ТЕОРИЯЛЫҚ ЖƏНЕ ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ И САРАПТАМАЛЫҚ-ШОЛУ ЗЕРТТЕУЛЕР ОБЗОРНО-АНАЛИТИЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ 11
3) діни ұғымдар мен ескі əдет ғұрыптарға байланысты жасалғаны («ант су ішті»);
4) аңыздар мен түрлі ұғымдардың, өткен тарихи оқиғалардың негіз болғаны
(«Есімханның ескі жолы»), т.б. көрсетіліп жүр.
Фразеологизмдердің жалпы мағынасына қарай: 1. Адамды сипаттайтын фразеологизмдер;
2. Алғыс жəне қарғыс мəнді фразеологизмдер;
3. Қоғамдық-əлеуметтік факторға байланысты туындаған фразеологизмдер;
4. Діни наным-сенімге, салт-дəстүрге байланысты туындаған фразеологизмдер;
5. Өлшемдік ұғымдарды білдіретін фразеологизмдер;
6. Табиғат құбылыстарына байланысты фразеологизмдер.
Соматикалық атаулар ұйытқы болған фразеологизмдер. Соматикалық фразеологизмдер адамның дене мүшелері атауларының қатысуымен
жасалады. Соматикалық атаулардың ішінде: «көз», «ауыз», «бас», «жүрек», «бет», «қол», «құлақ», «аяқ» сөздерінің фразеологизмдердегі ұйытқылық қызметі зор.
«Көз» соматизмінің ұйытқы болуымен келген фразеологизмдер:
Оқты көзімен атты – «жақтырмады», «отты көзін қадады»:
Атады оқты көзбен еш ұнатпас,
Зықышта сөйлер тіл жоқ, көңілі батпас.
Көзі ашылды – «сордан арылды, еркіндікке қолы жетті»:
Күн шығып, ай да туып, көз ашылып,
Бұл қайғы қыз сорлыдан қашан кетер.
Көрер таңды көзімен атқызу – «түнімен көз ілмеу»: Қамар бір жағына, бір бұ жағына
аунақшып, көрер таңды көзімен атқызатын уақыттары да болып жүрді.
Ала көз болу – «араз, қырғи қабақ болу»: Болмай ма байға ала көз оған тиген.
Көңіл көзін ашу – «көкірегін, санасын ояту»: Мен де оқымаған, білмеген əйелдердің
көңіл-көзін ашсам-ау деген мақсаттамын.
Адамның дене мүшелеріне байланысты тіркестің келесі тобы «ауыз» соматизмімен
келеді.
Аузын алды – «пара берді», «аузын майлады»: Бұлардың күн бұрын аузын алып қой- маса, ертең екіталай жерде Тұрлығұлға Қожашты есігін түріп қойып, шауып бермей ме?
Аузында балы бар – «дегені болатын адам»:
- Қайтесің, шал болса да, малы бар шал.
Мал болған соң, аузында балы бар шал.
Тəтті ауыздың дəмін кетірді – «өзіне-өзі қарсы тұрды»:
- Ойбай, Омардың соры қайнады, тəтті аузыңның дəмін кетірді ғой, – десті жұрт.