2016 жыл, сәрсенбі



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата06.02.2017
өлшемі7,93 Mb.
#3543
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Молдабай БЕРдІБЕК,

жамбыл облысы әкімдігінің 

жер қатынастары басқармасы

 басшысының орынбасары.

 

„

түрен сөздің түбіне үңілсек, «жануар» сөзі «жаны бар» деген мағынадан 



туындайды. яғни, бұл атау жаны бар тіршіліктің барлығына қатысты. 

адамзаттың даму тарихы жануарлармен тығыз байланысты болған. тек қорек 

үшін оларға жеңіл-желпі қару көтеретін адам тұқымы бүгінде қызық үшін ғана 

оларды қынадай қыруда. бір сөзбен айтқанда, адамы қасқырдан жаман заманға 

аяқ бастық. неліктен жауыздыққа жол бердік? Қатыгездік қайдан келді?..  

Айсана НҰРБАП

Соңғы  кездері  әлеуметтік  желілерде 

жан-жануарларды  қорлау  сәттері  бейне-

ленген  бейнебаяндар  көбірек  көрсетіліп 

жүр.  Оның  әрқайсысына  қараудың  өзі 

қорқынышты. Адамдардың табиғатқа жасап 

жатқан  мұндай  зұлымдықтарын  көргенде 

жан түршігеді. Ал, олар осы әрекеттері үшін 

қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын 

біле  ме?  Жауапкершілікті  айтпағанның 

өзінде,  жануарларға  деген  жанашырлық 

қайда қалып барады? Мәселен, таяуда Ақтау 

қаласында  әйел  мен  ер  адам  балалардың 

көзінше итті өлтіргенін көрсететін бейнебаян 

жарияланды. Жай ғана өлтірсе мейлі ғой, итті 

қорлап, бөлшектеп  тастаған.  Оқиға  желісі 

бойынша, аулада ойнап жүрген балалар иттің 

ұлығанын  естіген.  Олар  қаңғыбастардың 

итті  тірідей  сойып,  бөлшектеп  жатқанын 

көріп,  басқаларды  көмекке  шақырады. 

Мұндай  айуандықты  көрген  тұрғындар 

полицияға  хабарлайды.  Ұсталған  ер  адам 

туберкулез  ауруымен  ауырғандықтан,  итті 

ем үшін жегенін, туберкулезге қарсы дис-

пансер оны құжаттарының болмағандығынан 

қабылдамағанын айтса керек. Алайда, тубер-

кулезге қарсы диспансер емдеу мекемесіне 

адамдардың құжатсыз да қабылданатынын 

хабарлаған.  Қандай  себеп-салдар  айтса 

да  ақтала  алмаған  әлгі  қаңғыбас  заңға 

сәйкес  жазаланды.  Жалпы,  үйсіз  жануар-

ларды қорғаушылардың айтуынша, мұндай 

жағдай  біздің  елде  жиі  болып  тұрады 

екен. Еріктілер мысықтар мен күшіктердің 

терісін жиі тауып алатынын айтады. Мейлі, 

алысқа  бармай-ақ  қоялық.    «Facebook» 

парақшаларының  бірінде  жарияланған 

оқиға  Жамбыл  облысында  орын  алған. 

Сексеуіл ағашының ішінен алты бөлтірікті 

байқап, ұялы телефондарының камерасына 

түсіре  бастаған  екі  жігіт  жабайы  аңдарды 

қорлап, мазақ етеді. Пышақпен терісін тіліп, 

денелерін қанға бөктіреді. Соның салдары-

нан  барлық  алты  бөлтірік  өлтірілген.  Екі 

жігіт дала тағыларына қатыгездік көрсеткені 

үшін  жазаланатынын  ойларына  да  алмаса 

керек. Кейін сотта істері қаралған екі айып-

талушы  ҚР  ҚК-нің  316-бабы,  2-бөлігімен 

(Жануарларға қатыгездiк жасау) кінәлі деп 

танылып,  150  сағатқа  қоғамдық  жұмысқа 

жегу  жазасы  тағайындалды.  Осыдан  бес 

жарым  ғасыр  бұрын  бабаларымыз  бөрілі 

байрақ көтеріп, қазақтың іргетасын қалаған 

қасиетті өлкеде текті жануарды қорлау – кез 

келген қазақ баласы үшін ардың ісі еді. Бұл - 

бір. Екіншіден, қасқырдың күшіктерін тепсе 

темір үзетін жігіттердің пышақтауына  жол 

болсын.  Әлде,  түркілік  түпкі  тарихымыз-

ды ұмыттық па?..Ұмытсақ, еске түсірейік. 

Ежелгі  түркілердің  ең  басты  тотемі  -  Көк 

бөрі болған. 1968 жылы Моңғолия террито-

риясынан  табылған  ескерткіште  аяқ-қолы 

жоқ баланың суретінің астында қасқырдың 

суреті сомдалған. Бей-Ши және Суй-Ши де-

ген қытай жылнамашыларының деректеріне 

сүйенсек, ескерткіштегі бала бейнесі біздің 

тарихымыздың  астарлы  аңызын  айтуда. 

Ғұн тайпаларының ең текті тайпасы көрші 

тайпалардың соққысына ұшырап, тегіс опат 

болған  екен.  Ашина  атты  тоғыз  жастағы 

баланы даладан қасқырдың қаншығы тауып 

алып,  тауға  алып  кетіп,  асырапты  деседі. 

Кейін екеуінің арасынан шекесі торсықтай он 

ұл дүниеге келіп, түркі тілдес халықтардың 

негізін құраған он ірі әулетке айналыпты-

мыс.  Ашина  деген  ежелгі  түркі  тілінен 

аударылғанда «ең басты, аспан тектес бөрі» 

дегенді білдіреді екен. Бұл әрине аңыз. Деген-

мен, дана халқымыз айтып кеткен «аңыздың 

түбі  -  ақиқат»  екендігіне  талай  ғалымдар 

мұнда ғана көз жеткізуде.  Мұндай аңызды 

біз  Италия  тарихынан  да  жақсы  білеміз. 

Бұл  жерде  қасқырдың  сүтін  еміп,  аман 

қалған, ержеткен соң Римнің негізін қалаған 

Ромул мен Рем жайлы аңыз айтылады. Сла-

вян  халықтарының  аңыз-әфсаналарында 

қасқыр  зұлым,  шапқыншы  жыртқыш  аң 

ретінде суреттеледі. Жалпы, қасқыр тотемі 

әлем  халықтарының  барлығында  бар. 

Мәселен,  қазаққа  бауыр  халық    башқұрт 

ұлтының атауы «бас бөрі» деген мағынаны 

береді. Татар халқы өздерін «ақ қасқырдан  

тарағанбыз» деп есептейді. Көптеген түркі 

тілдес  тайпалардың  туында  бөрінің  басы 

бейнеленетін болған. Онымен қоса, хан, қаған 

біткеннің барлығы өзін бөрімен теңестіріп 

отыруға құмар болатын. Мысалы, әлемнің 

әмірлі билеушісі Шыңғысхан өзін Көк бөрінің 

рухы қолдайтынына имандай сенгені және 

барлық жауынгерлерін қасқырдай  айлалы, 

қайратты қылып тәрбиелегені белгілі. Мораль: 

сол кезде  аяқ-қолы жоқ қорғансыз адам ба-

ласын азуынан ажал анталаған қасқыр бір-ақ 

асай салса болар еді. Бірақ олай істеген жоқ. 

Бұрынырақта  қасқырды  өлтірген  қаруды 

екінші рет қолданбайтын болған. Себебі, біздің 

бабалар  түз  тағысын  ерекше  құрметтеген. 

Қасқыр  текті  жыртқыш,  дегдарлығы  сол, 

апанына кіріп барған адамға қарсы шаппайды. 

«Қасқыр апанында қайырымды» деген мәтел 

осыдан қалған.  Кәнігі  аңшылар оның осы 

дегдарлығын пайдаланып апанына түседі де 

күшіктерін қапқа салып алып кетеді. Тек бір 

бөлтірікті ғана қалдырып, оның тірсегін қиып 

кетеді. Мұндайда ана қасқыр ырылдап айбат 

шеккенімен  бас  салып  қауып  тастамайды. 

Тек теріс айналып, апанының түбіне қарай 

тығыла  береді.  Мұнысы  қазақтың  «үйіңе 

келген адамға үйдей пәлеңді айтпа» дегеніне 

немесе  үйге  кірген  жыланға  да  ақ  құйып 

шығаратын  қонақжайлылығына  ұқсайды. 

Мақұлық та болса керемет тектілік, керемет 

төзімділік емес пе?! Қасқырдың күшігін ала-

тындар біреуін тірі қалдырып кететін себебі, 

біріншіден,  хайуан  да  болса  бауыры  құр 

қалмасын деген аяушылық, екіншіден, күшігін 

алдырған қасқыр қораға түсіп, малға шауып 

жануарды Қорлағанның 

жазасы ауыр

15

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №6 (1294), 10 ақпан 2016 Жыл  //



таразы

лаң салмасын деген сақтаныш. Өйткені қасқыр 

дегдарлығымен қатар асқан кекшіл, қайсар 

әрі айлакер жыртқыш. Егер күшіктерін түгел 

алып кететін болса, алушыны өкшелеп келіп 

сол ауылдың малын қынадай қырады. Ертелі-

кеш мал мен жанға еш тыныштық бермейді. 

Ал аңшылардың аман қалдырған бір күшіктің 

тірсегін қиып мүгедек қылып кететіні - ертең 

өскенде малға шауып залал келтірмесін деген 

сақтану. Тілерсегі қиылған бөлтірік артқы 

екі  аяғын  сүйретіп,  қиралаңдап  қалады. 

Жетілген  кезінде  оны  соғып  алу  да  оңай. 

Жуырда  ғаламторда жарияланған бір бейне-

баянда қолдарына суық қару ұстаған бірнеше 

қазақ жігіттері қасқырды көлікпен қуалап, 

қағып, көліктің артына байлап қойып сүйреп 

өлтіреді. Бұл, әрине, барып тұрған қатыгездік. 

Оған қоса, қор болып өлген түз тағыларының 

мәйітін тізіп қойып, тау қопарғандай болып 

суретке түседі дерсің. Кезінде майданда және 

аңшылықта жігіттің  батырлығы  сыналған. 

Ешқандай суық қарусыз, жалғыз кездікпен 

жыртқышқа жігіттің төрелері жалғыз барған. 

Жауын сыйлай білетін бекзада батырлық қой 

шіркін!..

  Негізі  Қазақстан  жерінде  адамдар 

аңшылықпен  ежелгі  палеолит  дәуірінен 

айналысқан. Мысалы, Үшбұлақ қойнауында 

(Қаратау қаласының солтүстік-батыс жағында 

36 км жерде) мустье дәуірінде өмір сүрген 

аңшылардың  шағын  топтарының  қысқа 

мерзімді тұрақтарының ізі сақталған. Ондай 

тұрақтар суатқа келетін аңдарды (бизон, бұғы, 

киік, жылқы) аңдуға қолайлы бұлақ түбіне 

салынған. Соңғы палеолит дәуірінде ірі жа-

нуарларды аулау  адам қорегінің басты негізі 

болды. Себебі, адамзат алғаш әлемде пайда 

болған кезден-ақ өзін қоршаған ортаға үйлесе 

өмір сүруге талпынған. Күнкөріс қарекетімен 

әуелден әртүрлі табиғаттағы жабайы жеміс-

жидекті  теріп  жей  келе,  аң-құс  аулауға 

машықтана бастады. Мұны дала мәдениетінде 

сақталып қалған көне жәдігерлер дәлелдеуде. 

Жалпы  аңшылық-    адамзаттың  ең  көне 

және ең алғашқы күнкөріс қарекетінің бірі 

болғанымен, уақыт өте келе кәсіпке ұласып, 

орта ғасырдың соңына дейін шаруашылықтың 

негізгі бір түріне айналды. Тарихи даму ба-

рысында табиғат ананың қорының, дәлірек 

айтсақ,  аң-құс  фаунасының  қатарының 

сиреуі,  адамзат  баласының  санының  күрт 

өсіп,  экологиялық  апаттың  қылаң  беруі 

мен  технократтық  өркениеттің  кең  қанат 

жаюы  аңшылықты  тежеуге  мәжбүрледі. 

Әрі  діни  фактордың  күшеюі,  адамдардың 

ақыл-парасатының  арта  түсуі,  өркениетті 

қоғам элементтерінің дамуы табиғатқа деген 

қамқорлықты  арттырды.  Сондықтан  аң-

құстарды жөн-жосықсыз, шектен тыс аулауға, 

құртуға  шек  қойыла  басталды.  Әсіресе, 

адамдардың санасындағы мифтік түсініктері 

мен  байырғы  дүниетанымындағы  табиғат 

ананы  қастерлеу,  оның  аң-құсын,  әсіресе 

қазақтар «Құдайдың малы», «қоңыр аң» деп 

қастерлеген бұғы, қарақұйрық, тауешкі, құлжа 

қатарлы аңдарды және киелі құстарды шек-

тен тыс аулауға, жөн-жосықсыз қыруға жол 

берілмеді. Алайда, бүгінгі әлем жаһанданып, 

өркениетке қарай желкенін жайған заманда 

адамзаттың  қатыгездігі  жыртқыштан  жа-

ман деуге дәлел көп. Жануарларды азаптау 

жайында  шариғатта  да  тыйым  айтылған. 

Мәселен, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қайсыбір 

адам ешбір ақысыз құсты немесе одан жоғары 

бір жануарды өлтірсе, ол үшін Алла алдында 

сұралады», – деді. Адамдар: «Уа, Алла елшісі! 

Оның ақысы не?» – деп сұрады. Пайғамбар 

(с.ғ.с.):  «Бауыздап  етін  жеу,  басын  жұлып 

лақтырып кету емес», –деп айтқан. Яғни бұл 

хадистегі әдейі және себепсіз өлтіру жайлы 

қатаң ескерту еті желінетін және желінбейтін 

жануарларға түгел қатысы бар. Ал Әнас (р.а.) 

риуаят еткен хадисте: «Алла елшісі (с.ғ.с.) 

жануарларды  қорлауға  тыйым  салды»,  – 

делінген. Сондай-ақ, Ибн Аббас (р.а.): «Жаны 

бар нәрсені  нысанаға  алмаңдар», – деген 

риуаят жеткізген. 

Біздің өңірдің аумағын мекендеген сирек 

кездесетін  хайуанаттар  ішінде  жойылып 

бара  жатқан  жабайы    аң  ретінде    құлан  

Бүкіл  дүниежүзілік  Қызыл  кітапқа  және 

Қазақстанның  Қызыл  кітабына  енген.  Бір 

кезде  жойылып  кету  қаупі  төнген  киіктер 

саны да аз. Облыста мемлекеттік орман қоры 

аумағын  мекендеген  аң-құстардың  40-тан 

астам түрі бар. Олардың қаншауы қолына 

қару ұстаған қаскөйлердің ермегіне айналып 

жүргендігі белгісіз. Тек, қатыгездік адамды 

рухани  жабайылыққа  душар  ететінін  есте 

ұстаған жөн. Қоршаған ортаға мейіріммен 

қарап, туған жердің тіршілігін аялай білейік, 

қадірлі оқырман!


дүЙСЕНБІ

15 

ақпан

СЕЙСЕНБІ

16 

ақпан

                            

6:55 Әнұран

7:00 «ТаҢШОлпан». 

Таңғы ақпаратты-сазды 

бағдарлама(8:00; 9:30 

KAZNEWS 

10:00 «Шырғалаң». Теле-

хикая. 18-бөлім («қазақстан» 

Ұлттықтелеарнасы, 2015 ж.) 

(с субтитрами)

10:50 «Әпке». Телехикая. 

1-бөлім («қазақстан» 

Ұлттықтелеарнасы, 2013 ж.) 

(с субтитрами)

11:45 «айтуғаоңай...»

12:30 «...Үй болу қиын». 

1-бөлім («қазақстан» 

Ұлттықтелеарнасы, 2012 ж.) 

(с субтитрами)

13:00 «бІрГЕ 

ТаҢДаЙмыз!». Тікелей 

эфир

14:10 «Келін». Телехи-



кая.1681, 1682-бөлімдері 

(Үндістан, 2008 ж.) (с субти-

трами)

15:00 «ӘЙЕл бақыТы». Ток-



шоу. Тікелей эфир 

16:05 «Жүрегімсізге аманат». 

Телехикая.131-бөлім (Филип-

пин, 2012 ж.) (с субтитрами)

17:05  «Sport.kz 

17:30 KAZNEWS

17:55 «қылмыс пен жаза» 

18:15 «аюлар». мультхикая. 

48-49 бөлімдері (қытай, 

2013 ж.)  

18:35 ТҰСаУКЕСЕр! 

«ЖҮрЕГІм СІзГЕ аманаТ». 

Телехикая.132-бөлім (Филип-

пин, 2012 ж.) (с субтитрами)

19:30 KAZNEWS

20:20 «аЙТУҒа ОҢаЙ...» 

21:05 ТҰСаУКЕСЕр! 

«ШырҒалаҢ». Телехикая. 

19-бөлім («қазақстан» 

Ұлттықтелеарнасы, 2015 ж.) 

(с субтитрами)

22:00 ТҰСаУКЕСЕр! 

«КЕлІн». Телехикая.1683, 

1684-бөлімдері (Үндістан, 

2008 ж.) (с субтитрами)

22:55 «ТҮнГІ СТУДИЯДа 

нҰрлан қОЯнбаЕВ»

23:30 «...Үй болу қиын». 

2-бөлім («қазақстан» Ұлттық 

телеарнасы, 2012 ж.) (с 

субтитрами)

0:00 KAZNEWS

0:50 «Әпке». Телехикая. 

1-бөлім («қазақстан» Ұлттық 

телеарнасы, 2013 ж.) (с 

субтитрами)

1:35 «Әйел бақыты». Ток-шоу

2:30 «Түнгі студияда нұрлан 

қоянбаев» 

3:00 KAZNEWS

3:45 Әнұран

         ХАБАР

07:00 қр Әнұраны

07:02 «білгенге маржан»

08:00 «Жаңа күн»  

таңғы ақпаратты-сазды 

бағдарламасы  - Утренняя 

информационно-развлека-

тельная программа

10:00 Таңғы жаңалықтар

10:10 премьера!! Телесери-

ал. «Осколки»

11:00 Утренний выпуск 

новостей 

11:10 Кулинарная программа  

«магия кухни»

11:45 «Сотқа жеткізбей» 

деректі драмасы

12:15 Телехикая. 

«Тракторшының махаббаты»

13:00 Түскі жаңалықтар

13:15 Телесериал. «Условия 

контракта»-2 

14:10 Телесериал  «Гре-

чанка»  


15:00 Дневной выпуск 

новостей


15:10 Телехикая.  «Сүйген 

жарым»


16:00 Кешкі жаңалықтар

16:15 «біздің үй»

17:00 Вечерний выпуск 

новостей


17:15 Телесериал. «След»

17:55 «Тағдыр жолы» 

18:25 Телехикая. 

«пәленшеевтер» 

19:15 Телехикая. 

«Тракторшының махаббаты»

19:55 «негізінде...» 

20:00 қорытынды 

жаңалықтар

20:30 «бюро расследований»

20:55 «по сути» 

21:00 Итоги дня

21:30 премьера!! Телесери-

ал. «Осколки» 

22:30 Телесериал. «След»

23:15 «бетпе-бет» 

23:45 «арнайы хабар»

00:15 «негізінде...» 

00:20 қорытынды 

жаңалықтар

00:50 «по сути» 

00:55 Итоги дня

01:25 «Сотқа жеткізбей» 

деректі драмасы

01:55 Жаңалықтар

03:00 қр Әнұраны

                        

қАзАқСтАН

тАРАз

07.25 ӘнҰран. аҢДаТпа  

7.30 « қайырлы таң, 

Әулиеата»

9.30 «ЖаҢалықТар» 

09.50 «нОВОСТИ» 

10.10 «Сазды әуен»

10.25 ТЕлЕблОКнОТ

10.30 ТЕлЕмарКЕТ

10.35 Хабар: «бірінші 

студия» 

11.00 «балаларға базарлық» 

11.25 «Сөз маржан» 

11.30 ТЕлЕблОКнОТ

11.35 «Күй күмбірі»

11.45 Телехикая «қызыл 

сарайдағы түс» 

12.35 «Деректі фильм» 

13.00 «ЖаҢалықТар» 

13.10 «нОВОСТИ»  

13.20 «балаларға базарлық»  

13.45 «ТЕлЕблОКнОТ»

13.50 «ТЕлЕмарКЕТ»

13.55 «Әулиеата әуендері»

14.05 аҢДаТпа

14.05 – 17.50 Техникалық 

үзіліс

17.50 аҢДаТпа



17.55 Хабар «алтын бесік» 

18.10 Хабар «Грани» 

18.20 «ЖаҢалықТар»

18.35 «нОВОСТИ»     

18.50 «ТЕлЕмарКЕТ»

18.55 ТЕлЕблОКнОТ

19.00 «Сазды әуен»

19.15 Телехикая «қызыл 

сарайдағы түс»

20.00 «ЖаҢалықТар»

20.20 «нОВОСТИ» 

20.40 «ТЕлЕблОКнОТ»

20.45 «Күй күмбірі»

20.55 Хабар: «Сыр-перне» 

21.25 «Сөз маржан»  

21.30 ТЕлЕмарКЕТ

21.40 «ТЕлЕблОКнОТ» 

21.45 «Әулиеата әуендері»

21.55 «Жүрегім сізге аманат»  

23.25 Телехикая 

00.00 «ЖаҢалықТар»

00.20 «нОВОСТИ» 

00.40 ТЕлЕблОКнОТ

00.45 «Сазды әуен»

01.05 аҢДаТпа. ӘнҰран  

01.10 арнаның жабылуы

 

7 КАНАЛ

06.00 «қыздар арасында»

06.40 Т/с «Женщина пре-

мьер- министр»

07.30 «Күнбастар»

08.00 «Шыдамның шегі»

08.30 «Күнбастар»

09.00 «С новым домом»

10.00 «О самом главном»

11.00 Т/п «Смеяться раз-

решается»

12.00 «айнаonline»

12.30 «Келеңсіз кездесу»

13.20 Т/с «Үзілген 

жапырақтар»

15.00 «Гадалка»

16.00 Т/с «моя большая 

семья»


16.50 Х/ф «любовь в боль-

шом городе 2»

18.30 Т/с  «побег из аула»

19.00 «айнаonline»

19.15 «Шай ішейк»

19.30 Т/с «Үзілген 

жапырақтар»

21.00 Т/с «қарагүл»

22.00 Шоу «Человек не-

видимка»


23.00 Т/с «Секретные мате-

риалы»


00.00 Т/с «Ответный удар»

00.40 Т/с «распутин»

01.30 «психосоматика»

02.00 «қорқыныш факторы»

03.00 Т/с «арам ақша. адал 

махаббат» 

04.00 «Женіп көр!» 

05.00 «қуырдақ»  

 

  

31 канал



05.58 қр ӘнҰраны

06.00 развлекательная про-

грамма «ризамын» (каз)

07:00 Сериал «КИЕлІ нЕКЕ» 

(повтор)

09:00 Сериал «базарба-

ЕВТар» 

10:30 мультсериал Флинсто-



уны (рус)

12:00 ЕралаШ

13:00 Информбюро (повтор)

14:00 Сериал «бӘЙбІШЕ – 

ТОқал»

15:00 Сериал «брИГаДа»



16:00 Сериал «папИны 

ДОЧКИ»


18:00 премьера! Сериал 

«лОнДОнГраД. знаЙ на-

ШИХ»

19:00 премьера! Сериал 



«СлУГа нарОДа»

20:00 Информбюро

21:00 Сериал «КИЕлІ нЕКЕ»

23:00 Сериал «КҮЙЕУ бала»

00:00 премьера! Сериал 

«СлУГа нарОДа» (повтор)

01:00 КИнО «бОннИ И 

КлаЙД»


03:00 КИнО «ВСКрыТИЕ 

прИШЕлЬЦа» (каз)

05:00 мультсериал «ДаК 

ДОДЖЕрС» (каз)



     КтК

06.00 Открытие вещания. қр 

ӘнҰраны

06.05 мультфильмдер 



06.30 “ВаУ” деректi хикая

07.40 “қараДаЙы” түрiк 

телехикаясы

08.40 ЖаҢалықТар (по-

втор)

09.10 “маХаббаТ  пЕн 



ӨШпЕнДІлІК” түрiк теле-

хикаясы (64 серия)

10.10 “СИлЬнЕЕ СУДЬбы”, 

мелодрама (1-2 серии, 

повтор)

12.00 нОВОСТИ (повтор 



вечернего выпуска)

12.40 “ГлаВнаЯ рЕДаКЦИЯ” 

(повтор) 

13.20 “ДрУГаЯ праВДа” 

(повтор)

14.10 “ХмУрОВ”, детектив 

(1-2 серии, повтор) 

15.50 “барыШнЯ - КрЕ-

СТЬЯнКа”. Документальное 

реалити. прЕмЬЕра 

16.50 “ТаҒДырмЕн ТарТыС 

” үнді телехикаясы (повтор) 

17.00 “ТаҒДырмЕн ТарТыС 

” үнді телехикаясы (293-294 

с.). ТҰСаУКЕСЕр! С субти-

трами на русском языке 

18.00 “маХаббаТ 

мҰҢы” үнді телехикаясы. 

ТҰСаУКЕСЕр! 

19.00 “маХаббаТТа ШЕК 

бар ма?” үнді телехикаясы 

(повтор)


19.30 “маХаббаТТа ШЕК 

бар ма?” үнді телехикаясы. 

(239 – 240 с.) ТҰСаУКЕСЕр! 

С субтитрами на русском 

языке.

20.30 ЖаҢалықТар



21.00 ВЕЧЕрнИЕ нОВОСТИ

21.40 “ДИаГнОз” – «Ожог»

22.10 наТалИЯ анТОнОВа, 

алЕКСЕЙ маКарОВ, ана-

СТаСИЯ рИЧИ в мелодраме 

“СИлЬнЕЕ СУДЬбы” (3-4 

серии)

00.00 алЕКСанДр ЯЦКО, 



СЕрГЕЙ нИКОнЕнКО в 

многосерийном детективе 

“ХмУрОВ” (3-4 серии)

01.40 ЖаҢалықТар (по-

втор)

02.05-03.00 “КТК” 



қОрЖынынан” ойын-

сауықты бағдарлама 

 

   ЕвРАзИя

6:00 ЖаҢалықТар СУб-

ТИТрлЕрмЕн  

6:05 «ЖИТЬ зДОрОВО» 

(каз)

7:00 ЖаҢалықТар СУб-



ТИТрлЕрмЕн  

7:15 «Сапа бақылаУДа» 

7:55 ЖаҢалықТар СУб-

ТИТрлЕрмЕн  

8:00 Телеканал «ДОбрОЕ 

УТрО»  


11:00 «бЕлыЕ ВОлКИ». 

многосерийном фильм 

11:55 «бAСТы паТрУлЬ» 

бағдарламасы   

12:05 «СҮЙГЕн Жар». ҮнДІ 

ТЕлЕХИКаЯСы  

12:30 «ҒаЖаЙып Жан». 

ҮнДІ ТЕлЕХИКаЯСы  

13:00 «аШыҒын 

аЙТқанДа» ТОК-ШОУы     

13:55 «п@УТINA» 

бағдарламасы 

14:20 «СТанИЦа» . много-

серийном фильм 

15:15 «пЕрВыЕ нОВО-

СТИ»  


15:40 «СУДЕбныЕ ИСТО-

рИИ»      

16:45 «ДаВаЙ пОЖЕнИм-

СЯ»  


17:50 «пУСТЬ ГОВОрЯТ»  

18:55 «зОлОТаЯ КлЕТКа». 

многосерийная мелодрама 

20:00 «ГлаВныЕ нОВО-

СТИ» 

21:00 «СҮЙГЕн Жар». ҮнДІ 



ТЕлЕХИКаЯСы  

21:30 ТҰСаУКЕСЕр. 

«ҒаЖаЙып Жан». ҮнДІ 

ТЕлЕХИКаЯСы  

22:00 «баСТы 

ЖаҢалықТар»  

22:45 «ДЖОДХа ЖӘнЕ аК-

бар». ҮнДІ ТЕлЕХИКаЯСы 

23:35 «п@УТINA» 

бағдарламасы    

0:00 «ВрЕмЯ» 

0:30 «Смотрим вместе!». 

павел прилучный, Карина 

разумовская в многосерий-

ном фильме «маЖОр»  

1:45 «п@УТINA+» 

бағдарламасы      

2:30 «баСТы 

ЖаҢалықТар»   

3:15 «аШыҒын 

аЙТқанДа»  (каз)      

До 4:00 


 

7:00 «Kaznet» ғаламторға 

шолу

8:00 новости «20:30»



8:30 Жаңалықтар

9:00 «Ханшайым» корей 

телехикаясы

10:20 Турецкий сериал 

«Украденная жизнь»

11:30 «Жетім жүрек» үнді 

телехикаясы

13:30 «Әлия» үнді теле-

хикаясы

14:40 «Ханшайым» корей 



телехикаясы

16:00 «махаббат хикаясы» 

түрік телехикаясы

17:00 «Ұрланған тағдыр» 

түрік телехикаясы

18:00 «Жетім жүрек» үнді 

телехикаясы

20:00 Жаңалықтар

20:30 новости «20:30»

21:00 «Ұрланған тағдыр» 

түрік телехикаясы

22:00 «Әлия» үнді теле-

хикаясы

22:50 Сериал «Хорошие 



руки»

23:40 новости «20:30»

0:10 Жаңалықтар

0:40 «Әмірші әйел» корей 

телехикаясы

17:00 «мЕнІҢ 

қ

азақСТаным!».(с 



субтитрами)

17:30 KAZNEWS

17:50 «бҮГІнГІ 

КҮннІҢ баТырла-

ры»

18:00 «ӨзГЕрГЕн 



ӨҢІр»

18:20 «аюлар». 

мультхикая. 47-бөлімі 

(қытай, 2013 ж.)  

18:35 ТҰСаУКЕСЕр! 

«ЖҮрЕГІм 

СІзГЕ аманаТ». 

Телехикая.131-бөлім 

(Филиппин, 2012 ж.) 

(с субтитрами)

19:30 KAZNEWS

20:20 «СЕрпІлІС» 

21:05 ТҰСаУКЕСЕр! 

«ШырҒалаҢ». 

Телехикая. 18-бөлім 

(«қазақстан» Ұлттық 

телеарнасы, 2015 ж.) 

(с субтитрами)

22:00 ТҰСаУКЕСЕр! 

«КЕлІн». Теле-

хикая.1681, 

1682-бөлімдері 

(Үндістан, 2008 ж.) (с 

субтитрами)

22:55 «ТҮнГІ СТУ-

ДИЯДа нҰрлан 

қОЯнбаЕВ» 

23:30 «...Үй болу 

қиын». 1-бөлім 

(«қазақстан» Ұлттық 

телеарнасы, 2012 ж.) 

(с субтитрами)

0:00 KAZNEWS

0:45 «SPORT.KZ» 

1:05 «Әйел бақыты». 

Ток-шоу


2:00 «ақсауыт» 

Әскери-патриоттық 

бағдарлама

2:30 «Түнгі студияда 

нұрлан қоянбаев»

3:00 KAZNEWS

3:45 Әнұран



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет