2022 жылғы 25 шілдедегі №516 қаулысымен


-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата21.02.2023
өлшемі0,81 Mb.
#69761
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ҚазҰУ Даму бағдарламасы 2022-2026

3-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау 
Кең ауқымды бағыттар бойынша білім берудің барлық деңгейлерінде 
мамандар даярлайтын еліміздің көп бейінді жетекші университеті бола отырып, 
Қоғамның Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан 
кейінгі білім беру жүйесінде алатын рөлі ерекше. 



Қоғамның құрамында 16 факультет және 67 кафедра, 8 ғылыми-зерттеу 
институты, жаратылыстану-ғылыми және техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық 
бейіндегі 29 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтар жұмыс істейді. 
Университетте саны 3 мыңнан асатын жоғары білікті оқытушы-
профессорлық құрам, оның ішінде: 9 ҚР ҰҒА академигі, бейіні бойынша 598 
доктор, 858 ғылым кандидаты, 461 PhD докторы бар. Оқытушылардың 35 %-дан 
астамы шет тілін біледі, оның ішінде тиісті IELTS және TOEFL сертификаттары 
бар. 
Қоғам жұмыс берушілермен және халықаралық әріптестермен келісілетін 
бакалавриат, магистратура және PhD докторантурасының 640-тан астам білім 
беру бағдарламасын жүзеге асырады. Университеттің базасында даярлаудың 9 
бағыты бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік 
бірлестігі жұмыс істейді. 
Қазіргі заманғы еңбек нарығының сұраныстарын және жұмыс берушілерді 
тартуды, білім беру бағдарламаларын құруда шетелдік тәжірибені қолдануды, 
кәсіптік қоғамдастықтардың мойындауын және сертификаттауды ескере 
отырып, білім беру бағдарламаларын трансформациялау жүзеге асырылады. 
Таяу және алыс шет елдердің әріптес университеттері арасындағы тікелей 
келісімдер шеңберінде Университетте бірлескен және қос дипломды 
бағдарламалар бойынша кадрлар даярлау жүргізіледі. Бірқатар бағдарламалар 
бойынша әріптес университеттер QS WUR халықаралық рейтингінде алдыңғы 
орындарда (Осака университеті, Жапония – 72-орын, Гент университеті, Бельгия 
– 135-орын, Ла Сапиенца университеті, Италия – 171-орын және т.б.). 
Білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу білім беру сапасын 
қамтамасыз етудің түйінді тетіктерінің бірі болып табылады. Айталық, білім 
беру бағдарламаларының шамамен 90 %-ы қазақстандық және шетелдік 
аккредиттеу агенттіктерінде аккредиттеуден өтті. EUR-ACE ® label белгісін 
иеленген бірқатар білім беру бағдарламалары бар. 
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан алынған ақпаратқа
сәйкес 2020 жылы Университеттің бакалавриат бойынша түлектерінің жұмысқа 
орналасуы 90 %-ды құрады, ал магистратура бойынша жұмысқа орналасу 
көрсеткіші 93 %-ға, докторантура бойынша – 100 %-ға жетті.
2021 жылы Университет әлемдегі үздік университеттердің QS рейтингінде 
түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша 201-250 үздіктің қатарына кірді. 
"Жұмыспен қамтылған түлектер үлесі" көрсеткіші бойынша Университет әлемде 
55-ші орында. Бұл бәсекеге қабілеттіліктің жоғары екенін және жоғары оқу 



орнынан кейінгі білім беру түлектерінің еңбек нарығында сұранысқа ие екенін 
көрсетеді. 
Университетте жарияланымдық белсенділік бойынша көрсеткіштері жоғары 
шетелдік профессорлар мен ғалымдарды тарту бағдарламасы іске асырылуда. 
Бұл рейтингі жоғары басылымдарда бірлескен жарияланымдарды жариялау 
және әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында білім алушылардың ғылыми 
тағылымдамаларын ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 
Университет таяу және алыс шет елдердің білім алушылары үшін білім беру 
қызметтерін экспорттау орталығына айналуда. Шетелдік білім алушылар 
контингенті 70 есе: 2016 жылғы 33-тен 2021 жылы 2400-ге дейін өсті. 
Университеттің ғылыми-инновациялық инфрақұрылымы ұжым қолданатын 2 
ғылыми зертхананы, 8 аккредиттелген зертхананы, ғылыми-технологиялық 
паркті, 
коммерцияландыру 
офисін, 
бизнес-инкубаторды, 
стартап-
компанияларды және шағын инновациялық кәсіпорындарды қамтиды. 
Ғылыми-зерттеу жұмысын қаржыландыруды ұлғайту бойынша серпін бар: 
2018 жылы – 4,6 млрд тг., 2019 жылы – 4,8 млрд тг., 2020 жылы – 5,8 млрд тг, 
2021 жылы – 4,53 млрд тг. Қаржыландыру құрылымы мынадай: гранттық – 39 
%; бағдарламалық-нысаналы – 12%; халықаралық – 29 %; шарттық – 19 %. 
Жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің сапасын және соның нәтижесінде 
Университеттің әлеуетін арттыру бойынша нысаналы жұмыс жүргізілуде. 
Докторантурада білім алушылар контингенті 2,5 есе: 2016 жылғы 479-дан 2020 
жылы 1243-ке дейін өсті. 
2014 жылдан бері Университет Қазақстан Республикасы Ғылым және 
жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі – ҒЖБМ) 10 ғылыми-зерттеу 
институтымен "Білім және ғылым интеграциясы" жобасын іске асыруда. Қоғам 
ҒЗИ ғалымдарымен бірлесе отырып, кең ауқымды ғылыми бағыттар бойынша 
магистранттар мен докторанттар даярлайды. Осы жылдар ішінде бірлескен білім 
беру бағдарламалары бойынша 550-ден астам адам оқуын аяқтады, 147 
докторант даярланды. 
Одан әрі интеграциялау мақсатында Университет 2022 жылғы 2 ақпанда 
"Ғылым ордасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен және 18 ҒЗИ-мен 
келісімге қол қойды: Экономика институты, Ә.Х. Марғұлан атындағы 
Археология институты, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты, Ш.Ш. Уәлиханов 
атындағы Тарих және этнология институты, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет 
және өнер институты, Математика және математикалық модельдеу институты, 
Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және инженерия институты, Философия, 


10 
саясаттану және дінтану институты, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі 
институты, Зоология институты, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы 
институты, Жалпы генетика және физиология институты, Жану проблемалары 
институты, География және су қауіпсіздігі институты, Биологиялық қауіпсіздік 
мәселелері институты, М.А. Айтқожин атындағы Молекулалық биология және 
биохимия институты, Маңғышлақ тәжірибелік-ботаникалық бағы. 
Осы институттардың барлығы ҒЖБМ Ғылым комитетіне ведомстволық 
бағынысты болып табылады. 
Даярлаудың барлық деңгейлерінде ғылыми зерттеулер мен білім беру 
процесінің интеграциясы жүзеге асырылады. Ғылыми зерттеулерді (Scientific 
Writing, Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау, Академиялық 
жазылым, Ғылыми зерттеулер әдістері) жүргізу үшін құзыреттерді 
қалыптастыруға бағытталған арнайы курстар енгізілді.
Докторанттардың шетелдік университеттер мен ғылыми орталықтарда 
ғылыми тағылымдамадан өту саны артуда. Ғылыми тағылымдамалардың 
шамамен 85 %-ы ЖЖООКБҰ-да және алыс шет елдердің ғылыми 
орталықтарында, қалған 15 %-ы жақын шет елдерде жүзеге асырылады. Бұл 
ретте тағылымдама базасы болып табылатын университеттердің үштен бірінен 
астамы QS WUR рейтингінің үздік 300-інің қатарына кіреді. 
Студенттерді ақылы негіздегі зерттеулерге тартуға бөлінетін ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын қаржыландыру көлемі ғылыми-зерттеу жұмысын жалпы гранттық 
қаржыландырудың 10 %-ын құрайды. 
Рейтингі 
жоғары журналдарда ЖЖООКБҰ-ның жарияланымдық 
белсенділігінің деңгейі ғылыми зерттеулер нәтижелілігінің көрсеткіші болып 
табылады. Университет Scopus рейтингтік басылымдарында жыл сайын 1000-
нан астам мақала жариялайтын Қазақстандағы тұңғыш ЖЖООКБҰ болып 
табылады. 
Университетті әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциялау 
мақсатында 142 халықаралық ғылыми жоба іске асырылды: 2018 жылы – 42, 
2019 жылы – 50, 2020 жылы – 50, 2021 жылы – 45. 
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (бұдан әрі 
– ҒЗТКЖ) нәтижелерін экономиканың нақты секторына конвертациялау 
мақсатында 
Университетте 
"идеяны 
ойлап 
табудан 
бастап 
оны 
коммерцияландыруға дейін" технологиялық дәліз құрылды. Инновациялық 
кәсіпорындар мен спин-офф компаниялар құрылды, жоғары технологиялы 
өнімдер шығаратын шағын сериялы өндірістер іске қосылды. Процесстік 
инновациялар орталығы мен Жерді қашықтан зондтау орталығы жұмыс істейді. 


11 
Университет алғашқы қазақстандық "Әл-Фараби-1" және "Әл-Фараби-2" 
наноспутниктерін ғарышқа ұшырды. 
Университет институционалдық ұлттық рейтингтердің де, білім беру 
бағдарламалары рейтингтерінің де көшбасшысы болып табылады. ЖЖООКБҰ-
ның QS WUR және THE WUR әлемдік рейтингтеріне енуі Университеттің 
халықаралық деңгейде серпінді ілгерілеуіне ықпал етті. 
Университеттің жұмыс істеуі 2017 – 2021 жылдарға арналған даму 
стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады. Келесі кезең – Қоғамның 2026 жылға 
дейінгі даму бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) негізінде әлемдік деңгейдегі 
зерттеу университетіне трансформациялау болып табылады.
Бағдарламада ЖЖООКБҰ-да білім беру, ғылыми-зерттеу және 
инновациялық 
процестердің 
құрылымындағы, 
мазмұны 
мен 
технологияларындағы, басқару жүйесі мен қаржы-экономикалық тетіктердегі 
өзгерістерді қамтитын, ресурстар мен мерзімдер бойынша өзара байланысты іс-
шаралар кешені қамтылған. 
Алдағы даму кезеңінің мақсаттары мен міндеттерін айқындау "Қазақстан-
2050" Стратегиясында, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық 
даму жоспарында, "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасында, 
"Цифрландыру, ғылым және инновация арқылы технологиялық серпіліс" ұлттық 
жобасында, Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2022 – 2026 
жылдарға арналған тұжырымдамасында, "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университеті" КеАҚ-ның 2021 – 2024 жылдарға арналған стратегиялық даму 
жоспарында және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің басқа да құжаттарында 
айқындалған Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық міндеттері 
тұрғысында жүзеге асырылады.
Сонымен қатар COVID-19 пандемиясы жағдайында оқу процесін 
ұйымдастыруға әсер еткен білім және ғылым жүйесінің шешімін талап ететін 
мәселелерін де ескеру қажет. 
Қол жеткізілген жетістіктерге қарамастан, Қоғамның білім беру және 
ғылыми қызметінде Бағдарламада көзделген бірқатар даму бағыттары бар. 
Айталық, Университеттің академиялық және зерттеу әлеуеті жоғары және 
жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымды дамытудың стратегиялық 
міндеттеріне толық сәйкес келмейді. Білім беру бағдарламалары елдің 
әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес одан әрі жаңартуды 
талап етеді. 
Материалдық-техникалық 
инфрақұрылым 
білім 
беру 
процесін 
ұйымдастыруға және ғылыми зерттеулер жүргізуге қойылатын заманауи 


12 
талаптарға сәйкес келу мақсатында түбегейлі жаңғыртуды қажет етеді. Білім 
алушылардың жатақханадағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту қажет. 
Цифрландыру деңгейі және қызметтің барлық бағыттары бойынша заманауи 
технологияларды енгізу Университеттің серпінді дамуына ықпал етпейді. 
Тұтастай алғанда, Университеттің білім мен ғылымның сапасын арттырудағы, 
сондай-ақ ұлттық адами капиталды дамытудағы үлесін арттыру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет