13
интеграциясы қазақстандық ғылымның елдің әлеуметтік-экономикалық және
қоғамдық-саяси дамуына қосатын үлесінің артуына әкеледі.
Білім беруді, ғылымды және инновацияларды интеграциялау мақсатында
ОПҚ мен білім алушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне және ғылыми
жобаларды іске асыруға жан-жақты тарту қажет.
Университеттік ғылымның стратегиялық міндеттерін шешу үшін ғылыми
нәтижелерді коммерцияландыру процесін жандандыру
және нақты сектормен
және бизнеспен өзара іс-қимыл жасау қажет. Ғылыми зерттеулерді экономика
мен қоғамның өзекті қажеттіліктеріне барынша бағыттау керек.
Әлемдік ғылыми кеңістікке одан әрі интеграциялану стратегиялық
инновациялық бағыттар бойынша Университет ғалымдарының әлемдік жетекші
ғылыми және зертханалық кешендер базасындағы халықаралық ұжымдарға
қатысуы арқылы жүзеге асырылатын болады.
Халықаралық коллаборацияны дамыту мақсатында
ғалымдардың ғылыми
тағылымдамаларының саны артады, бұл ғылыми-зерттеу жұмыстарының, шет
тілдерін меңгерудің деңгейі мен сапасын арттыруға, жарияланымдық
белсенділігін дамытуға мүмкіндік береді.
Университет неғұрлым өзекті бағыттар
бойынша ғылыми жобаларды
орындау мақсатында қазақстандық және халықаралық жетекші ЖЖООКБҰ-мен
және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейтетін болады.
Аталған шараларды іске асыру ғылыми қызметті интернационалдандыруға
және
Университеттің
халықаралық
зерттеу
кеңістігіне
одан
әрі
интеграциялануына ықпал ететін болады.
Достарыңызбен бөлісу: