2023 жылы елімізде аталып өтетін атаулы күндер мен мерейтойлар


Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына – 130 жыл



бет3/5
Дата17.03.2023
өлшемі0,85 Mb.
#75188
1   2   3   4   5
Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына – 130 жыл
Сұлтанмахмұт Торайғыров – XIX ғасырдың аяғы XX ғасыр басында қысқа да, қиын тағдыр кешкен парасатты, демократ, реалист-ақын. Ол 1893 жылы 29 қазан айында Көкшетау облысы, Қызылту ауданында дүниеге келген. Өзінің аз ғана ғұмырында лирикалық өлең, публицистикалық очерктер мен мақалалар, 5-6 поэма, екі роман жазып үлгерген, қиындықтың дәмін татқан, шебер ақын ретінде таныс.
«Қазақ» газетінің алғашқы нөмірінің шыққанына – 110 жыл
"Қазақ" газеті — 1918 - 1913 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. Алғашқы нөмірі – 1913 жылы 2 ақпанда шыққан. Газеттің редакторы – Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы болды. 
XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. 
Әйгілі партизан жазушы Қасым Қайсеновтің туғанына - 105 жыл
Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, партизан-жазушы, Ұлы Отан соғы­сының ержүрек батыры, халқымыздың біртуар перзенті – Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген.
1941 жылы басқыншылар қолына түскен жазушы Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядының басқарушысы болады.
Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің ерлігін суреттейтін «Жас партизандар», «Ажал аузында», «Жау тылындағы бала», «Жау тылында» секілді көптеген шығармалардың авторы.
Жазушы Ғафу Қайырбековтің туғанына – 95 жыл
Ғафу Қайырбеков 1928 жылы 15 тамызда Қостанай облысы, Торғай қаласында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген. Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия редакциясын басшысы, «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі секілді қызметтерді атқарған. 
Жазушы, драматург Қалтай Мұхамеджановтың туғанына – 95 жыл
Жазушы 1928 жылдың 24 желтоқсанында Қызылорда облысының Тереңөзек ауданындағы Шіркейлі ауылында дүниеге келген. 
1959 жылы М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында «Бөлтірік бөрік астында» атты тұңғыш драмалық туындысы қойылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет