2023-2024 оқу жылында Қазақстан республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарындағЫ


озық педагогикалық тәжірибемен алмасу



бет24/37
Дата16.08.2023
өлшемі0,83 Mb.
#105339
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37
Байланысты:
НХ-2023-2024-о у-жылы-ЖОБА

Орта білім беру саласындағы зерттеулер нәтижелерін жариялау және

озық педагогикалық тәжірибемен алмасу


Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Білім» (ғылымипедагогикалық) және «Алтынсарин Академиясының хабаршысы» (әдістемелік) атты екі журнал шығарады.
«Білім» журналында орта білім берудегі ғылыми-педагогикалық зерттеулердің нәтижелері жарияланады.
Журналдың тақырыптық бағыты:

  1. білім беру үдерісіндегі білім беру саясаты, инновациялар және цифрландыру;

  2. орта білім берудегі менеджмент

  3. пәндерді оқыту әдістемесі;

  4. тәрбие теориясы мен практикасы;

  5. білім беру жүйесіндегі психология мәселелері; 6) арнайы және инклюзивті білім беру; 7) үздіксіз педагогикалық білім беру.

Журналдың редакциялық саясатымен, жарияланым этикасымен, жариялау мерзімімен және ғылыми мақалаларды жариялауға қойылатын талаптармен толығырақ журнал сайтынан танысуға болады: https://bilim-uba.kz/
«Алтынсарин Академиясының хабаршысы» журналында білім беру саласындағы оқу-әдістемелік, ғылыми-эксперименттік, ақпараттық-талдамалық, педагогикалық инновациялық тәжірибені тарату бойынша материалдар жарияланады.
Журналдың тақырыптық бағыты:

  1. білім берудегі инновациялық және педагогикалық, сандық

технологиялар;

  1. үздік тәжірибе шеберханасы және әдістемелік қызмет;

  2. бастауыш білім берудің теориясы мен практикасы;

  3. жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқыту әдістемесі;

  4. қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерді оқыту әдістемесі;

  5. техникалық және кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері;

  6. білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет және тәрбие үрдісін ұйымдастыру;

  7. арнайы және инклюзивті білім берудің теориясы мен практикасы.

Мақалаларды жариялауға қойылатын талаптармен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://uba.edu.kz/qaz/nauka/10.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет