2023 -2024 оқу жылында Қазақстан республикасының


  ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ



Pdf көрінісі
бет57/83
Дата15.11.2023
өлшемі1,9 Mb.
#123048
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   83
Байланысты:
каз

2.10 
ПЕДАГОГТІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ 
 
 
 
Педагог бұрын алған кәсіптік құзыреттерін сақтап
-
тұру және дамыту 
мақсатында біліктілігін арттыру курстарынан өтеді, олардан өту тәртібін білім 
беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды
(«Педагог мәртебесі туралы» 
Қазақстан Республикасының Заңының
18-
б
.). 
Педагог мемлекет ұсынатын шарттар шеңберінде және өз әлеуеті шегінде 
мүмкіндіктерді пайдалана отырып, кәсіби тұрғыдан жетілдірілуі қажет.
Қазіргі жүйеде педагогтердің кәсіби дамуы негізінен үш жолмен жүреді: 


76 
-
біліктілікті арттыру курстарына қатысу
-
әдіскерлердің көмегімен
-
педагогтің өзін
-
өзі жетілуі арқылы 
Педагог біліктілік арттыру курсын таңдауда оқытуды ұйымдастырушы 
ұйымды және курс тақырыбын мұқият зерделеуі маңызды. Талаптарға сәйкес 
келетін ұйымдар тізімі жаңарып отырғандықтан, біліктілігін арттырғысы келген 
педагогке білім саласындағы уәкілетті органның сайтынан немесе хабарласу 
жолымен, ұйымдар тізімін анықтап алу ұсынылады.
Алайда педагогтерге біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және 
өткізу үшін ұйым уәкілетті органның (бұдан әрі –
ҚР Оқу
-
ағарту министрлігі) 
мақұлдауынан өтуі керек. Басқаша айтқанда, «Педагогтердің біліктілігін арттыру 
курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай
-
ақ педагогтің қызметін курстан 
кейінгі қолдау қағидалары» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығында көрсетілген 
талаптарға сәйкес келетін педагогтердің біліктілігін арттыру ұйымы өткізе 
алады.
Педагог өзінің кәсіби шеберлігін, зерттеушілік, зияткерлік және 
шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіру мақсатында мемлекеттік тапсырыс 
есебінен де, басқа да көздер есебінен де біліктілікті арттыру курстарынан өтуге 
тең мүмкіндіктерге ие.
Педагогтерге арналған курстың бағдарламасы да уәкілетті орган 
белгілеген тәртіппен сараптамадан өтеді. «Педагогтердің біліктілігін арттыру 
курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту 
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 175 бұйрығы бойынша «Уәкілетті 
орган Сараптамалық кеңеспен келісілген біліктілікті арттыру курстарының білім 
беру бағдарламаларының тізілімін қалыптастырады» (16
-
тармақ). 
Біліктілігін арттырғысы келген педагогке білім саласындағы уәкілетті 
органның сайтынан немесе хабарласу жолымен, қандай курстардың білім беру 
бағдарламаларының тізілімінде бар екенін біліп алу маңызды. 
Педагогтің мемлекет қолдауымен кәсіби біліктігін арттыруының екінші 
жолы әдіскерлердің көмегімен жүреді. Әрбір білім басқармасының және білім 
бөлімінің құрылымында әдістемелік кабинет (орталық) бар. «Білім туралы» ҚР 
Заңына сәйкес «Әдістемелік кабинет –
білім беруді басқару органдарының білім 
беру 
процесінің 
ұйымдастырушылық
-
әдістемелік 
қамсыздандырылуын, 
нәтижелілігін талдау мен бағалауды, педагогтердің шығармашылық өсуіне және 
олардың кәсіптік тұрғыдан өзін
-
өзі жетілдіруіне жәрдемдесетін инновациялық 
педагогикалық тәжірибені жинақтау мен таратуды қамтамасыз ететін 
құрылымдық бөлімшесі» (1
-
бап, 3
-
1). Әдістемелік кабинет (орталық) 
әдіскерлерінің міндеті педагогтердің шығармашылық өсуіне және олардың 
кәсіптік тұрғыдан өзін
-
өзі жетілдіруіне көмектесу болып табылады. Сондықтан 
педагогтер білім саласындағы соңғы өзгерістерді білу, жаңа оқу жылын 
ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы ақпарат алу, шығармашылық өсуіне 
қажетті кеңестер сұрау үшін әдістемелік кабинеттегі (орталықтағы) пән 
әдіскеріне жүгінуі керек. 


77 
Кез келген мамандық өкілі сияқты педагогтер үшін де қосымша іздену 
арқылы өзін
-
өзі дамыту өзекті. Педагог білім сапасына оң ықпал ететін соңғы 
әдістемелермен, технологиялармен, жаңалықтармен танысуы және оларды 
ендіруі маңызды. Сол себепті педагогтің кәсіби даму тұрғысынан өз саласына 
қатысты ғылыми және мерзімді баспасөз құралдарын тұрақты оқуы, білім 
саласына қатысты мәселелер талқыланатын конференциялар мен шараларға 
қатысуы қажет. Сондай
-
ақ, пән бойынша әдістемелік бірлестігінің жұмысына 
белсенділік танытқан дұрыс. Әдістемелік бірлестік отырысында өзінің үздік 
практикасымен бөлісіп, әріптестерінің тәжірибе бойынша пікірін ескеру өте 
маңызды. Сонымен қатар, біліктілігі жоғары педагогтің зерттеушілер мен басқа 
әріптестері ұсынған жаңалықтарды пассивті тұтынушы болумен шектелмей, 
өзінің де зерттеушілік, эксперименттік, инновациялық қызметті жүзеге асыруы 
шарт. Зерттеушілік, эксперименттік, инновациялық қызмет ұзақ уақытты, 
энергияны және асқан мұқияттылықты талап ететін процесс. Мұндай күрделі 
процесті іске асыру жеке тұлғадан көп ресурс қажет етеді. Педагогтердің мұндай 
қызметі өзге әріптестерімен, жоғары оқу орындарындағы зерттеушілермен, 
басқа да қызығушылық танытқан тараптармен бірлесіп іске асыруы тиімді 
болмақ. 
Педагогтің инновациялық қызметінің нәтижелілігін, сапалылығын бағалау 
үшін 
ол 
талқылаудан, 
сыннан 
өтуі 
тиіс. 
Бұл 
көп 
жағдайда 
конференцияларда/симпозиумдарда баяндама жасау, ғылыми басылымдарда 
мақала жариялау және конкурстарға қатысу арқылы жүреді. Педагогтің өз 
тәжірибесін немесе жетістігін әріптестерінің талқысына ұсыну үшін ғылыми
-
педагогикалық бағыттағы басылымдарды, конференциялар мен семинарларды 
таңдау ұсынылады. Өз жаңалығын өзге әріптестерінің талқылауына ұсынғысы 
келген педагог конференцияны, конкурсты, басылымды таңдау барысында назар 
аударуы тиіс критерийлер төменде берілген. 
Педагогтер мен білім алушыларға арналған ауқымды конкурстар тізбесі 
«Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық 
олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), 
орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және 
спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 
желтоқсандағы № 514 Бұйрығымен бекітілген. Егер, конкурс бұл тізбеде 
болмаған жағдайда жергілікті әдістемелік кабинетке (орталыққа) немесе 
ұйымдастырушылармен хабарласып, қосымша ақпарат алу ұсынылады.
Журнал таңдау барысында зерттеуші ол басылымның өз саласына, 
бағытына сәйкестігіне назар аударғаны жөн. Бұл тұста, басылымды немесе 
конференцияны таңдауда оның педагогтер арасында танымалдылығы, тұрақты 
түрде жариялануы (өткізілуі), жарияланып (өткізіліп) келе жатқан жылының 
ұзақтығы, осыған дейін жарияланған мақалалардың сапасы, мақалаға жасырын 
рецензия жүргізетіндігі, тираж саны т.б. критерийлерге назар аудару маңызды. 
Мүмкін болған жағдайда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім 
министрлігі «Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін 
ұсынылатын ғылыми басылымдар тізбесі» ішіне енген басылымдарға мақала 


78 
жариялау маңызды. Бұл басылымдар тізбесін уәкілетті органның сайтынан алуға 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет