1-қыркүйекте білім күні салтанатты жиын және сынып сағаттары ұйымдастырылады. Өткізу форматын білім беру ұйымдары дербес анықтайды.
2023-2024 оқу жылының басталуында өткізілетін сынып сағаттары аясында мұғалімдерге білімге деген ұмтылыс, отаншылдық және еңбекқорлық, сондай-ақ жаңа оқу жылында қазақ халқының ұлттық құндылықтарын қалыптастыру мен дамыту туралы бірлескен талқылау ұйымдастыруға, достық қарым-қатынастың, жауапкершілік пен бір-біріне деген құрметтің маңыздылығын ашуға кеңес беріледі.
Өңірлік білім басқармалары әр 2023-2024 оқу жылын жариялайтын ісшараның жоғары идеялық-құндылықтық мазмұнын қамтамасыз ету мақсатында қажетті іс-қимылдарды үйлестіреді.
Білім беру ұйымдары оған бүкіл мектеп қоғамдастығының қатысуын қамтамасыз етеді.
Салтанатты жиын және алғашқы сынып сағаты бұл мектепте жаңа оқу жылының ашылуына арналған әрі білім берудің адам өміріндегі маңызы мен рөлін айқындайтын іс-шаралар болып табылады.
Салтанатты жиынды өткізу түрін, қатысушылар құрамын білім беру ұйымдары дербес айқындайды.
Мемлекеттік туды алып шығу және гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың оқуға құштарлығын ояту, білім алуға жағымды көңіл-күй мен оң көзқарас қалыптастыру.
Міндеттері:
қатысушыларды өткен оқу жылының жетістіктерінен хабардар ету;
білім алушылардың бойында оқуға құштарлық пен білім алуға деген ұмтылысын қалыптастыру;
Салтанатты жиынға мектеп оқушыларының ата-аналары/заңды өкілдері, ата-аналар комитетінің мүшелері, оның ішінде бірінші сынып оқушыларының ата-аналарының/заңды өкілдерінің бірінің іс-шараларға қатысуының маңыздылығына назар аудару қажет.
Сынып сағаты аясында адам өміріндегі құндылықтардың рөлін талқылауға басты назар аударылады.
Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде кәсіби қызметінде елеулі жетістіктері бар, еңбексүйгіштік, білімге деген ұмтылыс және отаншылдық құндылықтарының жарқын көрінісі болып табылатын құрметті қонақтың қатысуы ұсынылады.
Бірыңғай сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.
Міндеттері:
білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;
отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру.
Ұсынылады:
балалардың жазғы демалыстан алған әсерлерін, сондай-ақ жаңа оқу жылынан күтулерін талқылау;
«Оқуға құштар мектеп» жобасы шеңберінде жазғы демалыс барысында оқылған кітаптар туралы талдаулар, өзара оқылған кітаптар туралы талқылаулар;
заманауи интерактивті технологияларды, қосымша көрнекі құралдарды қолдану, мұражай, кітапхана ресурстарын пайдалану.
Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде білім алушылардың жас ерекшеліктері мен олардың дайындық деңгейі ескерілуі тиіс.
Білім күні білім алушылар, олардың ата-аналары мен педагогтері арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру бойынша «Мектеп – мейірбандық мекені» республикалық челленджін өткізу ұсынылады.
Бейнероликті орналастыру күні: 2023 жылғы 1 қыркүйек.
Әлеуметтік желілерде орналастыру уақыты: 17.00-21.00.
Хэштег: Bilim_quni
Бейнероликке ұсынылатын тақырыптар:
- барлығы үшін «Мектебім, менің мектебім!», «Мектебім – мейірбандық мекені», «Сәлем, жаңа оқу жылы», «Маған мектеп формасы ұнайды!»;
бірінші сынып оқушыларына арналған «Мектепке алғашқы қадам»;