемлекеттік тіл - ұлт 



мәртебесі, тәуелсіз елдің 

негізгі рәміздерінің бірі. кез 

келген өркениетті елдің өз 

туы, елтаңбасы, әнұраны, 

шекарасы болатыны секілді 

мемлекеттік тілі де болады. 

демек, мемлекеттік тіл де - 

мемлекеттігіміздің негізгі 

атрибуттарының бірі. 

Біздің  Ата  Заңымызда:  «Қазақстан 

Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ 

тілі» деп жазылған. Ал орыс тілін — рес-

ми  тіл  және  мемлекеттік  тілмен  бірдей 

қолданылады деп айтылған. Біз Конституция 

талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз. 

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 

тілі  Елбасымыз  атап  айтқандай,  «барша 

қазақстандықтарды біріктірудің басты фак-

торы» екендігін  әрқашан есте сақтауымыз 

керек.  Ұлт  болған  жерде  тіл,  тіл  болған 

жерде  оның  мәселесі  де  болады.  Қазақ 

тілінің  мәселесі  өткен  ғасырдың  басынан 

бері  қозғалып  келеді.  Елбасымыз:  «Қазақ 

тілі  үш  тілдің  біреуі  болып  қалмайды. 

Үш  тілдің  біріншісі,  негізгісі,  бастысы, 

маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан 

Республикасының мемлекеттік тілі» - деп атап 

көрсеткен. Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен 

жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы 

құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына 

да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең 

қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де 

жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын 

дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға 

тырысады.    Қазақтың  ақыны,  ағартушы                                                                                           

Ахмет  Байтұрсынұлы:  «Тіл  –  адамның 

адамдық  белгісінің  зоры,  жұмсайтын 

қаруының бірі» деген.  Қазақ елі барда, Ел-

басымыз барда тіліміздің өшпейтіні ақиқат.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет