Сыныпәкімі - . Сынып белсенділерімен жұмысты ұйымдастырады және сыныпты барлық істерге бастайды;
•Уақытша ауырып қалған мүшенің қызметін атқарады;
•Сынып намысын, беделін қорғап жүреді;
•Жоспарланған жұмыстарды іске асыруға шабыттандырады;
•Жүргізілген жұмыстардың нәтижесін сараптайды және сынып сағаттарында баяндайды.
Тәртіп секторы –
•Сабаққа келмегендерді белгілеп отырады;
•Сыныптағы тәртіп мәселесіне қарап отырады;
•Сынып және мектеп ережесін , тәртібін бұзушылармен сынып жиналыстарында әңгімелеседі.
Оқу секторы— •Сынып жетекшісіне оқу процесінде көмек көрсетеді;
•Сабақ кестесіндегі өзгерістерді оқушыларға хабарлайды;
•Сынып жетекшісі, пән мұғалімімен келісіп, сыныпта білім сайыстарын өткізеді;
•Сынып жетекшісіне тоқсан, жыл аяғында табель толтыруға, күнделік соңына оқушы бағасын қоюға көмектеседі;
•Үлгірмеуші сыныптастарына көмек ұйымдастырады.
Мәдениет секторы –
•Сынып жетекшісіне сыныптағы іс-шараларды жоспарлауға көмектеседі;
•Мектептің тәрбие жоспарымен танысады, соларды өз жұмыс жоспарына енгізеді;
•Сыныптың мектепішілік іс-шараларға қатысуына атсалысады;
•Сыныптастарды, мұғалімдерді құттықтау мерекелерін ұйымдастырады;
•Қызықты кештер, диспуттар, мәдени-ағарту іс-шараларын ұйымдастырады.
•Жүргізілген жұмыстардың нәтижесін сынып сағаттарында хабарлайды.
Спорт секторы-
•Мектепішілік жарыстарға қатысатын команда құрайды;
•Дене-шынықтыру пәні мұғалімімен байланыста болады;
•Жарыстарға қатысу үшін іс-қағаздарды толтырады;
•Сынып жетекшісімен бірігіп, сынып ішінде кіші спартакиада өткізеді;
•Өткізген жұмыстары жөнінде сынып жиналысында баяндайды.
Тазалық секторы-
•Сынып тазалығына қарайды;
•Қоңырауда кезекшілердің бөлмені желдетуін қадағалайды;
•Оқушылардың тырнақ, шаш, т.б (жалпы гигиена) бақылайды;
•Оқушылардың маскамен жүруін бақылайды;
•Өткізген жұмыстары жөнінде сынып жиналысында баяндайды.
Сынып жиналысын қорытындылай келе қаулы етеді:
1.Сынып белсенділері қызметін атқару сынып белсенділеріне міндеттелсін.
2.Оқулықты ұқыпты ұстау,жеке бас гигиенасын сақтау сынып оқушыларына міндеттелсін.