190
2 Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер
мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30
қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдары (бастауыш,
негізгі орта және жалпы орта) қызметінің үлгілік қағидаларының 24-тармағына
сәйкес білім беру ұйымдары меншік түріне және нысанына қарамастан оқу
процесі жүзеге асырылатын үлгілік
оқу жоспарларын, оның ішінде
қысқартылған оқу жүктемесі бар жоспарларын дербес таңдайды.
(өзгерістер мен
толықтырулар 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен енгізілді).
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8
қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес «География» міндетті пән
болып
табылады.
(өзгерістерімен және толықтырулар ҚР Білім және ғылым
министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрығымен енгізілді,
6, 87, 88-
қосымшалар).
Оқу жоспарлары бойынша «География» пәнінен оқу жүктемесінің көлемі:
1) 7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;
2) 8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;
3) 9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;
4) ЖМБ, 10-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;
5) ҚГБ, 10-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты;
6) ЖМБ, 11-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;
7) ҚГБ, 11-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36
сағатты
құрайды.
Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша
«География» пәнінен оқу жүктемесінің көлемі:
1) 7-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты;
2) 8-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты;
3) 9-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты;
4) ЖМБ 10-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағатты;
5) ҚГБ 10-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағатты;
6) ЖМБ 11-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағатты;
7) ҚГБ 11-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағатты құрайды.
Оқу жылының ұзартылуына байланысты
пайда болған қосымша
сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі
тақырыптарды
зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.
Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес 7-9-
сыныптарда білім алушылардың ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету
мақсатында вариативті компонентте инвариантты компоненттен таңдалатын оқу
пәндерінің (әрқайсысы 2 сағаттан) пән комбинациялары қарастырылған.
Вариативті компонент есебінен инвариантты компоненттен «География»
пәнін таңдау келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
191
- оқу пәндері: «Алгебра», «География»" және инвариантты компоненттен
таңдалатын бір пән;
- оқу пәндері: «Биология», «География» және инвариантты компоненттен
таңдалатын бір пән;
- оқу пәндері: «География», «Шетел тілі» және инвариантты компоненттен
таңдалатын бір пән;
- оқу пәндері: «Қазақстан тарихы», «География»
және инвариантты
компоненттен таңдалатын бір пән.
Достарыңызбен бөлісу: