53
- білім алушыны зерттеу жұмыстары мен тәжірибелер жасау арқылы
тапсырманы өздігінен ізденіп орындауына
және дұрыс тұжырым жасауына
бағыттайды, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына
ықыласын туғызады.
Жаратылыстану пәнін оқытуда қолданылатын
зерттеудің негізгі
принциптері мен әдістерін меңгеру жас ұрпақтың дүниетанымын, ойлаудың
ғылыми тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқу пәнінің төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасының басты ерекшелігі
- зерттеушілік білік пен дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған
«Мен зерттеушімін» бөлімінің оқу мақсаттары «Жанды табиғат», «Заттар және
олардың қасиеттері», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы» бөлімдерінің оқу
мақсаттарымен кіріктіріле жүзеге асырылады.
Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес бастауыш білім беру деңгейі бойынша
оқытылатын «Жаратылыстану» оқу пәнінен өткізілетін бөлім бойынша жиынтық
бағалау саны 5.12-кестеде көрсетілген.
5.12-кесте. «Жаратылыстану» пәні бойынша
жиынтық бағалау саны
Сыныптар Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны
ТЖБ
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
Әр
тоқсанда
2-сынып
1
1
1
1
1
3-сынып
1
1
1
1
1
4-сынып
1
1
1
1
1
Жаратылыстану пәнінің ерекшелігіне байланысты әр БЖБ бойынша 8-10
балл, ал ТЖБ бойынша 12-18 балл беру ұсынылады.
БЖБ-ны әр бөлім бойынша тақырыптар мазмұнын ашатын тест сұрақтары
түрінде беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: