Құдай айдап əкелсе – өздігінен келді [6].
Ж.Қоңыратбаева өзінің еңбегінде діни наным-сенімге байланысты фразеологизмдерге
тоқталады. Оның айтуы бойынша сəті түскен іс туралы құдай көктен айдап түсірді – тəңір
жіберді – құдай иді – құдай жеткізді деген фразеологизмдердің образ сомдау жағынан бір
деңгейде, өзара мəндес тұрғаны анық байқалады [3].
5 Қорытынды Сонымен, тіліміздегі тұрақты тіркестер – лексиканың айшықты бір саласы болып та-
былады. Бұлар өзінің экспрессивті-эмоциялық əсерлілігімен көзге түседі. Фразеологиялық
тіркестер мəнерлілік қасиетіне орай көркем шығармада молынан қолданылады. Сондықтан
оларды көркем шығармаларды өткенде, идеялық мазмұнымен байланыстыра отырып, көркем
образ жасаудағы қызметін аша көрсетіп үйрету қажет. Көркем туындыдағы фразеологиялық
тіркесті басқа да көркемдеу тəсілімен салыстыра талдатып оқыту оқушылардың тіл байлығын
арттыруға, ойын өрістетуге, көркемдік талғамын ұштауға жəрдемін тигізеді. Ғылыми мақала
жазушы Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» шығармасы тіліндегі фразеологизмдерді талдауға арналған-
дықтан, оларға лексикалық талдау жүргізіліп, І. Кеңесбаевтің «Қазақ тілінің фразеологиялық
сөздігін» пайдалана отырып, мағыналары ашылды. Жазушы Ғ. Мүсірепов өз шығармала-
рында халық тілінің бай қазынасын, көркем сөздің əр алуан өрнегін шебер қолдана білген.
Əдебиеттер тізімі 1 Хасенов Ə. Тіл білімі. – Астана: «Ер-Дəулет» баспасы, 2007. – 125 б.
2 Айғабылұлы А. Қaзақ тілінің лексикологиясы. – Алматы: «Дəуір – Кітап» баспасы, 2013. –
104 б.
3 Қоңыратбаева Ж.М. XX ғ. басындағы қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдер. – Алматы:
«Арыс» баспасы, 2005. – 166 б.
4 Смағұлова Г. Қазақ фразеологиясы лингвистикалық парадигмаларда: монография. –
Алматы: «Арыс» баспасы, 2010. – 277 б.
5 Мүсірепов Ғ. Ұлпан романы. – Алматы: «Атамұра», 2003. – 259 б.
6 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: ҚазАқпарат, 2007. – 711 б.
7 Авакова Р.Ə. Фразеология теориясы. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 292 б.
Материал редакцияға түсті: 11.12.19