2020 ж. қаңтар, №1 (57) Журнал 2005 ж. қаңтардан бастап шығады


Алғыс жəне қарғыс мəнді фразеологизмдер



Pdf көрінісі
бет8/18
Дата04.05.2023
өлшемі0,5 Mb.
#89859
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
2.Ғ. МҮСІРЕПОВТІҢ «ҰЛПАН» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СТИЛЬДІК ҚЫЗМЕТІ

Алғыс жəне қарғыс мəнді фразеологизмдер.
Фразеологияда бұл тақырып арнайы зерттеу объектісі болып С. Төлекованың еңбегін-
де қарастырылған. Зерттеушінің пікірінше, алғыс жəне қарғыс мəнді тұрақты тіркестер – 
өзінің табиғатына қарағанда халықтың əр кездегі тұрмыстық, əлеуметтік тəжірибесінің негі-
зінде жасалған, ғасырлар бойында атадан балаға ауысып отырған элементтер. 
Алғыс мəнді фразеологизмдер бата беру, жақсы тілек айту мəнінде жұмсалған сөздер-
мен келеді. 
Құдайым сүйіндірсін ұзағынан, Сақтасын дұшпандардың тұзағынан
Құдай беттеріңнен жарылқасын, – деп Серғазы орнынан тұрды.
Қарғыс мəнді фразеологизмдер ел ішіндегі жағымсыз қылықтарды, ескі əдет-ғұрыпты 
лағнеттеген мынадай кестелерден анық көрінеді: 
Обалымыз қиюы жоқ, қисыны қашқан дүниеге, оңға баспай, солға басқан қазақтың 
қара ғұрпына болсын
Діни наным-сенімге, салт-дəстүрге байланысты туындаған фразеологизмдер. 
Діни наным-сенімге байланысты фразеологизмдерден халық өміріндегі нақты бір 
діннің əсерін, діннің рухани өмірде, дүниетанымында алатын орнын анық көруге болады. 
Құдайдың құдіреті – «Алланың əмірі»: – Құдайдың құдіреті, əуелде сен тіл алмай
баланы мұнша қайғы-қасіретке салдың... 
Құдай несіп ету – «Алла тағала қолдау»: «Құдайым еткей несіпекі жарға». 
Алла қабыл етпеді – «Құдай қолдамады»: Алла қабыл етпеді, үмітім кесілді, Ғали ... – 
деп Жамал талып кетті [3]. 
Фразеологияның зерттеу объектісі не деген сұрақ В.В. Виноградов жазған еңбектерде 
айқындалды. Фразеологизмдерді топтастырудың В.В. Виноградов ұсынған үлгісі тек орыс 
тіліндегі тұрақты тіркестерді анықтап, жүйелеуге көш басы, үлгі ретінде пайдаланылады. Қа-
зақ фразеологиясының негізін салған І. Кеңесбаевтың да өзі айтқандай «табан тіреген» тұсы 
осындай ұстанымдар еді.
Лингвистикалық тұрғыда грамматикалық формасында сөздерді есте сақтау қиын. Сөз 
материал болса, оның өкілдері – даяр тіркестер. Фразеологияның теориясында аса қажет 
факторлар: 
1. тіркестерде тұрақты лекемалардың болуы; 
2. тұрақты грамматикалық формалардың сақталуы; 
3. ассоциянның болуы; 
Енді фразеологиялық құрамдағы тіркестер қандай жағдайда, қандай негізде тұрақтала-
ды – фразеологияланады қандай тіркестер тіркестер қазақ тілінде тұрақты тіркестер құрайды. 
Қазақ тілінде қолданыста жүрген фразеологиялық қордағы тұрақты тіркестерді талдау 
барысында мынадай ерекшеліктер байқалады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет