29
бастауыш білім беру деңгейінің 3–сыныбындағы «Әдебиеттік оқу»
пәнін
оқытуда «3.2.2.1 қолдануға
(практикалық)
және бағалауға
негізделген
сұрақтар
қою және
жауап
беру» оқу мақсаты;
орта білім беру деңгейінің 6
-
сыныбындағы
«6.2.2.1 құттықтау, өмірбаян, жаңалық, хабарландырудың құрылымдық және
жанрлық ерекшеліктерін ажырату» мақсаттары оқылым дағдысына берілген, бұл
жерде білім алушының жас ерекшелігіне қарай
оқу мақсаты қарапайымнан
күрделіге өсіп отыр. Бұл алынып отырған бастауыштағы оқу мақсаты күрделілік
деңгейіне қарай бір сабақта жүзеге асырылатын болса, орта білім беру
деңгейіндегі
оқу мақсаттары түгел бір сабақта жүзеге асырылмайды. Бір сабақта
құттықтаудың, келесі сабақта өмірбаянның, одан кейінгі сабақта жаңалықтың,
хабарландырудың құрылымдық, жанрлық ерекшеліктерін ажырату тапсырмасын
даралап бересіз және бұл оқу мақсаты басқа бөлімде қайталанып келгенде, білім
алушыға қажеттілігін ескересіз. Мысалы, сізге ұсынылған үлгіде тақырып драма
театры
туралы болғандықтан, құттықтау мен өмірбаяннан гөрі жаңалық пен
хабарландыру мәтінін қолдану тиімді болды. Алайда білім алушылар
хабарландырудың құрылымын, ерекшеліктерін жылдам меңгеріп алғанына көз
жеткізсеңіз, оның орнына жаңалықты немесе театр жетістіктері мен
құттықтауды, тіпті болмаса белгілі бір актердің өмірбаянын алсаңыз да болады.
Ең бастысы, мәтін құрылымы сақталып, жанрлық ерекшелігін танитындай болуы
керек. Оқылым мақсатын жазылым дағдысына бағытталған мақсат
толықтырады. Бұл жерде жазылымға «өмірбаян, хабарландыру, құттықтау жазу
үшін
құрылымын ескеріп, қарапайым жоспар құру» мақсаты алынып,
хабарландыру жазу үшін қарапайым жоспар құру тапсырмасын беруге болады.
Сонда оқылым мақсатындағы алған дағдыларын жазылыммен бекітеді, сабақ
жүйелі жүргізіледі. Ал әдіс пен тәсілді өз ыңғайыңызға қарай қолданыңыз. Тек
оқу мақсатын жүзеге асыруды ұмытпаңыз. Егер оқу мақсаттарын жүйелі, тиімді
жоспарласаңыз, бағалауды да тиімді жүргізесіз.
Жазылым
–
барлық тілдік дағдылардың негізінде қалыптасатын күрделілік
деңгейі жоғары дағды. Жазылымды қалыптастыру бірізді жүйелі жұмыс
тізбегінен қалыптасады.
Жазылым сөздерден ғана емес, ойды жеткізуге
негізделген сөздердің логикалық тізбегі, яғни сөйлемнен тұрады. Жазылым
дағдысы тіл білімінің барлық салалары бойынша білімді қажет етеді. Сөйлемнің
синтаксисін, яғни сөйлемдегі сөздерді байланыстыру мен сөздердің сөйлемдегі
орын тәртібін меңгеру міндетті. Сонымен қатар пунктуациялық емлелерді
тәжірибеде қолдана алу дағдыларын да қажет етеді.
Жазылым дағдысының ең күрделі әрі шығармашылықты қажет ететін түрі
–
эссе. Эссе жазу білім алушының бірнеше ойлау әрекеттерін жүзеге
асыру
арқылы білім алушының шығармашылығын дамытады. Эссе жазуға
дағдыландыру үшін ең алдымен білім алушыларға өз ойын, жеке көзқарасын,
пікірін тиянақты жеткізе білуді қалыптастыру қажет. Ол үшін мысалы,
«4
сөйлем» әдісі, «Синквейн» «Комментарий жазу», «Дербес пікір жазу
(негативтен
-
позитивке)», «Екі жақты күнделік» сияқты
әдістерді пайдаланған
тиімді. Бұл әдістер арқылы білімалушы өз ойын дәлелдеп, растауды, аргумент
келтіруді меңгереді. Сонымен қатар
,
ойын қорытындылап, шешім шығаруға
дағдыланады.