2022-2023 ОҚу жылында


Мектептің отбасымен өзара әрекеттесуі



бет36/50
Дата17.09.2022
өлшемі402,94 Kb.
#39332
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50
Байланысты:
9. ӘНХ Тарих

Мектептің отбасымен өзара әрекеттесуі. Мектеп пен ата-аналардың өзара байланысы кезінде балалардың мүддесі үшін ынтымақтастық қажет. Ата

  • аналарға арналған дәрістерді, ата-аналар кештерін, Ашық есік күндерін, тренингтерді онлайн және офлайн форматта өткізу, «Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі», «Ана мектебін», «Аға мектебі» және с.с. құру ұсынылады. Бұл мектептерді құрудың мақсаты – бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін арттыру.

Тәрбие жұмысында орта білім беру ұйымдарында мектеп пен ата- аналардың өзара байланысын ұйымдастырудың жаңа форматы анықталды.
Мектеп пен ата-аналардың өзара байланысының жаңа форматын іске асыру шеңберінде ата-аналар қоғамдастығымен жұмыс бағытының мынадай деңгейлері айқындалды:

    • жеке (педконсилиум, әңгімелесу, консультация, бала туралы ата-аналарды толық хабардар ету);

    • топтық (ата-аналар комитетімен өзара әрекеттесу; топтық кеңестер; ата-

аналармен практикалық сабақтар; тренингтер; әкелермен кездесулер);

    • ұжымдық (ашық есік күндері; «дөңгелек үстелдер»; тәрбие тәжірибесімен алмасу бойынша конференциялар; ата-аналар лекторийі; ата-аналар апталығы).

Отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырудағы басты міндеттердің бірі-ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі, мектеп пен сыныптың білім беру процесіне қатысу қажеттілігі туралы дұрыс түсінігін қалыптастыру.
Мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимыл форматын ұйымдастыру бойынша жұмыстың жаңа мазмұны мыналарды көздейді:

    • ата-аналарды баланы оқыту мен тәрбиелеу процесіне толық тарту;

    • ата-аналарды тәрбиелеу әдістерімен, балалардың физиологиялық және психологиялық даму кезеңдерімен таныстыру;

    • ата-аналардың балалармен бірлескен жұмысы (үйірмелер, секциялар, клубтар, тренингтер, сапарлар);

    • балаларды тәрбиелеу деңгейін бірлесіп бағалау;

    • ата-аналардың мектептегі өзін-өзі басқаруға қатысуы.

Ата-аналар үшін балаларға мамандық таңдауда дұрыс бағытты көрсету, еңбекке деген құрметке баулу өте маңызды. Мұғалімдер ата-аналармен баланың мамандық таңдау мәселесі бойынша түсіндіру және тәрбие жұмыстарын жүргізуі керек. «Баланы жұмысқа ал», «Он күн ата-ана жұмысында» («НЗМ» ААҚ тәжірибесі) сияқты жобалар білім алушылардың кәсіби бағдарлануына ықпал етеді, әлеуметтік белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін арттырады.
Ата-аналардың, қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет