2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-



Pdf көрінісі
бет146/170
Дата09.09.2022
өлшемі2,28 Mb.
#38748
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   170
 
27. МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-
ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Дарынды балаларды анықтау, ғылымның, мәдениеттің, өндірістің дамуы 
үшін талантты жастардың білім алуын қамтамасыз ету әрқашан мемлекет пен 
қоғамның басты назарында болып, Қазақстанның маңызды кадрлық ресурсына 
үлес ретінде қарастырылған. Зияткерлік әлеуетті сақтау және көбейту міндетін 
шешудің негізгі факторларының бірі дарынды балалармен жұмыс жасаудың 
тиімді жүйесін қалыптастыру: дарынды балаларды анықтау, дамыту, әлеуметтік 
қолдау, қабілеттерін жүзеге асыру, олардың жан-жақты дамуы мен білім алуын 
қамтамасыз ету үшін жағдай жасау. Дарынды балаларды қолдау жүйесін құру – 
«Дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау мен қолдаудың 
қазақстандық 
ұлттық 
жүйесінің 
тұжырымдамалық 
негіздері» 
тұжырымдамасының негізі болған ұлттық білім беру бастамасының негізгі 
бағыттарының бірі (ҚР БҒМ 2018 жылғы 16 қазандағы № 574 бұйрығы). 
Дарынды балалар – бұл ерекше балалар, сондықтан мектеп педагогтерінің 
алдына қойылатын міндеттер қатарына, оларды түсіну, өз тәжірибесі мен білімін 
беру үшін барлық күш-жігерді жұмсау. Педагог, бұл балалардың ересектер 
тарапынан өз шамаларынан аса жоғары үміттермен күресе білуге арналған 
қолдауды қажет ететіндігін түсінуі тииіс. Баланың зияткерлік әлеуетін дамыту 
көбіне баратын мектепке байланысты. 
Дарынды балалармен жұмыста «қабілеттер бейімділігі», «қабілеттер», 
«бейімділік», «дарындылық», «талант», «дарынды бала» сияқты ұғымдар 
арасындағы негізгі сипаттамалық айырмашылықтарды ескеру қажет.
Қабілеттердің бейімділігі - дененің анатомиялық және физиологиялық 
ерекшеліктері (мидың, сезім мен қозғалыс мүшелерінің құрылымдық 
ерекшеліктері, жүйке жүйесінің қасиеттері және т.б.), бұл қызметтің тиімді 
әдістерін оңай игерудің шарты. Бейімділіктер жалпылама болады, яғни олардың 
негізінде қандай қабілеттердің пайда болатынын болжау мүмкін емес. 
Дарындылықтың даму деңгейі, сапалық ерекшелігі мен сипаты – бұл 
тұқым қуалаушылықтың (табиғи бейімділіктің) және баланың іс-әрекетімен 
(ойын, білім беру, еңбек) әлеуметтік-мәдени ортаның күрделі өзара 
әрекеттесуінің нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар, баланың өзіндік 


268 
белсенділігі, сондай-ақ жеке дарындылықты қалыптастыру мен іске асырудың 
негізін құрайтын тұлғаның өзін-өзі дамытудың психологиялық механизмдері 
ерекше маңызды. 
Мамандандырылған мектептерде оқу процесін ұйымдастыра отырып, 
ұжым дарынды балаларды оқытудың негізгі жалпы принциптерін ескеруі керек: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет