2023-2024 оқу жылында Қазақстан республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарындағЫ



бет2/37
Дата16.08.2023
өлшемі0,83 Mb.
#105339
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
НХ-2023-2024-о у-жылы-ЖОБА

Құрметті ұстаздар! Бұл әдістемелік нұсқау хат Сіздерге алдағы оқу жылында білім беру процесін сапалы ұйымдастыруда тиімді әрі пайдалы болады деп сенеміз.



І

2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


  • 1-2-сыныптарда «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндерін, 3-4сыныптарда – «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнін оқыту жалғасады.

  • Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің 1-сыныбында «Әліппе», «Ана тілі» пәндері оқытылады, 2-сыныбында «Орыс тілі» пәнін оқыту басталады.

  • Жоғары сыныптарда ағылшын тілінен оқу жүктемесі 1 сағатқа артады.

  • Негізгі орта (5-8-сыныптар), жалпы орта (10-сынып) білім беру деңгейлерінде академиялық жылды аяқтаған кезде қазақ тілінен емтихан тапсыру енгізіледі.

  • Экологиялық білім беру сапасын арттыру: экологиялық проблемаларды шешуде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамыту бойынша бағдарламалардың мазмұнына тақырыптарды қосу

  • Педагогтерге арналған «Цифрлық кітапхана» жобасын жүзеге асыру

  • Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты күшейту (үлгерімі төмен және үлгерімі жоғары білім алушылар арасындағы алшақтықты қысқарту)

  • Мектептердің ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылын нығайту, «Ата-аналар академиясын» құру

  • Домбыра тарту бойынша факультативтік курстар өткізу, мектептердегі шахмат секцияларының желісін кеңейту

  • «Тоғыз ай – 9 іс-шара», «4 тоқсан – 4 жоба» жобалар шеңберінде іс-шаралар өткізу арқылы тәрбие жұмысын күшейту, мерейтойлар мен атаулы күндерге арналған сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру

  • «Үздіктен үйрен» жобасын іске асыру: «Үздік педагог» байқауы жеңімпаздарының озық педагогикалық тәжірибесін дәріптеу

  • «1000 көшбасшы» республикалық кадрлық резервтің деректер қорын құру

  • Цифрлық технологияларды пайдаланып, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы ауылдық шағын жинақты мектептердің әлеуетін дамыту жобаларын іске асыру




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет