2023-2024 оқу жылында Қазақстан республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарындағЫ


Пәндік, метапәндік және түйінді (жоғары сыныптарда) құзыреттерді дамыту бойынша ұсыныстар



бет16/37
Дата16.08.2023
өлшемі0,83 Mb.
#105339
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
Байланысты:
НХ-2023-2024-о у-жылы-ЖОБА

Пәндік, метапәндік және түйінді (жоғары сыныптарда) құзыреттерді дамыту бойынша ұсыныстар


Тілдік пәндер бойынша метапәндік құзыреттілікті қалыптастыру тілдік дағдылар негізінде жүзеге асады. Тілдік дағдыларды: тыңдалым, оқылым, айтылым мен жазылымды қалыптастыру білім алушының алған білімін мектептен тыс кез келген жағдайда, кез келген ортада қолдануына мүмкіндік береді. Әр сабақ оқу мақсатына байланысты түрлі тілдік дағдыларды дамыту арқылы метапәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталады.
Жалпы оқу сабақтары «рухани адамгершілік сабақтары» екені ескеріліп, мәтін таңдауда оның танымдық, тәрбиелік сипаты басты назарда ұсталуы керек.
Көркем мәтіндермен қатар қарапайым әдеби түсініктердің келтірілуі шығарманы саналы қабылдауды қамтамасыз ететіні анық. Сондықтан 2-сыныпта берілген мәліметтер 3-сыныпта толықтырылып, «Әдебиеттік оқу» кітабында бағдарламада көрсетілгендей халық ауыз әдебиетінің негізгі жанрлары ертегі, аңыз, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдер шешендік сөздер туралы нақыл сөздер, бата жанрының басты белгілері туралы жаңадан мағлұмат, мысал, әңгіме туралы ұғым тереңдетіліп, шығарманың тақырыбы, идеясы, сюжеті туралы қарапайым түсініктер, теңеу, эпитет, кейіптеу қолданысы, олардың анықтамалары, кейіпкерге мінездеме, портрет, диалог, монолог туралы берілген теориялық білім 4-сыныпта ары қарай дамытылып бұлармен қоса, шығарманың құрылымын (сюжеттің басталуы, жалғасуы, аяқталуы) анықтау, өлеңдерге сай ырғақты таңдай білу, сөздіктерге сүйене отырып, сөздердің мағынасын түсіндіру, жазушы тіліне назар аудару, көркем сөздерді қолдану, эпизодтар мен оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыру, көркем шығарманы басқа үлгідегі басқа өнер туындысымен (музыка, бейнелеу) нұсқасымен салыстыру, түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу, тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету, «автормен диалог» жүргізу, оқыған шығарманың басты ойын өздігінен тұжырымдау, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланысты орнату беріледі. Теориялық түсініктердің бала түсінігіне лайықты, жас ерекшеліктеріне сай нақты болуы қадағаланып, жалаң, жаттау түрінде емес талдау, тапсырма, жаттығулар үлгісінде келтіріліп, практикалық қолданыста болуы басты назарда ұсталады.
Жағдаяттық тапсырмалар білім алушылардың метапәндік құзыреттіліктерін дамытуды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Білім алушылар ұжымда жұмыс жасап, өз пікірлерін қорғап, ел алдында сөз сөйлеп дағдыланады. Бұл дағдылар білім алушылардың мектептен тыс өмірлерінде де аса маңызды.
Әдебиеттің білім алушыларды тәрбиелеу мен дамытудағы рөлі аса ауқымды. Міндетті оқытылатын әдеби білім мазмұнымен ғана шектелмей, сонымен бірге қосымша әдеби шығармаларды өздігінен оқуға дағдыландыру білім алушылардың нәтижелі білім алуының барлық мүмкіндіктерін көрсетпек. Мұғалім білім алушының ізденісіне жол ашуға түрткі болатындай әдістәсілдерді таңдап алуы қажет. Жүйелі жүргізілген сапалы оқыту барысында білім алушылар шығармашылық бағытта ізденіске түсіп, берілген тақырыптарға ойтолғау, эссе, сыни мақала, т.б. жаза білуге үйренеді.
«Тіл мен әдебиет» бойынша бастауыш, орта білім беру деңгейлерінде сыныптағы және сыныптан тыс жұмыстар білім алушының жас ерекшелігін ескере отырып, күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға бағытталуы қажет. Шығармашылық жұмыстар әртүрлі тапсырмаларды өздігінен орындау білігін қалыптастыруды нысана тұтып, оқытудың қай түрі болмасын білім алушы құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс.
Тілдік пәндерді оқытуда баланың тұлғалық ерекшелігін ескерген жөн:

  1. шығармашылық қабілеті жоғары білім алушыларға әртүрлі тақырыптарда шығарма, эссе, әңгіме жазғызып, ізденімпаз, қызығушылығы жоғары білім алушыға ақпарат құралдарынан материал жинап, баспасөзконференция сабағын өткізуді тапсыру оң нәтижесін береді;

  2. оңтайлы пайдаланылған дидактикалық, сюжеттік, рөлдік ойындар да білім алушының өзін таныта алуына, сыныптастар пікірімен санасуына, шешен сөйлеу қабілетін үйренуіне және білімін жан-жақты көрсетуіне мүмкіндік береді;

  3. білім алушылардың ой-өрiсiн дамытып, оларға тiлдiң ұлттық мәдени мұра, тiршiлiктiң өзегi, танымның көзi екендiгiн сезiндiру үшін ақпараттық технология ресурстарын, мультимедиалық құралдарды, ғаламтор материалдарын, бейнероликтерді, электронды оқулықтарды кеңінен қолдану тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет