Модельдер түсінігі және түрлері. Модельдеу кезеңдері



бет1/5
Дата09.11.2022
өлшемі71 Kb.
#48834
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Модельдер түсінігі және түрлері. Модельдеу кезеңдері


Пән мұғалімі:

Топ

СТ 241.1

Пән




Сағат

2

Тақырып

Модельдер түсінігі және түрлері .Модельдеу кезеңдері

Мақсаты

1. Оқушыларды «модель» ұғымымен таныстыру, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру, модель түрлерімен, модельдеу кезеңдерімен таныстыру.
2. Статистикалық және динамикалық, ақпараттық, компьютерлік және компьютерлік емес модельдер жөнінде түсінік беру.

Тәрбиелік

Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушыларға модельдер және модельдеу туралы түсінік бере отырып ой – өрістерін, білім – білік дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекілік

ДК, слайд, жұмыс дәптері.

Әдіс-тәсіл:

Компьютерде практикалық жұмыс.

І. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру
2.Өткен материалды қайталау
3.Жаңа сабақты түсіндіру
4.Сабақты бекіту
5.Үйге тапсырма
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен материалды қайталау сұрақтары

  • Символдық шама деген не?

  • Символдық шамалар қандай қызметші сөзбен белгіленеді?

  • Символдық шамаларға қолданылатын қандай стандартты функцияларды білесіңдер?

  • Жолдық шамалар қандай қызметші сөзбен белгіленеді?

  • Жолдық шаманың ұзындығы деген не?

  • Жолдық шамаларға қолданылатын амалдар қандай?

ІІІ.Жаңа сабақ:
Модель дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықщам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу – объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың (макетін) құру.
Әрбір адамның күнделікті іс - әрекетінде белгілі бір мәселені шешу немесе кез келген жұмыс орындалмас бұрын оның санасында алдын ала оның орындалу моделі жасалады. Мысалы, жолдан өту немесе дүкенге бару, сабақ оқу т.б. әрекеттерді орындау алдында өз ойымызша жолдан қалай өту, қандай жолмен бару, қай сабақтан бастап дайындалу сияқты іс - әрекеттер тізбегінің моделі жасалады.
Модель – көрнекті түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін. Мұндай модель барлық уақыттта біздің ойымызда бейнеленетін прототип болғанға дейін жасалады.
Бір объект (процесс, құбылыс) үшін әр түрлі жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді болады.
Мысалы, жуық арада басқа қалаға қыдырып баратын болдық делік. Ол қала туралы өзіміз білетін мәліметтерді жинақтап, ойымызды қорытып, қиялымызда сол қаланың моделін жасай бастаймыз.Мұндағы мақсатымыз – басқа қаламен танысу. Қаланы аралап келгеннен соң, толық мәлімет алғандықтан, ойымыздағы модель өзгеруі мүмкін. Ал сол қаланың сәулетші жасаған моделі мүлде өзгеше болады. Өйткені, оның мақсаты – үйлер мен ғимараттардың үйлесімді орналасуы, құрылысы және оларды көркейтіп қайта жаңарту болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет