2020 ж. қаңтар, №1 (57) Журнал 2005 ж. қаңтардан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет9/18
Дата04.05.2023
өлшемі0,5 Mb.
#89859
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
2.Ғ. МҮСІРЕПОВТІҢ «ҰЛПАН» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СТИЛЬДІК ҚЫЗМЕТІ

ТЕОРИЯЛЫҚ ЖƏНЕ 
ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ И 
САРАПТАМАЛЫҚ-ШОЛУ ЗЕРТТЕУЛЕР 
ОБЗОРНО-АНАЛИТИЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ 
13 
1. Жалпы қолданыстағы тіркескен сөздердің ойды жеткізу де бейнелілігі мен мəнерлі-
лігінің назар аудартатындай естуші мен айтушы үшін құндылығы болу керек. 
2. Жалпы қолданыстағы тіркестердің сөйлеу, айту мəнерінде қысқа айтылуға бейімді-
лігі болады. 
3. Тіркестердің терминологиялылығы кездеседі. 
4. Жалпы қолданыстағы тіркестердің ішінде жинақталған ой қорытындысының бо-
луы. 
5. Сөз тіркестеріндегі фразеологиялық шектелулерінің кездесуі. 
6. Жалпы қолданыс ыңғайындағы тіркестердің ішкі мағыналарының жойылып кетуі. 
7. Номинативтік элементі бар тіркестер. 
Бұл көрсетілген белгілер барлық тұрақты тіркестерге тəн жəне осы аталған белгілер-
дің біреуіне ғана ие болса да, тұрақтанудың себептері осылар деуге болады. 
Мысалы, образды-мəнерлі тұлғаларға троптың түрлері арқылы жасалған тіркестер 
жатады. 
Метафоралық тіркестерге: тау толғатып тышқан тапты, мұрнынан шаншылу, аузы-
нан ақ ит кіріп, көк ит шығу, көңіліне шайтан ұялау, от кешіп, мұз төсену, ішкені – ірің, 
жегені – желім. 
Тұрақты теңеулерге: бес биенің сабасындай, тайға таңба басқандай, шақшадай басы 
шарадай, жау қуғандай, қасқалдақтың қанындай, соқырға таяқ ұстатқандай. 
Эвфемизмдерге: қайтпас сапар шегу; қатты кету; қолды болу; аяғы ауыр; 
Тұрақты гипербола мен литота: темір етіктен теңгедей, темір инеден тебендей 
қалу, астыңғы ерні жер тіреп, үстіңгі көк тіреп; қайталамалы тіркестер: айтып-айтпай не 
керек, өзім өз болғалы, ашықтан-ашық. 
Фразеологизмдердің қалыптасу үдерісі мынадай когнитивтік үлгіде жүзеге асырыла-
ды: денотат (құбылыс, оқиға, дерек жəне т.б.) – мазмұн – бейне – сигнификат (басты белгіле-
рі мен сипаттарының жинтығы) – сөз тіркесі – фразеологизм. Аталған когнитивтік үлгі жан-
жақты кеңінен түсінікті етіп талдауды қажет етеді. 
Фразеологиялық тұлғалардың қалыптасу негізі еркін сөз тіркесіне тіреледі, басқаша 
айтқанда, еркін тіркестер көптеген тұрақты тіркестердің жасалуына ұйытқы болады. Мұны 
бірқатар тұрақты тіркестердің еркін сөз тіркестері модельдері негізінде жасалғанын, əрі 
ондай құбылыстар осы кезге дейін сақталғандығынан көруге болады. 
Мысалы: етпетінен жату – етпетінен түсу, зат көру – қол көру (ойын), жіп 
жалғау – жүрек жалғау. Осылардың алдыңғылары еркін сөз тіркестері де, ал кейінгі сыңар-
лары – еркін сөз тіркестерінің құрылымдық үлгілері негізінде жасалған тұрақты тіркестер. 
Тұрақты тіркестер диахронды зерттелмейінше олардың синхрондық жағдайы толық 
ашылмайды. Фразеологиядағы тарихи принцип о бастағы еркін өз тіркестерінің фразеоло-
гизмдерге айналу процесін тұтастай толық талдау жасауды қажет етеді. Алдымен тіркестің 
алғашқы тура номинация – денотаттың əлде бір оқиға мен құбылыстың атауы болған кезін, 
содан кейін айналадағы шындық болмысқа, яғни референтке қатысын айқындау керек.
Мысалы, қазақ тілінде қамшы болды деген фразеологизм бар. Оның мағынасы: бір 
нəрсеге қозғау салды, түрткі болды, итермеледі. 
Қамшы – ұлттық мəдени лексика, құралдың атауы. Ұлттық мəдени сөздерге жататын 
себебі қазақтардың бұрынғы тұрмыс-тіршілігінде қамшының орны мен рөлі ерекше. Оның 
қайыс таспадан өрілген түрлері, жасалу жолдары, сабының сапасы сияқты өзгешеліктері тек 
қазақ мəдениетіне ғана қатысты. Құрал ретінде атты қамшылау үшін пайдаланады. Демек, 
малды əрдайым қозғалуға, тез жүруге итермелейтін, түртетін нрсе, зат атауы – қамшы. Ал 
қимылдың аты – қамшы салу,қамшы болу. Келе-келе затты немесе құбылысты танудың қо-
рытындысы салыстырмалы түрде ұқсас құбылыстың атауына көшкен [4]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет