2020 ж. қаңтар, №1 (57) Журнал 2005 ж. қаңтардан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет6/18
Дата04.05.2023
өлшемі0,5 Mb.
#89859
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
2.Ғ. МҮСІРЕПОВТІҢ «ҰЛПАН» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СТИЛЬДІК ҚЫЗМЕТІ

ТЕОРИЯЛЫҚ ЖƏНЕ 
ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ И 
САРАПТАМАЛЫҚ-ШОЛУ ЗЕРТТЕУЛЕР 
ОБЗОРНО-АНАЛИТИЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ 
11 
3) діни ұғымдар мен ескі əдет ғұрыптарға байланысты жасалғаны («ант су ішті»);
4) аңыздар мен түрлі ұғымдардың, өткен тарихи оқиғалардың негіз болғаны 
(«Есімханның ескі жолы»), т.б. көрсетіліп жүр.
Фразеологизмдердің жалпы мағынасына қарай: 
1. Адамды сипаттайтын фразеологизмдер; 
2. Алғыс жəне қарғыс мəнді фразеологизмдер; 
3. Қоғамдық-əлеуметтік факторға байланысты туындаған фразеологизмдер; 
4. Діни наным-сенімге, салт-дəстүрге байланысты туындаған фразеологизмдер; 
5. Өлшемдік ұғымдарды білдіретін фразеологизмдер; 
6. Табиғат құбылыстарына байланысты фразеологизмдер. 
Соматикалық атаулар ұйытқы болған фразеологизмдер. 
Соматикалық фразеологизмдер адамның дене мүшелері атауларының қатысуымен 
жасалады. Соматикалық атаулардың ішінде: «көз», «ауыз», «бас», «жүрек», «бет», «қол», 
«құлақ», «аяқ» сөздерінің фразеологизмдердегі ұйытқылық қызметі зор. 
«Көз» соматизмінің ұйытқы болуымен келген фразеологизмдер:
Оқты көзімен атты – «жақтырмады», «отты көзін қадады»: 
Атады оқты көзбен еш ұнатпас, 
Зықышта сөйлер тіл жоқ, көңілі батпас.
Көзі ашылды – «сордан арылды, еркіндікке қолы жетті»: 
Күн шығып, ай да туып, көз ашылып, 
Бұл қайғы қыз сорлыдан қашан кетер. 
Көрер таңды көзімен атқызу – «түнімен көз ілмеу»: Қамар бір жағына, бір бұ жағына 
аунақшып, көрер таңды көзімен атқызатын уақыттары да болып жүрді. 
Ала көз болу – «араз, қырғи қабақ болу»: Болмай ма байға ала көз оған тиген.
Көңіл көзін ашу – «көкірегін, санасын ояту»: Мен де оқымаған, білмеген əйелдердің 
көңіл-көзін ашсам-ау деген мақсаттамын. 
Адамның дене мүшелеріне байланысты тіркестің келесі тобы «ауыз» соматизмімен 
келеді. 
Аузын алды – «пара берді», «аузын майлады»: Бұлардың күн бұрын аузын алып қой-
маса, ертең екіталай жерде Тұрлығұлға Қожашты есігін түріп қойып, шауып бермей ме?
Аузында балы бар – «дегені болатын адам»: 
- Қайтесің, шал болса да, малы бар шал. 
Мал болған соң, аузында балы бар шал.
Тəтті ауыздың дəмін кетірді – «өзіне-өзі қарсы тұрды»: 
- Ойбай, Омардың соры қайнады, тəтті аузыңның дəмін кетірді ғой, – десті жұрт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет