17
back офистер арасында теңгерім және барлық құрылымдық бөлімшелердің
функционалдық тиімді өзара іс-қимылы қамтамасыз етіледі.
Академиялық еркіндік және адалдық (academic freedom and integrity)
қағидаттарын дамыту Университеттің білім беру сапасы үшін жауапкершілігін
арттырады.
Корпоративтік басқарудың бірыңғай жүйесін құрайтын комитеттер құру
арқылы Университет дамуының негізгі бағыттары бойынша шешімдер
қабылдауға
және оларды іске асыруға ОПҚ, білім алушылар мен
қызметкерлердің тікелей қатысуы үшін жағдайлар жасалатын болады.
Жағымды корпоративтік мәдениетті қалыптастыру Университеттің
стратегиялық даму міндеттерін іске асыруға қызметкерлердің жоғары ынтасын
және тартылуын қамтамасыз етеді.
Стратегиялық HR мен талант-менеджментін енгізу кадрлық әлеуетті
арттырады. Ассесмент орталығын құру ОПҚ мен қызметкерлердің кәсіптік
құзыреттерінің тұрақты бағалануын және даму серпінін қамтамасыз етеді. ОПҚ
мен қызметкерлердің кәсіптік дамуының онлайн-платформасы құрылады, бұл
біліктілікті арттырудың озық технологияларын пайдалануға мүмкіндік береді.
Компьютерлік және коммуникациялық
технологияларды пассивті
пайдаланудан Университеттің "ақылды" ортасы мен сервистерін құруға көшу
жүзеге
асырылады.
Басқарудың
цифрлық
технологияларын
енгізу
басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде жеделділік пен икемділікті
арттырады. Цифрлық құжат айналымына көшу "paper free university" жүйесін
қалыптастырады.
Бизнес-процестерді
оңтайландыру
және
цифрлық
реинжиниринг
бюрократияны түбегейлі төмендетіп, Университетті әкімшілік басқарудың
нәтижелілігін арттырады.
Бұл Бағдарлама "Al-Farabi SciTech Center" артықшылық орталығын ашу
есебінен Университеттің инновациялық экожүйесін күшейтуге бағытталған, ол
ең
алдымен,
оның
инфрақұрылымын
ғылымның
әртүрлі
салалары
ғалымдарының бірлесіп пайдалануына бағдарланатын болады.
Нанометрология және материалдарды талдау орталығы (Center for
Nanometrology and Materials Analysis – CeNaMA),
инженерлік-техникалық
модуль (Technical Workshop) – ұжымдық пайдаланылатын ғылыми-
инновациялық зертханалар оның негізгі өзегі болмақ. Бұдан басқа, Орталықтың
аумағында медицина, биология және т.б. саладағы озық ғылыми зерттеулерді
жүргізуге арналған зертханалар орналасады, олар қазіргі кезде бос алаңдардың
18
шектеулілігіне байланысты Университеттің қолданыстағы ғимараттарының
аумағында орналаса алмайды.
Қазіргі заманғы инженерлік-коммуникациялық құрылымды (тарту жүйелері,
коммуникацияларды жеткізу мен бұрудың төбедегі және үстелдегі
сервистік
модульдері, зертханалық жиһаз және т.б.) құруға көп көңіл бөлінетін болады.
Бірден әлемдік аналогтар деңгейінде заманауи инфрақұрылым құру маңызды.
Бұл жоғары бәсекеге қабілеттілігін көрсететін, физикалық және психологиялық
жайлы жағдай жасайтын ғылыми-зерттеу экоортасын қалыптастыруға ықпал
ететін болады. Жақсы жабдықтар паркімен, озық ғылыми зерттеулермен бірге
мұндай еңбек жағдайлары прогрессивті жастар мен мықты ғалымдарды
тартатын болады, бұл ұтып алынатын жобалар санының артуына, басқа ғылыми
орталықтармен коллаборацияның күшеюіне
және бизнес-құрылымдар мен
венчурлік инвестициялау үшін тартымдылыққа автоматты түрде алып келеді.
Сонымен қатар мұндай орталықтың болуы оқу ортасына да оң ықпалын тигізеді,
ғылым мен техниканың жоғары жетістіктерін тікелей зертханаларда көрсету
мүмкіндігі пайда болады, студенттер практика мен дипломдық жұмыстарды
заманауи жабдықта орындауға мүмкіндік алады.
Мұндай орталық, ең алдымен, кадрлар құрамымен және ғылыми негізбен
қамтамасыз ететін білім беру процесінің, басқа да
ғылыми бөлімшелердің
тарапынан қолдау болмаса, тиімді жұмыс істей алмайды. Университет жанынан
осындай орталық ашудың артықшылығы сөзсіз, өйткені оның құрамында 16
факультет және 68 кафедра, жаратылыстану-қылыми және техникалық бейіндегі
8 ғылыми-зерттеу институты, әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі 29 ғылыми-
зерттеу институты мен орталықтар жұмыс істейді.
Университетте ұжымдық пайдаланылатын екі зертхана жұмыс істейді: ашық
үлгідегі Ұлттық нанотехнологиялық зертхана және он жылдан астам уақыт
бұрын елдің әртүрлі ЖЖООКБҰ базасындағы басқа зертханалар қатарында
еліміздің ғылыми-техникалық дамуының 5 басымдығына сәйкес құрылған
Инженерлік бейіндегі зертхана.
Зертханалар қызметінің негізгі мақсаты – ғылыми
ұйымның немесе жоғары
оқу орнының ведомстволық тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан,
отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми зерттеулер жүргізуі үшін, сондай-
ақ алынған нәтижелерді экономиканың нақты секторына одан әрі енгізе отырып,
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу үшін жеке
секторға қолжетімділік беру.
Қоғамның стратегиялық әріптестігі орнықты жаһандық даму үшін әлеуетті
қалыптастыратын
озық
ЖЖООКБҰ
мен
ғылыми
орталықтарға
19
шоғырландырылатын болады. Экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту үшін
бюджеттен тыс қаражат есебінен Университеттің шетелдік филиалдарын ашу
үшін жағдай жасалады.
Қаржы менеджментінің қазіргі заманғы құралдарын енгізу және қаржы
ресурстарын тиімді пайдалану экономикалық өсуді, коммерциялық қызметті
кеңейтуді, қызметкерлердің жалақысын көтеруді
және инфрақұрылымды
жаңғыртуды қамтамасыз етеді. Өнімсіз шығындар анықталып, азайтылатын
болады.
Дәстүрлі бюджеттік көздермен қатар инвестицияларды тарту стратегиялық
кезеңде Университет бюджетінің көлемін құрылымдауға және біртіндеп
кеңейтуге әкеледі.
Оқу және ғылыми-зерттеу зертханалары мен орталықтарының ғимараттары
мен үй-жайлары жаңартылады және жаңғыртылады.
Көрсетілген шараларды іске асыру корпоративтік басқарудың тиімді моделін
құруға ықпал етеді және Университеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: