ҚМПИ ЖАРШЫСЫ №1 (57), 2020
ВЕСТНИК КГПИ №1 (57), 2020
ISSN 2310-3353
ISSN 2310-3353
14
риялық тұрғыдан зерттеген ғалымдар жайлы қаралды. Осының
барлығы мақалада баяндау
əдісі арқылы рет-ретімен жүйеленді.
Сонымен қоса, терілген
мысалдар лексикалық талдау
арқылы толықтырылды. Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы фразеологизмдер жан-жақты
зерттеліп, лексикология саласында алатын орны қолданған əдістер бойынша талданды.
3, 4 Нəтижелер мен талқылау
Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» романындағы фразеологизмдердің қолданысы:
1. Мұндай
ит өмірден енді не күтіп жатырмын? [5].
Ит өмір – қорлықпен өткен тұрмыс, қорлық, итше ырылдасқан тірлік [6].
Бұл фразеологизм зооморфтық фразеологизмге жатады. Ит – жеті
қазынаның бірі
саналатыны белгілі. Түркі
тілдерінің көпшілігінде, соның ішінде қазақ тіліндегі ит – құс –
қасқыр жəне бөрі сөздерінің орнына қолданылған табу [7].
2. Қалмақ басқырдың аулы деуге аузы қалай барады екен?
Өз басыңа келтірсін! [5].
Өз басына келтірді – біреуге істегені өз алдынан шықты [6].
Бас соматизмі VIII ғасырдағы көне түркі ескерткіштерінде, көне ұйғыр, қыпшақ жəне
оғыз ескерткіштерінде, қазіргі түркі тілдерінің барлығында дерлік кездеседі [7].
3.
Бет алысың дұрыс, шырағым!.. – деп Есеней мəз болып қалды [5].
Бет алыс – бағыты, бара жатқан жағы [6].
Бұл сөйлемдегі
тіркес алған бағытын,
таңдаған жолын дұрыс,
бастаған жолы жаман
емес мағынасында қолданылып тұр.
4. Қыздың
көз қиығына қарай тұрып, қызға арнай айтты [6].
Көз қиығына – бетіне тіктеп қарап қырындап қарады [7].
Көз соматизмімен жасалған фраземалар саны басқа соматикалық тіркестермен салыс-
тырғанда басымырақ екен. М. Ержановтың «Адамның сыртқы бейнесін сипаттайтын сөздер-
дің лексика-семантикалық топтары» атты кандидаттық диссертациясында көздің 123 түрін
сипаттайтын соматикалық тіркестерді көрсеткен [7].
5. Есеней ішінен қияметтік қарыздар адамының үйіне
ат ізін салмағалы он үш жыл
өткенін есіне алды [5].
Достарыңызбен бөлісу: