2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


Тәрбие саласындағы мұғалімнің үздіксіз дамуы



Pdf көрінісі
бет27/170
Дата09.09.2022
өлшемі2,28 Mb.
#38748
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   170
Тәрбие саласындағы мұғалімнің үздіксіз дамуы мектептегі әдістемелік 
бірлестіктер аясында құндылықтарды қалыптастыру мәселелерін бірлесіп 
талқылауды, рефлексияны және зерттеуді қамтиды.
Педагог үшін білім беру 
мақсаттарына қол жеткізуде шығармашылық жобалық қызметті, командалық 
жұмысты, құрдастар арасында өзара оқытуды (peer learning) көтермелеу үшін 
«төңкерілген сынып», сторителлинг, театр педагогикасы сияқты оқытудың 
тиімді технологияларын үздіксіз жетілдіру және іздеу маңызды.
Сонымен қатар, 
педагогтерге оқу-тәрбие процесінде білім алушылардың бойында өсуге, өзіне 
деген сенімділікке, мақсатқа жетуде табандылыққа және осыған сай өзін-өзі 
бағалауға психологиялық көзқарасты дамыта білу маңызды. 
Мектептің тәрбие жүйесін басқару. 
Мектептің тәрбие жүйесі білім беру процесіне қатысушылармен жасалады. 
Әрбір мектеп жергілікті қоғамдастықтағы рөлін ескере отырып, өзінің миссиясы 
мен даму стратегиясын айқындайды, сонымен қатар, тәрбие жұмысының 
жоспарын әзірлейді. Жоспар білім алушылардың мүдделері мен қажеттіліктерін, 
мектеп орналасқан аймақтың әлеуметтік-экономикалық және мәдени 
ерекшеліктерін көрсетуі тиіс жүйені құрайтын іс-шаралар төңірегінде құрылады. 
Директордың тәрбие жұмысына жетекшілік ететін орынбасары 
педагогтармен, ата-аналармен, білім алушылармен, мектеп серіктестерімен 
тиімді ынтымақтастық құрады; білім алушылардың оқудан тыс қызметін және 
кәсіптік бағдарлануын ұйымдастыруды үйлестіреді.
Сонымен қатар, ол сынып 
жетекшілерінің қызметін үйлестіреді, мониторинг жүргізеді, әдістемелік қолдау 
көрсетеді және сапалы кері байланысты қамтамасыз етеді, сондай-ақ сынып 
жетекшілеріне апта, ай және жылға арналған тәрбие жұмысының жоспарын 
әзірлеуге көмектеседі. 


45 
 
 
✓ Орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын басқару туралы толық 
ақпарат келесі сілтемедегі әдістемелік ұсынымдарда берілген: https://uba.edu.kz/qaz 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет