2016 жыл, сәрсенбі


„ №7 мектеп-гимназияда жамбыл жабаевтың 170  жылдығына арналған



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата06.02.2017
өлшемі7,93 Mb.
#3543
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

„

№7 мектеп-гимназияда жамбыл жабаевтың 170  жылдығына арналған 



«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өтті. 

жиналған қаржы балалар игілігіне жұмсалды

Жылда дәстүрлі түрде өткізіліп 

отыратын  бұл  шараның  мақсаты- 

Қазақстан  Республикасының 

З а ң ы   б о й ы н ш а   ә л еу м е т т і к 

қорғауға  алынған  балалар  мен 

жасөспірімдерге  әлеуметтік 

қолдау көрсету. Акцияның  жүзеге 

асу  барысы  мен  нәтижесі  жай-

лы ұйымдастырушылар өз пікірін 

ортаға салған еді.

т.Айтенова,

директордың  оқу-тәрбие  ісі 

жөніндегі орынбасары:

-  «Қамқорлық»  акциясына 

мектеп  ұжымы  белсенді  түрде 

қатысты.  Қоғамды  тәрбиелеуші 

ұстаздар қауымының игі шараның 

басы-қасында  жүруі,  әлбетте, 

оқушыларға  жақсы  үлгі.  Акция 

нәтижесінде мұғалімдер мен оқушы, 

жұмысшылардан 70 975 теңге қаржы 

жиналды.  Бұл  қаржыға  ата-ана 

қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы 

төмен,  көп  балалы    отбасынан 

шыққан  30 балаға  кеңсе тауарлары 

мен  киім табысталды.



А. Хегай,

мектеп президенті:

-    Акцияны  мектеп  ұжымы 

біраз  жылдан  бері    ұйымдастырып 

келеді. Оқушылар да  өз шамалары  

келгенше    қатысуда.  Бұл  арқылы 

мектеп  оқушылары  мейірімділік 

пен қамқорлық сезімін өз бойында 

қалыптастыра өседі деп ойлаймын. 

«Әлемді  өзгерткің  келсе,  өзіңнен 

баста»  деген  сөз  бар  емес  пе?!  Біз 

де әлемде еш соғыс болмай, адамдар 

бір-біріне  сүйіспеншілікпен  қарап, 

балалар  еш  қиындық  көрмей,  ата-

аналарының жанында, туыстарының 

қамқорлығын көріп өскенін қалаймыз. 

Акцияға белсене қатысуымыз – сол 

мақсатқа жетудің бастамасы болмақ.

А.Алимжанова,

«жас  Ұлан»  балалар  мен 

жасөспірімдер ұйымының төрағасы: 

-  Мектебімізде Елбасының тікелей 

тапсырмасымен  құрылған  «Жас 

Ұлан»  балалар  мен  жасөспірімдер 

ұйымы  жұмыс  істейді.  Ұйымның 

мақсаты – әрбір оқушының қабілет-

дарынын дамыту, жеке тұлға ретінде 

қалыптастыру.  Аталған  акцияның 

мақсаты –  ұйымның басты назарға 

алатын мәселелерінің бірі. Сол себепті 

де  «жасұландықтар»  акцияның  кең 

ауқымда  өтуіне  үлес  қосты.  Бұл 

акция  оқу  жылы  басталғалы  бері 

екінші рет ұйымдастырылып отыр. 28 

қыркүйек пен  3 қазан аралығындағы 

«Қамқорлық» қайырымдылық акци-

ясы Қарттар мен мүгедектер күніне 

арналған болатын. Бұл жолғы  шара 

халқымыздың белгілі ақыны Жамбыл 

Жабаевтың 170  жылдығына арнал-

ды.  Мектеп ұжымы мен оқушылар 

тек  бір  акциямен  шектеліп  қалмай, 

тұрмысы төмен отбасы балаларына 

әрдайым  көмектесіп  келеді.    «Жас 

Ұлан»  балалар  мен  жасөспірімдер 

ұйымы  мүшелері  қаламыздағы  №1 

Қ.Сарымолдаев  атындағы  бала-

лар  үйіне  барып,  олармен  әңгіме-

дүкен  құрып,  мектеп  ұжымы  аты-

нан тұрмысқа, оқуға қажетті заттар-

ды сыйға тартқан болатын. Алдағы 

уақытта  да    қайырымдылық  жасау 

шарасы жалғасын таппақ.

  Бала  –  болашағымыз.  Оларды 

негізгі білім мен тәрбие алатын ортасы 

мектепте осындай азаматтық істерге 

тәрбиелесек, еліне жанашыр азамат 

болып  шығары  күмәнсіз.  Мен  өзім 

акциядан жиналған сыйды  оқушыға 

табыстап жатқан сәтке куә болдым. 

Сонда оған мектеп психологі: «Адам-

дар  бір-біріне  көмектесе  алатыны, 

жанашырлықпен қарайтынымен өзге 

жаратылыстан ерекшеленеді. Біз де 

қолымыздан келген көмекті көрсеткіміз 

келеді.  Кейін  сен  де  үлкен  азамат 

болғанда, өзгелерге көмек қолыңды 

созасың деген сеніммен сыйлаймыз»,  

-  дегенін  естігенде,  көмек  көрсету 

бір  басқа,  болашағына  үлкен  сенім 

артудың маңызын түсіндім.  Айтпағым, 

балаларға қуаныш пен өз болашағына 

деген сенімді сыйлай білейік!

жансая БАЙБоЛовА 


Мұқағали - мәңгілік жыр

 

„

«бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!...» деп 



жырлаған ақиық ақын  тірі болғанда биыл 85-ке 

келер еді. 

Арайлым ШАБдЕНовА

Қазір  оның  туғанына  сексен  бес, 

дүниеден озғанына 40 жыл өткен кезде, 

ой көзімен қарасақ, қазақ поэзиясы деген-

де, Мұқағали есімі бірден ауызға ілінеді. 

Көз алдымызға шашын артқа қайырған 

тау  тұлғалы  ақын  бейнесі  елестейтін, 

тіпті оның сонау жиырмасыншы ғасыр 

қойнауында жазып кеткен мұңлы, сырлы 

жырлары тілге бірден оралатын күнге 

де  жеттік.  Ақын  рухы  –  ұлт  рухының 

ажырамас бөлшегі. Қазақ қазақ болғалы 

ұрпақ жадында өзіне өзі сөзден ескерткіш 

сомдаған біртуар ұлылар бар. Данышпан 

Абай, абыз Жамбыл, от тілді Махамбет, 

жұлдыздай ағып түскен Сұлтанмахмұт, 

тұңғиық Мағжан, құлагер Ілияс, дауыл 

Қасым сияқты тұлғаларымыздың асыл 

ой, жауһар сезімге суарылған жырлары 

қазақ халқының рухани әлемін байытқан 

үстіне байыта түсті. Солардан кейін қара 

өлеңнің көш керуенін қара нардай алға 

сүйреген  биігіміздің  бірі  әрі  бірегейі 

Мұқағали екендігі Ай мен Күндей ақиқат. 

Жаны жайсаң, жүрегі жұмыр, құшағы 

кең ақынның тыныштықты аңсаған жа-

лынды үні құлағыңнан кетпейді. «Мені 

адамның өзі, сыртқы сүлдері емес, мінез-

құлқы, қатынасы, ойы мен психологиясы 

қызықтырады. Оларды түсінуге тырыса-

мын. Адамдарды түсіне отырып, олардың 

да мені түсінгенін қалаймын. Менің бүкіл 

поэзиямның мәні, міне, осы. Поэзия – мен 

үшін  жанымның  шырылы»  деп  ақиық 

ақын тегін айтпаса керек-ті. Ақынның өзі 

айтқандай, оның лирикалық «мені» - жал-

пы халық, қауым, заман, қоғам. Мақатаев 

қай тақырыпқа барса да, не туралы жазса 

да, шығармаларының астарына адамның 

ғұмыры, тағдыры, дәуірдің ықпал-әсерін 

шебер  тоғыстырады,  қиюластырады.  

Мұқағали  Мақатаев  өз  сөзінде  былай 

дейді: «Менің қымбатты достарым! Егер 

сендер шынымен менің өмірбаянымды, 

шығармаларымды зерттемек болсаңдар, 

онда мен не жазсам, соның бәрін түгел 

оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз 

өлеңдерімнен  бөліп қарамауларыңызды 

өтінемін.  Естеріңде  болсын,  менің 

жеке өлеңім өзінше ештеңе құрамайды. 

Ол  -  поэма  іспетті  біртұтас».  Ағынан 

жарылған  шынайы  ақынның  «бүкіл 

менің жазғаным - бір ғана поэма» деуі – 

шын мәніндегі парасат иесі, өмірге ойлы 

көзбен қарайтын жанның жан тебіренісі, 

 

„

кеше ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай 



жамбыл политехникалық колледжінің мәжіліс залында «асыл 

арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау орталығы» қоғамдық 

бірлестігі мен тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 

«жасын» әдеби шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен 

«жыр және жастық» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Арайлым БАқЫтжАНқЫзЫ

Мұзбалақ  ақын,  қазақтың  маңдайына 

біткен  шоқ  жұлдызы  Мұқағалидің  85 

жылдығына орай, ақынды еске ала отырып, 

өскелең ұрпаққа сырға толы өмірі мен өлеңін 

таныту, жастарды көркем әдебиетке баулуды 

мақсат  еткен  кеш  жоғары  деңгейде  өтті. 

Сахна төрінде жас ақындардың орындауында 

Мұқағали шығармашылығы насихатталды. 

Кеш  барысында  Ш.Уәлиханов  атындағы 

облыстық  ғылыми-әмбебап  кітапханасы 

арнайы кітап көрмесін ұйымдастырып, онда 

ақынның жарық көрген кітаптарын жиылған 

көпшілікке  кітапхана  қызметкерлері  та-

ныстырды. Басқосуда да ғасыр ақынының 

көзін  көрген  Қазақстан  Жазушылар  және 

Журналистер  одағының  мүшесі,  ақын 

Қайырбек  Асанов  ақиық  ақынға  арнап 

жазған  туындысын  жастарға  оқып  берсе,  

ТарМПИ-дің оқытушысы, доцент, «Жасын» 

әдеби  бірлестігінің  жетекшісі  Сейсекүл                                                                                                                          

Исматова сөз сөйлеп, естеліктермен бөлісті. 

Әдеби  кештің  ең  кішкентай  қонағы  №45 

мектеп-гимназиясының  оқушысы  Нұрай 

Наурызбай «Бақыт деген» атты шығарманы 

жатқа оқып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. 

Сондай-ақ, салтанатты кеште ақынның сөзіне 

жазылған әндер орындалды. Ал кеш соңы 

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық ғылыми-

әмбебап кітапханасы мен облыстық Жастар 

ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 

жастар арасында байқау өтіп, жеңімпаздарға 

сыйлық үйлестірілді.

11

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №6 (1294), 10 ақпан 2016 Жыл  //



руХаниЯт

жастар өлең оқыды.  

 

Хан тәңірінің 

Мұзбалағы

әлеуметтік ортаға айтар көзқарасы бар 

ақынның ширыққан үні іспетті. Бүгінде 

жастар  мен  жасөспірімдер  арасында 

ақиық ақынның жырын жаттап, өмірінен 

көп мағлұмат алғысы келетіндердің саны 

күн  санап  артуда.  Олар  Мұқағалидің 

кітабын қолға алып, оқи бастағаннан-ақ 

оның соңына жеткенін білмей қалады. 

Ия,  сондай  жастардың  бірі  Төле  би 

атындағы №8 мектеп-гимназияда білім 

алатын оқушылар. Олар жақында Алматы 

қаласында  Жазушылар одағының жыл 

сайын ұйымдастырып жүрген дәстүрлі 

«Жырлайды жүрек» жыр кешінде үздіктер 

қатарынан  көрінді.    «Ғұмырдария» 

орталығының ұйымдастыруымен «Жыр-

лайды жүрек» атты балалар арасындағы 

VIIІ республикалық ән-жыр байқауына 

еліміздің әр түкпірінен келген 500-ге жуық 

үміткер М.Мақатаев өлеңдерін оқып, ақын 

өлеңіне  жазылған  әндерін  шырқаған. 

«Көркем  сөз»  аталымының  Гран-при 

иегері 9-сынып оқушысы Асылхан Ал-

кенов ақынның 30-дан астам өлеңдерін 

жатқа біледі екен. Ол байқауда «Ей, өмір» 

және «Соқ жүрек» атты шығармаларын 

оқып республика бойынша үздік шыққан. 

Ал,  І  орынды  Альбина  Әбдікерім,  ІІ 

орынды  Арыстан  Сапарбай  иеленсе, 

Нұрай Айту ІІІ орыннан көрінген. Бұл 

дегеніміз - ақиық ақынның жырларын 

жаттап, өлеңдерін мәнерлеп оқудан біздің 

облыстың жасөспірімдері алдарына жан 

салмағандығының көрінісі. Сондай-ақ, 

осы  мектептің  3  сынып  оқушылары 

Медина Сабит, Алтынай Бақыт, Дариға 

Жұлдызбекқызы да кіші топтар арасында 

жүзден жүйрік атанып, мектептің ғана 

емес, облысымыздың намысын қолдан 

бермеген. 

–  Менің  Мұқағали  Мақатаевтың 

шығармашылығын оқып жүргеніме бір 

жылдан асты. Мектептен тыс уақытта 

ақынның кез келген кітабын алып, жыр-

ларын жаттау-ды әдетке айналдырдым. 

Болашақта мен ақынның бар жырларын 

жаттап аламын деп өзіме уәде бердім,- 

дейді кіші топтар арасында IІ орын иелен-

ген Алтынай Бақыт. 

Мектеп қабырғасындағы оқушылардың 

алға  қойған  мақсаттары  -  Мұқағали 

а қ ы н н ы ң   б а р   ж ы р ы н   ж ат т а п , 

барлық  кітаптарын  оқу.  Жыл  сайын 

ұйымдастырылатын  мүшәйралар  мен 

байқаулардан қалмай қатысу екен. 

Иә, қара өлеңнің қарагері  Мақатаев 

өзі  жайлы:  «Ей,  безілдектер,  Сен-

дер  емессіңдер  маған  баға  беретін! 

Нағыз  бағалаушылар  әлі  алда.  Жыл-

дар өтеді, жаңа ұрпақтар келеді, біздің 

әрқайсымызды өз орнымызға солар қояды. 

Ежелден солай болып келген, солай бо-

лады, бола береді  де. Мен өзім жайында 

мынаны айтам: мен жиырма бірінші ғасыр 

ұрпақтарының құрдасымын. Бәлкім, одан 

әрідегі ұрпақтардың туысымын да…» 

деген екен. Расында, ақын бәрін біліп 

кеткен-ау... 


көкейкесті

12

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №6 (1294), 10 ақпан   2016 Жыл  //



 

„

облыстық қазақ драма театрының мәжіліс залында орыс драма 



театрының ұйымдастыруымен діни экстремизм мен терроризмнің 

алдын алу мақсатында өткен кездесуге ұҚк, дін басқармасының 

жауапты өкілдері мен облыс әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар 

және құжаттама басқармасына қарасты кәсіпорындар мен мекеме 

басшылары қатысты. 

Мұны әркіМ білуі тиіс

Арайлым ШАБдЕНовА

Аталмыш жиынды облыс әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар 

және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Мүбәрак 

Жинақбаева ашып, жүргізіп отырды. Алдымен мінберге Ұлттық 

қауіпсіздік комитеті басқармасы Антитеррористік орталығының 

полковнигі  Батырбек  Атамқұлов  шығып,  баяндама  жасады.                   

Батырбек Керімбайұлы бүгінде елімізде діни экстремизм мен тер-

роризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған 

мемлекеттік бағдарлама аясында облысымызда көптеген шаралар 

өткізіліп жатқандығына жіті тоқталды. Сондай-ақ,  хабарлама 

барысында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары, террордың 

алдын алу және одан  қалай қорғану керектігі жайында шағын 

бейнеролик көрсетті. Террорлық әрекеттердің көбі көпшілік жиі 

жиылатын мерекелік шаралар мен жиындарда болатындығын 

және техникалық қауіпсіздікті жіті қадағалау керектігін қадап 

айтқан ол басшылардан қауіпсіздікті қатаң сақтауды сұранды. 

– Шет елдердегі жағдай ушығып тұрғаны жасырын емес. 

Байқап қарасақ, өз-өзін жарғыштар ойын  көпшілік жиылған жер-

де  іске асырып келеді. Кез келген адам жан-жағына мұқият болса, 

ондай адамды бірден байқайды. Олар көбінде үлкен сөмкелермен, 

болмаса қалың киінген, қашанда қобалжып, іштерінен әлдебір 

дұғаларын оқып, ешкімнің көзіне түспей, қашықта жүретін жан-

дар. Вокзалда, аялдамаларда, мекемелер мен үлкен дүкендерде 

таныс емес, иесі жоқ сөмке, болмаса соған ұқсайтын зат көріп 

қалған жағдай болса,  құзырлы сала мамандарына хабарласып, 

мән-жайды түсіндірулеріңіз маңызды, - деді Батырбек Атамқұлов. 



 

„

Құмшағал ауылдық округінде қала 



әкімдігінің №11 мобильдік тобының  

ұйымдастыруымен «діни экстремизм және 

оның алдын алу» тақырыбында ауыл 

тұрғындарымен кездесу өтті.

 

„

облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының 



ұйымдастыруымен орта арнаулы оқу орындарының студенттерімен «Қыз 

тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты кездесу өтті. «Қыздың қылығы қырық түйеге 

жүк болады» деген сөз бар. 

сауаттылық тақырыбында 

кездесті

Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі

диляра дАРХАН

Жиынға «Жамбыл облысы әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу 

орталығы» КММ  жоспарлау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы  

Ерзат Жақыпов және осы орталықтың  диструктивті ағымдардан зар-

дап шеккендерге көмек көрсету бөлімінің басшысы  Сержан Құлтаев, 

діни экстремизм мен терроризмнің көріністерінің алдын алуға және 

болдырмауға бағытталған №11 мобильдік топтың жетекшісі Бақытжан 

Сүгірбеков қатысты. 

- 2011-ші жылдан бастап Заң қабылданып, көшеде дін уағыздауға 

шектеу  қойылған.  Ал  діни  бірлестіктің  өкілі  ағартушылық  уағызды 

мешітте ғана жүргізе алады. Қазақстан Республикасының діни басқармасы  

мақұлдаған кітапты ғана оқу қажет, - деді алғашқы болып сөз алған Ерзат 

Жақыпов.

  Сондай-ақ,  діни  секталардың  адам  психологиясына  кері  әсері, 

тоталитарлық ұйымдар, миссионерлер және шіркеу қызметтерінің  негізгі 

белгілері туралы сан сауалдарға жауап іздеп, экстремизм сөзінің мәні мен 

мағынасын түсіндірді.

«ХХІ ғасырдың соңғы жылдарында діни ұғымдар мен сенімдерге 

негізделген діни экстремизм қанатын кең жайып келеді. Діни ілімнің 

кейбір қағидаларын бұрмалай отырып, барынша өз мүдделеріне пай-

далану – діни экстремистік топтар мен ұйымдарға тән қасиет. Терең 

теологиялық тұрғыда талдауды қажет ететін  кейбір діни сұрақтар мен 

мәселелер бойынша жіберілген қателіктер, әлбетте, бұрыс  көзқарас пен 

ортаның   қалыптасуына алып барары сөзсіз.  Діни білім мен діни сананың 

төмендігі салдарынан  белгілі бір адамдар  тобынан діни экстремистік 

ұйымдардың пайда болып, қоғамға зиянын тигізуге себеп болуда» - деді 

дінтанушы мамандар.

құралай СЕЙСЕНБЕКқЫзЫ

Өмірден көрген-түйгенімен бөлісіп, бағыт-бағдар беріп, 

қыздарға  жөн  сілтеу  мақсатында  Жамбыл  облысы  әкімі 

жанындағы  Кәмелетке  толмағандар  істері    және  олардың 

құқықтарын  қорғау    жөніндегі  комиссия  хатшысы  Бақыт 

Жақсылықова, М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың «Психо-

логия және педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, пси-

хология магистрі Айгүл Абдрахманова, 2-дәрежелі психолог, 

магистрант Ляззат Мырзашева, Облыстық орталық «Һибатулла 

Тарази»  мешітінің  жанынан  ашылған  қыздар  сауат  ашу 

курсының ұстазы Зейнеп Үсенова студент қыздармен кездесті. 

Жиын барысында алғашқы болып сөз алған Кәмелетке 

толмағандар  істері    және  олардың  құқықтарын  қорғау  

жөніндегі комиссия хатшысы Бақыт Жақсылықова қыздардың 

тәрбиесі  отбасынан  басталатынын  айтып,  иба-инабаты 

жарасқан қыздардың өмірде де жолы болатынын тілге тиек етті. 

Ал  психолог  маман  Айгүл  Абдрахманова:  «Ана  - 

қашанда  отбасының  ұйытқысы,    отағасының,  ұл-қызының 

татулығының  дәнекершісі.    Ол  бәрінің  көңіліне  қарап, 

жанұядағы жылылықты сақтайды. Ал жаман іске қадам басқан 

қыздар ең бірінші анасын жерге қаратады. Бұл өмірде кемшілігі 

жоқ үлгілі адам болмайды. Қиын сәтте қолдап, ешқашан бала-

сынан бас тартпайтын тағы да аналар. Кейбір қыздар басынан 

өткерген қиыншылығын жасырып, қандайда бір жағымсыз 

жағдайға душар болса да ешкімге айтпай,  ішінен тынады. 

Ішке сыр сақтаудың нәтижесі жемісті болмайды»-деді. Осы 

орайда қыздар психологқа сенбейтінін айтты. Оның бірден-

бір себебі – қыздарға «сырыңды айтсаң, құпия сақтаймын» 

деп уәде берген кейбір мамандар жұртқа жайып салады деп 

Экстремизмнің алдын ал!  

 Суретті түсірген автор.

Ал Облыстық ІІД-ның Арнайы істер жөніндегі аға офицері, 

полиция подполковнигі Тимур Абдуллаев өз баяндамасында кез 

келген мерекелік шараларды өткізбес бұрын, құзырлы мекеме 

басшылары ІІД-ге хат арқылы шығып, сол мекеменің сақтығын 

күзетуіне рұқсат алу керектігін қадап айтты. Сондай-ақ, ол өз 

сөзінде қаладағы  кейбір мекемелердің сақтық шараларын жоғары 

деңгейде атқарып жүрмегендігін алға тартты. Оның айтуынша, 

«Баласағұн» ОКЗ-да  мерекелік шаралар жиі болатындықтан, онда 

көп халықтың келетіндігін ескеріп, күзетшілердің өз жұмысына 

салғырт қарайтындығын жеткізді. Сондай-ақ, кімнің келіп-кеткенін, 

қайда бара жатқанын және сөмкелерді тексеруден өткізу керектігін 

барлық мекеме басшыларына күзетшілеріне қадағалауды тапсы-

руды сұранды.

Облысымызда 2011 жылға дейін 4500-ден астам діни бірлестік 

тіркелген  болса,  2012  жылы  бұл  көрсеткіш  3500-ді  құраған.                                                                                                    

1997 жылы «Дін туралы» Заңға сәйкес кез  келген діни бірлестіктің 

құрамы он адамнан тұрса, бүгінде адам саны 500 болуы және  ол 

діни басқарманың тіркеуінен өтуі керек. Бүгінде облысымызда 

281  мешіт  болса,  оның  28-і  Тараз  қаласында.  Мешіттер  діни 

бірлестіктің филиалы болғандықтан, Заңға сәйкес тек осы меке-

мелерде ғана ақпараттық насихат топтары дін туралы, имандылық 

және әдет-ғұрып негізінде ақпарат тарата алады. Ал мешіттен 

тыс жерлерде өзге дінді насихаттап, үй-үйді аралап, үгіт-насихат 

жүргізетін  бірлестіктер  Заң  алдында  әкімшілік-құқықтық 

жауапкершілікке  тартылады.  Бұл  туралы  кездесуде  сөз  алған 

облыстық Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығының 

диструктивті  ағымдардан  зардап  шеккендерге  көмек  көрсету 

бөлімінің басшысы Сержан Құлтаев сөз етті. 

– Елбасының Жолдауында дін мәселесі жан-жақты айтылып 

келеді. Ел тәуелсіздігін алған 25 жылдың ішінде 21-ге жуық жат 

ағымды насихаттайтын діни ағымға сот үкімімен шектеу қойылып, 

тыйым салынды. Соның ішінде, «Джун аль-Халифат» ұйымы. 

Бұл ұйым Сирия, Ирак мемлекеттеріндегі соғысқа Батыс өңірінің 

азаматтарын шақыру арқылы қарулы жиһадты насихаттап келген. 

Өздерін «Халифат сарбаздары» деп атайтын ұйым көбінде «Ютуб» 

әлеуметтік желісі арқылы насихат жұмыстарын жүргізіп, соғысқа ел 

азаматтарын алып кеткендігі туралы фактілер тіркелген. Сондай-ақ, 

«Табиғи Жамағат» ұйымы да Пәкістанда құрылып, үгіт-насихатты 

елімізде 2013 жылға дейін жүргізіп келгені анықталды. Олар 3 

күн ауыл-аймақты, 7 күн аудандарды, 10-20 күн республиканың 

ірі қалаларын аралап, жат ағымды таратып келген. Ақырында, 

көндірген азаматтар мен азаматшаларды шет ел асырып, өздерінің 

діттеген мақсаттарына жетіп отырған. Бірақ, бүгінде бұлардың 

барлығына тыйым салынды,-деді Сержан Паримұлы.

Сондай-ақ, жиында ата-аналардың бала тәрбиелеуде жіберіп 

жатқан кемшіліктері де сөз болды. Құзырлы сала мамандары 

кез  келген  ата-анаға  өз  баласының  ортасын,  оның  кімдермен 

араласып, әлеуметтік желіде кімдермен сөйлесетіндерін және де 

қандай сайттарды қарайтынын жіті қадағалауды сұранды. Өйткені,                                                                                                                              

«В контакте» желісі арқылы діни экстремизм мен терроризм-

ге  үгіттеп,  арнайы  топтар  құрып,  бала  санасын  улап,  діннің 

өзге  ағымдарын  таратушылар  және  ата-анаға,  қоғамға  қарсы 

шығушылардың саны артқандығын сала мамандары алға тартты. 

Жиын барысында облыстық Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-

зерттеу орталығының маманы Самғат Мутанов  қазақша неке қию 

тақырыбында, жастардың ажырасуы және облысымызда соңғы 

айларда болған жантүршігерлік оқиғалардың алдын алу туралы өз 

ойын ортаға салды. Қазіргі таңда  мешітке неке қидыруға келген 

жандардың алдымен АХАЖ бөлімінен куәлік алып келуін әрбір 

неке қиюшы талап етуі керектігін айтқан сала маманы, бұл жастар 

арасындағы ажырасуды және келеңсіз оқиғалардың алдын алуға 

септігін тигізетіндігін тілге тиек етті. 

кінә тағылуы.

2-ші  дәрежедегі  психолог  маман  Ляззат  Мырзашева 

барлық  нәрсе  рухани  таяздыққа  келіп  тірелетінін,  ай-

нала  қоршаған  көңіл  көтеретін  орындар  мен  азық-түлік 

дүкендерінен  көз  сүрінетінін  мәлімдеді.  Ал  сол  қызыл-

жасыл дүниенің ортасында рухани азықтың құны басым 

екенін  ескертті.  Осы  тұста  қыздар  өздерінің  оқыған 

кітаптары  жайлы  айтып,  ата-анасынан  алған  тәлім-

тәрбиесімен бөлісті. Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің 

жанынан  ашылған  қыздар  сауат  ашу  курсының  ұстазы                                      

Зейнеп Үсенова имандылық туралы әңгіме өрбітті. 

қызға қырық үйден тыйым.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет